Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы « » _________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру
қағидалары
-
Жалпы ережелер
1. Осы Әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 41-54) тармақшасына сәйкес әзірленген және әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) айдап кету – әуе кемесін жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу;
3) азаматтық әуе кемесін басып алу – зорлау немесе оны қолдану қатері көмегімен ауадағы немесе жердегі әуе кемесіне заңсыз бақылауды жүзеге асыру;
4) әуе кемесін арнайы жете тексеру – әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісінің болу мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде, оған қатысты диверсиялық акт, басып алу (басып алу әрекеті) немесе айдап әкету әрекеті болғанда, әуе кемесі қонғаннан кейін, әуе кемесі күзетсіз болу фактісі анықталған кезде әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы экипаж мүшелерін (инженерлік-техникалық құрамды) және мемлекеттік органдарды олардың құзыретіне сәйкес тарта отырып өткізілетін әуе кемесін жете тексеру рәсімі;
5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету аймағы – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету үшін көзделген жер учаскесі (жердегі кеңістік), сондай-ақ құралдар мен жабдықтар, оның ішінде перрондар, ангарлар, ғимараттар, шеберханалар, жердегі көлік құралдарының тұрақ орны және олармен байланысты жолдар (рулдеу жолдары);
6) әуе кемелерінің тұрақ орны – әуе кемелерінің тұрағына арналған, перронда бөлінген (белгіленген) учаскесі (аймағы);
7) әуе кемесін ұшу алдында жете тексеру – әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселерді айқындау үшін әуежайдың және авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы экипаж мүшелерін (инженерлік-техникалық құрамды) тарта отырып әуе кемесін ұшу алдында жете тексеру рәсімі;
8) бөгде адам – рейске қызмет көрсетілуіне қатыспайтын және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырмайтын кез келген адам;
9) диверсия – Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға немесе бүлдіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату;
10) жарылғыш құрылғы – құрамында ең аз дегенде жарылғыш заттың заряды бар және жарғыш үлгідегі әрекетті орындауға арналған және соған жарамды арнайы дайындалған және (немесе) бейімделген бұйым. ЖЖ құрылымына жарылғыш заттың зарядының қуатын пайдалану арқылы, зақымдайтын факторлары немесе өзге жұмысты орындау есебінен, өлімге, қатты зақымдануға немесе елеулі материалдық зиянға әкеп соқтыруға арналған жарғыш, корпус, дайын зақымдайтын элементтер, сондай-ақ өнеркәсіптік қолөнер мен қолдан жасалған бұйымдар кіруі мүмкін;
11) күдікті құрылғы – болжанған немесе мүмкін болатын жарылғыш құрылғы, сондай-ақ қоршаған жағдайға сай келмейтін, ерекше дыбыс шығатын (тақылдау, шықылдау, электронды дыбыстық сигналдар және басқалар) немесе жарылғыш заттарға тән ерекше иіс тарататын заттар;
12) перрон – жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүкті немесе пошталық жөнелтілімдерді тиеу немесе түсіру, май құю, тұрақ орны немесе техникалық қызмет көрсету мақсатында әуе кемелерін орналастыруға арналған құрлықтағы әуеайлақтың бөлігі;
13) тұрақтың оқшауланған орны – байланыс және өртсөндіргіш құралдарымен жабдықталған, аэровокзалдан, перроннан және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету аймақтарынан кемінде 400 метр қашықтықта алыс бөлінген (белгіленген) рулдеу жолы учаскесі;
14) уәкілетті тұлға – әуежайдың (авиакомпанияның) бірінші басшысы бұйрығымен ұшу алдындағы немесе арнайы жете тексеру тобына тағайындалған, әуежайдың немесе авиакомпанияның, экипаж мүшелерінің (инженерлік-техникалық құрамды) қатарынан маман, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдарының, құтқару бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдардың мамандары.
3. Тікелей ұшу алдында халықаралық және ішкі ұшуды орындайтын әуе кемелері ұшу алдында жете тексеруге жатады. Халықаралық ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің ұшу алдында жете тексеру шекаралық бақылау алдында жүргізіледі.
Халықаралық және ішкі ұшуды орындайтын әуе кемелері мынадай жағдайларда арнайы жете тексеруге жатады:
1) заңсыз араласу актісі болу қаупі туралы ақпарат алынғанда;
2) оларға қарсы диверсиялық акт, басып алу (басып алу әрекеті) немесе айдап әкету әрекеті жасалғанда, әуе кемесі қонғаннан кейін;
3) әуе кемесінің күзетсіз болу фактісі анықталған кезде.
4. Әуе кемесін мынадай жағдайларда ұшу алдында қайта жете тексеруге жүргізіледі, егер:
1) жолаушы ұшу алдында әуе кемесінің бортында болса, жолаушы ұшудан бас тартқан;
2) жолаушы әуе кемесінің бортында табылу кезінде авиакомпания жолаушыны тасымалдаудан бас тартса;
3) ұшу алдында әуе кемесінің бортында бөгде адамдар (адам) анықталған.
5. Заңсыз араласу актісі қаупі туралы ақпарат алынған кезде әуе кемесін ұшу алдында жете тексеру жүргізілгеннен кейін оны арнайы жете тексеру жүргізіледі. Заңсыз араласу актісі қаупі туралы ақпарат дереу уәкілетті органмен бекітілген заңсыз араласу актілері уақытында хабарлау кестесі бойынша құқық қорғау органдарының кезекші қызметтеріне хабарланады.
6. Егер жарылғыш құрылғы болуымен байланысты заңсыз араласу актісі қаупі туралы ақпарат жүк, багаж, пошталық жөнелтілім тиелгеннен және жолаушылар отырғызуынан кейін түскен жағдайда, онда қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жолаушылар эвакуацияланады және қайта жете тексеруге жатады, ал әуе кемесі арнайы жете тексеруге жатады.
7. Егер әуе кемесін арнайы жете тексеру кезінде жарылғыш құрылғы табылмаса, онда әуе кемесі, жүк және багаж белгіленген пунктке дейін ұшу үшін қажетті мерзімге арнайы оқшауланған тұраққа жеткізіледі.
-
Әуе кемесін ұшу алдында және арнайы жете тексеру топтарының құрамы
8. Әуе кемесін ұшу алдында жете тексеруді әуежайдың (авиакомпанияның) авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналы инженерлік-авиациялық қызмет мамандарымен (экипаж мүшелерімен) бірлесін жүргізеді.
9. Әуе кемесін арнайы жете тексеруді әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы экипаж мүшелері (инженерлік-техникалық құрамды) және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдарының, құтқару бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдарының мамандары жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мамандарының арнайы жете тексеру тобына қатысуы тек әскери үлгідегі жарылғыш құрылғылар анықталған кезде көзделсін.
10. Аралық әуежайда қонған әуе кемесін ұшу алдында немесе арнайы жете тексеру әуе кемесінің командирі тағайындаған экипаж мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.
11. Әуе кемесін ұшу алдында қайта жете тексеруді әуежайдың немесе авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы экипаж мүшелерін (инженерлік-техникалық құрамды) тарта отырып жүргізеді.
12. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе кемесін арнайы жете тексеруді жүргізу шекаралық және кедендік бақылау органдарының өкілдерін қатыстыру арқылы жүргізіледі.
13. Әуе кемесін ұшу алдында жете тексеруді жүргізу үшін топтар санын әуежайдың (авиакомпанияның) бірінші басшысы әуе кемесінің түріне және жете тексеру топтарының техникалық жабдықталуына байланысты анықтайды, олар әуе кемесінің ішін және сыртын жете тексеру үшін 2-4 адамнан тұратын 2 топтан құрылуы тиіс.
14. Әуе кемесін арнайы жете тексеруді жүргізу үшін топтардың саны мен көлемін құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, әуежайлардың (авиакомпаниялардың) бірінші басшылары анықтайды.
15. Егер арнайы жете тексеруді тек Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдарының, құтқару бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдарының жарылғыш құрылғылар жөніндегі мамандар күшімен жүргізу туралы шешім қабылданса, онда жете тексеру тобында консультациялық көмек көрсету үшін инженерлік-техникалық құрамның маманы (әуе кемесінің бортинженері) қатысуы қажет.
16. Ұшу кезіндегі әуе кемесін арнайы жете тексеруді «Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша азаматтық әуе кемелерінің экипаждарына арналған нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 18 тамызының № 365 қбпү бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6478 тіркелген) төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша азаматтық әуе кемелерінің экипаждарына арналған нұсқаулығына сәйкес әуе кемесінің командирі тағайындаған экипаж мүшелері жүргізеді.
-
Әуе кемесіне ұшу алдында және арнайы жете тексеруді өткізудің тәртібі
17. Әуе кемесіне ұшу алдындағы және арнайы жете тексеруді жүргізген кезде осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген Әуе кемесін арнайы жете тексеру орнының бақылау тізбеде көрсетілген (бұдан әрі – Бақылау тізбесі) кейбір тораптар мен агрегаттарға орындар мен кірулері әуе кемелерінің түрлері мен модификациясына байланысты өзгеруі мүмкін.
18. Әуе кемесіне заңсыз араласу актісі жасалса немесе заңсыз араласу актісі болу мүмкіндігі жөнінде ақпарат түссе немесе әуе кемесі күзетсіз болу актісі анықталса, арнайы жете тексеру толық көлемде Бақылау тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
Жарылыс құрылғысы салынғаны туралы ақпарат келіп түскен сәтте әуе кемені кемінде 400 метр радиуста қоршалған тұраққа сүйрету қажет.
19. Ұшу алдындағы жете тексеру кезінде Бақылау тізбесіне сәйкес экипаж кабинасының және жолаушылар салонының ішкі кеңістігі «*» белгілерімен белгіленген пункттер көлемінде жете тексеру жүргізіледі.
20. Ұшу алдындағы жете тексеру жолаушылар отырғанға дейін, жүк, багаж, пошталық жөнелтілімдер, борт қоры және тамақ тиелгенге дейін әуе кемесінің ұшу алдында, перронда жүргізіледі.
21. Әуе кемесін осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген негіздемелер бойынша ұшу алдында қайта тексеріп қарау рәсімі жүргізілген жағдайда, ұшу алдындағы тексеріп қарауды жолаушыларды, жүктерді, багажды, поштаны, борттағы қорды және тамақты түсірмей жүргізуге рұқсат етіледі.
Ұшу алдында қайта тексеріп қарауды жүргізу алдында жолаушыларды, жүктерді, багажды, поштаны, борттағы қорды және тамақты түсірудің орындылығы туралы шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды.».
22. Әуе кемесін арнайы жете тексеру оқшауланған тұрақта жолаушылар отырғанға (түскенге) дейін, жүк, багаж, пошталық жөнелтілімдер, борт қоры және тамақ тиелгенге (түсірілгенге) дейін жүзеге асырылады.
23. Жарылғыш құрылғыны пайдалану қаупі туралы ақпарат түскен кезде жолаушыларды түсіргеннен кейін, қол жүгімен түсірілген жолаушылар әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің алып жүруімен және ұдайы бақылауымен қайта жете тексеруді жүргізу үшін әуежайдың ғимаратына қайта оралады. Әуе кемесінен түсірілген жүк, багаж, пошталық жөнелтілімдер, борт қоры және тамақ әуе кемесінен кемінде 100 метр қашықтықта бөліп жайғастырылады. Қауіпсіз қашықтықта периметр бойынша әуежайда орналасқан шұғыл-іздестіру қызметті жүзеге асыратын әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және басқа да мемлекеттік органдары өкілдерінің шебі құрылады.
24. Түсірілген жолаушылар, түсірілген жүк, багаж, пошталық жөнелтілімдер, борт қоры және тамақ толық көлемде қайта жете тексеруден өтеді.
25. Жете тексеруге жататын барлық бөліктерге кіріуді қамтамасыз ету үшін барлық кіру есіктерін, люктерді, ауаны сұрыптау каналдарын, технологиялық люктерді, қақпаларды, жабдыққа қызмет көрсету және кіру үшін алынатын панельдерді ашу қажет.
26. Әуе кемесінің барлық үй-жайларын (бөлімдерін), есіктерді, панельдерді, люктерді, авариялық құтқару жабдықтарын орналастыру, борттық құжаттаманы сақтау орнындарын, жабдықтың ішінде, оның артында немесе астында (қол жетпейтін орындар) жарылғыш құрылғы болуы мүмкін жабдықты орналастыру орындарын жете тексеру қажет.
27. Арнайы жете тексеруді өткізбес бұрын барлық есіктерді жауып, жабдықтарды өшіру қажет және сағат немесе электронды механизм және басқа да бөгде дыбыстарды анықтау мақсатында әуе кемесінің ішіндегі дыбыстарды есту керек.
28. Жете тексеруді фюзеляждың ортасынан, басынан аяғына дейін екі бағытта бастау қолайлы. Егер жете тексеру ұшу кезінде өткізілген жағдайда, әрбір аймақты жолаушылар мен экипаж мүшелері кіру мүмкіндігінен шектеу қажет.
29. Бірінші кезекте жете тексеруге кабина орны, ұдайы бақылаудан тасаланған, жеңіл қолжетімді орындар, содан соң біртіндеп жарылғыш құрылғыны орналастыру үшін тиімді орындар жатады.
30. Әрбір бөлікті арнайы жете тексеруді жете тексеру әдістемесін (осы Қағидаларға 2-қосымша) сақтап жүргізу қажет:
1) еден деңгейінен бел деңгейіне дейін;
2) бел деңгейінен бас деңгейіне дейін;
3) бас деңгейінен төбе деңгейіне дейін.
31. Қол жетпейтін орындарды арнайы жете тексеру жарықтандырылған бұрма айналарды пайдалану арқылы өткізіледі.
32. Қайта жете тексеруді болдырмау үшін барлық бұрын жете тексерілген орындарды баумен, бормен немесе басқа да қолдағы материалдармен белгілеу қажет.
33. Ұшу алдында және арнайы жете тексеру барысында әуе кемесінің бортында бөгде адамның бар болғаны анықталса, оның бақыланатын аймаққа кіруін болдырмау керек және әуежайда орналасқан, жедел-іздестіру қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақыру қажет.
34. Ұшу алдындағы және арнайы жете тексеруді жүргізген кезде әуе кемесіне қатысы жоқ заттарға назар аудару қажет:
1) жарылғыш құрылғылар белгілеріне: ерекше нысан, орама, байлау, оқшауланбаған сымдар, фольга, орамада жіптердің, оқшаулаушы бау, майлы дақтардың болуы, әдеттегідей емес иістердің таралуы, сағат механизмдердің немесе электронды құралдардың ерекше дыбыстарға;
2) қауіп туралы алынған ақпараттағы тиісті сипаттауға;
3) аудио, бейне, электронды және электр жабдықтары, ойыншықтар, кітаптар, журналдар және оларға арналмаған орындарда тұрған өзге де ұқсас заттарға;
4) алынбаған немесе қараусыз тасталғандарға;
5) өзінің штаттық орнында тұрған және бөгде біреудің араласу ізі қалған әуе кемесінің жабдықтары мен бұйымдарына.
35. Ұшу алдында және арнайы жете тексеруді жүргізу бойынша жұмыстар Ұшу алдында және арнайы жете тексеруді жүргізуге арналған карта-нарядқа сәйкес орындалады (осы Қағидаларға 3-қосымша).
36. Әуе кемесі ұшар алдында ұшу алдында қайта жете тексеруді перронда жүргізіледі.
4. Ұшу алдындағы және арнайы жете тексеруді жүргізу барысында жарылғыш құрылғыны тапқан кездегі іс-қимыл
37. Ұшу алдындағы және арнайы жете тексеруді жүргізу барысында жарылғыш (күдікті) құрылғыны тапқан кезде экипаж мүшелері мен жете тексеру тобы қауіпсіздік ережелерін қатал сақтау қажет:
1) затты ұстамау (көтермеу, орнын ауыстырмау, ашпау);
2) қоректендіру тізбегін бұзумен байланысты ешбір іс-қимыл жасамау;
3) ешбір сұйық затпен құймау;
4) егер аудио, бейне, электронды және электр жабдықтар мен бұйымдар, батареямен қоректенетін балалар ойыншықтары табылса, оларды қосу немесе сөндіруге рұқсат етілмейді;
5) жете тексеру тобы, экипаж мүшелері мен қызмет көрсету персоналына әуе кемесінен 100 метр қашықтыққа жақын емес жерге дереу эвакуациялану.
38. Жарылғыш құрылғыны тапқан кезде жете тексеру тобының басшысы әуежай, пайдаланушының басшылығына және құқық қорғау органдарының кезекші қызметтеріне дереу хабарлайды.
39. Әуежайдың (авиакомпанияның) басшылығы құқық қорғау органдарының кезекші қызметтеріне хабарландыруын, адамдарды эвакуациялауды және дереу іс-қимылға толықтай дайын қауіпсіз қашықтықта тұратын жарылыс мүмкіндігі туғанда зардаптарды жою үшін тартылатын өрттік есептерді, қызметтер мамандарын қамтамасыз етеді.
40. Жарылғыш құрылғы зиянсыз етілген немесе қауіпсіз болып танылған соң, жете тексеру Бақылау тізбесіне сәйкес жалғасуы тиіс (осы Қағидаларға 1-қосымша).
41. Әуе кемелерінің тұрақ орындарында жарылғыш құрылғы табылған кезде, жарылғыш құрылғылар жөніндегі мамандардың келуіне дейін әрекет етуге рұқсат етілмейді. Әуе кемелерін оқшауланған тұраққа тіркемелеу жарылғыш құралдар жөніндегі мамандардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
Іс-қимыл бойынша шешімді жарылғыш құрылғылар жөніндегі мамандар және әуе кемесін пайдаланушының (әуе кемесінің командирімен) келісімі бойынша уәкілетті тұлғалар қабылдауы тиіс.
42. Жете тексеру рәсімін жүргізгеннен кейін инженерлік-авиациялық қызметтің қызметкерлері (әуе кемесінің бортинженері) барлық есіктер, люктер, панельдер, бөлімдердің берік жабылғанына, барлық алынған, орнынан қозғалған және ауыстырылған заттар мен құралдар өз орнына қойылғанына көздері жету тиіс.
5. Құжаттамаларды ресімдеу тәртібі
43. Әуе кемелерінде арнайы жете тексеру барысында құқық бұзушылықтың қаруы не құралы болып табылатын барлық қауіпті заттар мен нәрселер табылған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процессуалды Кодексінде бекітілген тәртіпке сәйкес алып қойылады.
44. Жарылғыш немесе қаза тапқызатын (күдікті) өзгеде құрылғы табылған жағдайда, оны залалсыздандыру, эвакуациялау немесе жою жұмысы аяқталған кезде құжаттаманы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, әскери құрылымдарының, құтқару бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдарының жарылғыш құрылғы жөніндегі мамандары ресімдейді.
45. Арнайы жете тексеруді жүргізгеннен кейін жете тексеру тобының басшылары белгіленген тәртіпте:
1) әуе кемесіне арнайы жете тексеру жүргізуге карта-наряд (осы Қағидаларға 3-қосымша);
2) әуе кемесіне ұшу алдындағы және арнайы жете тексеруден өткізген кезде айқындалған, әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен нәрселерді алу есебінің журналын (осы Қағидаларға 4-қосымша);
3) азаматтық әуе кемелерінің ұшу алдындағы және арнайы тексеруді есептеу журналын ресімдейді (осы Қағидаларға 5-қосымша);
46. Ұшу алдындағы және ұшу алдында қайта жете тексеруді өткізгеннен кейін жете тексеру тобының басшылары белгіленген тәртіпте:
1) әуе кемесіне ұшу алдында қайта жете тексеруді өткізуге карта-наряд (осы Қағидаларға 6-қосымша);
2) әуе кемесіне ұшу алдындағы және арнайы жете тексеруді жүргізген кезде айқындалған, әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен нәрселерді алып қоюды есепке журналын (осы Қағидаларға 4-қосымша);
3) азаматтық әуе кемелерінің ұшу алдындағы және арнайы тексеруді есепке алу журналын ресімдейді (осы Қағидаларға 5-қосымша).
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру қағидаларына
1-қосымша
Ұшақтар үшін арнайы жете тексеру орындарының бақылау тізбесі
Көлемдері диаметрде 100х130 мм немесе 60 мм асатын барлық люктер, тесіктер, саңылаулар, алынатын панельдер, қуыстар арнайы тексеруге жатады.
Жете тексеру кезінде люкті ашу және оның артындағы кеңістікті тексеру.
Дәретханалар мен ас үйлердегі ағынды су үшін сыйымдылықтар тазартылуы тиіс.
Мақсатты жұмысты ұйымдастыру және жете тексеруді тездету үшін, сондай-ақ жарғыш немесе өзгеде өнімге әкеп соқтыратын құрылғыны ықтимал салу орнын жіберіп алуды болдырмау үшін әуе кемесін арнайы жете тексеру орнының осы бақылау тізбесін басшылыққа алу қажет.
Әуе кемесінің сыртқы беті.
-
Фюзеляж:
Панельдер, жармалар, люк қақпалары және басқа да саңылаулар артындағы кеңістік:
1) радиолокатор антеннасының сүйір қалқандары;
2) жердегі әуе магистралін қосу панелі;
3) кабина компрессорының ауажинағышы, кіру панелдері және компрессордың шығаруы саңылаулары, кабиналар;
4) доплердік жүйенің навигациялық антеннасының панелі;
5) жылу алмасудың басқару жүйесіне кіру панелі;
6) жылу алмасудан ауа шығуын бағыттайтын қалақшалар;
7) радиожабдықтан ауаны бұру үшін саңылаулар;
8) авиациялық маяктың орналасу орны (алынған маякта);
9) қауіпсіздік бөлігі және оның құрамы;
10) жарқылдаған оттар (аккумуляторларды тексеру);
11) қосымша жабдық үшін бөлік люгі;
12) қор отынды бактың тұндырғыш люктары;
13) кабина үрлеуішінің сақтандыру клапандары, кабина үрлеуішінің реттегіш клапаны;
14) ағынды су үшін су қоймаға кірудің артқы панелі;
15) қалдықтарды жою жүйесіне кірудің артқы панельдері;
16) тұрақтандырғыштың механизміне кіру люгі;
17) артқы сүйір қалқанға кіру люгі;
18) ауыз суды беру жүйесіне алдыңғы және артқы кіру панельдері;
19) артқы және алдынғы жүк люктері;
20) ауаны тазалайтын жердегі қондырғыны қосу үшін шағын люк;
21) сыртқы энергия қоректендіруді қосу үшін шағын люк;
22) сыртқы энергия қоректендіруді қосу үшін штепсельдік ажырама.
-
Қанаттар:
1) қанат артындағы бөліктер;
2) отын өткізгішке кіретін шағын люктердің бекіткіш қақпақтары;
3) өртсөндіргіш баллондары орналасқан бекіткіш қақпақтары;
4) қысымдағы жағармайды құю мойындығы үшін ауыстырғыштар;
5) бекіткіш қақпақтары бар байқау люктері;
6) отынды дренажды жүйесінің шығыстары.
-
Қозғалтқыштар және пилондар:
1) қозғалтқыш ауажинағыштары, шығарынды құбыр және желдеткіш контурының әуе құбыры;
2) қозғалтқыштың майлы және әуе жылуалмастырғышының ауажинағыш шөміші, қозғалтқыштың жылуалмастырғышынан әуе шығаратын жармасы;
3) қозғалтқышты маймен қайта толтыру қақпағы;
4) маймен қайта толтырудың тұрақты жылдамдықтың жетек қақпағы;
5) қозғалтқыштың қақпақ бөліктерін және желдеткіштің қалақ аппаратын ашу.
Қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ қақпақ және пилондар бөліктеріндегі барлық люктер толық тексеруге жатады.
-
Қосалқы жабдықтың бөлігі:
барлық бөлік және барлық жабдықтау.
-
Шасси орналасуының және атқарушы механизмдердің бөліктері (қуыстары)
1) тұмсық дөңгелек қуысының ішкі кеңістігі, соның ішіндеорналасқан жабдықтары, тораптары, агрегаттары және олардың орналасу орындары, сонымен қатар сүйір қалқанмен қатысты қуыстары (бар болса);
2) негізгі шасси қуыстарының барлық аймағының ішкі кеңістігі, оның ішінде жабдықтары, тораптары, агрегаттары және олардың орналасу орындары, сонымен қатар сол жақ және оң жақ қанаттың түпкі бөлігінің аймағы;
3) шассиді жете шығу: дөңгелектер, шиналар, құрсаулар, тежеуіштер, тіреуіштер, теңселулер, арбашықтар, атқарушы механизмдер.
-
Жүк, техникалық және буфеттік бөліктер:
1) есіктер, олардың қуыстары, қайырмалы табалдырықтар;
2) еден, алынбалы панельдерді алып және едендегі бар люктерді ашып, олардың астындағы кеңістікті тексеру;
3) люктер, олардың қуыстары және табалдырықтары;
4) бар қуыстар және олардың ішінде орнатылған агрегаттар (бекіту орындары);
5) жүк орындарының (бөліктердің) қабырғаларындағы жасанды панельдерді ашу және онда орнатылған агрегаттарды және бекіту орындарын жете шығу;
6) техникалық бөліктер қабырғаларындағы шкафтардың панельдерін ашу және онда орналасқан құралдарды, олардың орнатылу орындарын және олардың артындағы кеңістікті жете шығу;
7) төбедегі жеңіл ашылатын барлық панельдер мен люктерді ашу және қарау, жолаушылар салонына және техникалық бөлікке өткенде люктерге (егер бар болса) назар аударып олардың артындағы кеңістікті, онда орналасқан құралдарды және олардың бекіту орындарын тексеру;
8) жарықтандыру плафондарын және түтінхабарлағыш-датчиктердің орналасу орындары;
9) жүк шілтері (перделер) және оларды бекіту орындары;
10) буфеттік бөлік лифтінің астынғы бөлігін, борттамақтану контейнерлердің орналасу қабатын, су құйылатын бактар мен олардың айналасындағы орындарын;
11) буфет бөлігінің сөрмесін ашу және онда орнатылған жабдықтарды және оның орналасу орнын жете шығу;
12) буфет бөлігінің авариялық люктерін және олардың қуыстарын;
13) ұшақтың салонына әкелетін буфет бөлігінің сатылары және олардың орналасу орындары;
14) ағынды су үшін су қоймалар бөлігі;
15) ұшқыштардың ұшу жабдығының кешені үшін бөлме.
Әуе кемесінің ішкі кеңістігі (интерьер)
-
Кіріс есіктері.
1) трап, оның астынғы жақты қоса;
2) траптың фюзеляжбен тоғысқан жері, сондай-ақ осы нүктедегі сөре;
3) авариялық траптарды сақтау орны (науашалар);
4) орындықтардың қалқанын қоса, бортсеріктердің орындықтары, үрмелі салдарды сақтау орны;
5) өтпе желден қорғайтын алдынғы қалқа және олардың бөлімшелерін қоса, оларды сақтау орны;
6) оттегі маскалар үшін бөлімшелер;
7) төбе және еден;
8) өртсөндіргіштерді сақтау орны.
-
Вестибюль – экипаждың гардеробы:
1) төбе, қабырғалар, еден, едендегі бар люктерді ашу және еден астындағы кеңістікті тексеру;
2) багаж және гардероб үшін сөрелер үстіндегі кеңістік;
3) алдын ала багаждан босатылған багаж сөрелері;
4) перделер және олардың бағыттырғыштары;
5) бар қораптар және науашалар, олардың орналасу орны;
6) өртсөндіргіштер және олардың орналасу орындары;
7) сақтау үшін бөліктің іргелес қабырғаларының және оның үстіндегі кеңістік, сондай-ақ алдыңғы дәретхананың алдынғы қабырғасы;
8) ауыз суы бар су бұрқағы, ыдыстар үшін тарату құралы, пайдаланған ыдыстарды сақтау үшін бөлімше және ағынды қақпаққа кіру люгі.
-
Экипаждың кабинасы.
1) кіріс есікті тексеру;
2) басқару рулінің басқышы алдындағы алаңды қоса алғанда,еденнің барлық үсті және экипаж кабинасындағы барлық орындықтар астындағы беті, едендегі бар люктерді ашу (алдынғы тіректі тексеру люгі) және оның астындағы кеңістікті жете шығу;
3) қалталарды күл салғыштарды, иық сөмкелерді, жастықтар мен креслолардың астынғы жағын қоса экипаждың орындықтары шалқаймалы орындар және оларды орналасу орны, барлық орындар астындағы кеңістікті;
4) іргелес және артқы қабырғалар, төбе, төбенің алмалы панельдерін ашу және олардың астындағы кеңістігін жете шығу;
5) үстелдер және олардың бөлімдері, суырма сөрелер, алмалы панельдер, олардың астындағы кеңістік;
6) кестелерді, карталарды, арнайы әдебиетті, журналдар мен нұсқауларды сақтау орындары (қалталар);
7) аяқпен басқарудың органдары (оның ішінде аяқ тангенттері) және олардың сыртындағы орны;
8) оттегі маскаларын және құтқарушы көкірекшелерді сақтау орны (олардың ішін қарау), оттегі құралы және оны сақтау қуысын, сондай-ақ түтінқорғайтын маскасы бар қорапты;
9) алғашқы медициналық көмек қобдишасының іші (егер пломба салынбаса);
10) төбедегі жарықтандырудың жылжымалы панельдері, жеке жарықтандырудың және үстіндегі алдыңғы пультті жарықтандырудың плафондары, жарықтандырумен басқару панелін ашу және жете шығу;
11) желдеткіштер және оларды бекіту орындары;
12) соқыр ұшудың барлық перделері және жапқыштары;
13) өртсөндіргіштер және оларды орналасу орындары;
14) құтқарушы арқандар мен қанаттардың люктерін ашу және жете шығу;
15) қаруды сақтау үшін жәшікті, жәшік астындағы қуысты ашу және қарау;
16) температураның көрсеткіштерін және желдеткіш келтекқұбырын тексеру;
17) кабинаның қабырғаларындағы жабдықтардың бөлігін, жабдықтың өзін және оның орналастыру орнын тексеру;
18) алдыңғы құрал тақтасын және оның артындағы кеңістікті жете шығу;
19) аппаратураның барлық бөлімдерін, оларды бекіту орындарын және олардың артындағы кеңістікті жете шығу;
20) түрлі жүйелерді басқарудың шығармалы пульттерін жете шығу;
21) радиолокациялық станцияның индикаторын және оны бекіту орнын қарау;
22) панельдерді ашу және жете шығу: қосалқы күш беретін қондырғыны іске қосу, тораптарды қорғау автоматтары, «Бақылау МИКРОФОНЫ», сондай-ақ басқару пульттарының астыңғы іргелес бөлігіндегі панельдерді және олардың артындағы агрегаттарды жете шығу;
23) қақпақтарды ашу және тексеру: 36в және 115в торптардың таратқыш қораптарын, КУРС-МП таратқыш қораптарын, қозғалтқышты іске қосумен басқару пульті, отырғызу жүйесін реттеу пульты;
24) «Шығу» ақпараттық таблоны, ұшақтың дауыс зорайтқыш қондырғы динамикасының қақпағын ашу және жете шығу.
-
Қызметтік бөлік.
1) едендегі бар люктерді ашып, еденді қарау және олардың астындағы кеңістікті тексеру;
2) кіріс (жүк) люгін, оның қуысын және есіктегі барлық люктер мен қуыстардың табалдырығын қарау;
3) ақпараттық таблоны жете шығу;
4) бортсеріктің орындығын жете шығу;
5) сақтандыратын белбеудің қуысын, сонымен қатар алдыңғы жүк орнына кіру алдындағы құтқарушы көкірекше үшін қуысты және сол көкірекшелерді тексеру.
-
Ас бөлмелері және барлар.
