Ақмола облысы Жақсы ауданы
Тарасовка жалпы білім беретін орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: ««Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі »
Сынып: 6-8 «А»
Өткізген: Серикболат Нурсултан
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы:« «Алақай жаз!» Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі»
Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту;
Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру;
Демалыс мезгілінде кешкі 21.00-ден кейін көшеде жүрмеуге; жолда, көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, болмайтынын
Ойын сауықтыру мекемелеріне (кафе, ресторан т.б) мектеп оқушыларының өздігінен баруға болмайтыны туралы тыйым салынатынын ескертіп отыру.
Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру;
Компьютерді пайдаланғанда, теріс ықпалы байқалған сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз;
Жасөспірімдерді спирттік ішімдік, темекі сатып алуға жұмсамаңыз;
Басқа қала, ауылға барған кезде бала өмірі қауіпсіздігіне мұқият болу.
Бүгінгі күнде қоғамда адам өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылық жағдайлардың ішінде, баланы ұрлау, жәбірлеу жолдары, өзіне қол жұмсау жағдайлары кездеседі. Осы жағдайларды болдырмау үшін қоғам , соның ішінде ата-ана баланың уақытын тиімді ұйымдастыруы қажет. Баланы аялау, жылы сөйлеу, назар аудару, баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал етеді.
Қатаң тиым салынады:
1. Үлкендердің бақылауынсыз көлде шомылуға болмайды;
2. Қайықпен жүруге; көпірден, қайықтан, биік жардан суға сүңгуге;
3. Кешке және түнде суға түсуге болмайды;
4. Көл жағалауынан алыс кетуге, шомылуға рұқсат етілген белгілерден шығуға болмайды;
5. Жүзіп жүрген кемелерге, катерлерге, гидроцикл, ескекті қайықтарға жақын баруға болмайды;
6. Техникалық ескерту белгілеріне, буиларға, бакендерге мінуге болмайды;
7. Қайықтан, катерден, желкенді қайықтан және басқа да жүзу құралдарынан суға секіруге болмады;
8. Айлақтардың, көпірлердің, т.б. жанында шомылуға болмайды;
9. Күннің көзі кеткеннен кейін кешкі мезгілде суға шомылуға болмайды;
10.Таныс емес жерлерде суға секіруге болмайды;
11. Биік, жарлы жағалауда шомылуға болмайды;
12. Суда бір-бірін қуып, суға батырып ойнайтын ойындарға қатаң тиым салынады. Судың астында біреуді аяғынан ұстауға болмайды. Қорыққан адам әзілқойға зақым келтіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |