Қосу амалының компоненттерін ата. Азайту амалының компоненттерін ата



Дата07.06.2022
өлшемі76 Kb.
#459048
4 сыныптың сынақ сұрақтары математика пәні бойынша (1)


  1. Қосу амалының компоненттерін ата.



  1. Азайту амалының компоненттерін ата.



  1. Заңдылық дегеніміз не?



  1. Сан дегеніміз не, цифр дегеніміз не?



  1. Екі таңбалы сан қандай разрядтардан құралған?



  1. Бірліктер класында қанша разряд бар? Оларды ата.



  1. Мыңдар класында қанша разряд бар? Оларды ата.



  1. Натурал сан дегеніміз не?



  1. Дұрыс бөлшек деген не?



  1. Бұрыс бөлшек деген не?



  1. Аралас сан деген не?



  1. Амалдардың орындалу тәртібінің реттілігін көрсет, мәнін тап.

7× (25-21)+12=45+5:5 -10 = 8× (36 - 19)+26 =


  1. Бағандап орында:

123 987 345
+ - -
450 234 201
____ ____ _____


  1. Жазбаша бағандап көбейтуді орында. 135×5= 120×4= 236×12= 325×11=



  1. Жазбаша бағандап бөлуді орында. 244:4= 568:8= 925:25= 1932:32=



  1. Амалдар бойынша баған түрінде есепте. (104+552):4+(980-752)×2 =



  1. Жазбаша есепте.

87 658 + 68 763 = 239 × 454 = 460 598 : 782 = 60 999 – 45 398 =


  1. Бағандап есепте. 480 000 – 79 996 = 195 837 + 6 273 =



  1. Бағандап жазбаша есепте.

4167: 463 = 1358 : 194 = 13533 : 347 =


  1. Бағандап орында.

326 × 452 = 384 × 736 = 2110 × 402 =

  1. Амалдарды орында 24 + 6*8 – 45 : 5



  1. Амалдарды орында (әр қадамды бөлек жазып орында)

(32 - 14)*2 + (125 - 100) : 5 = 85 : 5 + (30 + 9) * 5

  1. Мына сандарды бұрыштап бөл. 624 : 6 = 968 : 4 =

  2. Өсу ретімен орналастыр 1/10, 1/8, 1/2, 1/5, 1/3, 1/9

  3. Көбейту кестесін жатқа айт.

  4. Заңдылықты анықта. Сандар қатарын жалғастыр.

404 439 474 509 ... ... ...
620 580 540 500 ... ... ...


  1. Сандар тізбегін жалғастыр. Көмек : бұл – сандардың қосарланған тізбегі.

23, 23, 21, 25, 19, 27 ... , ... , ...


  1. Санды нөлге көбейткенде мәні неге тең болады?

  2. Есепте. (42 + 33) – 12 = 102 – (22+32) =

  3. Есепте 42 = … 72 = … 63 =…. 93 = ...

  4. Теңдік дегеніміз не?



  1. Теңдеулерді шеш. Х: (15×2)=3 r+ 120:4 =150 56: x = (10+6) : 2

  2. Теңдеуді шеш. 13/60 + 6/60 – х = 9/60

  3. Теңдеу шеш: А) х*3= 70- 40 Б) 120: x= 100- 80

  4. Теңдеу құр және оны шеш: Ойлаған санды 5есе арттырғанда 45 саны шығады;

  5. Есепті теңдеу құрып шығар.

Автосаяхатшылар бірінші күні 70 км-сағ жылдамдықпен 5 сағат , ал екінші күні 65 км-сағ жылдамдықпен бірнеше сағат жүрді. Олар барлығы 870 км жол жүрді. Автосаяхатшылар екінші күні неше сағат жүрді?

  1. Теңдеулерді шеш. 389+(х-47) = 819 900 : а =180 : 4

  2. Теңдеуді шеш 5 * 4 * 3 : 2 * х = 45 * 2 75 : х = 14 + 8

  3. Теңсіздік дегеніміз не?



  1. Қос теңсіздік деген не? 7 < х < 11 қос теңсіздігінің шешімін тап.

  2. 7 < х < 11 қос теңсіздігінің шешімін тап. Сан сәулесіне сал.



  1. Бұрыштарды салуға, өлшеуге арналған құрал қалай аталады? Бұрыштың өлшейтін шама?



  1. Кесінді дегеніміз не? Сызып, белгілеп көрсет



  1. Сәуле дегеніміз не? Сызып, белгілеп көрсет



  1. Сызық түрлерін ата.



  1. Бұрыш деген не? Сызып, белгілеп көрсет



  1. Бұрыштың түрлерін ата.

  2. Көпбұрыштың периметрі деген не?



  1. Шаршы дегеніміз не?

  2. Шеңбер дегеніміз не?



  1. Дөңгелек деген не?



  1. Радиус дегеніміз не?



  1. Диаметр деген не?



  1. Тіктөртбұрыштың ауданының формуласын жаз.



  1. Шаршының ауданының формуласын жаз.



  1. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласын жаз.



  1. Текше деген не? Оның неше қыры, жағы, төбесі бар?



  1. Параллепипедтің текшеден айырмашылығы қандай?



  1. Тік бұрышты параллепипедтің көлемінің формуласын жаз.

  2. Симметрия деген не?



  1. Симметрия осі деген не?

  2. Бұрыштарды оқы, өлшеп, шамаларын жаз.












  1. Сүйір бұрыш қандай бұрыш?



  1. Доғал бұрыш қандай бұрыш?

  2. Тік бұрыш қандай бұрыш?

  3. Тік бұрыш және тік емес бұрыштың айырмашылығы қандай? Сызып көрсет.

  4. Кез келген көпбұрыш сыз. Оны ата және неліктен солай аталатынын түсіндіріп бер. Оның неше төбесі бар? Неше бұрышы бар? Қабырғасы нешеу?

  5. Кез келген үшбұрыш сыз. Оны ата және неліктен солай аталатынын түсіндіріп бер. Оның неше төбесі бар? Неше бұрышы бар? Қабырғасы нешеу?

  6. Кез келген төртбұрыш сыз. Оның неше төбесі бар? Неше бұрышы бар? Қабырғасы нешеу? Ол шаршы бола ала ма, әлде бола алмай ма? Түсіндіріп бер.

  7. Мынадай төртбұрыш сыз, оның:

а) Бірде-бір тік бұрышы жоқ;
б) Бір ғана тік бұрышы бар;
в) екі тік бұрышы ғана бар;
г) үш тік бұрышы бар

  1. Үшбұрыш пен төртбұрыштың айырмашылығы неде?

  2. Төртбұрышпен пен тік төртбұрыштың айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?

  3. Тік төртбұрыш пен шаршының айырмашылығ неде? Ұқсастығы неде?

  4. Үшбұрыштың ауданы мен перимертін есептеу формуласын жаз.

  5. Тік төртбұрыштың ауданы мен перимертін есептеу формуласын жаз.

  6. Шаршының ауданы және перимертін есептеу формуласын жаз.

  7. Екі тік төртбұрыштың аудандары бірдей. Бірінші тік төртбұрыштың ұзындығы 18 см, ені 15 см. Егер екінші тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см болса, оның ені неге тең?

  8. Шаршының периметрі 64 см. Шаршының ауданына қарағанда ауданы 2 есе кем және ені 4 см тік төртбұрыштың ұзындығын тап.

  9. Тік төртбұрыштың ауданы 64 мм2 Оның ені ауданы тік төртбұрыш ауданының төрттен бір бөлігіндей шаршының қабырғасына тең. Тік төртбұрыштың ұзындығын тап.

  10. Тік төртбұрыштың ұзындығы 20см, ені 15см. Ауданы оның ауданымен бірдей, ал ені 3см қысқа тік төртбұрыштың ұзындығын тап.

  11. Шаршының периметрі 24см. Оның ауданын тап.

  12. Есепті шығар.

Шебер 24 бөлшек жасады, бұл шәкіртінің жасағанына қарағанда 3 есе артық. Екеуі бірігіп қанша бөлшек жасады?

  1. Есепке өрнек құрып , оны шығар.

Бір кітапта 24 бет, екінші кітапта 36 бет бар. Осы екі кітапты күніне 4 беттен оқыса, неше күнде оқып болуға болады?


  1. Бос орынды толтыр. 4м2 = … cм2 2 = … дм2



  1. Есепте : 1ц – 25кг = 2м – 11дм= 5т -367кг = 3км – 243м =

  2. Өрнекте .

4 тәул 18 сағ = ... сағ 240 мин = ... сағ
5г 200мг = … мг 1кг 20г = … г
2км 7м = … м 34дм = ... м ...дм


  1. Ар қандай өлшем бірлігі? 1а = ...м2

  2. Тиісті санды тауып, орнына қой:

36м * ... =9км ... кг * 250 = 6т 60 дм : 25 = ... см
18км : ... =72м ... кг : 150 = 18кг 10 т : 250 = ... кг
89. Есепте 2дм2= … см2 300см2 = …дм2
90. 1см2 мағынасын ашып көрсет. 25 см2 = … мм2 3дм2 = … мм2
91. 1см3 мағынасын ашып көрсет. 1см3 = …мм3 1дм3 = … см3

  1. Ұзындықтың өлшем бірліктерін тап. А) 8м 1дм = … дм Б) 6дм 5см = … см

  2. Есептеп шығар: А) 9м -52дм + 4м 6дм Б)2дм 5см + 5дм 4см - 38см

  3. Сантиметрмен өрнекте: А)1/5дм = … см Б) 1/10дм = ... см

  4. Санды тап, оның: А) 1 /5-і 20 ға тең Б) 1/3-і 40-қа тең

  5. Есептеп шығар 9дм1см - 35см + 1дм6см =…. 5м3дм - 17дм - 2м7дм = …

  6. Үлес дегеніміз не?



  1. Бөлшек сызығы қандай таңбаны білдіреді? Бөлшектерді оқы.



  1. Бөлшектерді өсу ретімен орналастыр. 3/14, 1/14, 8/14, 12/14.



  1. Есепте. 80 санының 1/10 бөлігі, 6 саны бұл ...... санының 1/5 бөлігі.

  2. Есепте: 92 мен 14-тің айырмасының 1/6-і



  1. Пайыз деген не?



  1. Пайыздарды бөлшек түрінде жаз.15% 24% 4%



  1. 600 – дің 7% -і қанша болады?



  1. Салыстыр. (96+4):2+9×8 * 56:4 + 25×3-5×3 78:6+750:5 * 930:3 – 500:5 +25×2



  1. Салыстыр. 12/45 * 12/37 17/48 * 24/48

  2. Салыстыр: 10см-дің 1/5 –і * 20см-дің 1/4-і 3см-дің 1/3-і * 1м-дің 1/10-і

  3. Айнымалы шама деген не?



  1. Бірнеше айнымалысы бар өрнектерді ықшамда және олардың мәнін тап.

Мұндағы a =3 b = 2 x = 4
(a+b) × 5 + 9a + 3b 13 × (a + b) -7b +4a


  1. Жылдамдық дегеніміз не?



  1. Жолдың, жылдамдықтың , уақыттың формулаларын жаз.



  1. Есепті шығар.

Арасы 40 км екі ауылдан екі шаңғышы бір мезгілде бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 10 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Олардың арасы 2 сағаттан кейін қандай болады?


  1. Есепті шығар.

Екі салт атты бір уақытта А пунктінен бір бағытта жолға шықты. Біріншісі 25 км/сағ жылдамдықпен, екіншісі 28 км/сағ жыдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қандай болады?



  1. Логикалық есеп.

Сейф 1,2 ,8 сандарының көмегімен ашылады. Код – 800-ден үлкен жұп сан. Кодты анықта.



  1. Есепті шығар.

Бірдей 24 шаршы алынды. Олардан тік төртбұрыш құрастырылды. Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы – 18 см , ені 12 см болса, алынған әр шаршының ауданы нешеге тең?

  1. 40тор көз дәптер және олардың 1/8 - індей жолды дәптер сатып алынды. Барлығы неше дәптер сатып алынды?

  2. Томирис 15 дөңгелектің және олардың 1/5 шаршылардың суретін салды. Томирис барлығы неше фигураның суретін салды?

  3. Шаруа қожалығы күзгі өнімнен 1128 т бидай, одан 250 т кем арпа және бидайдан 8 есе кем қарабидай сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?

  4. Анасы қызымен бірге 70 бауырсақ пісірді. Егер анасы қызынан 4 есе тезірек пісіретін болса, онда анасы неше бауырсақ пісірген?

  5. 3 күнде 8 станокта 3024 бұйым жасалынды. Дәл осындай 10 станокта 4 күнде неше бұйым жасауға болады?

  6. Стаканды пайдаланып бос құмыраға су құйған. Егер құмыраның салмағы 5 стакан су құйғанда 480 г, ал 8 стакан су құйылғанда 660 г болса, бос құмыраның салмағы қанша грамм

  7. Төртінші сынып оқушылары сапқа тұрғызылды. Сапта Айдостан кейін Арманды қоса санағанда 16 бала тұр. Ал Арманның алдында Айдосты қоса санағанда 14 бала тұр. Егер Айдос пен Арманның арасында 7 бала тұрған болса, онда сыныпта жалпы [  ] оқушы бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет