Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитеті Қазақстанда соңғы он жылда ажырасушылар қатарының артқанын айтады. Он жыл аралығында елде 1,5 млн үйлену дерегі тіркелсе, жарты миллионы осы уақыт ішіндегі ажырасушылар сапында болған.
Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі ерлі-зайыптыларға "тең құқықтарды пайдалануды, тең міндеттер атқаруды, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауға тең дәрежелі ортақ құқық береді. Ана-әке атану балаларды тәрбиелеуде де теңдей міндеттерді мойынға алу. Бірақ, көптеген ата-ана бүгін осы жауапкершіліктің салмағын сезінбей жүр.
Әлеуметтік жағдай.
Іnformburo.kz-ке берген пікірінде психолог, медиатор Әлия Ізбасарова:– Ажырасуға түрлі себеп әсер етеді.
Маған келетіндердің көбісінің айтуынша, материалдық жағдайларының төмендігі, үйдегі жетіспеушілік көбіне ұрыс-керістің шығуына себеп болады. Ерлі-зайыптылар осы жетіспеушіліктен ұрсысып керіседі, содан соң міндетті түрде бөлек жатады. Төсегі бөлінген ерлі-зайыптының арасы суиды. Шаңырақтың шайқалуының тағы бір себебі – ер адамның әйелінің "көзіне шөп салуы". Сүйген адамының мұндай сылтыңбай суық жүрісін әйелдер өте ауыр, жүрекпен қабылдайды. Бүгінгі жас отбасылардың, жалпы отбасының ажырасуының негізгі екі себебі осында, – дейді.
Адами құндылықтардың өзгерісі. Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова ажырасудың себебін адами құндылықтардың өзгеруінен іздейді. Оның пікірінше:– Әлеуметтанулық зерттеулер бойынша ажырасуға себеп болып отырған жағдайларға өзара түсініспеушілік пен тұрмыстағы түйіткілдер – әлеуметтік мәселелер жатады. Бұл ең алдымен құндылықтардың өзгерісімен сипатталады. Алайда, "отбасы", "бала", "денсаулық" ұғымдары сауалнама нәтижелері бойынша ешқашан да бірінші орыннан түспеген.
Демек, санада бар да, ал "әрекетте" жоқ болып отыр. Отбасының негізгі құндылық екендігін мойындайды, "бала – байлығымыз" – деп санайды, денсаулықтың маңыздылығын түсінеді, тек қай-қайсысының болса да қадіріне жетпейді. Табыстың төмендігі, тұрғын үйдің болмауы, жұмыссыздық, төленбеген несие тағы басқа да материалдық жағдайлар шаңырақтардың шайқалуына себеп.
Ененің, туыстардың араласуы.
Заңгер, адвокат Марғұлан Шыныбаев іnformburo.kz сауалына:– Ажырасу бойынша соңғы кездері статистиканың жоғарылағаны шындық. Бізге ажырасу ісіндегі заңдылықтар, мүлік бөлінісі, алимент мәселесімен келушілер көп. Қазақтарда көп түсініспеушілік жас отбасылардың ара қатынасына енесінің араласуы, туысқандардың жеке адамның, ерлі-зайыптының шекараларын сақтамай өтіп кетуінен туындайды. Ер адамның үйден кетіп қалуы да – бірінші орындағы себептердің бірі. Қазір 20 мен 40 жас аралығындағылар көп ажырасады. Қоғамдағы теріс эмоцияның, айналадағы агрессияның да әсері көп, – деп жауап берді.
400 мың ана, 40 мың әке, 1 миллион бала...
Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова "ажырасудың әсерінен елімізде толық емес отбасылар, жалғызбасты ана, жалғызбасты әке, «тұл жетім» емес «әлеуметтік жетім балалар» саны артқанын" айтады. Айсұлу Молдабекова "Елімізде 400 мыңнан астам аналар, 40 мыңнан астам әкелер 1 миллионға жуық баланы жалғыз өздері әкесіз, не анасыз тәрбиелеп отыр" – деген ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілі Аяш Макенованың 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі жиынында айтқан дерегін ұсынды.Сол деректегі сан бүгінде бұдан көбеймесе азайған жоқ.
Кейбір жұптардың ажырасу ықтималдығы басқаларға қарағанда жоғары:
Кейбір жұптардың ажырасу ықтималдығы басқаларға қарағанда жоғары:
Жастайынан отбасын құратын жұптар
Үйленбей тұрып балалы болғандар
Бірінші рет емес екі немесе одан көп некеде болғандар
Бір бірін танып білмей жатып үйленгендер
Алып қашу арқылы отбасын құрғандар
Женгетайлық арқылы үйленгендер
Қолданылған әдебиеттер: 1.chat.gpt
2.Chat open ai
3.Tome.app
4. wikipedia.com
5.informburo.kz
6.Informburo.kzhttps://informburo.kz/kaz/azata-azhyrasu-nege-kbeyd-otbasyn-tratandyrudy-zholy-anday.html