Қосымша 2
ҚХР инвесторларына иелік құқығы мен үлестерді беру
келісім-шарттарының тарихы
«ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл, Майбұлақ, Қызылқия, Арысқұм және Қарағанды облысына қарасты Құмкөл кен орындарында көмірсутегін барлап, өндіру құқығы берілген компания. Оның іске асырылу реті мынандай:
2005 жылдың 26 қазанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPCI компаниялары CNPCI компаниясының 100 пайыздық еншілес компаниясы боп есептелетін - "818 Acquisition Inc." (Канада) компаниясына "PetroKazakhstan Inc." (Канада) тиесілі акциялардың әрқайсысын 55 (елу бес) АҚШ доллардан сатып алуына рұқсат беруін сұрады.
Ведомствоаралық компания ұсынысты қарастырып, "PetroKazakhstan Inc." компаниясы акцияларының сатылуына келісім берді.
Шешімі: "PetroKazakhstan Inc." компаниясының барлық акцияларын 55 (елу бес) АҚШ долларына бағалап, "818 Acquisition Inc." компаниясына сатуға рұқсат беру;
Осыдан кейін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPCI компаниялары - "PetroKazakhstan Inc." (PKI) и «818 Acquisition Inc» компанияларын бір компанияға біріктіріп, нәтижесінде "PetroKazakhstan Inc." (PKI) деп аталатын компания боп қызметін одан әрі жалғастыруға рұқсат сұрап, хабарласты.
Ведомствоаралық комиссия бұл өтінішті де қанағаттандырды. (Протокол № 7 03.07.06.ж.)
Шешімі: "PetroKazakhstan Inc." и «818 Acquisition Inc». компаниялары біріктіріліп, нәтижесінде "PetroKazakhstan Inc." деген атауын сақтап қалды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPCI компаниялары - "PetroKazakhstan Inc." PKI тиесілі 33% акциясын (әрбір акцияның құны - 55 (елу бес) АҚШ долларына пара-пар) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на 1 347 238 200 АҚШ долларына сатуға рұқсат сұрады.
Ведомствоаралық комиссия бұл ұсынысты мақұлдап, өз келісімін беретін боп шешті. (Протокол № 7 от 03.07.06.ж.)
Шешімі: "PetroKazakhstan Inc." компаниясының 33% акциясын әрқайсысын 55 (елу бес) АҚШ долларына бағалап, нәтижесінде, 1 347 238 200 АҚШ долларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның сатып алуына рұқсат берілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPCI компаниялары - CNPCI тиесілі 67% жанама үлесін PKI компаниясындағы үлесін сақтап қалу мақсатымен Нидерланды заңына сәйкес, жаңадан құрылған "CNPC Exploration & Development Company Ltd.", компаниясына басқаруға беруге рұқсат сұрап, хабарласты.
Ведомствоаралық комиссия айтылған уәждерді ескеріп, төмендегі талаптарды орындаған жағдайда ғана өз келісімін беретін боп ұйғарды.
1) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на "PetroKazakhstan Inc." компаниясының 33 пайыз акцияны сату туралы акционерлердің келісімі мен үлесті сату туралы келісімін қол қою;
2) Бақылауды CNPC сақтап қалады. Ал, «CNPC Exploration & Development Company Ltd.» еншілес компанияны басы-бүтін өзі басқарады. "PetroKazakhstan Inc." компаниясының қалған акцияларына иелікті де өзі жасайды.
Келісім орындалмаған жағдайда, "PetroKazakhstan Inc." компаниясының акцияларын меншікке қайтару мүмкіндігі туралы мәселені комиссия қарауына қайта шығаруға мұрсат беріледі.
Шешім: CNPCI өзіне тиесілі 67% жанама үлесін PKI компаниясындағы үлесін сақтап қалу мақсатымен Нидерланды заңына сәйкес, жаңадан құрылған "CNPC Exploration & Development Company Ltd.", компаниясына басқаруға бере алады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің «Coöperatieve KazMunaiGaz PKI U.A.» еншілес компаниясының көмегімен «KazMunaiGaz PKI Finance B.V.» компаниясының 100 пайыз акциясын «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ-ның «Coöperatieve KMG EP U.A.» компаниясының меншігіне сатпақ ойы бар.
Өз кезегінде «KazMunaiGaz PKI Finance B.V.» «PetroKazakhstan Inc.» компаниясының 33 пайыз акциясына иелік етеді. Ал, «PetroKazakhstan Inc.» компаниясы - Қазақстан Республикасында кен игеретін бірқатар компанияның капиталдық жарғысына қаржы құйып, акцияларын сатып алған. Олар:
-
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ - 99,75%;
-
«Торғай Петролеум» АҚ («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ арқылы) - 50%
-
«Көлжан» ЖШС – 100%
-
«ПетроҚазақстан Венчурес Инк.» АҚ - 75%
-
«ҚазГерМұнай» ЖШС – 50 %
Сатып алу келісім-шартына сәйкес, «KazMunaiGaz PKI Finance B.V.» компаниясының 100% акциясы 100,5 млн АҚШ долларына бағаланады. Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 864 млн. АҚШ долларына тең қарызды өтейді.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 864 млн. АҚШ доллар қарызды неліктен өтеуі тиіс екендігін түсіндіре кетейік. 2006 жылдың 5 шілдесінде ҚМГ ҰК KMG PKI Finance B.V. компаниясы арқылы PetroKazakhstan International компаниясының 33 пайызын сатып алды. Сатып алынған акцияның жалпы сомасы - 1,374 млрд. АҚШ долларына тең. Оған қаржы табу үшін KMG PKI Finance B.V. компаниясы + 2,9 пайыз үстеме беретін облигация шығаратын боп шешілді.
Бұл бастама «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұзақ мерзімді даму стратегиясымен үйлесетін болғандықтан, «ҚМГ БӨ» АҚ тиімді жобаларды іріктеп, меншігіне өткізудің бір амалы ретінде қарастырылды.
«KazMunaiGaz PKOP Finance B.V.». компаниясының акциялары ҚР Үкіметінің бекіткен қауылысына сәйкес, стратегиялық объектілердің тізіміне қосылған. ЭБЖМ-не 30.06.08 жылы № 651 сұрау жолданып, осы келісімге сараптамалық қорытынды беру туралы өтініш айтылды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі нәтижесінде бұл келісімді ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарудың қажеті жоқтығын айтып, жауап жіберді. (Хат № 24-1/7409 05.11.09.ж.)
Ведомствоаралық комиссия ұсынысты пысықтап, мынандай шешім қабылдады:
1. ҚР Үкіметінің қарауына «KazMunaiGaz PKI Finance B.V.». компаниясының 100% акциясын сатып алу туралы ұсынысты шығармауға;
2. Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне осы шешімнің нәтижесін ҚР Үкіметіне хабарлау жүктеледі. (протокол № 23 25.11.09.ж)
Шешім: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің «Coöperatieve KazMunaiGaz PKI U.A.» еншілес компаниясының көмегімен «KazMunaiGaz PKI Finance B.V.» компаниясының 100 пайыз акциясын «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ-ның «Coöperatieve KMG EP U.A.» компаниясының меншігіне сатуға рұқсат беріледі.
«Қаражанбасмұнай» АҚ
«Қаражанбасмұнай» АҚ - Маңғыстау облысындағы Қаражанбас мұнай-газ кен орнында көмірсутегін өндіріп, кен игеруге рұқсат берілген компания. Лицензия сериясы: МГ №239-Д (мұнай) және келісім-шарт № 60 26 мамыр 1997 жыл.
Компания - «Нэйшнз Энерджи Компани Лтд.» (NATIONS ENERGY COMPANY LTD.) компаниясының 100 % дауыс беру акциясын немесе жалпы акцияның 94,62 % Қытай мемлекеттік халықаралық өндірістік сауда-инвестициялық компаниясының «СИТИК Груп» (CITIC Group) - «СИТИК Канада Энерджи Лимитед» (CITIC Canada Energy Limited) дейтін еншілес компаниясына сатуға келісім сұрап, хабарласты.
Сауда құны - 1 879 564 173 АҚШ доллары.
Ведомствоаралық комиссия сатудан түсетін салықты шетелдік компания Қазақстан Республикасының қазынасына төлеп, «СИТИК Канада Энерджи Лимитед» (CITIC Canada Energy Limited) «Нэйшнз Энерджи Компани Лтд.» (NATIONS ENERGY COMPANY LTD.) компаниясынан сатып алған акцияның 50 пайызын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ немесе оның еншілес компаниясына берген жағдайда ғана келісім беретіндігін мәлімдеді. (Протокол №17 26.12.2006.ж.)
«Қаражанбасмұнай» АҚ - «Қаражанбас» кен орнында көмірсутегін өндіруші компания (келісім-шарт №.60 23.05.1997.ж.)
Басты акционері - «СИТИК Канада Петролеум Лимитед» төменде көрсетілген ұсыныспен шықты:
1) «Ренауд Нейшн Лимитед» компаниясындағы барлық акционерлік капиталды (1 дауыс беру акциясы) «СИТИК Ресорсиз Холдингз Лимитедтің» пайдасына сату туралы;
Сату құны - 875 500 001 АҚШ доллары.
2) «Ситик Канада Энерджи Лимитед» компаниясының 50% акционерлік капиталын (10 000 қарапайым дауыс беру акциясы) «Стейт Альянс Холдингз Лимитед» компаниясының меншігіне сату туралы;
Сату құны - 875 500 000,50 АҚШ доллары.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өзінің басымдылық құқығынан бас тартты. (23.10.07ж. жазылған хат №103-33/6804 ).
Ведомствоаралық комиссия түскен құжаттарды толық сараптап, айтылған акциялардың тиімсіздігін ескеріп, мемлекеттің сатып алмайтындығын хабарлады. (Протокол № 11 от 09.11.07ж.)
Шешім: «СИТИК Ресорсиз Холдингз Лимитед» компаниясына «Ренауд Нейшн Лимитед» компаниясының акционерлік капиталын 875 500 001 АҚШ долларына және «Стейт Альянс Холдингз Лимитед» компаниясына «Ситик Канада Энерджи Лимитедтің» 50 % акционерлік капиталын 875 500 000,50 АҚШ долларына сатып алуға рұқсат берілсін.
«Қуатамлонмұнай» ЖШС БК
«Қуатамлонмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны – Қызылорда облысындағы «Қоныс» және «Бектас» кен орындарында барлау және өндіру құзырын алған компания. Келісім-шарт №18 04.11.1995ж.
Компания құрылтайшылары:
-
«ХК «Қуат» АҚ (Қазақстан) – 50% қатысу үлесі.
-
«Амлон Трейдинг Лимитед» компаниясы (Мэн аралы)- 50% қатысу үлесі.
«ХК «Куат» АҚ акционерлері:
- «Берланга Холдинг БИ.ВИ.» компаниясы (Нидерланды)
- жеке тұлғалар (1 Аргентина азаматы және ҚР 26 азаматы)
«ХК «Куат» АҚ өзіне тиесілі әртүрлі акциялардың 100 пайызын «Altai Petroleum B.V.» (Нидерланды), компаниясына сатпақ ойлары бар. Компанияның соңғы бенефициары - «China Zhenhua Oil Co Ltd» (Қытай).
Сату құны - 430 000 000 АҚШ доллары.
Ведомствоаралық комиссия бұл акцияларды мемлекет меншігіне сатып алу қажеттігі жоқ деп шешті. (Протокол № 17 07.11.08ж.)
Решение: «ХК «Куат» АҚ өзіне тиесілі әртүрлі акциялардың 100 пайызын «Altai Petroleum B.V.» (Нидерланды), компаниясына 430 000 000 АҚШ долларына сатуға рұқсат берді. Компанияның соңғы бенефициары - «China Zhenhua Oil Co Ltd» (Қытай).
«Қуатамлонмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны – Қызылорда облысындағы «Қоныс» және «Бектас» кен орындарында барлау және өндіру құзырын алған компания. Келісім-шарт №18 04.11.1995ж.
Компания құрылтайшылары:
-
«ХК «Қуат» АҚ (Қазақстан) – 50% қатысу үлесі.
-
«Амлон Трейдинг Лимитед» компаниясы (Мэн аралы)- 50% қатысу үлесі.
«ХК «Куат» АҚ акционерлері:
- «Берланга Холдинг БИ.ВИ.» компаниясы (Нидерланды)
- жеке тұлғалар (1 Аргентина азаматы және ҚР 26 азаматы)
«ХК «Куат» АҚ өзіне тиесілі әртүрлі акциялардың 100 пайызын «Altai Petroleum B.V.» (Нидерланды), компаниясына сатпақ ойлары бар. Компанияның соңғы бенефициары - «China Zhenhua Oil Co Ltd» (Қытай).
Сату құны - 360 000 000 долларов США.
Ведомствоаралық комиссия бұл мәселені бір мәрте қарастырған (Протокол № 17 от 07.11.09ж.) сауда құны - 430 000 000 АҚШ долларына тең еді.
Қазір тараптар сату құнын 70 миллион АҚШ долларына арзандатты. Негізгі себеп – қаржы дағдарысының әсерінен мұнай бағасының күрт арзандауы.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қалыптасқан жағдайды жан-жақты талдап, «Қуат» ХК» АҚ ұсынысын тиімсіз деп шешіп, оның акцияларын меншікке сатып алудан бас тартты. (Протокол № 2 26.01.09ж.)
Шешім: «ХК «Куат» АҚ қожайындарына өз акцияларын «Altai Petroleum B.V.» (Нидерланды) компаниясына сатуға рұқсат берді.
Сату құны 360 000 000 АҚШ доллары.
Қазгермұнай ЖШС БК
«Қазгермұнай» ЖШС БК – Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарын барлап, өндіру құқығы берілген компания. 09.11.93 жылдың коммерциялық қызмет жүргізу келісім-шарты мен 20.08.96.ж № 39 келісім-шарт негізінде компания өзінің 50 пайыз жарғылық капиталына иелік ету құзырын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 1 000 000 000 АҚШ долларына бағалап, беру туралы ұсыныс жасады.
Ведомствоаралық комиссия бұл ұсынысты қолдап, өзінің оң шешімін шығарды. (Протокол № 6 26.06.06ж.).
Шешім: «Қазгермұнай» ЖШС БК-ның жарғы капиталындағы 50 пайыз үлесін «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ беру керек.
«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ «Қазгермұнай» ЖШС БК 50 пайыз үлесіне иелік етеді.
«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ өзінің «Қазгермұнай» ЖШС БК-дағы 50 пайыз үлесін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-на беру туралы ұсыныс жасады.
Сату құны - 133 320 627 515 теңге.
Ведомствоаралық комиссия бұл ұсынысты құптады. (Протокол № 4 13.04.07ж.).
Шешім: «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ өзінің «Қазгермұнай» ЖШС БК-дағы 50 пайыз үлесін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-на 133 320 627 515 теңгеге сатуына рұқсат берілді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – Маңғыстау облысындағы: Қаламқас, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай, Асар, Оймаша, Алатөбе, Аққар, Солтүстік, Бұрмаша, Солтүстік Қаракие , Бектұрлы, Придорожное Ащыағар, Атамбай-Сартөбе, Айрантақыр кен орындарында көмірсутегін барлауға және өндіру құқығы берілген компания. Лицензиялардың сериялары: ГКИ № 926-Д – 939-Д және 946-Д және келісім-шарт №170 17.01.1998.ж берілген.
«Central Asia Petroleum Ltd» компаниясының 107 856 540 қарапайым акциясын сатпақ ойы бар. Бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 100 пайыз қарапайым акциясына тең.
Сатылу Қазақстан қор биржасында (KASE) ашық түрде өткізіледі.
Бір акцияның құны: 3 593,35 (үш мың бес жүз тоқсан үш теңге отыз бес тиын)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бұл мәселе бойынша былай хабарлайды: «ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, ММГ-дың акцияларын 100 пайыз мөлшерде сатып алу мақсатымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Қытайдың ұлттық мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы «CNPC» бірлесіп, «Mangistau Investments B.V.» компаниясын құрып, Нидерландыда тіркеді.
Осыған орай, «Mangistau Investments B.V.» компаниясы ММГ-ның акцияларының саудасына қатысады.
Жоғарыда айтылған деректерді ескеріп, «Mangistau Investment B.V.» компаниясына «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ тиесілі барлық акцияларды сатып алуына мүмкіндік берулеріңізді сұраймыз. (шығ № 101-31/7925 24.11.09ж)
Ведомствоаралық комиссиясының шешімі:
1. ҚР Үкіметінің қарауына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қарапайым 107 856 540 акциясын - 3 593,35 (үш мың бес жүз тоқсан үш теңге отыз бес тиын) сатып алу туралы ұсынысты шығармауға;
2. Осындай шешімнің қабылданғандығын хабарлау ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігіне жүктеледі; (протокол № 12-1 25.11.09.ж)
Шешім: «Central Asia Petroleum Ltd» компаниясына 107 856 540 қарапайым акциясын (ММГ компаниясының 100 пайыз акциясы) Қазақстан қор биржасында ашық саудаға шығаруға рұқсат беру.
Әрбір акцияның құны - 3 593,35 теңге (үш мың бес жүз тоқсан үш теңге отыз бес тиын)
Қытайдың мұнай және газды барлау, өндіру ісі жөніндегі ұлттық корпорациясы (КНКРН)
Қытайдың мұнай және газды барлау, өндіру ісі жөніндегі ұлттық корпорациясы (КНКРН) :
а) «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ – Ақтөбе облысындағы Жаңажол, Кенқияқ тұзүсті және Кеңқияқ тұзасты кен орындарында көмірсутегін өндіру құқығы берілген компания. Келісім-шарт № 76 08.12.97ж, ал Орталық аймақ пен Прикаспий еңісінде барлау жүргізу келісім шарты № 968 06.06.02.ж.
Компания өзінің 60,3% акциясын «CNPC барлау, өндіру ісі жөніндегі компаниясына» беру туралы ұсыныспен шықты.
ә) «CNPC International Ltd» Кайман аралдарында тіркелген. (келесіде – CNPCI) КНКРН компаниясының 100 пайыз еншілес компаниясы. Өзінің 40 пайыз акциясын Кайман аралдарында тіркелген «CNODC International Holding Ltd» компаниясына сатпақшы. «CNPC International Caspian Ltd» болса, «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ 25,12 пайыз акциясына иелік етеді. «CNPC барлау, өндіру ісі жөніндегі компания» - CNODCI компаниясының 100 пайыз акциясының иесі.
б) CNPCI - CNPC International (Buzachi) Inc. компаниясының 100% акциясын CNODCI компаниясына сатпақшы. CNPCI Buzachi АҚШ-тың Делавэр шататында тіркелген. Маңғыстау облысындағы Бұзашы Солтүстік кен орнында 50 пайызы үлесі бар компания. Лицензии сериясы МГ № 967 14.11.96.ж. және келісім-шарт № 62 29.05.97.ж.
в) CNPCI - CNPC International Bars Holding B.V. компаниясындағы 100 пайыз акциясын CNODCI компаниясына бермекші. CNPCI Bars Holding – Нидерланды заңына сәйкес, сол елде тіркелген. Компанияға Бұзашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде барлау, өндіру жүргізуге құқық берілген. Лицензии сериясы АИ № 974Д 14.12.99.ж. және келісім-шарт № 364 30.10.99ж.
Шешім: Комиссия түскен ұсыныстарды сараптап, «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ 60,3% акциясын, «CNPC International Caspian Ltd» компаниясының 40% акциясын, CNPC International (Buzachi) Inc компаниясының 50 % акциясын және CNPC International Bars Holding B.V. компаниясының 100 % акциясын мемлекет меншігіне сатып алу қажеті жоқ деп ұйғарды.
Достарыңызбен бөлісу: |