Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Мектепішілік сыныптан тыс шара
Тақырыбы:
«Тарих дәптерінен өз бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы »
Өткізген: Дакешева А.Б
2009-2010 оқу жылы
«Тарих дәптерінен өз бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы»
(Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына - 21 жыл)
тақырыбындағы сыныптан тыс патриоттық шара сценарийі
Мақсаты:
-
Тұлғаны жоғары құлықтылық қасиеттерге, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
-
Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.
Б А Р Ы С Ы:
АӘД ұйымдастырушысының алғы сөзі:
-
1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15ақпаны, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді. Кеңес Одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып ескерткіштер орнатылып мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. «Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде ауған-жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті»
Тарихшы:
-
Ауғанстан туралы не білеміз? Мұсылман мемлекетінің жағдайы туралы хабардарсыздар ма? 1978 жылғы сәуір төңкерісінен басталған елдегі ахуал алапат үзік-созық соғысқа әкеп соқтырды. Оған кім кінәлі? Отан борышын ақтаған жауынгерлер ме, әлде саяси басшылық па? Тарих беттеріне үңілсек,........................................................................
Ауған соғысының 20 жылдығына байланысты жаңалықтар шарайнасынан үзінді көрсетіледі
-
Аталмыш тақырып аясында бүгінгі шарамызға атсалысушы 8 сынып оқушысы Аспендияров Еламанды «АУҒАНСТАНДАҒЫ АЯҚТАЛМАҒАН АЛАСАПЫРАН» тақырыбындағы баяндамасымен ортаға шақырсақ.
-
Келесі сөз кезегін «Құпиясы мол, табиғаты бөлек соғыс еді» баяндамасымен 10 сынып оқушысы Айтқалиев Қуандыққа береміз.
Ән «Ауған соғысының зардабы»
-
Алдарыңызда 10 сынып оқушысы Әбу Әділет «Тарих дәптерінен өз бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы» тақырыбындағы жаңашыл ізденіс жұмысын ұсынады
Қорытынды
СОҒЫСҚА ҚАНДАЙ САЯСИ БАҒА БЕРЕМІЗ?
Тәуелсіз ел ретінде ардагер ұғымын әлі де анықтай алмай, анықтамаған соң ардақтай алмай жатқан сияқтымыз. Ел үшін, ұрпағы үшін Ұлы Отан соғысында от пен оқ ортасынан оралғандар мен ауған соғысында қан кешкендердің мәртебесін бөле-жара қарау керек пе? Соғыстың үлкен-кішісі жоқ. Қай-қайсысы да Отан үшін, мемлекет үшін басын оққа байлады. Мемлекеттің бұйрығын орындаған, Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген ардагерлердің жазығы не? Отан үшін шейіт болғандардың отбасына көмектесудің былай тұрсын, ардагер атағын қимай келеміз. Соғыстың әділетті, әділетсіз немесе қате яки дұрыс екеніне бас қатыруды басқа мәселе ретінде былай қоя тұрып, соғысқа мемлекеттік тұрғыдан, оның болашағы, патриоттығы тұрғысынан саяси баға берілуі керек сияқты.
Ой-тұжырым
Ауған соғысына мемлекеттік-саяси көзқарас елдің болашақтағы саяси ұстанымының бағыт-бағдарын айқындауы тиіс. Өйткені 100 жыл, 1000 жыл өтсін, ардагер мәртебесі әлеуметтік емес, мемлекеттік әрі геосаяси мәселе. Оның үстіне әлемдегі тұрақсыз аймаққа айналған Ауғанстандағы ахуалды реттеу Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты басымдықтарының бірі екені анық. Қазақстан НАТО немесе ҰҚШҰ шеңберінде алда Таулы Қарабақ, Ирак, Ауғанстан т.б. аймақтарға өз бітімгершілік күштерін жіберуі мүмкін. Бітімгершілік күштер қанша жерден ерікті болған күннің өзінде саяси шешімдерді орындауға міндетті. Сондықтан кешегі соғыс сабақтары келешек саяси шешімдердің игілігі үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |