Отырар ауданы әкімдігінің Қаулысы 03. 01. 2008 жыл №4


«Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен



бет2/6
Дата05.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#179999
1   2   3   4   5   6

«Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен

«Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеуге алу және мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің стандарты.
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7жасқа дейін) балаларды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 6-бабының 2 тармағының 18 тармақшасы, 8 бабының 4 тармағы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4.Осы мемлекеттік қызметті «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұсынады. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу болып табылады.

6. Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) өтініш беруші тиісті құзжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

2) құжаттарды тапсыруға (тіркеуге, түбіртек алуға) кезекте күту 40 минуттан аспауы тиіс;

3) тиісті құжатты алуға кезек күту 30 минуттан аспауы тиіс.

8. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты көрнекі ақпарат көзі ретінде «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің фойесінде (тағанда) орналастырылған. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5 үй.

10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі, түскі үзілісті есептемегенде, кезек тәртібімен іске асырылады. Жұмыс кестесі: қабылдау – дүйсенбі- жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғаларға жедел қызмет көрсету және алдын ала жазылу қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған таған, дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі көрсетілген тағанмен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5 үйде орналасқан «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (куәлік ХҚО-нда беріледі, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-Жолы даңғылы, н/з үй, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі, телефоны: 2-26-17);

3) жеңілдік беретін құжаттар көшірмесін.

13. Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеуге алу және мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру туралы анықтаманы жергілікті жерде ауыл округінің маманы береді.

Аталған мемлекеттік қызметті алу жөніндегі бланкілер қарастырылған.

14. Тұтынушы өтінішті қажетті қосымша құжаттарымен бірге «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, № 3 кабинетте бас маман іс-жүргізушіге өткізеді. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

15. Құжаттарды тапсырған өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық тиісті құжаттарды тапсырғандығын растайтын қолхат беріледі.

16. Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды мектепке дейінгі мекемелерге жолдаманы беру «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұтынушының жеке өзінің қатысуымен немесе қолданыстағы заңмен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

17. Осы мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға ұсынудан бас тартуға ешқандай негіздер жоқ.


3. Жұмыс қағидаттары
18. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы адамның конституциялық құқытары ме бостандықтарын сақтау, қызметтік міндетін орындауда заңдылықты сақтау, сыпайылық, түбегейлі және толық ақпарат ұсыну, олардың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттар 1 ай көлемінде сақталады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыстарының нәтижесі осы стандарттың қосымшасындағы сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметті сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналық мәні аудан әкімімен арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
21. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Отырар аудан әкімінің аппараты басшысы (тел:2-14-67) және Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаменті арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстарын дамыту бөлімінің маманы (Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаменті: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12-а, 8-қабат, тел./факс:56-32-47, 50-05-65) түсіндіреді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде сот тәртібімен шағымдануға болады.

22. Шағым Отырар аудан әкімінің аппараты басшысының атына жазылып, жалпы бөлімге тіркеуге беріледі, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-Жолы даңғылы, 25 үй, тел.: 2-12-45, факс: 2-10-42, Электрондық пошта: Otrar_akimat@mail.ru.

23. Шағымның қабылданғанын және тіркеу кітабына тіркелгенін растайтын, берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орны көрсетілген түбіртек аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы 2-12-45 телефоны арқылы білуге болады.
6. Байланыс ақпараты
24. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің байланыс мәліметтері: пошталық мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

Жоғары тұрған органдардың байланыс ақпараты Отырар ауданы әкімдігі, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-Жолы даңғылы, №25 үй, телефон: 2-11-89. Электрондық пошта: Otrar_akimat@mail.ru.

25. Қосымша ақпараттар алу үшін «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, ауыл округі әкімінің орынбасарына хабарласу қажет, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

«Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесімен «Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін)

балаларды тіркеуге алу және мектепке дейінгі

мекемелерге жолдама беру» мемлекеттік қызмет

көрсету стандартына қосымша


Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері




Көрсеткіш-

тің нормативтік мәні



Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-

тің есепті жылдағы ағымдағы мәні



1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақрпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағатталған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1.қызметерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)

Отырар ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 3 қаңтардағы

№ 4 қаулысымен бекітілген


«Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен

«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар рәсімдеу» (қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу) мемлекеттік қызмет

көрсетуінің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабының 1 тармағының, 14 тармақшасы;

2) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 6 бабының 2 тармағының 18 тармақшасы, 8 бабының 4 тармағы;

3) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңының 27 бабының 1, 2, 3 тармақтары;

4) Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-І Заңының 103-108 баптары;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегі №1346 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4.Осы мемлекеттік қызметті «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұсынады. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) өтініш беруші тиісті құзжаттарды тапсырған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;

2) құжаттарды тапсыруға (тіркеуге, түбіртек алуға) кезекте күту 40 минуттан аспауы тиіс;

3) тиісті құжатты алуға кезек күту 30 минуттан аспауы тиіс.

8. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты көрнекі ақпарат көзі ретінде «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің фойесінде (тағанда) орналастырылған. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5 үй.

10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі, түскі үзілісті есептемегенде, кезек тәртібімен іске асырылады. Жұмыс кестесі: қабылдау – дүйсенбі- жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғаларға жедел қызмет көрсету және алдын ала жазылу қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған таған, дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі көрсетілген тағанмен жабдықталған.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5 үйде орналасқан «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) қорғаншы (қамқоршы) болуға тілек білдіруші тұлғаның жазбаша өтініші;

2) кәмелетке толмаған балаға қорғаншы (қамқоршы) болуға тілек білдіруші адам, егер некеде тұрса, оның жұбайының жазбаша келісімі;

3) қорғаншы немесе қамқоршы болуға тілек білдіруші тұлғаның денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама Отырар аудандық денсаулық сақтау ұйымдарынан беріледі (Отырар аудандық өкпе ауруларына қарсы диспансері, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі, н/з үй, тел: 2-17-32; наркологтың арнайы қорытындысы, мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Д.Алтынбеков көшесі, н/з үй, тел: 57-29-76; тері аурулары диспансері, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Көкмардан ауылы, Т.Бейсенбіұлы көшесі, н/з үй; тел: жоқ).

4) балаға қорғаншы (қамқоршы) болуға тілек білдіруші тұлға, егер некеде тұрса, оның жұбайының денсаулық жағдайы туралы 12 тармақтың 3 тармақшасында көрсетілген анықтама.

Кәмелетке толмаған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемеге орналастыруға қажетті құжаттар:

1) кәмелетке толмаған баланы балалар үйіне, мектеп-интернатқа орналастыру туралы өтініш;

2) кәмелетке толмаған баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы (куәлік ХҚО-нда беріледі, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-Жолы даңғылы, н/з үй, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі, телефоны: 2-26-17);

3) ата-анасының мекен-жайы туралы анықтама («Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, н/з);

4) баланың (балалардың) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, «Балтакөл» дәрігерлік емханасы береді, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, н/з үй, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

5) білімі туралы құжаттар (оқушының жеке іс қағаздары);

6) ата-анасының немесе олардың орнын алмастыратын тұлғаның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі, ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы, хабар-ошарсыз кеткен деп танығаны туралы, олардың өлгендігі туралы, олардың әрекетке қабілетсіз деп танылуы (әрекетке қабілеті шектеулі) туралы сот шешімінің көшірмесі, сырқаты туралы анықтама, іздеуде екендігі туралы анықтама, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу туралы анықтама, ата-ананың (анасының) емдеу және тәрбие мекемелерінен баланы алудан бас тартуы туралы өтініші, емдеу мекемелерінде немесе басқа да орындарда баланы қалдырып кеткендігі туралы акті, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынан айырылуы туралы өзге де жағдайлар туралы құжаттар;

13. Аталған мемлекеттік қызметті алу жөніндегі бланкілер қарастырылмаған.

14. Тұтынушы өтінішті қажетті қосымша құжаттарымен бірге «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, № 3 кабинетте бас маман іс-жүргізушіге өткізеді. Мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

15. Құжаттарды тапсырған өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық тиісті құжаттарды тапсырғандығын растайтын қолхат беріледі.

16. Отырар аудандық әкімдігі кемелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы белгілеу туралы қаулысының көшірмесін беру «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұтынушының жеке өзінің қатысуымен немесе қолданыстағы заңмен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

17. Осы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға:

1) сот шешімімен ата-анасының әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамадар;

2) сот шешімімен ата-ана құқықтарынан айырылған, ата-ана құқықтары шектелген адамдар;

3) қорғаншының немесе қамқоршының оларға заңмен жүктелген міндеттерін орындамағандықтан өз міндеттерінен шеттеттілгені;

4) бұрынғы бала (қыз) асырап алушылар, егер бала (қыз) асырап алу олардың кінәсінен сот шешімімен тоқтатылса;

5) мынадай сырқаттарымен бала тәрбиесіне байланысты міндеттерді денсаулық жағдайына байланысты іске асыра алмайтын тұлғалар: жүре пайда болатын адамның қорғаныш тапшылығының белгілері (ЖҚТБ) және адамның қорғыныш тапшылығының қоздырғыштары; психикалық аурулар; маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания; өкпе аурулары (созылмалы бактерия бөлінетін, бірінші рет анықталған бактерия бөлінетін (бацилла бөлінгенге дейінгі); жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар (жазылмайтын сифилис, жазылмайтын гонорея, жазылмайтын урогенитальдық хламидиоз); алапес; дәнекер болып тұратын тканнің шыр бұзатын ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жиегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит); қабыршақтанған ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр түрлері, ихтиозоформдық эритродермия, артропатиялық псориаз); ауыр созылмалы буллез дерматоздары (акантолитикалық көпіршіктену, пемфигонд, терінің ихтиозоформдық бүлінуі, буллез эпидермолиз); І, ІІ топтағы мүгедектік (қорғаншы және қамқоршы органдарының шешімдері бойынша жеке-жеке) негіздер болып табылады.



3. Жұмыс қағидаттары
18. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы адамның конституциялық құқытары ме бостандықтарын сақтау, қызметтік міндетін орындауда заңдылықты сақтау, сыпайылық, түбегейлі және толық ақпарат ұсыну, олардың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттар 1 ай көлемінде сақталады.

4. Жұмыс нәтижелері
19. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыстарының нәтижесі осы стандарттың қосымшасындағы сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметті сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналық мәні аудан әкімімен арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
21. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Отырар аудан әкімінің аппараты басшысы (тел:2-14-67) және Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаменті арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстарын дамыту бөлімінің маманы (Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаменті: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12-а, 8-қабат, тел./факс:56-32-47, 50-05-65) түсіндіреді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде сот тәртібімен шағымдануға болады.

22. Шағым Отырар аудан әкімінің аппараты басшысының атына жазылып, жалпы бөлімге тіркеуге беріледі, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-Жолы даңғылы, 25 үй, тел.: 2-12-45, факс: 2-10-42, Электрондық пошта: Otrar_akimat@mail.ru.

23. Шағымның қабылданғанын және тіркеу кітабына тіркелгенін растайтын, берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орны көрсетілген түбіртек аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы 2-12-45 телефоны арқылы білуге болады.
6. Байланыс ақпараты
24. «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің байланыс мәліметтері: пошталық мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

Жоғары тұрған органдардың байланыс ақпараты Отырар ауданы әкімдігі, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-Жолы даңғылы, №25 үй, телефон: 2-11-89. Электрондық пошта: Otrar_akimat@mail.ru.

25. Қосымша ақпараттар алу үшін «Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, ауыл округі әкімінің орынбасарына хабарласу қажет, мекен-жайы: ОҚО, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы, Т.Әбуова көшесі, №5, тел.: 8-72543-3-55-44.

«Балтакөл ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесімен «Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар

рәсімдеу» (қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу)

мемлекеттік қызмет көрсетуінің стандартына қосымша


Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері




Көрсеткіш-

тің нормативтік мәні



Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-

тің есепті жылдағы ағымдағы мәні



1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95%

85%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

80%

60%

50%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80%

45%

30%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақрпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағатталған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

60%



Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)

Отырар ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 3 қаңтардағы

№ 4 қаулысымен бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет