Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12


Сурет 1 – Корпоративтік қаржы функцияларының мазмұны  Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет6/74
Дата29.09.2023
өлшемі1.98 Mb.
#479235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

 
Сурет 1 – Корпоративтік қаржы функцияларының мазмұны 
Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері 
оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты. 
1. Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу. Бұл принцип кәсіпорынға 
қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік 
және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске 
асыруға толық дербестік беріледі.
2. Өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру. Кәсіпорын өзін-өзі 
өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен 
қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Өзін-өзі 
қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай 
шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін 
қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық 
негізде қалыптастыра алады. 
3. Айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз 
бойынша бөлу 
шаруашылықтың 
жекелеген 
салаларында өндіріс 
технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты. 
КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫ ФУНКЦИЯСЫ 
Капитал, кіріс және 
ақша қорын 
қалыптастыру 
Капитал, кіріс және 
ақша қорын 
пайдалану 
Бақылау 
- Жарғылық 
және 
резервтік 
капиталды толықтыру
- Қор 
нарығын 
дамыту 
мақсатында 
қаржыландыру 
көздерін тарту; 
- Ссудалық капитал нарығында 
заемдар 
мен 
несиелерді 
жұмылдыру; 
- Тауарларды сатудан түскен 
түсімдер 
құрамынан 
қалыптасатын 
ақша 
қорлар 
аккумуляциясы; 
- Бөлінбеген 
пайданы 
қалыптастыру; 
- Арнайы 
мақсатты 
қаражаттарды тарту; 
- Капиталды 
қалыптастыруда 
кірістер 
және 
ақша 
қорларын 
қалыптастыру және есепке алу. 
- Айналым және айналымнан 
тыс 
активтердің 
капитал 
салымын оңтайландыру; 
- Салықтық 
төлемдерді 
қамтамасыз ету; 
-Ақша 
қаражатының 
бос 
салымы 
нақты 
өтімді 
активтері;
- Резервтерді дамыту, құру 
және 
тұтыну 
мақсатында 
кірістерді пайдалану; 
- Кірістер 
және 
ақша 
капиталын талдау және есепке 
алу. 



Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын қалыптастыруда 
қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндіріс науқанды емес сипаттағы салаларда 
айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым 
қаражаты басым. 
4. Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен 
бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық 
жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету үшін қажет; 
5. Қаржылық қатынас мерзімдері – қаражатты пайдалануға және алуға 
арналған ең төменгі уақыттың алшақтық жасайды, бұл әсіресе валюта 
бағамдарының өзгерістерін және инфляция шарты кезінде маңызды болып 
табылады; 
6. Жоспарлық –төлемқабілеттілік сұранысы, конъюнктураны есепке алу, 
шығындар мен сату көлемінің сәйкестігін қамтамасыз ету;
7. Икемділік – инвестициялық қызмет және жоспарлы ағымдағы 
шығындар бойынша жоспарлы сату көлемінен асып кеткен қол жеткізілмеген 
жағдайда маневр мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 
8. Қаржылық тұрақтылық - бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде 
төлем мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табыстарды өсіру негізінде 
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін 
қаржы ресурстарының жағдайы. 
Іс жүзінде осы қағидаттарды іске асыру қаржыны басқару жүйесін 
ұйымдастыруда және қаржы саясатын өңдеу кезінде жүзеге асырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет