Отчет за второе полугодие 2010 года



Дата03.07.2016
өлшемі84.04 Kb.
#174667
түріОтчет
Отчет за второе полугодие 2010 года
Адамның толыққанды өмір сүру ортасын құру, елді мекендерді тұрақты дамыту мақсатында жыл сайын бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және спорт объектілері салынады.

Өңірдің құрылыс саласын дамытудағы басымды бағыттар: толыққанды теңгерімді тұрғын үй нарығын құру, облыстың әлеуметтік инфрақұрылым (білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет) объектілерін қайта жаңарту және салу, облыстың қалалары мен аудандарының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту.

2010 жылы қаржыландырудың жалпы көлемі мемлекеттік бюджет есебінен 18 418 446,3 мың теңгені құрады, оның герілгені 18 370 921,9 мың теңге немесе 99,7%. Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі 10,7 млрд. теңгені немесе 2009 жылмен салыстырғанда 167 % құрады.

2010 жылы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру аяқталды.

Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен кредиттердің көлемі үш жылда 8 8 643,0 млн. теңгені құрады, соның ішінде:

құрылысқа – 3 353,0 млн.теңге;

жалға берілетін тұрғын үй құрылысына – 1 754,0 млн.теңге;

инженерлік желілерге – 3 536,0 млн. теңге.

2010 жылдың қорытындысы бойынша, Құрылыс істері агенттігінен түскен жоспардағы тұрғын үй көлемі 125 мың шаршы метр болса, пайдалануға берілген тұрғын үй 222,9 мың шаршы метрді немесе 178% құрайды, бұл 2009 жылдың сәйкесінше кезеңдегісінің -107% (207 мың шаршы метр).

2010 жылы облыс бойынша 25 білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы 8,0 млрд.теңге сомасынна жүзеге асырылды, оның:

15 білім беру объектісі құрылысының (аяқталғаны – 9, ауысқаны -6) жалпы сомасы 3,8 млрд. теңге, олардың:

құрылыс мерзімі ауысқан 6 мектеп және 1 балабақша: Глубокое ауданының Бобровка, Үржар ауданының Науалы және Қаратума, Күршім ауданының Күршім ауылдарындағы мектептер және Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы 140 орындық 1 балабақша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Өскемен қаласындағы зияткерлік мектебі;

ағымдағы жылы 9 мектептің құрылысы аяқталған, оның ішінде:

9 мектеп республикалық және облыстық бюджеттер есебінен: Катонқарағай ауданының Өрел ауылындағы 320 орындық мектеп, Жарма ауданының Үшбиік ауылындағы 250 орындық мектеп, Бородулиха ауданының Бородулиха ауылындағы 360 орындық мектеп, Үржар ауданының Благодарное ауылындағы 320 орындық мектеп, Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі 400 орындық мектеп, Аягөз ауданының Ақши ауылындағы 180 орындық мектеп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тапсырыс беруші болып табылатын 2 мектеп, Күршім ауданының Барақ батыр ауылындағы 132 орындық мектеп (333,6 млн.теңге) және Тарбағатай ауданының Жәнтікей ауылындағы 180 орындық мектеп (453,3 млн.теңге);

Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылындағы 600 орындық мектепке ҚР Үкіметінің резервінен су тасқыны салдарын жоюға 972,2 млн.теңге бөлінген.

Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша жалпы сомасы 4,2 млрд.теңгеге 10 объекті жоспарланған (аяқталғаны - 9, ауысқаны – 1):

9 объектінің құрылысы аяқталған, соның ішінде:

4 аурухана: Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы ауысымына 150 келушіге арналған емханасы бар 100 төсек-орындық аурухана, Катонқарағай ауданының Катон ауылындағы 75 төсек-орындық аурухана, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 75 төсек-орындық аурухана мен Ақжар ауылындағы 50 төсектік туберкулезге қарсы аурухана, олардың жалпы сомасы 6 млрд. теңге, соның ішінде 2010 жылы – 1,5 млрд.теңге;

жалпы сомасы 385,1 млн.теңгені құрайтын 4 дәрігерлік амбулатория: Абай ауданы Архат ауылында, Күршім ауданы Қаратоғай ауылында, Тарбағатай ауданының Көкжыра және Жәнтікей ауылдарында;

Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, бұл қатерлі ісік ауруларына бастапқы деңгейде диагностика қою және емдеу жөнінен көмек көрсетуге мүмкіндік береді және облыста осы аурудың өсуін төмендетуге ықпал етеді, құрылыс 2005 жылы басталып, 2,4 млрд. теңге игерілді, соның ішінде 2010 жылы – 1,6 млрд.теге.

- Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығының құрылысын аяқтау 2011 жылға жоспарланған, объект бойынша барлығы 1,7 млрд.теңге игерілді, соның ішінде 2010 жылы – 777,8 млн.теге.

Көктемгі су тасқынының салдарын жою жөнінен үлкен жұмыс атқарылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы 2010 жылғы қауіпті су тасқыны болған көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар салдарын жоюға 8,4 млрд.теңге бөлінді:


- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар жүргізуге– 4,9 млрд;

- Республикалық бюджет -1,1млрд.теңге

- Облыстық бюджет- 468,7млн.теңге

- республика облыстарының көмегі -700,0 млн теңге

- "Парыз» қоғамдық қоры - 442,0 млн. теңге

- "Мой город" қоғамдық қоры -27,9 млн. теңге

- "Тарбағатай" қоғамдық қоры -19,4 млн.теңге

- жеке тұлғаларға мал сатып алу үшін берілетін жеңілдік кредиті -350,0 млн.теңге

- мемлекеттік материалдық резервтен бөлінетін материалдық көмек -365,0 млн.теңге.

Қалпына келтірілетін барлық аудандардағы жұмыстарға 44 мердігер ұйым, 1760 жұмысшы, 151 техника бірлігі тартылды.

Қалпына келтіру жұмыстары 6 ауданның 14 елді мекенінде жүргізілді.

Су тасқыны салдарын жою шеңберінде: :

- Тарбағатай, Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім аудандарында жалпы ауданы 43,55 мың шаршы метрді құрайтын 535 тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді және Зырян қаласында, Көкпекті ауданының Самар ауылы мен Жарма ауданының Қалбатау ауылында 115 пәтер 2897,9 млн. теңге сомасына сатылып алынды;

- Күршім ауданының Барақ батыр, Тарбағатай ауданының Жәнтікей және Көкжыра ауылдарында 1 759,1 млн.теңге сомасына сыйымдылығы 132, 180 және 600 орындық 3 ауылдық мектеп салынды және пайдалануға берілді;

- Абай ауданының Архат, Күршім ауданының Қаратоғай, Тарбағатай ауданының Жәнтікей және Көкжыра ауылдарында 385,1 млн. теңге сомасына сыйымдылығы ауысымына 25 келушіге арналған 4 ауылдық амбулатория салынды және пайдалануға берілді;

- 47,6 млн. теңге сомасына Жәнтікей және Көкжыра ауылдарында 2 ауылдық әкімдік салынды;

- 21,0 млн. теңге сомасына Жәнтікей және Көкжыра ауылдарында 2 Қазпошта ғимараты салынды;

- 286 млн. теңгеге 25 шақырым кент ішіндегі көшелер салынды;

- 76 млн.теңге сомасына 23,3 шақырым қажетті электрокүштілік жабдығы бар 0,4 кВ және 10 кВ электр беру желілері тартылды;;

- тұрғын үйлерге 401 ұңғыма 61 млн.теңге сомасына қазылды және жайластырылды;

- елді мекендердің 11,12 га ауданы 23,3 млн.теңге сомасына екі саябақ аймағымен абаттандырылды;

- 8 ауылға 61 млн. теңгеге жарық және – 42,4 млн. теңгеге инженерлік коммуникация тартылды;

- Көкпекті ауданының Лайлы су қоймасындағы бөгет қайта жаңартылып қалпына келтірілді;

- 69 жасанды имарат қалпына келтірілді, соның ішінде: 22 көпір және 47 суөткізгіш құбыр, 47 шақырым автокөлік жолдарына жалпы сомасы 1 049,4 млн. теңгеге орташа жөндеулер жүргізілді, соның ішінде:

республикалық бюджеттен:

- ШҚО Тарбағатай ауданындағы Бұғаз өзені арқылы өтетін республикалық маңыздағы «Қарағанды-Тарбағатай-Бұғаз» автожолының 852 шақырымындағы және 855 шақырымындағы 2 көпір 460 млн.теңге сомасына қайта жаңартылды;

- республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автожолындағы 56+300 шақырым құбырға 11,3 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді;

облыстық бюджеттен:

- жалпы ұзындығы 410 м 2 көпір 195,5 млн. теңгеге қалпына келтірілді;

- 15 суөткізгіш құбырға және 9 шақырым автожолдарына 59,6 млн.теңгеге орташа жөндеулер жүргізілді;

Қалалар мен аудандардың бюджеттері бойынша - 23,2 млн. теңгеге

4 көпір және 22 суөткізгіш құбыр қалпына келтірілді;

«Парыз» қоғамдық қорының қаражатынан - 299,8 млн. теңгеге

- 19 жасанды имарат қалпына келтірілді, оның 12-і –көпір және 7-уі құбырлар;

- жергілікті маңыздағы 38 шақырым автожолдарға орташа жөндеулер жүргізілді;



- Көлік және коммуникация министрлігі Тарбағатай ауданындағы Бұғаз өзені арқылы өтетін республикалық маңыздағы «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолының 852 шақырымындағы көпірді 323,0 млн.теңге сомасына қайта жаңартты;

- құрғақ аңғалдан өтетін «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 855 шақырымындағы көпір 137,0 млн.теңге сомасына қайта жаңартылды.

Негізгі проблемаларға жүргізілген талдау алға қойылған мақсатқа қолжеткізуді қамтамасыз ететін оң факторлармен қатар жобаның орындалуын кешеуілдететін бірқатар басқа да факторлардың барлығын көрсетті, оларға мыналарды жатқызуға болады:

1. Жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысының құны 90-нан 110 мың теңгеге дейін. Тұрғын үй құнына қойылған шектеулер сейсмикалық аудандарда 56 515 теңге мен 64 992 теңге деңгейінде сақталуда, бұл қолжетімді тұрғын үймен қажетті қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Жалға берілетін тұрғын үйді республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы ғана салу мүмкін, жекеменшік салымы құнның 40% дейінгіні құрайды. Инвесторлар болмаған жағдайда, облыстық немесе қалалық бюджеттерден қаражат бөліну қажет.

2. Пәтерлерді сату факторы. Бюджет саласында еңбек ақының өсуіне, кредиттер ресімдеу кезінде кіріс деңгейінің төмендеуіне, пайыздық салымның 4% төмендетілуіне байланысты, кредиттік тұрғын үй барынша қолжетімді болды.

Алайда, тұрғын үй құнының шекті деңгейінің тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы 90 мың теңге шамасында өсуі сатып алу қабілеттілігінің төмендеуіне және пәтерлердің сатылуының азаюына әкеп соғуы мүмкін.

3. Субъективті факторлар да бар. Құрылыстың ұзаққа созылуы, тұрғын үйді пайдалануға берудің кешіктірілуі. Нормативтік мерзім 12 ай болғанда, үйлер 3 жыл салынады, ал бұл пәтерлерді уақытында сатуға және қаражатты 3 жыл ішінде қайтадан пайдалануға мүмкіндік бермейді.


4. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жетілмеген нормативтік-құқықтық база.

Проблемалы мәселелрді шешу, бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану үшін, жобаларды тек жоғары эстетикалық талаптарға сай келетіндей ғана емес, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін жақсартатындай етіп дайындау, энергияны сақтаушы технологияларды пайдалану, құрылыс саласының нормативтік-техникалық құжаттарын жаңарту, құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік базаны жетілдіру, құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару деңгейін мен құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасын арттыру қажет деп санаймыз;

Облыс аумағындағы барша құрылыс кешенін одан әрі үйлестіру, облысты, қалалар мен аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жобаларын әзірлеуге және келісімдеуге қатысу, құрылысты және қайта жаңартуды ұйымдастырудағы бюджеттік саланың қажеттілігін қамтамасыз ету және қоылған мақсаттарға жету үшін 2011 жылы 14 720 847 мың теңге бөлінді.

Құрылыс басқармасы өзі жетекші ететін саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындады, атап айтқанда 2011 жылы алға қойылған міндеттер:

100 мектеп және 100 аурухана салу жобасын іске асыру аясында Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығының құрылысын аяқтау. Ішкі істер басқармасының объектілерін дамыту бағдарламасы шеңберінде Зырян, Семей және Өскемен қалаларындағы уақытша ұстау изоляторларының құрылыстарын бастау, білім беру объектілерін дамыту аясында Өскемен қаласында жалпы сыйымдылығы 1130 орындық балабақшалар, Жарма, Зырян аудандарында 320 орындық балабақшалар, Глубокое, Үржар, Күршім, Ұлан, Жарма аудандарында, Семей қаласында орта мектептер салуға кірісу.

Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу бағдарламасы бойынша 4 объектінің құрылысы жоспарланып отыр.

Семей және Өскемен қалаларының бюджеттеріне тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы тұрғын үйлер салуға және сатып алуға кредит беріледі, бұл мақсаттарға 1 750,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер кешенінің құрылысы, сондай-ақ Өскемен және Семей қалаларында көпқабатты тұрғын үйлер салу қамтамасыз етіледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және сатып алуға 625,0 мың теңге бағытталатын болады.

Сонымен бірге мәдениет, спорт, қоршаған ортаны қорғау объектілерінің құрылысы басталады.



Әкімгершілік бағдарламалар шеңберіндегі объектілерді ағымдағы жылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін, қалалар мен аудандардың әкімдері, мүдделі салалық департаменттер мен басқармалар бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау қажет, нақты айтқанда: пайдалануға берілетін объектілердің құрылыс барысын қатаң бақылау, мердігер ұйымдардың өздері қабылдаған шарттық міндеттемелерін нақты орындауларына жауапкершіліктерін арттыру, жұмыс өндірісінің кестесін бұзушылықтарды болдырмау, ағымдағы жылдың аяғына дейін республикалық және облыстық бюджеттерден тұрғын үй, тұрғын үйқұрылысы аудандарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды, әлеуметтік сала объектілерін салуға бөлінген қаражаттар көлемінің толық игерілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстарды кедергісіз жүргізуге мүмкіндік беретін түбегейлі жоспарлау жоспарларын, елді мекендердегі және тұрғын үй ықшам аудандарындағы құрылыстардың бас жоспарларын алдын ала дайындау бойынша шаралар қабылдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет