Қосымша білім беруде ұлттық ТӘрбие қҰндылықтарын пайдалану



Дата09.01.2024
өлшемі321.86 Kb.
#488686
Сапарбаева Айжан Куатбекқызы




ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ





Сапарбаева Айжан Қуатбекқызы
Шымкент қаласы МКҚК оқушылар сарайы
Қосымша білім беру педагогы



Резюме. Использование ценностей национального воспитания в дополнительном образовании. Для этого надо поднять эффективность образования и воспитания учащихся на основе народной педагогики.
Summary. The use of the values of national upbringing in additional education. To do this, it is necessary to raise the effectiveness of education and upbringing of students on the basis of folk pedagogy.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру, Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады.
Балаларға қосымша білім беру білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие құндылықтарын пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген.
Оқушыларға қазақ еліндегі тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрді оқыта отырып, бойларына сіңіріп, ой - өрісінің жан - жақты болуына үлес қосуымыз керек. Қосымша білім беруде ұлттық тәрбие құндылықтарын пайдалану жолдары :
1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың ой - пікірлерін оқу, танысу.
3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру.
4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім сабағында оқушыларға ұлттық тәрбиені тақырыпқа сәйкес тиімді пайдалана алу керек.
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
Балаларға қосымша білім беруде баланы қызықтыра білсең, қызыға біледі. Барлығы дерлік өлең шығара алмас, әңгіме жазуға құмартпас. Бірақ әр бала әр нәрсеге қызығады, әр нәрсеге икемді болады. Сондықтан оның қай іске бейім екенін танып алып та, жеке жұмыстар беру арқылы дамытуға болады. Мысалы, біреу сурет салғанды жаны сүйеді, оған осы сурет салу туралы әңгіме, не өлең жазуға тапсырма беруге болады. Сосын осы сала бойынша жұмбақ, мақал - мәтел жинақта деп тапсырма берсе, тіптен жақсы. Оқушылардың ойлау дәрежесіне қарай, біліміне қарай оларға берілетін тапсырмаларды деңгей бойынша бөліп те беруге болады [1] .
Балаларға қосымша білім беруде ұлттық әдет - ғұрыптар туралы мәліметтерді оқушылардың өздеріне жинауға да тапсырма беріп, әр элементін ойын түрінде сабақта қолданып отырса, оқушы үшін де қызғылықты болады. Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Сондықтан кез - келген қызметті қазіргі заман талабына сай етіп білім беру қажет. Ол - заман талабы. Білім беру жүйесін жобалау және іске қосудағы негізгі мәселелердің бірі - технологияландыру және стандарттау. Мұны тұтас бір үдеріс түрінде қарастыруға, талдауға, жобалауға болмайды. Мәселен, мына төмендегі 5 бағытты жеке - жеке алуға болады.
1. Білім беру дегеніміз - мәдениеттің негіздерін және тұғырын оның уақытша жағдайына бейімдей қалау және ұрпақтың іс - әрекеті.
2. Мамандарды дамушы және жаңадан өндіру технологияларын оқып үйрену негізінде даярлау.
3. Оқу қызметінің технологиясы.
4. Тәрбие - елдің мәдени ерекшелігін, оның аймақтық өзгешелігін, шаруашылық құрылыс, үдемелі өзгеріс және экологиялар, ұлттық дәстүрлерді сақтау қызметі.
5. Сауаттылық - қоғамның барлық табында кәсібилікті қамтамасыз ету қызметі. Осы қызметтерді басқарып ұйымдастыруды мақсат етіп, ұлттық білім үдерісін қалыптастыру негіздерін қалауға тиіспіз.
Бір қуаныштысы сол -ұлтымыздың білім алуы жолында жан - жақты жағдайлар қарастырылып жатыр. Оған дәлел мектептерді заман талабына сай техникалық құралдармен қамтамасыз ету жағдайы, сыныптарды компьютерлендіру, интернет жүйесіне ену үкімет тарапынан қарастырылған. Олай деуге және бір негіз: білім жүйесі және оқулықтар қоры қазақ этнопедагогикасының негізі халықтық педагогикамен байланыстырыла құрылған [2].
Қазақтың өзіндік ұлттық болмысына тән бағдарламалар жасау қажеттілігі әлдеқашан туған. Ұлттық тәрбие құндылықтарын пайдалану баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін ұлттық тәрбие беру арқылы дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
4. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
5. Мұғалім алдына қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын жұмыстардың нәтижелілігі. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, ұлтжанды, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
Қосымша білім беруде ұлттық тәрбие құндылықтарын пайдалану аркылы оқушыларының жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылығы басым болады. Ондай істер баланың ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ертеректе балалар ұлттық ойындар ойнағанды ұнататын. Мысалы: асық ойнау, жамбы ату, алтыбақан т. б. Қазіргі балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары төмен. Олар қазіргі компьютерлендірілген заманның талабы болар, атысу, жарысу, машина жүргізу, дәлдікке ату секілді ойындарды ойнағанды ұнатады. Ұлтжанды, шығармашыл оқушы тәрбиелеудің негізгі талаптары:
1. Шығармашылық қабілетті дамыту: а) қиял шығармашылықты дамыту; ә) шығармашылықпен ойлауды дамыту; б) шығармашылық белсенділікті дамыту.
2. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін атқарылатын жұмыс барысындағы ата - аналарға берілетін кеңес түрлері: а) балалар шығармашылығында неғұрлым өз бетінше жұмыс істеуді қамтамасыз ету; ә) асығыс қорытынды жасамау, тиянақтылық пен бақылауды анықтау; б) балалар бастамасына тежеу қоймау, қажетті көмек көрсету; в) балалардың алдына қойған мақсатына жете білуге әрекет ету.
3. Шығармашылық ойындар. Бұл ойын түрлерін жүргізу нәтижесінде оқушы өзін - өзі танытуға деген құлшынысын шыңдай түседі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, пәнге деген қызығушылықтары артады. Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндейтін болсақ, қызығушылық пен белсенділік үнемі артып отыру арқылы қабілеттің көптеген қырларын қалыптастыруға болатындығы айқын көрінеді [3] .
Балаларға қосымша білім беруде ұлттық тәрбие құндылықтарын пайдалану әр ұстаз оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетеріміз сөзсіз. Қазіргі заман ғылымының даму қарқынына орай адамға қажет білім деңгейі де өсіп отыр. Сондықтан ең маңызды нәрсе оқушылардың білім алу барысында халық педагогикасының құндылықтарын пайдалану арқылы бала бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Қазақ халық педагогикасының мазмұны бай және сан қилы. Ол жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің барлық жағын қамтиды.
Балаларға қосымша білім беруде тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Осыған орай халқымыздың өзіне тән тіршілік салты, қолданбалы өнері, ән-күйлері, аңыз-ертегілері, мақал-мәтелдері, жыр- дастандары, әдет- ғұрыптары, ұлттық салт-сана мен тәрбиенің халықтық дәстүрлері өмірге келді. Сөйтіп өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихы ішінде қазақ халқы тәрбиенің өзіне тән тәжірибесін, өскелең ұрпаққа тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтады [4].


Пайдаланылған әдебиеттер.
1. М.М.Тілеужанов Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992ж
2. Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке. М.: Просвещение. – 2010г
3. Мухина В.С.Детская психология.-М.:1985г
4. Савенков А. И. Содержание и организация исследовательского обучения школьников. – М., 2004г

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет