4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Дене шынықтыру – бастауыш сынып
оқушыларының дене тәрбиесін
қалыптастыратын, дамытатын дербес пән.
Дене шынықтыру сабақтары – дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың негізгі түрі.
Жалпы дамыту жаттығулары – оқушылардың қолы мен аяқтарын,
денесін, мойнын, денесінің басқа да мүшелері үшін
арнайы әзірленген
қозғалыстар жүйесі.
Дидактика – оқытудың, білім берудің және оқып-білім алудың
заңдылықтары туралы ғылым саласы.
Дифференциациялық оқыту – оқу үдерісін
ұйымдастырудың
оқушылардың ортақ, оқу үшін маңызды қасиеттеріне қарай топқа біріктірілген
тобымен жұмыс жасау формасы.
Жүйе – жекелеген элементтердің бір-бірімен байланыс жасап,
қатынастуындатуы және сол арқылы қандай да біртұтастықты құрауы.
Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі жүйесі – оқушылардың
денсаулығын нығайтуға және физикалық
жан-жақты дене тәрбиесін
қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие мақсаттарының,
міндеттерінің,
құралдарының, әдіс-тәсілдері мен формаларының біртұтас болмысы.
Сабақ – білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың басты
формасы.