-
Қосу амалының компоненттерін ата.
-
Азайту амалының компоненттерін ата.
-
Заңдылық дегеніміз не?
-
Сан дегеніміз не, цифр дегеніміз не?
-
Екі таңбалы сан қандай разрядтардан құралған?
-
Бірліктер класында қанша разряд бар? Оларды ата.
-
Мыңдар класында қанша разряд бар? Оларды ата.
-
Натурал сан дегеніміз не?
-
Дұрыс бөлшек деген не?
-
Бұрыс бөлшек деген не?
-
Аралас сан деген не?
-
Амалдардың орындалу тәртібінің реттілігін көрсет, мәнін тап.
7× (25-21)+12=45+5:5 -10 = 8× (36 - 19)+26 =
-
Бағандап орында:
123 987 345
+ - -
450 234 201
____ ____ _____
-
Жазбаша бағандап көбейтуді орында. 135×5= 120×4= 236×12= 325×11=
-
Жазбаша бағандап бөлуді орында. 244:4= 568:8= 925:25= 1932:32=
-
Амалдар бойынша баған түрінде есепте. (104+552):4+(980-752)×2 =
-
Жазбаша есепте.
87 658 + 68 763 = 239 × 454 = 460 598 : 782 = 60 999 – 45 398 =
-
Бағандап есепте. 480 000 – 79 996 = 195 837 + 6 273 =
-
Бағандап жазбаша есепте.
4167: 463 = 1358 : 194 = 13533 : 347 =
-
Бағандап орында.
326 × 452 = 384 × 736 = 2110 × 402 =
-
Амалдарды орында 24 + 6*8 – 45 : 5
-
Амалдарды орында (әр қадамды бөлек жазып орында)
(32 - 14)*2 + (125 - 100) : 5 = 85 : 5 + (30 + 9) * 5
-
Мына сандарды бұрыштап бөл. 624 : 6 = 968 : 4 =
-
Өсу ретімен орналастыр 1/10, 1/8, 1/2, 1/5, 1/3, 1/9
-
Көбейту кестесін жатқа айт.
-
Заңдылықты анықта. Сандар қатарын жалғастыр.
404 439 474 509 ... ... ...
620 580 540 500 ... ... ...
-
Сандар тізбегін жалғастыр. Көмек : бұл – сандардың қосарланған тізбегі.
23, 23, 21, 25, 19, 27 ... , ... , ...
-
Санды нөлге көбейткенде мәні неге тең болады?
-
Есепте. (42 + 33) – 12 = 102 – (22+32) =
-
Есепте 42 = … 72 = … 63 =…. 93 = ...
-
Теңдік дегеніміз не?
-
Теңдеулерді шеш. Х: (15×2)=3 r+ 120:4 =150 56: x = (10+6) : 2
-
Теңдеуді шеш. 13/60 + 6/60 – х = 9/60
-
Теңдеу шеш: А) х*3= 70- 40 Б) 120: x= 100- 80
-
Теңдеу құр және оны шеш: Ойлаған санды 5есе арттырғанда 45 саны шығады;
-
Есепті теңдеу құрып шығар.
Автосаяхатшылар бірінші күні 70 км-сағ жылдамдықпен 5 сағат , ал екінші күні 65 км-сағ жылдамдықпен бірнеше сағат жүрді. Олар барлығы 870 км жол жүрді. Автосаяхатшылар екінші күні неше сағат жүрді?
-
Теңдеулерді шеш. 389+(х-47) = 819 900 : а =180 : 4
-
Теңдеуді шеш 5 * 4 * 3 : 2 * х = 45 * 2 75 : х = 14 + 8
-
Теңсіздік дегеніміз не?
-
Қос теңсіздік деген не? 7 < х < 11 қос теңсіздігінің шешімін тап.
-
7 < х < 11 қос теңсіздігінің шешімін тап. Сан сәулесіне сал.
-
Бұрыштарды салуға, өлшеуге арналған құрал қалай аталады? Бұрыштың өлшейтін шама?
-
Кесінді дегеніміз не? Сызып, белгілеп көрсет
-
Сәуле дегеніміз не? Сызып, белгілеп көрсет
-
Сызық түрлерін ата.
-
Бұрыш деген не? Сызып, белгілеп көрсет
-
Бұрыштың түрлерін ата.
-
Көпбұрыштың периметрі деген не?
-
Шаршы дегеніміз не?
-
Шеңбер дегеніміз не?
-
Дөңгелек деген не?
-
Радиус дегеніміз не?
-
Диаметр деген не?
-
Тіктөртбұрыштың ауданының формуласын жаз.
-
Шаршының ауданының формуласын жаз.
-
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласын жаз.
-
Текше деген не? Оның неше қыры, жағы, төбесі бар?
-
Параллепипедтің текшеден айырмашылығы қандай?
-
Тік бұрышты параллепипедтің көлемінің формуласын жаз.
-
Симметрия деген не?
-
Симметрия осі деген не?
-
Бұрыштарды оқы, өлшеп, шамаларын жаз.
-
Сүйір бұрыш қандай бұрыш?
-
Доғал бұрыш қандай бұрыш?
-
Тік бұрыш қандай бұрыш?
-
Тік бұрыш және тік емес бұрыштың айырмашылығы қандай? Сызып көрсет.
-
Кез келген көпбұрыш сыз. Оны ата және неліктен солай аталатынын түсіндіріп бер. Оның неше төбесі бар? Неше бұрышы бар? Қабырғасы нешеу?
-
Кез келген үшбұрыш сыз. Оны ата және неліктен солай аталатынын түсіндіріп бер. Оның неше төбесі бар? Неше бұрышы бар? Қабырғасы нешеу?
-
Кез келген төртбұрыш сыз. Оның неше төбесі бар? Неше бұрышы бар? Қабырғасы нешеу? Ол шаршы бола ала ма, әлде бола алмай ма? Түсіндіріп бер.
-
Мынадай төртбұрыш сыз, оның:
а) Бірде-бір тік бұрышы жоқ;
б) Бір ғана тік бұрышы бар;
в) екі тік бұрышы ғана бар;
г) үш тік бұрышы бар
-
Үшбұрыш пен төртбұрыштың айырмашылығы неде?
-
Төртбұрышпен пен тік төртбұрыштың айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
-
Тік төртбұрыш пен шаршының айырмашылығ неде? Ұқсастығы неде?
-
Үшбұрыштың ауданы мен перимертін есептеу формуласын жаз.
-
Тік төртбұрыштың ауданы мен перимертін есептеу формуласын жаз.
-
Шаршының ауданы және перимертін есептеу формуласын жаз.
-
Екі тік төртбұрыштың аудандары бірдей. Бірінші тік төртбұрыштың ұзындығы 18 см, ені 15 см. Егер екінші тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см болса, оның ені неге тең?
-
Шаршының периметрі 64 см. Шаршының ауданына қарағанда ауданы 2 есе кем және ені 4 см тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
-
Тік төртбұрыштың ауданы 64 мм2 Оның ені ауданы тік төртбұрыш ауданының төрттен бір бөлігіндей шаршының қабырғасына тең. Тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
-
Тік төртбұрыштың ұзындығы 20см, ені 15см. Ауданы оның ауданымен бірдей, ал ені 3см қысқа тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
-
Шаршының периметрі 24см. Оның ауданын тап.
-
Есепті шығар.
Шебер 24 бөлшек жасады, бұл шәкіртінің жасағанына қарағанда 3 есе артық. Екеуі бірігіп қанша бөлшек жасады?
-
Есепке өрнек құрып , оны шығар.
Бір кітапта 24 бет, екінші кітапта 36 бет бар. Осы екі кітапты күніне 4 беттен оқыса, неше күнде оқып болуға болады?
-
Бос орынды толтыр. 4м2 = … cм2 2м2 = … дм2
-
Есепте : 1ц – 25кг = 2м – 11дм= 5т -367кг = 3км – 243м =
-
Өрнекте .
4 тәул 18 сағ = ... сағ 240 мин = ... сағ
5г 200мг = … мг 1кг 20г = … г
2км 7м = … м 34дм = ... м ...дм
-
Ар қандай өлшем бірлігі? 1а = ...м2
-
Тиісті санды тауып, орнына қой:
36м * ... =9км ... кг * 250 = 6т 60 дм : 25 = ... см
18км : ... =72м ... кг : 150 = 18кг 10 т : 250 = ... кг
89. Есепте 2дм2= … см2 300см2 = …дм2
90. 1см2 мағынасын ашып көрсет. 25 см2 = … мм2 3дм2 = … мм2
91. 1см3 мағынасын ашып көрсет. 1см3 = …мм3 1дм3 = … см3
-
Ұзындықтың өлшем бірліктерін тап. А) 8м 1дм = … дм Б) 6дм 5см = … см
-
Есептеп шығар: А) 9м -52дм + 4м 6дм Б)2дм 5см + 5дм 4см - 38см
-
Сантиметрмен өрнекте: А)1/5дм = … см Б) 1/10дм = ... см
-
Санды тап, оның: А) 1 /5-і 20 ға тең Б) 1/3-і 40-қа тең
-
Есептеп шығар 9дм1см - 35см + 1дм6см =…. 5м3дм - 17дм - 2м7дм = …
-
Үлес дегеніміз не?
-
Бөлшек сызығы қандай таңбаны білдіреді? Бөлшектерді оқы.
-
Бөлшектерді өсу ретімен орналастыр. 3/14, 1/14, 8/14, 12/14.
-
Есепте. 80 санының 1/10 бөлігі, 6 саны бұл ...... санының 1/5 бөлігі.
-
Есепте: 92 мен 14-тің айырмасының 1/6-і
-
Пайыз деген не?
-
Пайыздарды бөлшек түрінде жаз.15% 24% 4%
-
600 – дің 7% -і қанша болады?
-
Салыстыр. (96+4):2+9×8 * 56:4 + 25×3-5×3 78:6+750:5 * 930:3 – 500:5 +25×2
-
Салыстыр. 12/45 * 12/37 17/48 * 24/48
-
Салыстыр: 10см-дің 1/5 –і * 20см-дің 1/4-і 3см-дің 1/3-і * 1м-дің 1/10-і
-
Айнымалы шама деген не?
-
Бірнеше айнымалысы бар өрнектерді ықшамда және олардың мәнін тап.
Мұндағы a =3 b = 2 x = 4
(a+b) × 5 + 9a + 3b 13 × (a + b) -7b +4a
-
Жылдамдық дегеніміз не?
-
Жолдың, жылдамдықтың , уақыттың формулаларын жаз.
-
Есепті шығар.
Арасы 40 км екі ауылдан екі шаңғышы бір мезгілде бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 10 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Олардың арасы 2 сағаттан кейін қандай болады?
-
Есепті шығар.
Екі салт атты бір уақытта А пунктінен бір бағытта жолға шықты. Біріншісі 25 км/сағ жылдамдықпен, екіншісі 28 км/сағ жыдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қандай болады?
-
Логикалық есеп.
Сейф 1,2 ,8 сандарының көмегімен ашылады. Код – 800-ден үлкен жұп сан. Кодты анықта.
-
Есепті шығар.
Бірдей 24 шаршы алынды. Олардан тік төртбұрыш құрастырылды. Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы – 18 см , ені 12 см болса, алынған әр шаршының ауданы нешеге тең?
-
40тор көз дәптер және олардың 1/8 - індей жолды дәптер сатып алынды. Барлығы неше дәптер сатып алынды?
-
Томирис 15 дөңгелектің және олардың 1/5 шаршылардың суретін салды. Томирис барлығы неше фигураның суретін салды?
-
Шаруа қожалығы күзгі өнімнен 1128 т бидай, одан 250 т кем арпа және бидайдан 8 есе кем қарабидай сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?
-
Анасы қызымен бірге 70 бауырсақ пісірді. Егер анасы қызынан 4 есе тезірек пісіретін болса, онда анасы неше бауырсақ пісірген?
-
3 күнде 8 станокта 3024 бұйым жасалынды. Дәл осындай 10 станокта 4 күнде неше бұйым жасауға болады?
-
Стаканды пайдаланып бос құмыраға су құйған. Егер құмыраның салмағы 5 стакан су құйғанда 480 г, ал 8 стакан су құйылғанда 660 г болса, бос құмыраның салмағы қанша грамм
-
Төртінші сынып оқушылары сапқа тұрғызылды. Сапта Айдостан кейін Арманды қоса санағанда 16 бала тұр. Ал Арманның алдында Айдосты қоса санағанда 14 бала тұр. Егер Айдос пен Арманның арасында 7 бала тұрған болса, онда сыныпта жалпы [ ] оқушы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |