Педагогикалық Пепкртпцкенен



бет1/2
Дата07.05.2024
өлшемі299.52 Kb.
#500679
түріСабақ
  1   2
Ана тілім айбыным


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Педагогикалық шетел тілдер кафедрасы
Педагогикалық Пепкртпцкенен

БӨЖ
Оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, жаңа технология қолданып, тәрбие жұмысының жоспарын жасаңыз

Түркістан 2024


ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»


Тәрбие сағаты бойынша жоспар



Тәрбие сағаты

«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Күні

05.02.2024

Сынып жетекші:

Музаппарова З.У

Сынып:

5- «Д» сынып
Қатысушылар саны: 23

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы
адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Тәрбие сағаты

Әдісі:

Жаттау,сұрақ-жауап,салыстыру

Көрнекі құралдар:

интерактивті тақта, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар,презентация

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары



Психологиялық сәт. (2мин)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)



Кубик әдісі арқылы амандасу.Оқушылар бір-біріне кубикті лақтыру арқылы ,өзіне түскен қимыл мен амандасады.



Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей,Егде тартқанда оқыған оқуың — мұзға жазғанмен бірдей.
Құрметті Оқушылар! Бүгін біз «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты тәрбие сабағымызды өтеміз. Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.


 
 



Оқушылар мұғаліммен және сыныптастарымен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер,
кубик

Ән


Сабақ басы (13 мин)



Тапсырмалар:
Кім көп біледі?» Оқушылар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде олар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ дейміз.

Оқушылар жауап береді





Плакаттар



Негізгі бөлім
(20 мин)



I.Қазақи нақыштар арқылы 3-топқа бөлінейік.
II.Ойын Жалғасын тап» (мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1 – топқа:
1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)

  1. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)

  2. Әркімнің өз жері.........( жұмақ)

  3. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)

  4. Жері байдың –... (елі бай)

  5. Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы).

2-топқа

  1. 1.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).

  2. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі)

  3. Мектеп-кеме......( білім теңіз)




  1. Ақыл – азбайтын тон,.... (білім – таусылмайтын кен) .

  2. Жүз сомың болғанша,...........(жүз досың болсын)

3- топқа

  1. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)

  2. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады)

  3. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас). Ырыс алды,....... (ынтымақ).

  4. Ердің атын....... (еңбек шығарады).

  5. Отан үшін......(отқа түс-күймейсің)

III.Ойын « Көгершінен хат» әдісі арқылы хатта беріген жұмбақтың жауабын табады.
1-топқа

Қаптарды жарып,
Түнде көп жортады,
Мысықтан қорқады ( тышқан)

  • Желден желігеді

Судан шегінеді. ( от)

  • Бұрасаң тетігін,

Өлшемін түн мен күн,
Соғады жүрегі.
Әркім-ақ біледі. ( сағат)

  • Еріксе, құйрығымен ойнай

ды, Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.
( мысық)
2-топқа

  • Аұпыз, сары, көкпіз,

Жүреміз жайнап,
Түрлі, түрлі көппіз.
Арасында шөптің. ( көбелек)

  • Күндіз білінбейді,

түнде күлімдейді. ( жұлдыз)

  • Жезге ұқсас сабағы,

Дәні халық тағамы (Бидай)

  • Екі аяқты, бір басты,

Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
3-топқа

Балаға тәлім береді (ұстаз)

  • Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр (тіс)

  • Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап)

  • Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (автобус)



Оқушылар топқа бөлінеді,берілген мақал-мәтелдерді жалғастырады.


Оқушылар мақалды жалғастырады.

Оқушылар жұмбақтарға жауап береді.

Көрнекіліктер



Қорытынды



Ата-салтым, асыл мұрам, ардағым,


Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қамал бұзбас, қадірін.
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сабағымыз аяқталды. Ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтан да құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік!

Барлық сынып ұжымы мақалдарды айтады.

Мақал әтелдер жазылған плакаттар






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет