121
лыстыру жасай отырып дәлелдеді. Популяциядағы генетикалық
гетерогендікті С.С. Четвериков былай түсіндіреді: кез келген түр
немесе популяциядағы даралар тіршілік барысында бірнеше ұрпақ
бойы үздіксіз мутантты гендермен толықтырып отырады. Сонымен
қатар басқа популяциядан ауысып келетін даралардың шағылысуы
арқылы жаңа генетикалық материалдың популяцияға енуі байқалады.
Мутациялардың көпшілігі әдетте рецессивті болады. Сондықтан сан
мөлшері жоғары популяцияларда мұндай рецессивті мутациялар
гетрозиготалық жағдайда тіпті байқалмайды. Құрамындағы даралар-
дың гетрогендігіне қарамастан, кез келген популяция динамикалық
тепе-теңдікте тұрған күрделі генетикалық жүйе болып табылады.
Популяциядағы гендер артқан сайын гетрозиготалы ағзалардың өзара
шағылысуы мүмкіндігі де артады. Соның нәтижесінде даралардың
бірқатары гомозиготалы жағдайға көшіп, ұрпақтар арасында
мутациялық өзгерістер айқын көрініс береді. Олардың ішінде ағаның
тіршілік қабілетін төмендететін мутациялардың да кездесуі ықтимал.
Бірақ табиғи популяцияларда генетикалық гетрогендік жеткілікті
дәрежеде болғандықтан, популяцияның қалыпты тіршілігі ұзақ уақыт
бойы сақталады. Қорыта келгенде популяция – кішігірім, дербес
эволюциялық құрылым. Сондықтан табиғатта ақиқат тіршілік етіп,
өзіне тән экологиялық морфофизиологиялық және генетикалық
қасиеттерге ие болған популяция - эволюцияның қарапайым өлшем
бірлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: