Қостанай қаласының әкімі Б. Ш. Жақыповтың халықтың алдында есеп беру кездесуі туралы ақпарат



Дата22.02.2016
өлшемі107 Kb.
#2117


Қостанай қаласының әкімі

Б. Ш. Жақыповтың халықтың алдында есеп беру

кездесуі туралы ақпарат



Өткізу орны

Мекенжайы

Өткізу орны

Өткізу уақыты

Қостанай қ.

Алтынсарин көш., 109

Қалалық балалар шығармашығы



05.02.2016 ж.

сағат 15.00



Қостанай қаласының әкімі Б.Ш. Жақыповтың Қостанай қаласының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016 жылға аралған перспективтік даму туралы баяндамасының тезистері.
Қаланың экномикасы үшін 2015 жыл айтарлықтай қиын болып қалыптасты.

Облыс орталығының экономикасының басты секторы өндірістік сала болып табылады. Өтке жылы өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағада 150 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол 2014 жылмен салыстырғанда 84,6% құрайды. Өндірістің физикалық көлемінің индексі 92,8% құрады. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің үдемелі салмағы Қостанай облысының өндірістің жалпы көлемінде 34,8% құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 тармаққа артты.

Тамақ өнеркәсібі бойынша өндіріс көлемінің өсу қарқыны 92,7% құрады, оның ішінде ұн 278 мың тоннаға (101,6%), жануарлар майы 1069 тонна (210,3%), тірімшік пен сүзбе 530 тонна (131,6%), кондитер өнімі 30,8 мың тонна (75,1%), сүт пен кілегей 50583 тонна (68,8%). Көлік және жабдықтардың өндірісінің өсу қарқыны – 57% құрады, оның ішінде комбайн 230 бірлігі (59%), автомобильдер – 5 757 бірлігі (67,2%); металлургия өнеркәсібінде өсу қарқыны 214,3% құрады, иленімнің өндірісі 276 мың тонна (өндіріс 3 есе артты). Жылыту энергияны, газды, электр энергияны және суды өндіру және бөлу бойынша өсу қарқыны 104,7% құрады.

2014 жылдығ тиісті кезеңіне келесі кәсіпорындар өз өндіріс көлемін артты: «Костанайский мелькомбинат» АҚ (40%-ға), «Фирма «Арасан» ЖШС (20,3%-ға), «Romana-Нан» ЖШС (28,1%-ға), «Аруана-2010» ЖШС (34,8%-ға), «Милх» ЖШС (56,7%-ға), Қостанай мекемесі «УПП КОГ» (26,6%-ға) және басқалар.

Сонымен бірге, жылдың қорытындысы бойынша 19 кәсіпорын өткен жылдың өнеркәсіп өндірісінің деңгейін қамтамасыз етпеді.

Өндіріс көлемінің төмендеу себептерінің бірі: өткізу нарығының қысқаруы, оның ішінде Ресей Федерациясы бойынша, ұйымдастырушылық проблемалары, шығарылатын өнімнің бәсеке қабылеттілігінің төмен болуы, экномикадағы жалпы төмендеу себебінде сұраныстың төмендуі болып табылады.



Ағымдағы жылдың міндеті 2015 жылдығ деңгейінен төмен емес өнеркәсіп өндірісінің көлемін қамтамасыз ету болып табылады.
Қаланың экономикасын дамыту үшін негізгі капиталған инвестицияның көлемі маңызды, ол жыл ішінде 37 млрд. 229 млн. теңге, немесе 2014 жылмен 63,5% құрады, оның ішінде 9 млрд. 227 млн. теңге – республикалық бюджет қаражаты есебінен, 2 млрд. 322 млн. теңге – жергілікті бюджет есебінен, 23 млрд. 241 млн. теңге – кәсіпорындарының өз қаражаты есебінен, 2 млрд. 169 млн. теңге – банк кредиттері, 270 млн. теңге – басқа да займ қаражаты есебінен.
2014 жылмен салыстырғанда инвестициялар республикалық бюджеті бойынша 3,5 млрд. теңгеге, жергілікті бюджет бойынша 2,1 млрд. теңгеге, өз қаражаты және займ қаражаты есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың салымдары бойынша 4 млрд. 255 млн. теңгеге, банк кредиттері бойынша 4 млрд. 256 млн. теңгеге, басқа займ қаражаты бойынша 5 млрд. 972 млн. теңгеге төмендеді. Сондай-ақ азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысына шығындары 815 млн. теңгеге төмендеді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шегінде 2015 жылы 3 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген, инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд. 629 млн. теңгені құрайды. Нақты іске асырылған 2 жоба. Жобаларды іске асыру кезінде игерілген қаражаттың сомасы 2 млрд. 393 млн. теңгені құрайды.

«Фирма «Арасан» ЖШС «Жылына 56 млн. литр қуаттылығымен алкогольсыз сусындарды, суды, шайды, квасты, жеміс пен көкөніс шырындарын өндіру және құю бойынша жаңа желісін ашу» жобасы іске асырылды. 2 млрд. 69 млн. теңге игерілді, 35 жұмыс орны ашылды. Объект 2015 жылы 21 тамызда пайдалануға берілді.

«K-Oil» ЖШС «Жылына 18 мың тонна қуаттылығымен өсімдік майын өндіру бойынша зауытты жетілдіру» бағасы 324 млн. теңге іске асыру мерзімі 2014 – 2016 жылдары жобасы іске асырылды. 16 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 324 млн. теңге игерілді. Ағымдағы жылы наурызда іске қосылады.
Бүгінгі күні Индустриализация картасына мына инвестицияылық жобаларды енгізу қарастырылуда:

«Инжиниринговая компания «Казгипронефтетранс» ЖШС сұйытылған газды өндіру бойынша зауыт салуды жоспарлады, бағасы 24 млрд. теңгеден астам, 50 жұмыс орнын құрылады, құрылыс 2017 жылы аяқталу тиіс. Жоба бойынша жер учаске резервке қойылды, 2016 жылы ақпан айында біріккен кәсіпорынді тіркеу жоспарланды, жобаны іске асыруға ТЭО әзірленді.

«Баян - Сұлу» АҚ «Жұмыс істеп жатқан өндірісті кеңейту. Қосалқы жайлары бар бисквит цехын салу» жобасы іске асырылады. Жобаның бағасы 2,6 млрд. теңге, 45 жаңа жұмыс орны ашылады, іске асыру мерзімі 2015-2016 жылдары. Кәсіпорын құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады және жабдықтарды жеткізу бойынша мәселелер шешілуде.

ЖК «Пархоменко Г.В.» «Жылына 20 мың тонна қуаттылығымен етті қайта өндеу кешенін салу» жобасын дайындап жатыр. Жобаның бағасы 2,3 млрд. теңге, 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, жоба 2015 – 2019 жылдарға есептелген. Осы жобаға жер учаскесі резервке қойылды. 2016 жылы қаржыландыру және жабдықтарды жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Өңірге ықтимал инвесторларды тарту мақсатында, біз АО «АгромашХолдинг» машина жасау саласы үшін жинақтау өндірісін ұйымдастыру үшін 40-60 га жер учаскесін бөлу бойынша мәселесін қарап жатырмыз.

Жоғары аталған инвестициялық жобаларды ескеріп, ағымдағы жылы инвестициялар көлемі 38 млрд. теңге сомасында болжамдалып жатыр.

Жүктемесі төмен кәсіпорындарды жоспарлы қуаттылыққа шығуын қамтамасыз ету қажет: «Костанай-МБИ» ЖШС (үй құрылысы комбинаты), «Иволга-Холдинг» ЖШС және «Каратау Холдинг» ЖШС (диірмен кешендері), «АгромашХолдинг» АҚ (Ssang Yong автолмобильдерін жасау).


Мемлекеттік бюджет кірістер бойынша 107,5%, республикалық бюджет 111,1%, облыстық - 112% орындалды. Қаланың бюджетіне 19 млрд. 410 млн. теңге түсті, жоспар 102,8% орындалды және 533,5 млн. теңгеге артты. Сонымен бірге, жыл ішінде кірістердің және бюджеттің шығындарына секвестр 687 млн. теңгеге жасалды, одан басқа облыстық бюджеттен кірістердің орнын толтыру үшін қосымша 1807 млн. теңге сомасына трансферттер бөлінді.

Аталған процедураларды ескеріп, салық түсімдері бойынша кірістер 17593 млн. теңгені құрады, жоспары 102,5% орындалды, 427 млн. теңгеге артық орындалды. Былтырғы жылмен салыстырғанда салық түсімдері 774 млн. теңгеге немесе 4,6% артты.

Салық емес түсімдер бойынша 129 млн. теңге түсті, жоспар 139,8% орындалды және 37 млн. теңгеге артық орындалды.

Негізгі капиталды сатудан 1688 млн. теңге түсті, жоспар 104,3% орындалды және 69 млн. теңгеге артық орындалды. Азаматтарға пәтерлерді сатудан 1450 млн. теңге түсті, жоспар 101% орындалды және 14 млн. теңгеге артық орындалды. Трансферттер мен кредиттер есебінен бюджет кірісі 35132 млн. теңгені құрады.



Бюджеттің шығындары 34 901 млн. теңгені құрады немесе жоспарға 99,3%.

Игерілмеген қаражаттың сомасы 230 млн. теңгені құрады, оның ішінде нысаналы трансферттер және кредиттер бойынша республикалық бюджеттен 136 млн. теңге, нысаналы трансфертер бойынша облыстық бюджеттен – 61 млн. теңге, жергілікті бюджет бойынша 33 млн. теңгені құрады.



Ағымдағы жылы бюджет кірістерінің көлемі 33 162 млн. теңге сомасына жоспарланды. Осы сомаға қалалық бюджеттің шығындары жоспарланды.
Әлеуметтік бағытталған бағдарламалардың бірі "Бизнестің жол картасы -2020" болып табылады, бұл бағдарлама бойынша былтырғы жылы 48 жоба 4 млрд. 870 млн. теңге сомасына іске асырылды.

Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша «Экономика секторында және қайта өндіретін өнеркәсіп саласында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» шегінде 2015 жылы 28 жоба мақұлданды және 4 млрд. 273 млн. теңге сомасына кредит берілді.

«Ішінара кепілдік ету» жобасы бойынша 18 жобасы 168,4 млн. теңге кредиттің сомасына мақұлданды.

Бағдарламаның 3-ші бағыты «Кәсіпкерлердің валюталық қатерлерін төмендету» бойынша Өңірлік Үйлестірушілік Кеңесі 2 жобаны 428,8 млн. теңге кредиттің сомасына мақұлданды.

Бағдарламаның 4- бағыты «Кәсіпкерлікті қаржылық емес шараларын қолдау» шегінде шағын және орта бизнес топ-менеджментті оқыту бөлігінде «Назарбаев Университет» АҚ РКС базасында оқытуға 22 адам мақұлданды, оның ішінде 12 адам оқудан өтті.

«Іскерлік байланыс» бағдарламасы бойынша - 27 кәсіпкер«Туран Профи» Академиясында оқудан өтті (Астана қ.) және «Туран» Университетінде ( Алматы қ.) оқыды.

«Сервистік қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің 599 субъекті бухгалтерлік және салықтық есеп, заңды консультация және сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша, маркетинг бойынша қызметтер және ақпараттық технологиялар бойынша қызметтердің 760 түрлері бойынша қызмет көрсетілді. «Бизнес Кеңесші», «Бизнес-өсу», «Жас кәсіпкер мектебі» бағдарламасы бойынша 186 адам оқудан өтті және сертификат алды.

«Кепілді қаржыландыру» бағыты бойынша «Инновациялық орталық «КИнЭУ», «Инновациялық орталықты дамыту» жобалары мақұлданды, кепіл сомасы – 2 млн. 950 мың теңгені құрайды.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының 2-бағытының қатысушы ретінде, жетпей жатқан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды келтіру бөлігінде «Костанай-МБИ» ЖШС «Қостанай қаласында Үй құрылысы комбинатына байланыс темір жол салу» жобасы іске асыруға жоспарланды. Жобаның бағасы 645 млн. 790 мың теңге.

Шағын бизнес субъектілері 100 млрд. теңгеге өнім өндірді, жұмыстар мен қызметтерді көрсетті, ол 2014 жылмен салыстырғанда 100,5% құрайды. Жаңадан ашылған 313 кәсіпорын тіркелді, 591 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бөліп сату саудасының көлемі 127 млрд. теңгені құрады, немесе 2014 жылмен 99,6%. Халықтың нақты табысының төмендеу себебінен тұтынушылық сұраныстың төмендеуінен туындады.
Қаланың экономика құрылымында ауыл шаруашылық өнімінің үлесі бар. Ауыл шаруашылық өнімінің шығарылатын көлемі 2015 жылы 2 млрд. 233 млн. теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы – 576,5 млн. теңге. Ауыл шаруашылық шығарылатын өнімі көлемінің индексі 100,7% құрады, мал шаруашылығы – 102,5%.

Өндірілетін ауыл шаруашылық өнім халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз үлесін қосуда. Инфляциялық процесстерге және азық-түліктің негізгі өнімдерінің бағасын өсіруге жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді, көтерме жеткізушелерді және қаладағы және облыстағы қайта өндейтін кәсіпорындарды тартып ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өткізіледі. Жыл бойы 13 ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өтті, онда 1,5 мың тонна өнім жалпы сомасы 572 млн. теңгеге тауар сатылды, бағасы нарықтың бағасынан 15-30% төмен.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық өнімінің өндіріс көлемі 1-2% өсіруді болжамдады. Әртүрлі әлеуметтік шараларды іске асыру келер жылы да жалғасатын болады.

Қала үшін актуалды қала тұрғындарының тұрғын үйлерін жақсарту мәселесі болып табылады. Жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйдің 157 210 ш.м. пайдалануға берілді немесе 2014 жылмен 100,7% құрайды. Қаланың үлесіне облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің 63,2% кіреді, оның ішінде мемлекеттік құрылыс желісі бойынша 4 тұрғын үй жалпы алаңы 16,8 шаршы мерт тұрғын үй берілді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік құрылыс жүйесі бойынша тұрғын үй салу маңызды шектеулі. Тек Чкалов көшесі, 4.1, В блогы бойынша, Мирошниченко көшесіндегі және 9 шағын ауданындағы үйлердің құрылысын аяқтау ғана қарастырылды. Жаңа объектілерді салу қарастырылмаған.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді 115 мың ш.м. аспайтын көлемде пайдалануға беру болжамданды, жоспар бойынша 113 мың ш.м.

Осыған орай, бізге тұрғын үйлерді «КИК» АҚ және «Бәйтерек» АҚ жүйесі бойынша, сонымен қатар ИТҮҚ және жеке салушылардың есебінен салуға ерекше көңіл аудару қажет.

Жеке және өзге де тұрғын үй түрлерін қосымша салу үшін «Қонай» және «Юбилейный» жаңа шағын аудандарын толық жете жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл мақсаттарға 39,5 млн. теңге шығындалды.

Негізі капиталға түсетін инвестициялардың көлемі азаюына байланысты атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі есептік кезеңде 26 млрд. 769 млн. теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 95,2% құрды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 27 млрд. теңге сомасында қамтамасыз ету қарастырылды.

Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және орналастыруға 1 млрд. 469 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 95,5% игерілді.

2020 жылға дейін өңілерді дамыту бағдарламасы аясында 114 млн. теңге сомасына тұрғын үйлерді жаңғырту жүйесі бойынша 6 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Коммуналдық шаруашылық бағыты бойынша жолдарды қайта құру шеңберінде Орджоникидзе – 2-ші Қостанай көшелерінің шекарасындағы Герцен көшесін, таран-Дощанов көшелерінің шекарасындағы Чехов көшесін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді. 422 млн. теңге игерілді. Көшелерді орташа жөндеу 36 мың ш.м. ауданында жүргізілді, шұңқырларды жөндеу жұмыстары 35 мың ш.м. қамтыды.

Өткен жыл ішінде бюджет қаражаты есебінен 206 ағаш көшеті, 22 мың ш.м. астам гүлбақша отырғызылды, 2 727 ш.м. гүлзар орналастырылды.

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында сумен жабдықтау және су бұрғыш объеектілерін салуға және қайта құруға 4 625 млн. теңге игерілді.

Жылу энергетикалық жүйені дамытуға 1 млрд. 302 млн. теңге игерілді.

Соңғы 5 жыл ішінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйелерін дамытуға бюджетпен 9,1 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражаттардың арқасында көбінесе магистраль жүйелерінің сенімді жұмыстарының мәселелері шешілді. Алайда, талдау апаттық оқиғалардың көбісі ішкі кварталдық желілерде болатынын анықтады, олар тек Қостанай-Су және ҚЖЭК жеке қаражаттары есебінен жөнделеді, әрине ол қаражаттардың жеткіліксіз екені анық.

2015-2016 жж. жылу маусымының штаттан өткізілуі үшін «ҚЖЭК» МКК 2015 жылы 448 млн. теңге сомасына жабдықтары мен желілеріне жөндеу жүргізілді. Кәсіпорынның өз күшімен 2,3 км жылу жүйелеріне жөндеу жүргізілді. Жалпы үйлерге ортақ жылу энергиясын есептейтін құралдарды орнату бойынша жоспардың шеңберінде 393 құрал орнатылды, оның ішінде 379 мемлекеттік бағдарлама бойынша.

«Қостанай-Су» МКК желілерді, жабдықтарды, колонкаларды, гидранттарды және арматураларды жөндеу бойынша 94 млн. теңге сомасына іс-шаралар жүргізілді. Сумен жабдықтау желілерінде 2 327 апат жойылды, сонымен бірге 540 апат жер жұмысы өндірісіне қатысты, су бұрғыш жүйелерінде – 9 830 және сәйкесінше 3.

Осы қыста жауын-шашын едәуір көп жауды (85,7 мм). Тек желтоқсан-қаңтар айларында 250 мың т..м. астам қар шығарылды. Қар тасу 4 мердігермен іске асырылады, 75-тен 90 бірлікке дейін жеке және тартылған техника іске қосылды.

2015 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі бойынша барлығы 9 млрд. 98 млн. теңге игерілді.

Спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жүйелі спорт сабақтарына халықты қатыстыру мақсатында спорт объектілерін салу жөнінде жобаларды кейін жүзеге асыру жоспарлануда. 2015 жылы Дружба мектебі ауданында бюджет қарааты есебінен спорт алаңы салынды. 2015 жылғы желтоқсан айында құны 788 млн. теңге болатын теннис орталығы пайдалануға берілді, алаңы 2763 ш.м. Құрылыс облыстық бюджет қаражатынан қаржыландырылған болатын.

Назарбаев интеллектуалдық мектебінің аумағында жасанды жабындысы және жалпы алаңы 5400 ш.м. болатын жүгіретін жолы бар футбол алаңы салынды.

Өткен жылдарда ерекше көңіл азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау мәселелеріне аударылды.

Жыл қорытындысы бойынша «2020-жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жоспарлы көрсеткіштер толық көлемде жүзеге асырылды. Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 8869 адам жүгінді. Жұмыссыздар ретінде 4580 адам тіркелді. Бағдарлама қатысушыларының құрамына 2 772 адам кірді. Жұмыспен қамтуда көмек көрсету шараларымен қамту пайызы жылдық жоспар көрсеткішінің 116,2% құрды. 2737 жаңа жұмыс орындары енгізілді, жылдық жоспар бойынша 2400 орын, оның ішінде 1311 тұрақты. Қоғамдық жұмыстарға 314 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыстарға 160 адам, жоспар бойынша 112 адам, жастар практикасына – 98 түлек орналастырылды, жоспар бойынша 66. Тұрақты жұмыс орындарына 3 271 адам орналастырылды.

«2020 жұмыспен қамту жол картасы» іс-шараларын жүзеге асыруға 2015 жылы 30 млн. 165 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді.

2016 жылға «2020 жұмыспен қамту жол картасы» іс-шараларын жүзеге асыруға62 млн. 663 мың теңге бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 115 адам, жастар практикасына – 125 түлек, кәсіби оқуға және қайта даярлауға 10 адамнан жолдау жоспарлануда.

Қалада мүмкіндіктері шектеулі 7 099 азамат тұрады. Жеке сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аталған санатты техникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдарды алумен, үйде әлеуметтік көмек көрсетумен, ыммен сөйлей алатын мамандармен, инватаксимен, санаториялық-курорттық емдеумен және басқа да іс-шараламен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бейімдеу орталығында қиын өмір жағдайына түскен 442 азаматқа уақытша тұрғын үй берілді. Түнгі мекендеу бөлімшелеріне 9192 адам жүгінді.


Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 126 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жүргізілді, олардың қатарына ХҚКО, денсаулық сақтау, білім , мәдениет, денсаулық сақтау және спорт мекемелері мен ұйымдары, көлік қызметтерін көрсетуші ұйымдар. 2015 жылы мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылымның 42 объекті толық жеткілікті болып таңылды, объекттердің бейімделу жоспары 2015 жылы 102% орындалды.


2016 жылы Қостанай қаласында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарының 41 объектісін бейімдеу жоспарланды.

Маңызды бағыттардың бірі ол Ұлы отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау болып табылады. Бүгінгі күні қалада 108 ҰОС ардагері тұрады. Өткен жылы 9 мамырда ҰОС қатысушыларға теңелген 3811 адам бюджет қаражаты есебінен 146 млн.теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек және бір жолғы төлем алды.

Атаулы әлеуметтік көмек 250 отбасыға 23,4 млн. теңге сомасында көрсетілді. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 522 отбасыға 13,7 млн. теңге сомасына тағайындалды. Тұрғын үй көмегі 4 443 отбасыға 81,4 млн. теңгеге төленді, тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 4 188 теңгені құрайды. Өмірі қиын жағдайдағы азаматтарға арналған бір жолғы әлеуметтік жәрдемді 972 адам алды, 38,2 млн.теңге төленді.

Қала аумағында 23 мемлекеттік және 38 жекеше мектепке дейінгі балалар ұйымдары қызмет етеді. Мектепке дейінгі балалар мекемелерін қамту 93%. Білімді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқумен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы шаруашылық субъектілермен 1615 орын құрылды, онда мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылды, сонымен бірге 10 жаңадан ашылған балабақшаларда - 1055 орын және жұмыс істеп тұрғаны – 560. 2015 жылы Қайырбеков көшесі 391 бойынша 280 орынға арналған балабақша ғимаратының құрылысы басталды, ашылуы 2016 жылғы шілде айына жоспарланды.

Қалалық білім мекемелерінің жүйесі 39 мектепке берілді, онда 25 мың 711 бала оқытылады.

2015 жылдың қорытынды аттестациялауына 562 оқушы қатысты немесе жалпы түлектердің санынан 73,85% .

ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл көрсеткіші қала бойынша 88,34 бірлікті құрды (92,24 балл 2014 жылы), білім сапасы 63,35% (2014 жылы 63,85%). «Алтын белгі» аттестатының 13 үміткерінің ішінен 9 түлек өз білімін дәлелдеді, және үздік аттестатына – 3 түлектің 2-і.

Жалпы 38,3 млн. теге сомасына білім ұйымдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 17 орта мектеп 26,3 млн. теңге сомасына және 6 мектепке дейінгі мекеме – 12 млн. теңге сомасына.

2016 жылы жалпы 16,7 млн. теңге сомасына 12 бөбекжай бақшаларда ағымды жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Дене шынықтыру және спорт бөлімімен 2015 жыл ішінде 70 мыңнан астам қатысқан 370 спорт іс-шаралары өткізілді .

2015 жылы қала аумағында 9974 қылмыс тіркелді, оның ішінде ұрлық – 6765, бұзақылық – 502, тонау – 345, адам өлтіру – 21, қарақшылық – 15.

Жалпы қылмыстың ашылуы қала бойынша 22,6%, 2014 жылмен салыстырғанда 15,8% құрды.

Қалада 181 бейне бақылау камерасы орнатылған, олар қылмыстың жедел ашылуына және олардың алдын алуға жақсы нәтиже көрсетті.

Жылдың басынан 262 жол-көліктік оқиғалар болды, онда 14 адам қаза тапты және 297 әртүрлі дәрежелі жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 13,2% төмендеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет