Өскемен қалалық мәслихатының
2012 жылғы «____» ___________
№ ____ шешімімен бекітілген
Өскемен қаласын көріктенду, жасыл желектердi қорғау
ЕРЕЖЕСI
-
Жалпы ереже
1. Аумақтарды көркейту - қала аумақтарындағы адамдар өмiршеңдiгiн жайлы, қолайлы қамтамасыз ететiн, жұмыстар мен элементтер кешенi.
2. Инженерлiк желiлер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсiпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қала аумақтарынан жер бетi суын жинау мен бұру үшiн бағытталған, қаланың инженерлiк көркейтуiнiң элементтерi.
3. Жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық, экологиялық шарттарды және көркейту мен сәулет ландшафты ресiмдеу (көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн, қаланың жобалау шешiмiнiң элементi.
4. Жер жұмыстары - аумақтарды қазу, үйiндiлердi жию, қайта жабу, қазаншұңқырларды өңдеуге байланысты жұмыстар.
5. Жер телімінің иесі және жер пайдаланушы – жер учаскесіне құқығын растайтын және сәйкестендіру құжаттарына сәйкес жер учаскесін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
6. Үй иесi - жеке меншiгiнде үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.
Уәкiлеттi орган – қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган.
7. Бөлiнген аумақ – Қазақстан Республикасының Жер заңнамасымен белгіленген тәртіпте заңды және жеке тұлғаларға берілген қала аумағының бөлігі.
8. Көріктендіру элементтері мен шағын сәулеттік нысандар – сәнді сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын нысандар (мүсіндер, гүлдерге арналған гүлзарлар, павильондар, жаппалар, орындықтар, урналар, балалар ойнауға және ересек тұрғындардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар, сәнді су айдындары, шығармашылықпен орындалған қоршаулар, аркалар,тутұғырлары, дүңгіршектер, телефон автоматтары, көшелер мен үйлердің табичкалары, сыртқы көрнекі жарнамалардың стационарлық нысандары, билбородтар, қалқандар, бедер тақталар, электронды экрандар, тауарлар мен заттардың үлгілерін көрсетуге қоятын орындар, транспаранттар).
9. Осы Ереже Өскемен қаласын көріктендіру, жасыл желектерді қорғау тәртібін анықтайды және меншік түріне қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2. Қала аумақтарын жинау,
көшелерді, жолдарды және жол имараттарын пайдалану және күтіп ұстау тәртiбi
10. Бөлінген аумақты жинау және күтіп ұстау меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен бөлінген аумақ шегінде және периметрі бойынша 2 (5, 10) ?? метр радиуста жүргізіледі.
11. Барлық меншiк түрiндегi ұйымдар, кондоминиумдар, үй-жайларға ие немесе жалдаушы жеке тұлғалар бөлінген аумақтарын жинауды осы Ереженің 10-тармағына сәйкес жүргізеді.
12. Жетiлдiрiлген төсемi бар, көшелер мен алаңдардың жүретiн бөлiктерiн механикалық жинау жоспарлы түрде таңғы 4-тен 6-ға дейiн және қажет болған жағдайда күн ағымында қайта жиналады.
Түнгi уақытта жинау кезiнде (кезеңге қарамастан) шуды ескертетiн шаралар қолдану керек.
Көшелердің жүру бөлiктерiн, жаяужолдарды, алаңдарды жуу жоспарлы түрде, мамандандырылған қызметтермен сағат 24-тен таңғы 6-ға дейiн жүргiзiледi.
Шаңдануы көп болатын көшелерге су себу жоспарлы түрде күндізгі уақытта механикалық қызметтермен жүзеге асырылады.
13. Көшелердiң жол төсемiн, маңайындағы көк шөп шығатын алаңдарын, жаяусоқпақтарды, еңiсiн, қоғамдық көлiк қозғалыстарының қиылыстары (қызыл сызық) шекарасында, автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңдарын, алаңдарды, автожол көпiрлерiн, жолжелiлерiн, жер асты өтетiн жерлердi, саябақтар, саяжолдар, бульварлар, зираттар аумақтарын жинау қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
14. Темiржол жолдарын, көпiрлерді, еңiстерді, үйiндiлерді, өткелдерді, жол арқылы өтетiн жерлерді күтіп ұстау және жинау меншік иелерімен жүргізіледі.
15. Трамвай жолдарын, рельстер арасындағы төсемдерiн, жеке тұрған трамвай жолындағы отыру алаңшаларын, жол өтпелерi мен аумақтарын және рельстер шетiнен екi жағына 0,5 метр ендiктегi аумақтарды тиiстi техникалық және санитарлық қалпында ұстау, өздерi қарамағындағы пайдаланушы ұйым немесе ведомство жүргiзедi.
16. Трансформаторлық немесе таратқыш қосалқы станцияларының, автоматты режимде жұмыс істейтін басқа инженерлік имараттардың (қызмет көрсететін персоналсыз), сондай-ақ электр берілісі желілері тіректерінің маңындағы аумақтарын жинауды аталған нысандар иелері жүргізеді. Жер үсті құбыр желілерінің астындағы қорғау аймақтары аумақтарын жинау және күтіп ұстау желілер иелерімен жүргізіледі.
17. Базар аумағын маңындағы базар алаңдарымен қоса жинау қалдықтар жинайтынды тазарту және оларды тиiстi күтіп ұстауды базарлардың меншiк иелерi жүргiзедi. Базарлар аумақтарының (соңын iшiнде шаруашылық, базар алаңдары) қатты төсемдерi болу керек.
Жылдың жылы кезiнде мiндеттi түрде сыпырудан басқа, базар аумақтарын жуу жүргiзiледi.
18. Көркейтудiң орындалған жобаларына сай, жағажайлар, демалыс аймақтары, көпшiлiк қыдыратын жерлер аумақтарында мыналар орнатылады:
1) 75 келушiге бiр орын есебiмен, жағажайда-суға түсетiн жерге 200 метрден кем емес қашықтықта қоғамдық дәретханалар;
2) ара қашықтықтары 40 метрден аспайтын, 600 шаршы метрге бiр урнадан кем емес урналар;
3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бiр контейнер есебiнен қалдықтар жинағыш, киiм шешетiн орын, гардероб болу керек;
4) стационарлық дәретханалар жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарда, ашық алаңдарда, кәуәп жасайтын орындарда, киоскiлерде, сауда павильондарында және т.б. қызметкерлер мен келушiлерге мiндеттi шарттың бiрi көшiрмелi дәретхана орнату болып табылады;
5) канализациясы жоқ рыноктарда - қоғамдық дәретханалар сауда орнынан 50 м кем емес қашықтықта орналастыру керек. Есептеу орнының саны – әр 50 сауда орнына бiрден аз болмау.
19. Жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындар аумақтарын жинау, сондай-ақ күнделiктi таза құм немесе ұсақ тас себу, жиналған қалдықтарды алып, құмның үстiңгi қабатын қопсыту осы аумақтар бекiтiлген ұйымдармен белгiленген заң тәртiбiнде жүргiзiледi.
20. Көшелер мен жолдар олардың құрамына кіретін барлық имараттармен қоса мемлекеттік меншік болып табылады және ортақ пайдалану үшін арналған. Көшелерді, жолдарды және жол имараттарын пайдалану және оларды қорғау тәртібі осы Ережені сақтай отырып, жүзеге асырылады.
21. Инженерлік имараттары бар жолдарды, көшелерді пайдаланатын барлық пайдаланушылардың міндеті көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Қоқыстар мен коммуналдық қалдықтарды
жинау және шығару тәртiбi
22. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарынан, балалардың оқу, емделу мекемелерiнен, мәдени кәсiпорындардан, қоғамдық ұйымдардан коммуналдық қалдықтар полигонына қоқыстар мен коммуналдық қалдықтарды шығару мамандандырылған кәсiпорындармен шарт бойынша жүргiзiледi.
Мамандандырылған кәсiпорынмен шарт жасаған кезде КҚ полигонға жеткiзу үшiн, КҚ жинаған орнын көрсету қажет. КҚ өзiнiң арнайы көлiгiмен шығарған кезде қолданыстағы КҚ жинау нормасына сәйкес, тұрғын үй секторындағы тұрғындардың санына пропорционалды қоқыс төгетiн жерге қабылдағаны туралы КҚ полигонының түбiртектерi болу қажет.
23. Жеке және заңды тұлғалардың контейнерлері болуы және оларды арнайы бөлінген орындарда орналастырулары тиіс.
24 Контейнерлер алаңшаларын сәулет, мемлекеттiк санитарлық-эпидемио-логиялық қадағалау органдарының келiсiмі бойынша ғимараттан 25 метрден кем болмайтын және 100 метрден аспайтын қашықтықта орналастыру қажет.
Контейнерлер орнататын алаңшалардың су өткізбейтін қатты жамылғылары және баратын жолдары болуы тиіс, маңындағы аумаққа қоқыстың шашылуына жол бермейтін тұтастай қоршаумен қоршалуы тиіс.
Үй иелері және басқа жер пайдаланушылар контейнерлер алаңшаларын тиісті санитарлық, бүлінбеген жағдайда ұстаулары, жылдың қысқы кезеңінде тұрғындар жүретін жолды және арнайы көлік жүретін жолды қардан және көк мұздан тазалауды қамтамасыз етулері тиіс.
Контейнерлер алаңшаларының белгіленген арақашықтықтарын сақтау мүмкін емес құрылыс аудандарында бұл арақашықтықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында уәкілетті органдармен белгіленеді.
25. Контейнерлер, қоқыс жинайтын ыдыстар, контейнерлер алаңшалары дер кезiнде баланста ұстаушылармен тазаланып, бүлiнбеген жағдайда ұсталып және залалсыздандырылуы тиіс.
26. Қалада коммуналдық қалдықтарды жинау мен төгудiң, оларды белгiленген кезеңмен тапсырыссыз қалдықтар жинайтын нысандар аумақтарынан шығарудың жүйелiлiгi қарастырылатын, жоспарлы-жүйесi пайдаланылады:
1) тұрғын үй алқаптары үшiн – қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдардың келісімі бойынша меншік пәтер иелері кооперативтерімен, үй иелерiмен бекiтiлген кестеге сай, контейнерлерде қоқыс және коммуналдық қалдықтардың үйiлiп қалуын болдырмау;
2) қоғамдық және мәдени бағыттағы нысандар үшiн - қажет болған жағдайда;
3) аз қабатты құрылыс үй иелерi үшiн - қажет болған жағдайда;
4) iрi көлемдi коммуналдық қалдықтарды, металл сынығын,сыпырындыларды шығару тапсырыс бойынша жүзеге асырылады;
5) камераларды, қоқыс құбырларын, қоқыс жинайтынды және камералардан қалдықтарды шығару орнының маңындағы аумақтарды күтіп ұстау үй иелерiмен жүзеге асырылады;
6) қоқыс және коммуналдық қалдықтар жинау және шығару қатаң сағат кестесiмен өзінің (жалданған) арнайы автокөлiгімен орындалуы мүмкiн;
7) барлық меншік түріндегі канализация тартылмаған нысандардың бетондалған шұңқырлары және сұйық ағындыларды шығаруға мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарт болулары тиіс;
8) дәретханаларға, қазылған шұңқырларға және коммуналдық қалдықтарды жинайтын жерлерге баратын жолдарды қамтамасыз үй иелерiмен (жалдаушылармен) және жер учаскелерімен жүзеге асырылады.
4. Қысқы жағдайларда аумақтарды жинау және күтіп ұстау
27. 16 қарашадан 15 сәуiр аралығындағы кезеңде қала аумақтарын жинау, қоқыс, қар, мұз, балшық және құм шығару сағат 6-дан 21-ге дейiн және қажет болған жағдайда күнi бойы жүргiзiлуi керек.
Ауа райының жағдайларына байланысты бұл жинау тәртiбi өзгеруi мүмкiн.
28. Басылып қалмау үшiн қар күреу қар жауа бастаған кезден басталады және барлық меншiк субъектiлермен қар жауып болғанға дейiн үзiлiссiз жалғасады. Жаңа түскен қарды дуал және үйме етiп барлық көшелер мен алаңдарға жинап, қар жауып болғаннан кейiн тез арада жинап алуға рұқсат етiледi.
29. Аула аумақтарының жүру бөлігіндегі, шатырлардағы қарды тазарту және шатырлардағы, жиектер мен су ағатын құбырлардағы бұлтықтарды алу ғимараттар мен имараттардың иелерiнің және жалдаушылардың күшiмен және құралдарымен жүйелi түрде жүргiзiлуi керек. Қарды лақтыру және бұлтықтарды алу алдында бақытсыз жағдайларды болдырмау және әуе желілерінің, шамдарының, жасыл желектердің, көлік құралдарының бүлінуіне жол бермеу үшін міндетті түрде сақтық шараларын сақтай отырып, қорғау шараларын жүргізу қажет. Шатырдан лақтырылған қарды атқарушы органмен белгіленген арнайы орындарға дереу шығару керек.
30 Көшелердің жүру бөлiктерiн, алаңдарды, көпiрлер мен жол өтпелерін, қиылыстарды, өрлеу және еңiстерді, жаяужолдарды, жүргiншiлер өткелдерiн, баспалдақ сатыларын механикалық тазарту және құм себу жоспарлы түрде мамандандырылған ұйымдармен қалалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
31. Меншiк түрiне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген аумақтар мен бөлінген аумақтардағы қарды тазалайды, көк тайғаққа қарсы іс-шараларды қарастырады (қар, мұз жару, тайғақ жерлерге инерттiк материалдар себу).
5. Көріктендіру элементтерін және шағын сәулеттік нысандарды
орнату және күтіп ұстау
32. Үй иелері көше, алаң, жағалау және басқа қоғамдық орындар жаққа қарайтын ғимараттар қасбеттерінің бүлінбеген жағдайын, уақытылы жөнделуін және мереке күндеріне қарсы мерекелік безендендірілуін қамтамасыз етулері тиіс, олардың эстетикалық келбетке сәйкес келетін жұмыстарды орындаулары тиіс.
33. Қоршаулар, қорғандар, дүңгiршектер, дүкеншелер, шатырлар, павильондар, урналар, баубақ-саябақ отырғыштары, жарнама стендтерi, маңдайшадағы көркемдеулер, әр түрлi көрнекi және басқа құрылғыларды орнату қалалық сәулет және қала құрылысы саласындағы атқарушы органмен келiскеннен кейiн ғана салу мен орнатуға жол берiледi.
34. Барлық көріктендіру элементтері және шағын сәулеттік нысандар дұрыс жағдайда ұсталып, қажеттілік жағдайда уақытылы жаңартылып отырылады.
Жарнама қондырғылары, маңдайшадағы жазулар және басқадай көрнекiлiк қондырғылар сәулет саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша тәуліктің түнгі уақытында сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын жарықтандыра отырып, орындалуы тиіс.
35. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақшалар, саябақтарда, бекеттер, әуежайлар, базарлар, қалалық көлiк аялдамалары мен басқа орындарда, кiсi көп жүретiн жерлерде 40 метрден, кiсi аз жүретiн жерлерде-100 метрден артық емес қашықтықта жеткiлiктi саны бар урналар қойылуы керек.
Қалалық көлік тоқтайтын орындарда, жер асты өтпелерінде, дүкендердің, кіші дүкендердің, дүңгіршектердің, кіре берістердің жанында міндетті түрде урналар орнатылуы тиіс. Бөлінген және бекітілген аумақтарда урналар жер пайдаланушылармен, жалпы пайдаланудағы жерлерде қалалық бюджет есебінен орнатылады.
6. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ жол жамылғыларын, жаяужолдарды, көгалдарды және басқа да нысандарды, көріктендіру элементтерін бұзумен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі
36. Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерiн бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкiлеттi органмен берiлген, жазбаша рұқсат берiлген кезде ғана жүргiзiледi.
37. Қалпына келтiру жұмыстарын кiдiрiссiз жүргiзудi талап ететiн, инженерлiк жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келiсу беретiн, ұйымдар өкiлдерiн сол орынға шақыру керек. Жер жұмыстарын жүргiзуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейiн ғана жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiледi. Апаттық жұмыстарды жүргiзу орнында қандай да бiр үйiлген немесе қандай да бiр мүлкi бар меншiк түрiне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскенi бiрiншi талап бойынша тез арада өз күшiмен босатуға мiндеттi.
Тез арада апатты жоюды қажет ететiн білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы, стратегиялық маңызы бар нысандардың жұмысын қамтамасыз ету үшін ерекше жағдайда, келiсiм беретiн ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен рұқсат берудi (ордер) ресiмдеусiз, одан әрi 24 сағат iшiнде жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берудi ресiмдеп, апатты жоюға кiрiсуге жол берiледi.
38. Инженерлiк желiлер, жолдар, жаяужолдар салу немесе қайта жаңарту бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетiн 15 қарашасына дейiн және екiншi рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажеттi сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгiленген мерзiмдi көрсетiп уәкiлеттi органға тапсырыс беруге мiндеттi.
Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
39. Көшелер, алаңдар және басқа да жалпы пайдаланудағы орындар құрылысы бойынша жұмыстармен жер асты инженерлiк желiлер төсеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзу уақытын байланыстыру үшiн және салынған жылы асфальтбетонды жамылғыны қопаруды болдырмауға және салынғаннан кейiн 5 жыл iшiнде, осы жұмыстарды белгiлеген қала ұйымдары ағымдағы жылдың алдында келетiн жылдың 1 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға күрежол және мекен-жай тiзiмдерiн қоса, жұмыстарды орындау белгiленген мерзiмiн көрсетiп өтінім беруге мiндеттi.
40. Көлiк қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргiзу кезiнде, тапсырыс берушi автокөлiк қозғалысын жабуды жол полициясы бөлімінің органдарымен және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыратын органдармен келіседі. Қоғамдық көлiк қозғалысының маршруты өзгерген жағдайда жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат (ордер) алған тұлға жұмыс өндірісіне дейін үш күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалалықтарды хабардар етедi.
41. Қалалық шаруашылық нысандары, элементтерi рұқсат қағазында (ордерде) көрсетiлген жұмыс мерзiмiнiң соңында тиiстi жағдайға келтiрiлуi керек. Мерзiмi өтiп кеткен рұқсат қағазы (ордер) бойынша жұмыс жүргшізу өз еркiмен қазу болып саналады.
42. Инженерлiк жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажеттi шаралар қабылдау үшiн жұмыс жасаушы бiр тәулiктен кеш емес, жұмысты бастағанға дейiн сол орынға мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға мiндеттi. Солармен бiрлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерiн анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
43. Жұмыстарды жүргiзушi жұмысты бастағанға дейiн келесiдегiлердi орындауға мiндеттi:
1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетiн белгiлермен бекiтiлген үлгiмен қатты қоршаулармен қоршаулы керек, өтiп жатқан көлiктен көшенi ластамау үшiн қолайлы болу керек;
2) ереже бойынша өтетiн жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетiн жолдар аз мөлшерде болу керек;
3) құрылыс ұйымдары үшiн құрылыс немесе күрделi жөндеу кезiнде балшықтан күнделiктi тазарту үшiн салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негiзгi магистраль жолдың учаскесi бекiтiлiп берiледi;
4) жүргiншiлер жүретiн орындарда бiр бiрiнен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргiншiлер көпiрi орнатылады және түнгi уақытта құрылыс немесе күрделi жөндеу учаскесiн жарықпен қамтамасыз ету;
5) жаңбыр суы ағатын кәрiздердiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолдану;
6) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепiлдiк беру;
7) өтетiн жолдар немесе жүргiншiлер қозғалысының жүйелерiн жабу қажеттiлiгi кезiнде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиiстi белгiлермен айқын белгiлеуге.
44. Жұмыстарды жүргiзу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ рұқсат қағазында (ордерде) көрсетiлген шарттарға сай жүргiзiледi.
45. Жолдың алынған асфальтi мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, рұқсат қағазында көрсетілген (ордерде) арнайы бөлінген орынға шығарылады. Жиектер мен жаяусоқпақ тастары бөлшектелiнедi, үйiледi және сақтау мен қайта пайдалану үшiн акт бойынша өткiзiледi. Жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға топырақ пен құрылыс материалдарын үюге тыйым салынады. Аталған имараттардың элементтерiн қорғау үшiн люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететiн ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.
46. Жер асты жүйелер мен құрылғыларды, сыртқы көріктендіру элементтерiн бұзғаны үшiн рұқсат қағазын (ордер) алушы жауап береді.
Зақым келтiрудiң әрбiр жағдайында мүдделi тараптар өкiлдерiнiң қатысуымен зақым келу себебi, зақымды жою бойынша шаралар, қалпына келтiру жұмыстарының құны мен мерзiмдерi көрсетiлген, акт жасалады.
Бұзылған жамылғылар мен көріктендіру элементтерiн қалпына келтiру топырақпен қайта жабу жұмыстары аяқталғаннан кейiн екi тәулiктен кешіктірілмей басталуы керек.
Қалпына келтiру жұмыстарының сапасына рұқсат қағазын (ордер) алушы жауап бередi.
Белгіленген мерзімде қалпына келтіру жұмыстары орындалмаған жағдайда қалпына келтіру жұмыстары мамандандырылған ұйымдармен одан әрі шығын өтеле отырып, жүргізіледі.
47. Қала бюджетi есебiнен қалалық шаруашылықтың бұзылған және зақымданған нысандарын қалпына келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлген жағдайда барлық шығындар (рұқсат қағазын (рордер) алушы есебiнен өтеледi.
48. Жұмыстар жүргiзу мерзiмi қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтiзбелiк кесте негiзiнде белгiленедi. Екi айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезiнде, олардың барлық жұмыс кешенiнiң аяқталуына байланысты учаскелерiне ордер берiледi.
49. Уәкілетті органның және келісім бойынша жол полициясы органдарының рұқсаты бойынша ерекше жағдайлардан басқа кездерде, жасалғаннан немесе күрделi жөндеуден кейiн бес жыл iшiнде жолдардың жол төсемдерiн, жаяужолдар мен алаңдарды бұзумен байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
50. Қазылған жерлердегі жамылғыларды қалпына келтіру уәкілетті органмен жұмыстар қабылданғанға дейін жүргізіледі. Қалпына келтiру жұмыстарының сапасына, жамылғылардың шөгуiне және сынының бұзылуына рұқсат қағазын (ордер) алушы жауап бередi. Көріктендіру элементтерін қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстар сапасына кепілдік мерзімі – 2 жыл. Қалпына келтіру жұмыстарын қабылдауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
51. Қалпына келтіру жұмыстарын қабылдауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
52. Жол жамылғыларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар жұмыс жүргiзетiн орындарда ақпарат қалқандарын орнатуы керек.
53. қала аумағында жұмыс жүргізетін жөндеу және құрылыс ұйымдары:
1) жаяу жүргіншілердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ені 1 метрден кем емес қорғаныс қалқасы құрылғысымен биіктігі кемінде екі метр болатын тұтастай қоршаумен құрылыс алаңын қошауға;
2) жолға балшықтың шығуына жол бермеу үшін құрылыс алаңшаларына қатты жамылғымен кіретін жолдар жасауға;
3) құрылыс кезеңінде құрылыс алаңынан шығатын автокөлік дөңгелектерімен ластанған автожол учаскелерін тазалауға;
4) құрылыс материалдарын сақтауды оларды шаң басуына жол бермейтін шараларды сақтай отырып, жүргізуге міндетті.
7. Жасыл желектердi күтіп ұстау және қорғау тәртiбi
54. Жеке меншік үй құрылыстары аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсіп тұрған жасыл желектерден басқа, қала аумағында өсіп тұрған барлық жасыл желектер дербес қалалық жасыл қорды құрайды.
55. Жасыл желектердi ағымдағы күтіп ұстау, қорғау мен өсiру осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген жер пайдаланушылар мен иелерiне:
1) тұрғын шағын аудандардағы, тұрғын үйлер алдындағы көшелердегi құрылыстардан жаяужол сызығына дейiн – меншік пәтер иелерiнiң кооперативтерiне, тұрғын үй қорының иелерiне;
2) жалпы пайдаланудағы жерлерде және жаяужол сызығына дейiнгi көшелер бойында - қала бюджетiнiң есебiнен шарт негiзiнде жұмыстар атқаратын кәсiпорындарға;
3) басқа ұйымдар аумақтарында – осы нысандар иелеріне;
4) құрылысқа бөлiнген аумақтарда жұмысты бастаған күннен бастап – тапсырыс берушiге жүктеледі.
56. Жылу мен электр желілерінің қорғау және санитарлық-қорғау аймақтарына тиісті ұйымдар қызмет көрсетеді. Қорғау және санитарлық-қорғау аймақтарында санитарлық кесу, қажетті мәжбүрлі кесу және жасыл желектерді санитарлық кесу аталған учаскелер бойында уәкілетті орган актісінің негізінде жүргізіледі, жұмыстар орындалғаннан кейін ол жер міндетті түрде тазалануы тиіс. Кесілген жасыл желектерді және шабылған қалдықтарын (ағаш жоңқалары, бұталар, жапырақтар, ағаш діңінің қабықтары) жұмыс жүргізетін орында үйіп, сақтауға жол берілмейді.
57. Құрылыс салатын, жер асты коммуникациялар мен инженерлiк жүйелердi тартатын жерлерде өсіп тұрған жасыл желектердi кесу және көшiрiп отырғызу мүдделi ұйымдармен келiсу бойынша уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда жол берiледi.
58. Жасыл желектердi кесуге рұқсат алған жағдайда тапсырыс берушi берiлген рұқсат қағазының шарттарына сәйкес тең бағалы қалпына келтiру көгалдандыруын жүргізеді, одан әрі күтiп-баптау жұмыстарын орындайды.
59. Жасыл желектерді кесуге, көшіріп отырғызуға рұқсат қағазын ресімдеу үшін уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
60. Жұмыстар жүргiзу кезiнде заңды және жеке тұлғалар:
1) зақымданудан жасыл желектердi қоршауға;
2) қала жолдарын, жаяусоқпақтар, өтетiн жерлер, алаңдар және т.б. салу және асфальт төсеу кезiнде диаметрi 1 метрден аз емес баған ұяларын қалдыру, орнату қажет болса, яғни жасыл желектердiң қалыпты өсуi үшiн қондырғыны қарастыруға мiндеттi.
61. Иелері мен жер пайдаланушылар осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген аумақтарда өсіп тұрған жасыл желектердi күтуге мiндеттi, соның iшiнде:
1) қоқыс жинау, тырнауышпен көк шөп шығатын алаңдарды тарау, қураған жапырақтарды жинау, арамшөптердi жұлу, көк шөп шығатын алаңдардың шөбiн шабу, буталарды қырқуға;
2) ағаштардың баған түптерiнде ұялар жасап, топырақты қопсытуға;
3) жасыл желектер, көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарларды суаруға;
4) ағаштар басын қию, құрғаған бұталарды, өскiндердi, қиылған буталарды кесуге;
5) ағаштарды, бұталарды жасарту, ауру және қураған ағаштарды кесуге, уәкілетті органның келісімін ала отырып, қолда бар жасыл қорда ағаштар мен бұталарды отырғызуға.
6) ауыл шаруашылық зиянкестер және аурулармен, карантиндiк арамшөптермен өз күштерiмен немесе өсiмдiктердi қорғау станцияларымен шарт жасау бойынша жүйелi күрес жүргiзуге.
7) жапырақтар түсу кезiнде түскен жапырақтарды уақытылы жинау керек. Жиналған жапырақтар арнайы бөлiнген телiмдерге немесе компостау даласына шығарылсын. Тұрғын үй құрылысы аумағында, саябақтар мен парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасыл қордың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
8. Инженерлiк желілер мен имараттарды, сыртқы жарықтандыруды
күтіп ұстау тәртiбi
62 Инженерлiк имараттар мен коммуникациялар иелері олардың техникалық жағдайларын үнемі бақылауға мiндеттi:
-
аумақтарды су басуға жол бермеу;
-
бөлiнген және күзетiлетiн аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;
-
люктердiң қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабуы, жаңбыр суы ағатын кәрiздер торлары жол төсемдерiнiң деңгейiнде және үнемi дұрыс жағдайда ұсталуын бақылау;
-
оларды тез анықтау үшiн құдықтарға белгi жасау;
-
құру, қайта жабу мен пайдалану ережелерiн сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкiн жер асты жүйелерiнiң қатты немесе топырақ жабуларының жағдайын бақылау.
63. Жер асты инженерлiк желiлерiн төсеу және қайта орнату жұмыстарының жүргiзу қолданыстағы техникалық шарттарға сай қатаң жүргiзiлу керек.
64. Жер асты коммуникацияларын салу, күрделi жөндеу, қайта жаңарту автожолды, алаңдарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қайта жаңартуды бастағанға дейiн жүргізілуі керек.
65. Қатты төсемдi аумақтарды күрделi жөндеу немесе қайта құру кезiнде талап етiлетiнге дейiн инженерлiк жүйелер құдықтарының люктерiн белгiлеудi жүргiзу, коммуникациялардың күзетiлетiн аймақтарының ендiгiне көк шөп шығатын алаңдарды, жаяусоқпақтарды, авиажолдарды қалпына келтiру жөндеуге тапсырыс берушi есебiнен жүргiзiледi.
66. Көшелер мен жолдардан жер бетi суын және ыза суларды қашыруға бағытталған арналар, құбырлар, кәрiздер жинау мен тазарту, қала бюджетi есебiнен қалалық қоқыс төгетiн орынға тез арада шығару қажеттiлiгiне байланысты қатты тұнбаларды шығару. Аулаларда және басқа да жер пайдаланушыларға бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда су өткiзетiн құбырларды жер пайдаланушылар жүргiзедi.
Шағын аумақ шекарасы шегiнде жалпы қала аумағы бойымен өтетiн коллекторларды, жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту қала бюджетi есебiнен жүргiзiледi.
67. Қаланың сутартқы құдығының қасындағы радиусы 5 метр аумақты мұздан (қыс уақытында) және қоқыстан тазарту және оларды шығару, құдықтарға кiреберiс жолды ұстау сутартқы құдықтарының иелерiмен жүргiзiледi.
68. Өндiрiстiк кәсiпорындар алаңынан ауа сулары шаруашылық нәжiс кәрiздерiне түсу керек. Бұл суларды қалалық жаңбыр суы ағатын кәрiздерге жiберуге жол берiлмейдi.
69. Қала көшелерiнде, алаңдарында, саябақтарында, саяубауларында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы және күрделi жөндеу қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен арнайы кәсiпорындармен жүзеге асырылады. Тұрғын аудандар мен басқа да жалпы пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кiмнiң қызметiнде болып табылса, соларға жүктеледi.
70. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және қызмет көрсетуге келесi iс-шаралар кiредi:
1) берiлген параметрлерге сай келетiн саны мен сапа көрсеткiшi бар қондырғылардың техникалық дұрыс жағдайын ұстау;
2) қондырғылардың регламенттiк жұмыс тәртiбiн қамтамасыз ету, қала әкiмiмен бекiтiлген, кесте бойынша дер кезiнде қосу мен өшiрудi, iшiнара немесе толық өшiрудi бақылау, олардың жанбай қалған шамдарын шұғыл жою, зақымдану мен басқаларды анықтау.
71. Сыртқы жарықтандыру қондырығыларының металл тiректерi, кронштейндер мен басқа элементтерi сыртқы жағдайларына байланысты боялады, бiрақ 3 жылда бiр реттен кем емес.
9. Аумақтарды көркейту және сауда кәсiпорындары мен
халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттер тұрғын үйлерде орналастырылған
жағдайда олардың қасбеттерiн безендіру
73. Тұрғын, әкiмшiлiк және басқа ғимараттардың және оның маңындағы аумақтардың келбетiн сақтау мен жақсарту үшiн, оларға сауда кәсiпорындарын, халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттердi, офистер және басқадай нысандар орналастырылған жағдайда иелерi олармен әзірленген және келiсiлген жобаға сай ғимараттың қасбетiн безендіру және маңындағы аумақтарды көркейту жөнiнде кешендi iс-шараларды атқару керек.
74. Кешендi iс-шараларға, жобамен қарастырылған, келесiдегiдей жұмыстар көлемiн орындау кiредi:
1) қасбеттi әрлеу (бояу, әр түрлi материалдармен қаптау);
2) ғимараттың жалпы стилiне сай келетiн, қанатшалар, маңдайшалар орнату;
3) жасыл желектер, көгалдар, жаңбыр суын бұрып әкететін құрылғы және автомашина тұрағы мен баратын жолдар үшін алаңдар мен жаяужолдар құрылымы қоса кіретін аумақты көріктендіру бойынша жұмысты орындау;
4) орындықтар, урналар, қоршаулар және көріктендірудің басқа нысандарын орнату;
5) ғимарат аумағының маңын және автожолдың жүретiн бөлiгiнiң көшелер, алаңдар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттерiне көмескi жарық орнату белдiгiне дейiнгi көшелердi жарықтандыру үшiн жеткiлiктi сыртқы жарықтандыруды (жарықтандырылған жарнамалар) орнату;
6) заңнама талаптарына сәійкес ұйымның атауы жазылған маңдайшадағы жазуларды орнату.
75. Ғимаратта бiр кәсiпорын орналасқан жағдайда бүкіл қасбет немесе оның бөлiгi (сәулет саласындағы атқарушы органмен келісу бойынша) безендіруге жатады, сондай-ақ ғимараттың бүкіл ені бойынша ғимараттан көшенің "қызыл сызығына" дейiнгi бүкіл аумақты немесе оның бөлігін (сәулет саласындағы атқарушы органмен келісу бойынша) көріктендіру және санитарлық тазалау жүргізеді. Бiрнеше кәсiпорындар болса, қасбеттi безендіру, маңындағы аумақтарды көріктендіру және санитарлық тазалау олармен тиiстi үлесте бiрыңғай сәулеттік-көркемдiк келбетiн сақтап, жұмыстарды бiр уақытта орындай отырып, жүргiзiледi.
10. Осы Ережемен тыйым салынған iс-әрекеттер
76. Қала аумақтарында:
1) қаралатын құдықтарға, өзендер мен басқа су айдындарына, көк шөп шығатын алаңдарға, ағаштар мен бұталар түбiне, көшелер, жаяусоқпақтар мен трамвай желiлерiнiң жүретiн бөлiгiне қоқыс, балшық, қалдықтар, мұз түйiршiктерiн, ластанған қарды тастауға;
2) көшеге, бос жерлерге, орманды аймақтарға, жол бойына, өзендер мен басқа су айдындарына және бұл мақсаттарға бөлiнбеген барлық басқа жерлерге әртүрлі құрылыс, коммуналық қалдықтарды тастауға;
3) көшелерде, өзендер мен басқа су айдындарында, су құбыры мен құдықтар маңында, тұрғын ғимараттар аулаларында машина, трактор жууға;
4) көшелерде, аулалар мен басқада қозғалмалы сауда жабдықтарын, сауда аяқталған соң жинауға жататын, жиналған қоқыс, лас қалдықтар, балшық, мұз түйiршiктерi мен қар, құрылыс және басқа қалдықтарды шығармай қалтырып кетуге;
5) үйлердің, ғимараттар мен имараттардың қасбеттеріне, сусу ағатын құбырларға, аялдама павильондарына, жарықтандыру тіректеріне, инженерлік желілер мен коммуникацаиялық имараттарына және басқа бөлінбеген өзге орындарға хабарландыруларды, баспа немесе қолмен жазылған насихаттау өнімін (плакаттар, жарқағаз, үнпарақ) жапсыруға, ілуге немесе басқаша орналастыруға. Ақпарат ілуге арналған бағандар мен қалқандар бөлінген орындар болып табылады.
6) аулалар мен көшелер аумақтарына жуынды, лас қалдықтар төгуге, қоқыс пен жапырақтарды өртеуге;
7) су құбырлары, жылу желiлерi, кәрiздер апатын жою кезiнде жаңбыр суы ағатын кәрiздерге қыс кезiнде суды жіберуге;
8) қала аумақтарын ластайтын, жүк дұрыс тиелмеген, шанағында ақауы бар көлiктiң жүруiне;
9) ашық шанақтарда қапсыз, төгiлетiн жүктердi, шикiзат пен макулатураны тасуға;
10) құрылыс алаңдарын қоршауда көшенiң "қызыл сызығына" шарбақты шығарып орнатуға;
11) қала аумақтарын өз еркiмен қазуға;
12) инженерлiк жүйелердегi апатты жойғаннан кейiн қазылған жерлердi топырақпен жабуға;
13) қала аумақтарын санитарлық тазарту бойынша жұмыстар атқарудың мерзiмiн бұзуға;
14) контейнерлерге тұрмыстық бағыттағы iрi көлемдi заттар және құрылыс материалдарын тастауға, контейнерлерге сұйық лас қалдықтарды төгуге, онда қоқыс өртеуге;
15) контейнерлер алаңшалары алдында тоқтап, тұрақтауға;
16) картон қораптарын бөлшектелмеген күйде контейнерлер алаңшаларына үюге және контейнерлерге лақтыруға;
17) құстарды, малды бағу, иттерді серуендету мақсаттары үшін көзделмеген қала жерлерінде оларды бағуға, серуендетуге;
18) қазіргі заманға сай технологиялық шешімдерді қолдана отырып, орындалғанғандардан басқа, қаланың магистралдық көшелерінде сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру (сәулелі-диодты үлкен форматты көше экрандары);
19) жарнамалық бейнесіз сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын пайдалану;
20) дүңгіршектердің, палаткалардың, ұсақ сауда-саттық павильондарының және дүкендерінің жанында қаптар мен тауарлар қорларын үюге, сондай-ақ осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген аумақтарды үю үшін пайдалануға;
21) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аулаларының ішінде металдан жасалған гараждар мен жер қоймаларын орналастыруға. Өз бетімен орналастырылған гараждар мен жер қоймалары бұзуға жатады.
22) көшелерге, жолдар мен жол имараттарына, белгілерге, жол қозғалысын реттейтін құралдарға, жасыл желектерге және басқа жол құрылғыларына зақым келтіруге;
23) көшелер мен жолдарды қанда да бір заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен бөгеу немесе жабуға;
24) ағаштарды, бұталарды, көгалдарды, құдықтар люктерін, су ағатын торларларды, лотоктар мен кюветтерді, қайта қосу құбырлары мен кәріздерді жер және құрылыс материалдарымен көмуге;
25) канализациялық, өндірістік және ағынды суларды көшелер мен жолдардың жүру бөліктеріне, нөсерлі канализацияларға жіберуге;
26) келісусіз жол төсемін бұзумен байланысты жұмыстарды жүргізуге;
27) көпірлерде, жол өтпелерінде, гүлзарларда, балалар ойнайтын және спорт алаңшаларында тоқтап тұруға;
28) көшелер мен жолдарды ластайтын, тиiстi орауы жоқ төгiлетiн және басқа да жүктердi тасымалдауға;
29) көшелердің жүру бөліктерін қардан және күртік қарлардан тазалауга арналған жағдайлардан басқа кездерде, шынжыртабанды техникалармен жүруге;
30)көгалдарда, саябақтарда және жасыл желектердің басқа жерлерінде көлік құралдарын қоюға;
31) өтпелер мен өту жолдарын бөгеп жабу, отырғызылған көгалдарға қармен мұзды үюге тыйым салынады.
77. Жасыл желектер аумақтары мен көшелерде:
1) құрылыс материалдарын, топырақты, отынды, көмір мен басқа заттарды үюге;
2) көгалдарды, гүлзарларды, ағаш діңдерінің түптерін ластауға;
3) көгалдарды таптауға, ағаштарды, бұталарды сындыруға және кесуге, басқа механикалық нұқсан келтіруге,
4) ағаштар мен бұталарды өз бетімен кесуге;
5) қоршаулар ұйымдастыруға, гүлдерді жұлуға, гүлзарларды және көпжылдық гүлдердің баданаларын қазуға;
6) көкөністер мен өсімтал-жидек дақылдарын өзбетімен өсіруге, ағаштарға сымдарды, алтыбақандарды, жіптерді, жарнамалар мен табличкаларды байлауға;
7) экологияға зиян келтіретін басқа іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
18. Осы Ережені бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
78. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғады.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихат хатшысы
Достарыңызбен бөлісу: |