«Атом физикасы (8 сағат)»: сызықтық спектрлер; альфа-бөлшектердің
шашырауы бойынша Резерфорд тәжiрибесi; Бор постулаттары; сутегіге ұқсас
атомдарға Бор теориясы; Бор моделi және сәйкестiк қағидасы; Франк-Герц
тәжiрибесi; лазерлер; голография; сызықтық емес оптика туралы ұғым.
Лабораториялық жұмыстар: сәуле шығарудың тұтас және сызықтық
спектрлерін бақылау;
Көрсетілімдер: тұтас және сызықтық спектрлерді бақылау; лазер, лазерлiк
сәулеленудiң когеренттiк қасиеттерi.
«Атом ядросының физикасы (9 сағат)»: атом ядросы; ядроның
нуклондық моделi; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; табиғи
радиоактивтiк; радиоактивтiк ыдырау заңы; ядролық реакциялар; жасанды
радиоактивтiк; ауыр ядролардың бөлiнуi; тiзбектi ядролық реакциялар;ядролық
реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар; радиоактивтi
сәулелердiң биологиялық әсерi; радиациядан қорғану.
Лабораториялық
жұмыстар:
дайын
фотосуреттер
бойынша
бөлшектердiң өзара әрекеттесуiн зерттеу.
Көрсетілімдер: Гейгер-Мюллер санауыштары; Вильсон камерасы;
көпіршікті камера; дозиметр;
Достарыңызбен бөлісу: |