1) барлық контейнерлерді азық-түлік бар қораптарды, және жылытатын шкафтарды жою (егер бұл әлі жасалмаса);
2) борт ас бөлмесінің, бар және тоңазытқыштың бүкіл бөліктері мен бөлімшелерін ашу және жете шығу;
3) борттамақтануы бар контейнер үшін сөрмені және контейнерлердің өзін тексеру;
4) ас үйден және бардан шығарылған немесе Әуе кемесінен алынған барлық контейнерлерді тексеру;
5) шыны ыдыстарды сақтау орны;
6) жуатын үстелді, оның бөлімшелерін (жәшіктер, электрплитаның қуыстары), сонымен қатар үстел астындағы контейнерлер және олардың орналасу орындарын қарау;
7) электрплиталарды, тандыр шкафын және оның барлық бөлімшелерін, сондай-ақ жарықтандыру панелін, оның артындағы кеңістікті қарау;
8) тандыр шкафтардың орнатылған сөрені және шкафтардың өзін, тоңазытқыштардың орнықтыру қуысын, тоңазытқыштың өзін және оның барлық бөлімшелерін, сондай-ақ борттамақтану контейнерлердің орнықтыру орнын және контейнерлердің өзін қарау;
9) жиналмалы үстелді және оны бекіту орындарын, сондай-ақ қоқыс тастайтын жәшігін және оның қуысын жете шығу;
10) алмалы панельдер мен люктерді ашып және қабырғалар, төбелер және еденді, олардың артындағы кеңістікті тексеру;
11) барлық бөліктерді, бөлімшелерді, қуыстарды ашу және тексеру;
12) бүкіл қуыстарды, оларда орнықтырылған жабдықтарды және бекіту орындарын жете шығу;
13) түрлі агрегаттарға кіреберіс люктерін, агрегаттардың өзін және оларды орнықтыру орындарын қарау;
14) оттегі құралдары және маскаларды сақтау орындары (бөліктері);
15) авариялық басқыштар (науашалар), құтқарушы салдарды сақтау орындары;
16) оттегі баллондарын сақтау орындары;
17) қызметтік есіктер және ілмектер үшін қуыстар;
18) қызметтік есіктердің үстінде орналасқан бөліктер;
19) алғашқы медициналық көмек қорабы (егер олар мөрленбесе);
20) бортсеріктердің орындықтары;
21) авариялық шығудың шағын жарықтандыратын құралдары (шешу және жете шығу);
22) жәшіктер, қалқаншалар, жарықтандыру плафондары, желдеткіштер, ақпараттық таблолар, перделер;
23) дипломатиялық поштаға арналған жабылатын шкафтар;
24) орнатылған аппаратурамен бірге мегафон және магнитофон үшін қуысты, дауыс зорайтқыш байланыс жүйесінің таратқыш қораптарын, сондай-ақ авариялық радиостанцияның қуысын және радиостанцияны тексеру;
25) сөйлесу қондырғысы үшін қуысты және қондырғының өзін қарау.
-
Дәретханалар.
1) дәретхананың есігін және жарықтандыру таблосын қарау;
2) әлі жойылмаған, ластанған, пайдаланылған және пайдаланбаған материалды жою, пайдаланған дәретхана қағазына арналған жәшікті және ондағы контейнерді, күлсалғыштар мен қоқыстарға (дәрет қағазына) арналған қуыстарды және қоқыс тастайтын жәшіктерді жете шығу;
3) шұңғылшалардың астындағы контейнерлерді жою, олардың ішін және шұңғылша айналасының кеңістігін тексеру;
4) суды беру электрмеханизмін жете шығу;
5) орамалдарға арналған бөлімшені тексеру;
6) майлықтарды тарататын қондырғы;
7) унитаздарды, унитаздардың отырғыштарын және қақпақтарын, унитаз айналасын;
8) қабырғалар, төбе және еден;
9) ауыз су термосының орнықтыру қуысын және термостың өзін, дәретхана құралдарының орнатылу орындарын, айна және оның артындағы кеңістікті, жарықтандыру плафондарын, дауыс зорайтқышты орнықтыру қуысын, сонымен қатар желдеткіш панелін жете шығу;
10) оттегі маскаларын сақтау орындары;
11) ағынды су үшін су қоймалар;
12) ауыз су бұрқағына кіріс жолын;
13) бортсеріктің орындығын.
-
Гардеробтар.
1) сыртқы қиімдер мен қол жүгін жою;
2) барлық бөлікті тексеру;
3) борттық балаларға арналған арбаларды және бесіктерді, оттегі маскаларын, құтқарушы көкірекшелерді сақтау орындарын;
4) алғашқы көмек қобдишасын тексеру (тек ашылған жинақтар ғана).
-
Багажниктер.
1) кіріс есіктерді мен люктерді (ілме баспалдақтар, қуыстар), сондай-ақ механизмдер мен олардың артындағы агрегаттарды жете шығу;
2) іргелес панельдердегі барлық люктерді және олардың артындағы агрегаттарды жете шығу;
3) өртсөндіргіштер мен оларды орнату орындарын жете шығу;
4) жарықтандыру плафондарын жете шығу;
5) барлық бар люктерді және жеңіл алынатын панельдерді ашып, еденді жете шығу, еден астындағы кеңістікті тексеру;
6) багаж торларының, түтінқорғайтын маскалардың қораптарын және маскалардың өзін бекіту орындарын, сондай-ақ авариялық балтаның қабын жете шығу;
7) телескоптық баспалдақтарды және оларды орнатылған орындарын жете шығу;
8) оттегі құралдарының қуыстарын, құралдардың өзін және оларды орнатылу орындарын жете шығу;
9) багажникте орналасқан датчиктерді, панельдерді, таратушы қораптарды, қондырғыларды, тораптар мен агрегаттарды, жарықтандыру плафондарын жете шығу;
10) төбенің жеңіл алынатын панельдерін шешу, олардың артындағы кеңістікті және жабдықтарды тексеру.
-
Жолаушылар салоны.
1) негізгі есік және жабық есік кезіндегі тереңдіктер;
2) еденде бар люктерді ашып, панелдерді шешіп еденді жете шығу, еден астындағы кеңістікті тексеру, кілем астында бөгде затардың жоқ болуына көз жету (визуалды). Кілем астында бөгде зат бар екені туралы күмән тумаса, кілем алашасын көтермеуге болады;
3) жолаушылар орындықтары: күлсалғыштар, жеке пакеттер мен құтқару көкірекшелеріне арналған сөмкелер (қалталар), шынтақшалар, әрбір шынтақшаның артқы аяғындағы бөлімшелер, орындық жағына бағыттаушы, қайырмалы үстелдер, сақтау (орналастыру) орындары;
4) оттегі маскалалары, жастықтар және орындықтардың астыңғы бөлімі;
5) жастықтар және көрпелер үшін сөрмелер, багаж үшін сөрмелер және жеке жарықтандыру панельдері;
6) жолаушылар ұйықтайтын орындар;
7) экипаж және жолаушыларға арналған құтқарушы көкірекшелерді сақтау орны;
8) авариялық басқыштарды (науашаларды), авариялық-құтқарушы арқандарды, зембілдерді, көрсету құтқарушы көкірекшелері, жүктерді бекіту құралдарды сақтау орны;
9) фюзеляждың терезесін, оның перделері мен олардың бағыттағыштарын, фюзеляж терезесінің үстіндегі жасанды панельдер және олардың артындағы кеңістіктерді қоса іргелес қабырғалар;
10) аяқтарға арналған қалқалар мен тереңдетулер, сонымен қатар оттегі маскаларын сақтау орындары;
11) бар үстелдер (қалқалардағы қайырмалы үстелдер) және олардың айналасындағы кеңістік, журналдарға арналған стеллаждар, әдебиеттер қойылған контейнерлер;
12) ұшақтың қанатына авариялық шығу есіктері, шағын люктерді қоса авариялық люктер, авариялық шығулардың ақпараттық таблолары;
13) жолаушылар үшін жеке оттегі құралдары (шешу және тексеру);
14) температуралық көрсеткіштер және олардың орнатылу орындары;
15) өртсөндіргіштер және олардың бекіту орындары;
16) егер мөрленбесе, алғашқы медициналық көмек қобдишалары;
17) төбе;
18) жарықтандыру плафондары (оларды алдын ала ашу керек), авариялық шығудың ықшамдалған шағын жарықтандыру жабдықтары (шешу және тексеру);
19) қуыстар, жәшіктер, шкафтар және ондағы жабдықтар;
20) ауыз суы бар бұрқақтар, ыдыстарды тарату құралдары, пайдаланған ыдыстарды сақтау бөлімшелер және едендегі құю қақпақтардың люктері.
Тікұшақтарды арнайы тексеріс орындарының бақылау тізбесі
Арнайы тексеріске барлық люктер, тесіктер, саңлаулар, қуыстар және көлемі 100х130 мм немесе 60 мм диаметрдегі асатын алынбалы панельдер жатады.
Жете тексеру кезінде люктерді ашу және олардың артындағы кеңістікті тексеру.
Дәретханадан және ас бөлмесінен түсетінағынды сулар үшін сыйымдылықтар тазартылуы керек.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру және тексерудің жылдамдату мақсатында, сонымен қатар жарылғыш және басқа да қырғынға ұшырататын құрылғыны салудың ықтимал орындарын жібермеу үшін тікұшақтың арнайы жете тексеру орындарының тізбесін басшылыққа алу қажет.
-
Фюзеляждың сол жақ бөлігі:
1) сол жақ аккумуляторлар контейнерлердің қуысы;
2) аэродромды қоректенудің штепсельдік ажырағыштың шағын люктері;
3) жерге қосуға арналаған арқан үшін шағын люктер;
4) борт бағыттамасы;
5) қосымша отын бактарынан тұратын ағу шүмегінің люгі;
6) дренажды багынан тұратын отынды құйылыс шүмегінің люгі;
7) қосымша отын багынан құйылатын қылтаның люгі;
8) гидрожүйенің борттық қақпаларының люгі;
9) әуе жүйесін қуаттандырудың борттық штуцерінің люгі;
10) контейнерлердің қуыстары;
11) жүйелердің шағын люктері;
12) жүйелердің қақпақ астындағы кеңістіктері.
-
Фюзеляждың оң жақ бөлігі:
1) оң жақ аккумуляторлардың контейнерлер қуысы немесе ВУ салқындататын люк;
2) оттегі жабдығының қақпағындағы кеңістік;
3) қосымша отын багынан құйылатын қылтаның люгі;
4) жұмсалатын отын багынан шығатын отынды құю үшін құю кранының люгі;
5) жұмсалатын отын багынан құйылатын қылтаның люгі;
6) контейнерлердің қуыстары;
7) жүйелердің шағын люктері;
8) жүйелердің қақпақ астындағы кеңістіктері.
-
Фюзеляждың астыңғы бөлігі:
1) агрегаттарды құрастыруға арналған люктер, тартқыштардың торабына және бөліктеріне кірістер;
2) тікұшақты басқару жүйесінің және әуе жүйесінің құбыр желісі люктері;
3) рульдік-қону бағытшамдары және жүкті жарықтандыру бағытшамдары;
4) басқару жүйесінің және агрегаттардың люктері, тартқыштардың торабына және бөліктеріне кірістер.
-
Фюзеляждың үстіңгі бөлігі:
1) қозғалтқыштардың қақпақтары және қақпақ астындағы кеңістік;
2) ауаны қозғалтқышқа, қосалқы күш қондырғысына және желдеткішке келтіру туннелдері және ауаны қайта жүргізу клапонының, қосалқы күш қондырғысының, қозғалтқыштың шығу қондырғылары;
3) желдеткіштің, редуктордың, гидрожүйенің және қосалқы күш қондырғысының қақпақтары және қақпақ астындағы кеңістік;
4) әуе кемесі (қозғалтқыштары, редукторы және т.б.) жүйесінің қақпақтары және қақпақ астындағы кеңістігі.
-
Артқы және соңғы арқалықтар:
1) магнитті өздігінен жазатынның, режиммен басқару блоктарының, жылдамдықтың доплерлік өлшеуішінің және бұзу бұрышының астындағы қуыс және кеңістік;
2) салқындататын ауаны шығару үшін желбезекті люк, ауаның аралық редукторы;
3) соңғы біліктің оймақілтек топсасын тексеруге және майлауға арналған люк;
4) трансмиссияның соңғы білігінің оймақілтік қосылғыштарды тексеруге және майлауға арналған люк;
5) аралық редукторға майды құю үшін люк;
6) соңғы біліктің соңғы бөлігін тексеру үшін люктер;
7) аралық редуктордың май өлшегіш шынысы астындағы люк;
8) жүйелердің люктері және қуыстары.
-
Ұшқыштардың кабинасы:
1) кабинаның едені және едендегі техникалық шағын люктері;
2) құрал тақталардың үстіңгі және астыңғы кеңістігі;
3) ұшқыш отырғыштар артындағы радио және электроаппаратарға арналған этажерналар;
4) медициналық дәрі қобдишасында;
5) ұшқыш орындықтарының жастықтары артында.
-
Жолаушылар (жүк) кабинасы:
1) аккумулятор контейнерлерін орнату үшін қораптар және шпангоуттарда басқару тартымының алмалы қақпалармен қаптамасы;
2) кабинаның едені және едендегі техникалық шағын люктері;
3) отын жүйесінің аражабын шүмектерінің люктері;
4) сыртқы аспа арқанының шығу люгі;
5) жүкшығыр;
6) терезелер және перделер;
7) жармалар, қаптар және бортазығы;
8) құралдар жәшіктерінің айналасындағы және олардың ішіндегі кеңістік;
9) соңғы арқалықтағы радиобөлігі;
10) жүйелердің люктері және қуыстары.
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру қағидаларына
2-қосымша
Жете тексеру әдісі
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру қағидаларына
3-қосымша
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеруді жүргізудің Карта – наряды
Тексеру күні:______ ӘК түрі:_______ рейстің №______ Маршрут:_____
АК сыртқы бөлімі:
№
р/н
|
Тексеру аймағы
|
Орындаушының қолы
|
1
|
Фюзеляж
|
|
2
|
Қозғалтқыштар:
Бірінші ________
Екінші ________
Үшінші ________
Төртінші ________
|
_________
_________
_________
|
3
|
Қанат:
Сол жақ __________
Оң жақ __________
|
_________
_________
|
4
|
Қанаттану
|
|
5
|
Багаж бөлігі:
Бірінші ____________
Екінші _____________
Үшінші_________
|
_________
_________
|
6
|
Техникалық бөліктер:
__________________
|
_____________
|
2. ӘК ішкі бөлімі:
№
р/н
|
Тексеру аймағы
|
Орындаушының қолы
|
1
|
Экипаждың кабинасы
|
|
|
Экипаждың гардеробы
|
|
2
|
Ұшақтың вестибюлі:
Алдыңғы__________
Ортаңғы__________
Артқы ________
|
_________
_________
|
3
|
Жолаушылар салоны:
Бизнес класы ___________
Үнемдеу класы___________
Бірінші____________
Екінші ____________
|
_________
_________
|
4
|
Ас бөлмелері:
Бірінші___________
Екінші ___________
|
_________
_________
|
5
|
Дәретханалар:
Алдыңғы____________
Артқы ____________
|
_________
_________
|
6
|
Дәретханалардың вестибюльдері:
Алдыңғы______________
Артқы ______________
|
__________
|
7
|
Борттық авариялық-құтқару жабдығының орналасу орындары (БАҚЖ)
|
____________
|
ӘК жете тексеруді жүргізген соң:
1) барлық есіктер, люктер, панельдер берік жабылғанына;
2) бүкіл алынған, жылжытылған және орын ауыстырған заттар мен жабдықтар өз өрындарына қойылып, бекітілгеніне көз жету керек;
3) «ӘК арнайы жете тексерудің бақылау орындарының тізбесіне» сәйкес карта-нарядта көрсетілген жете тексеру орындарын ________ тексерді:
Жете тексеру тобы басшысының ТАЖ және қолы:______
Жете тексеруге қатысқан өкілдің (ӘК экипаж мүшесі) ТАЖ және қолы:_______
Қорытынды:
Жарылғыш немесе басқа қырғынға ұшырататын құрылғылар, күдікті құрылғылар табылған жоқ. ӘК әрі қарай пайдалануға рұқсат етіледі.
Жете тексеру тобы басшысының ТАЖ және қолы:_________
Жете тексеруге қатысқан авиакәсіпорын өкілінің (ӘК экипаж мүшесі) ТАЖ және қолы:_________
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру қағидаларына
4-қосымша
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру кезінде табылған заттар мен нәрселерді алу есебінің журналы
Әуежай _____________
АКТІНІҢ нөмірі және күні
|
Рейстің нөмірі
|
Тағайындау әуежайы
(маршрут)
|
Әуе кемесінің
типі (түрі), ӘК командирінің тегі
|
ӘК
жете тексерудің нәтижесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру қағидаларына
5-қосымша
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы тексеру есебінің журналы
Әуежай _____________
ӘК жете тексеруді өткізудің күні және уақыты
|
Рейстің нөмірі
|
Тағайындау әуежайы
(маршрут)
|
Әуе кемесінің
типі (түрі), ӘК командирінің тегі
|
ӘК тексеру тобы басшысының тегі, аты-жөні және қолы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Әуе кемелерін ұшу алдында және
арнайы жете тексеру қағидаларына
6-қосымша
Әуе кемелерін ұшу алдында қайта жете тексеруді жүргізудің
Карта - наряды
Тексеру күні:______ ӘК түрі:_______рейстің №______ Маршрут:_____
ӘК ішкі бөлімі:
№
р/н
|
Тексеру аймағы
|
Орындаушының қолы
|
1
|
Экипаж кабинасы
|
|
|
Экипаж гардеробы
|
|
2
|
Ұшақ вестибюлі:
Алдағы ________
Ортадағы ________
Соңғы ________
|
|
3
|
Жолаушылар салоны:
Бизнес классы __________
Эконом классы __________
|
_________
_________
|
4
|
Асханалар:
Бірінші ____________
Екінші _____________
|
_________
_________
|
5
|
Дәретханалар:
Алдағы
Соңғы
|
|
6
|
Дәретхана вестибюлдері:
Алдағы __________________
Соңғы
|
_____________
|
7
|
Борттық авариялық-құтқару жабдығының орналасу орындары (БАҚЖ)
|
|
ӘК ұшу алдында қайта жете тексеруді жүргізген соң:
1) барлық есіктер, люктер, панельдер берік жабылғанына;
2) бүкіл алынған, жылжытылған және орын ауыстырған заттар мен жабдықтар өз орындарына қойылып, бекітілгеніне көз жету керек;
3) карта-нарядта көрсетілген жете тексеру орындарын ________ тексерді:
Жете тексеру тобы басшысының ТАӘ және қолы:______
Жете тексеруге қатысқан өкілдің (ӘК экипаж мүшесі) ТАӘ және қолы:_______
Қорытынды:
Жарылғыш немесе басқа қырғынға ұшырататын құрылғылар, күдікті құрылғылар табылған жоқ. ӘК әрі қарай пайдалануға рұқсат етіледі.
Жете тексеру тобы басшысының ТАЖ және қолы:_________
Жете тексеруге қатысқан авиакәсіпорын өкілінің (ӘК экипаж мүшесі) ТАӘ және қолы:_________
Достарыңызбен бөлісу: |