Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару
Мақсаты
Санау жүйелері туралы ой қалыптастыру. Екілік санау жүйесімен жұмыс істеуді үйрену.
Күтілетін нәтиже
- Санау жүйелерінің төрт түрін меңгеру.
- Екілік санау жүйесін меңгеру.
- Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру дағдысын қалыптастыру.
Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, интернет материалдары, таратпа материалдар, топ ережесі, бейнеролик, BilimLandпорталы.
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс, жеке, жұптық, сын тұрғысынан ойлау, «Стикерлер», талдау, қорыту, формативті бағалау
Кезеңдер. Берілетін уақыт 45 минут
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру 5 минут
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу «менің есімім»; (оқушылар өз есімін информатикамен байланыстырып айтады)
- Оқушыларды топқа бөлу, бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.
- Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.
- Оқушылар үлестірілген карточкалар арқылы топқа бөлінеді.
«Білу» деңгейі. Өткенді еске түсіру 5 минут
Оқушыларға ондық және сегіздік санау жүйелері тақырыбы бойынша сұрақтар қою. (Оқушы-мұғалім) 10 сұрақ
1-қосымша.
Оқушылар қойылған сұрақтарға түрлі түсті стикерлерді көтеру арқылы жауап береді.
Жаңа сабақ 10 минут
Оқушыларға жаңа сабақты BilimLand порталы арқылы түсіндіру.
http://bilimland.kz/kk#lesson=16417
Екілік санау жүйесінде есептеу жүргізуді түсіндіру.