Өтілетін орны мен спорттық жабдықтарды дайындау



Дата01.12.2023
өлшемі22.53 Kb.
#485058
f60b54bdc944ed0


Өтілетін орны мен спорттық жабдықтарды дайындау.

Қозғалмалы ойынның өткізілу шарты, ережесі, ойыншылар саны


әртүрлі болуы мүмкін.
Ойлаушылардан арнайы дайындық қажет етілмейді. Қозғалмалы ойынның атауы әр жерде (әр жағдайда) түрлі нұсқасы бар.
Әйгілі чех педагогы Ян Амос (1592-1670) ойын көркі “дененің сергектігі”, шаттылық, кезек, ережені сақтау, қажырмен жеңіске жету... деп санаған. Тәжірибелік өмірге дайындықтағы білім саласы ретінде қозғалмалы ойынды арнайы оқып-үйрену қажеттілігі туралы Е.А.Покровскийдің (1838-1895) кеңесі осы заманғы лайықты естіледі.
Қозғалмалы ойынды өткізуге қатысты П.Ф.Лесгафттың басты талаптары өз құндылығын жоғалтқан жоқ:

  1. Әрбір ойынды өткізер алдында нақты міндеттерді анықтау;

  2. Ойынның қатысушылар жасына, күшіне, мүмкіндігіне сай келуі;

  3. Ойынға қатысушылардың жағымды эмоцияларын, сонымен қатар шығармашылық ынта мен дербес әрекеттерді оятуды қамтамасыз ету;

  4. Ойынды ұйымдастырудағы жүйелілік пен реттілік.

Қозғалмалы ойындар білімгерлік жаста пайдалы маңызды және демалуға көмектеседі, дене жаттығуларымен айналысып жатқан білімгердің бұлшық ет күшін нығайтады. Педагогтардың мақұлдауымен қозғалыс ойындарын қолданылған кезде олар білімгерлерде мақсатты қабылдау, жүйелілік, логикалық ойлау, қиялды жетілдіруге, еркін қозғалмалы активтілікті, спортпен айналасуға қызығушылықты оятуға көмектеседі. Өнегелі қаиеттерді, ұжым қызығушылығы үшін өз қызығушылығын құрбан етуді үйретеді. Дене тәрбиесі сабағында кейбір қозғалмалы ойындарды қолдану жеңіл атлетика (жүгірісті эстафета мен вариант), волейбол (ауа толтырылған доптармен, секіргіштермен ойын), баскетбол бойынша (бестіктер жаулайды) көмекші жаттығу ретіндегі бағдарлама болып көрсетіледі.
Қозғалыс ойындары – адамдардың шындықпен өрілген алыс күндерін меңзейтін, болмыстың өзінен туындайтын және соны жастардың танып-білуімен, түсінуіне арналған ақыл-ой, қиялының өрелі өрісі яғни ол жарқын күнбе-күнгі адам тұрмысының көрінісі. Сондықтан адамның өзі, оның тұрмыс-тіршілігі қандай шындық болса ол жасаған ойын да сондай болмыс шындығы. Қозғалыс ойындары, сайып келгенде, адам қиялы, фантазиясы арқылы өмір шындығының адам санасында түрленіп, қайта тууы болып табылады. Өйткені, ойын дегеніміз адамның еңбек тәжірибесінің сол ойын арқылы қайталануы. Олай дейтініміз, ол белгілі бір жүйеге негізделген адамдық дене, ақыл-ой жаттықтырушысы.
Тәрбиенің мақсаты – жеке адамды қалыптастыру, рухани дамыту, өз мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра білетін, зиялы, жүгін ілгері апара білетін жастарды тәрбиелеу.
Қозғалыс ойындар – тақырыпқа да, мазмұнға да өте бай. Сондықтан олар сала-салаға бөлініп, әр жақты қызмет атқарады. Мысалы, балалар ойыны, салт-санаға байланысты ойындар, дәстүрлі ойындар, әдет-ғұрып ойындары, ойын-сауық ойындары т.б. болып, тарамдалып кете барады. Бұлар ешқандай ғылыми талдауды қажет етпей-ақ, халықтың өзінің топтастыруына негізделген ұғым-нанымынан туындаған. Олай болатыны, әуел баста-ақ халық ұлт ойындарының бойына өз ұрпақтарының тұла бойынан көруге тиісті асыл қасиеттерді ойынның ішкі философиялық мүмкіншілігіне негіз етіп қалаған. Сол арқылы қарапайым халық идеяларды сіңіре білген. Халық данышпандағы осыны күн ілгері ойластырған. Сондықтан да ұлт ойындары туралы пікір айтушылар оны ешуақытта көнермейтін, тот баспайтын, үнемі жаңарып-жасарып отыратын, адам жасаған кереметтердің қатарына қосады.
Спорттық секциялардағы сабақтарда қозғалмалы ойындар жаттықтыратын процесске айналады. Жаттығуға кіретін үлгілі ойындар; қарсыласпен жанасатын топтық ойындар, жүгірісті және қосымша тапсырмалары бар эстафета, ойын жарыстары – бір орында тұрып түрлі заттарды беру. Қарапайым ойындардың бірнеше түрі (“ауа добы” – волейбол сабағында).
Ойын таңдау. Ойынды өткізуге дайындау оны таңдаудан басталады. Сабаққа ойынды таңдай отырып, оның негізгі тапсырмаларын ескеру керек. Ойынды таңдау өткізілетін орын да әсер етеді. Спорт алаңында, далада кең ауқымды талап ететін жүгірісі, секірісі бар ойындарды қолдану керек. Ойынды таңдай отырып, оның сюжеті жыл мезгіліне сәйкес келуі тиіс. Мысалы, көктемде “Құрбақа мен көкқұтан”, ал қыста “Екі аяз”.
(Ойынға дайындық. Ойынды таңдап алып, мұғалім оның өту ретін ойластырады, яғни ойнаушыларды қалай орналастыру, рольдерін қалай бөлу, ойынды қалай түсіндіру,ойын кезінде қандай білімгер беру, ауыртпалықты қалай реттеу және т.б. Ойынның жемісті болуы оның түсіндірілуіне байланысты. Түсіндіру қысқа, образды, эмоциялы болуы тиіс.
Ойынды басқару. Ойын, оның басталуы, ойын әрекеттері кезінде тоқтау, бітуі, әрқашанда белгілермен жүреді. Белгілер дыбыстық (ысқыру, шапалақ, сөздер) және көрінетін (қолды, жалауды сілтеу) болуы мүмкін.
Ойынның аяқталуы. Ойынды ойыншылар жақсы физикалық және эмоциалдық ауыртпалық алғанда тоқтату керек. Оқушыларды тәртіппен ұйымшылдыққа үйрету үшін, ойынды бастаған сәттегі жағдайға қайта оралып аяқтау керек.

https://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzU


1. Ойын таңдау тәртібі?
2. Ойынға дайындық. ережесі?
3. Ойынды басқару тәртібі?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет