Өткізілу уақыты: 09. 00 Өткізілу орны: Қалқаман ы а, №7 қалалық клиникалық аурухана Ұйымдастырушылар



Дата23.02.2016
өлшемі20.8 Kb.
7 қалалық клиникалық ауруханада

мамандандырылған трансплантология бөлімінің ашылуы туралы

баспасөз-релиз
Өткізілу күні: 2013 жылы 12 маусым

Өткізілу уақыты: 09.00

Өткізілу орны: Қалқаман ы.а,

№7 қалалық клиникалық аурухана



Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефондары: 2755473, 87013860455
2012 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде №7 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерінің алдына – ағзаларды трансплантациялау міндеті қойылды. Қазақстанда алғаш, 1979 жылы 17 сәуірде кейін А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы болып өзгертілген Клиникалық және тәжірбиелік хирургия ҒЗИ-ның ағзалар және тіндерді трансплантациялау бөлімінде донорлы бүйректі алмастыру операциясы сәтті өткізілді. 1978 жылы Қазақстанда ҰҒХО жанындағы трансплантология орталығының құрылған кезінен бастап, 500-ге жуық бүйрек алмастыру операциялары жүзеге асырылды. 2009 және 2010 жылдары жалпы алғанда 12 трансплантация операциялары, биылғы жылы Қазақстанда 13 бүйректі транплантациялау операциялары өткізілді. 2011 жылы алғаш тірі донордың бауырын трансплантациялау бойынша операция өткізілді. Ағзаны трансплантациялау бұл – тек республикалық клиникалар деңгейінде ғана жүргізілетін, жоғары мамандандырылған операциялар.

1 жыл ішінде Қазақстанда трансплантациялаудың жалпы қажеттілігі көптеген мұқтаж пациенттердің санын құрады. Бүйрек алмастыру бойынша 3000-ға жуық пациенттер; жүрек алмастыру бойынша – 1146-ға жуық пациенттер; бауыр алмастыру бойынша – 1000-ға жуық пациенттер; ұйқыбезін алмастыру бойынша - 233-ке жуық пациенттер, өкпе алмастыру бойынша - 235-ке жуық пациенттер және жүрек пен өкпе алмастырудың кешенді операциясы бойынша – 314-ке жуық пациенттер мұқтаж.

Осы жылы ағза мен тіндерді транплантациялау үшін шетелге 34 пациент, сонымен бірге 13 бала жіберілді. Солардың ішінде жүрек алмастыру бойынша – 1 пациент (Беларуссия Республикасына), бүйрек алмастыру бойынша – 18 пациент (Беларуссия Республикасына), бауыр алмастыру бойынша – 4 пациент (3-уі Германияға, 1-уі Беларуссия Республикасына), жілік майын трансплантациялау бойынша – 11 пациент (7-уі Беларуссия Республикасына, 3-уі Ресейге, 1-уі Израильге) жіберілді.



7 ҚКА ағзаларды трансплантациялауды жүзеге асыру, ағза алмастыруға мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалу үшін жыл сайын операцияларды өткізуге мүмкіндік береді. Өйткені пациенттердің әрқайсысы трансплантология бойынша шетелге бара алмайды. Өткізілген операциядан кейін, пациентке операция жүргізген дәрігердің бақылауы қажет. Қала жағдайында операциядан кейінгі әрбір пациент алмастырылған ағзаның жазылуына әсер алу үшін өз дәрігерінің бақылауында бола алады.

Қазіргі кезде бөліммен тек таяу шетелде (Белоруссия) ғана емес, алыс шетелде де (Оңтүстік Корея) оқытылған Р.П. Ибрагимов меңгереді. Өткен жылы Белоруссия Республикасында 9 маман (3 хирург, 1 уролог, 1 анестезиолог, 1 врач УДЗ дәрігері, 1 невролог, 1 дәрігер-лаборант, 1 жұқпалы бақылау мейірбикесі) оқытылды. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда 5 дәрігер оқытылды.
Каталог: about managing -> press service
press service -> Өткізілу күні: 14. 05. 2013 Өткізілу уақыты
press service -> Оңтүстік Кореядан келген жетекші мамандардың қатысуымен болатын Ашық есік күнін өткізу туралы баспасөз-релизі
press service -> Баспасөз-хабарламасы
press service -> Созылмалы вирустық гепатит бойынша дөҢгелек үстелді жүргізу тәртібі басталуы
press service -> Ашық есік күнін өткізу туралы Баспасөз-релизі Өтетін мерзімі
press service -> Өткізілетін күні: 03 мамыр 2013 жыл Өткізілетін уақыты: 09. 00 Өткізілетін мекен-жайы
press service -> 7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш бауыр трансплатанциясын жасау туралы Баспасөз-релизі Өткізілетін күні
press service -> Өткізілетін күні: 2015 жылғы 5 ақпан Өткізілетін уақыты: 11. 00 Өткізілетін орны


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет