Отарлық империялардың қалыптасуы (XVII-XVIII ғғ.)



Дата31.01.2022
өлшемі22.11 Kb.
#454977
түріДиплом
Материал ХКТ (1)


Материал
Отарлық империялардың қалыптасуы (XVII-XVIII ғғ.)

Отарлау саясатының ерекшеліктері, механизмдері мен мақсаттары. Империялар арасындағы басты қайшылықтар. 18 ғ. 2 жартысындағы Еуропаның халықаралық қатынастар жүйесі.

.

Солтүстікамерикалық отарлардың тәуелсіздік жолындағы Англияға қарсы соғыс кезеңі ұлт үстемдігінің буржуазиялық принциптеріне негізделген дипломатияның жаңа түрінің қалыптасуымен сипатталады. Абсолюттік монархияның дворяндық-династиялық сыртқы саясатының орнына халықтар теңдігін, бостандығын, тәуелсіздігін жариялаған буржуазиялық саясат келді.



Англияға қарсы соғыс кезінде (ол 7 жылға созылды) отарлар еркіндікке шықты. Британ парламенті бұл отарларды өз өнімдерін өткізетін рынок және британ өнеркәсібі үшін бай шикізат көзі ретінде қарастырды.

1775 ж. 29 қарашада сыртқы істер министрілігіне сай келетін орган құрылды. Ұлыбритания Ирландиядағы жақтастармен хат алысу үшін комитет құрылды, ол өз кезегінде Америка әскері үшін Еуропадан құпия түрде қару-жарақ, киім алу үшін жұмыс жасады.

Америка қару-жарақ алу үшін Франциямен құпия келіссөздер жүргізді. 1775 ж. аяғында Филадельфияға француз саудагерлері келіп, олармен қару-жарақ алу үшін контракт жасасты. 1776 ж. 3 наурызда құпия комитет Континенталды конгресс мүшесі Сайлас Динді Францияға жіберді. Ол Парижге көпес ретінде келіп, құпия түрде келіссөздер жүргізу керек еді. Бұдан кейін ол осындай тапсырмамен Голландияға баруы керек болды.

АҚШ-қа көмектесе отырып, француз дипломаттары өздерінің сыртқы саясаттағы мүдделерін көздеп, Англия әлсіреген жағдайда Канаданы өздеріне қайтарып, сондай-ақ, Англияның Вест-Индиядағы отарларын басып алуды көздеді. Теңізде сауда-саттықты дамытып, Францияның Еуропада мәртебесін биіктетуге де күш жұмсады. Францияның сыртқы істер министрі, граф Шарль де Вержен Макиавеллидің мақсатқа жету жолында барлық әдістер жақсы деген ұстанымын берік қолданатын дипломаттар қатарында еді. Тәуелсіз американдық мемлекеттің идеологиялық принциптерін қолдамаған Шарль де Вержен дегенмен оларға көмек беруге дайын болды, өйткені бұл жолмен Ұлыбританияны әлсіретуді көздеді.

1775 ж. бастап Америкадағы отарларға құпия қолдау көрсете отырып, ол Англияға қарсы ашық соғысуды мақсат етпеді, алайда француз буржуазиясы арасында Америка тәуелсіздігін ашық қолдағандар болды: маркиз Лафайет және «Севиль шаштаразы», «Фигароның үйленуі» шығармаларының авторы Бомарше. Бомарше отарларға құпия қолдау көрсету мақсатында 1775 ж. «Родриго Горталес и К» деген жалған сауда үйін ашты. Оның көмегімен Сайлас Дин Америкаға офицер-волонтерлар мен қару-жарақ жіберді. Жас француз офицері Лафайет өз қаржысына кеме жасақтап, 1777 ж. корольдің қарсылығына қарамастан Америкаға жүзіп кетті. Бомарше Францияның бейресми өкілі ретінде американдықтармен байланыс жүргізуге жауапты болды.

1776 ж. 15 желтоқсанда Франциядағы АҚШ-ң ресми түрдегі алғашқы елшісі ретінде Бенжамин Франклин Парижге келді. Еуропа АҚШ туралы аз мәлімет білетін еді, сондықтан Американы әлеммен таныстыру үшін беделді адам керек болды. Франклин жан-жақты талантты, білімді адам еді, ол кезінде Англияда да тұрған. Ол сонымен бірге ғылымда бірқатар жаңалықтар ашқан оқымысты еді (жарық, кеме жасауда, саяси экономияда). Сонымен бірге, сән елі саналатын Францияда Франклин киімінің «а ля Франклин» деп аталған үлгісін енгізушісі ретінде танылды. Парижге Америкадан келген кезде ол Америкадағы сияқты сұр шекпенімен жүре берді, шашын жабыстыра тарап қоятын. Еуропадағы сән бойынша ол пудраланған парик кимей, сусар бөрік киіп жүретін еді.

Ол тек француз үкіметімен емес, Англияның Франциядағы елшісі лорд Стормонттан басқа дипломаттардың бәрімен жақсы қатынаста болды. Англияның әлемдік аренадағы орны және сол кездегі саяси ахуал Америка үшін қолайлы еді. Ағылшын-француз бақталастығын және Испанияның Англияға қарсы болуын Американың пайдасына қолдануға мүмкін еді.

Одақтастыққа қолы жетпеген отарлардағы жағдай нашарлап, Англиямен татуласуды көздеді. Бұл жөнінде 1777 ж. тамыз айында француз үкіметінің өкілдеріне берілген меморандумда айтылды. Ағылшындар Филадельфияны басып алды да, конгресс Йорктаунға көшті. Генерал Бергойн ірі әскери жасақты басқарып орталық отарларға келді. Бұл әскери операцияға барлық Еуропаның назары аударылды. Әйтсе де Саратога түбінде ол қоршауда қалып жауға ерікті түрде берілді. Франклин бұл жеңіс туралы хабарды қолынан келгенше бәріне таратты.

1777 ж. желтоқсан айында американдықтар соғыста жеңе бастады. АҚШ пен Англия арасында бейбіт келісім туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл екі ел арасындағы соғысты жалғастыруды көздеген Верженн Франклинге француз үкіметі АҚШ-пен одақтастық жөнінде келісім жүргізбек деп хабарлады.

Осыдан кейін АҚШ Англиямен келіссөзін үзді, бірақ Верженн тағы да салғырттық танытты. Ол Франклинге Испаниямен бірігіп барып одақ құрамын деді. Бұл дипломатиялық ойын еді: соғысты созу, Англияны әлсірету және АҚШ-тың күшеюіне жол бермеу. Іс жүзінде Верженн франко-американдық одақтастыққа Мадридтің қосылуы туралы испан үкіметінен сұраған емес. 1778 ж. 6 ақпанда АҚШ Англиямен келіссөз жүргізе бастады деп естігеннен кейін ғана Верженн АҚШ-пен сауда-саттық және одақтастық жөнінде екі келісімді жасады.


Америка республикасының пайда болуымен дипломатияның жаңа принциптері пайда болып қоймай, сыртқы істерді жүргізудің жаңа формалары пайда болды. Сыртқы саяси қатынастарды жүзеге асыру үшін Континенталды конгресс пленумы құрылды. Кейін халықаралық істер комитеттер мен конгресс алдында жауапты адамдардың қолына өтті. Бұл жас Америкада дипломатиялық қызметтің, сыртқы саясат жүргізуде арнайы дайындалған институттардың пайда болу кезеңі болды. 1776 ж. 4 шілдеге дейін отарлар мүшелерінен құрылған съезд өзге мемлекеттерден көмек сұрауға батылы бармады. Континенталды конгрестің мұндай әрекеті ағылшын үкіметінің конгрестің мүшелеріне мемлекеттік сатқын деп кінә тағуына сылтау болар еді. Конгрес ашық түрде көмекті тек Британияның өзге отарларынан және Ирландия халқынан сұраған.

Солтүстік бейтарап елдер сауда кемелеріне қарсы ағылшын флоты ұйымдастыратын әрекеттерге жауап беру мақсатында бұл елдерді біріктіруді Ресей өз қолына алды. Швеция, Данияға Солтүстік теңізде сауда-саттықтың қорғалуы жөнінде декларация жіберілді. 1780 ж. 28 ақпанда (11 наурыз) ІІ Екатерина Англияға, Францияға, Испанияға теңіз саудасының принциптері жөніндегі декларациясын жіберді. Онда теңіз бостандығы, яғни соғыс кезінде теңізде бейтарап елдер кемелері сауда-саттықпен еркін жүзуі жайында айтылған. Бейтарап елдердің кемелерінде соғысқа қатысушы елдердің азаматтарының заты да тасылуға құқылы, тек ол заттар қару-жарақ, оқ-дәрі болмауы тиіс. Бұл ережелерді жүзеге асыру үшін орыс флотының біршама кұштері тартылды. Әскери бейтараптықтың жариялануы Англияның толық оқшаулауына әкелді. Бірқатар солтүстік мемлекеттер, егер Англия сауда-саттыққа кедергі келтірер болса оған қарсы шығуға дайын тұрды. Швеция, Дания, Голландия Ресейдің әскери бейтараптық жөніндегі ұсынысын қабыл алды, 1781 ж. оларға Пруссия, Австрия, 1782 ж. Португалия, 1783 ж. – екі Сицилияның корольдігі қосылды.

Ресей АҚШ-қа осылай көмектесті. Бірақ бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар шиеленісте болды. Ресей Англиядан бұрын АҚШ-ты тәуелсіз мемлекет деп танығысы келмеді. Сонымен бірге, Ресей Таяу Шығыстағы өз саясатына Британияның араласуынан қауіптенді.

Теңіз бостандығы жөнінде Америкалық дипломаттар Ресейден бұрын, 1776 ж. айтқан болатын, алайда ол Ресей теңіз-әскери күшінің араласуымен жүзеге асты, кейін өзге мемлекеттердің араласуы оның өміршең болуына атсалысты. Өзі соғысушы ел бола тұрса да АҚШ 1780 ж. қазан айында әскери бейтараптық қағидасына қосылды. Америка конгресі әскери кеме басшыларына декларация принциптерін бұлжытпай орындайтын арнайы ережелер дайындауға бұйрық берді.

Ал Америкада соғыс жалғаса берді, Англия жеңіске жете бастады. Ағылшын әскері оңтүстіктегі қалаларды өртеп, генерал Кориваллис Оңтүстік Каролинаны жаулап алып, Виргинияға бет алғанда, конгресс Парижге қосымша көмек сұрау мақсатымен Лоренсті жіберді. Франклиннің араласуымен Франция жаңа субсидия бөлді. Франциядан АҚШ-қа үлкен эскадра, жаңа әскер, және 20 мың адамға амуниция, қару-жарақ жөнелтілді.

АҚШ экономикалық тұрғыда әлі де Англияға тәуелді еді: 1790 ж. АҚШ-қа тасылған тауар 15 млн. долларды құрады, оның 13 млн. Англиядан әкелінген тауар. Экспортқа шығарылған 20 млн. долларды заттың 9 млн. Англияға жеткізілді. Американдықтардың көпшілігі Англиямен сауда-саттық жасауға мүдделі болғанмен, екі ел арасындағы қарым-қатынас күрделі болды.



Англия үкіметі Америкадағы бұрынғы отарларды қайтару туралы ойланды. Англия 1783 ж. келісімнің шарттарын орындай қоймады. Әскери бекіністерден өз әскерлерін алып кетуге асықпады. 1793 ж. Франциямен соғысқан Англия Америка кемелеріне тінту жүргізе бастады, оларды Вест-Индиядағы Франция иеліктеріне жібермеді. АҚШ өз кезегінде Англия өнімін алудан бас тартты. Англияға жайдайды жөндеу үшін Джон Джей келді, 1794 ж. 19 қарашада ол Англиямен келісім жасасты. Ағылшын кемелері АҚШ-тың порттарында жүруге ие болып, ал американдықтар Солтүстік Америкадағы Англия иеліктеріне келе алмады. Американың Вест-Индияға келген кемелері 70 тоннадан артық зат әкеле алмайтын болды, олар Вест-Индиядан қант, кофе, какао, мақта ала алмайды. Басқа да мәселелер АҚШ-ң пайдасына шешілмеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет