Оңтүстік Қазақстан халқының демографиялық жағдайы



Дата01.11.2022
өлшемі52 Kb.
#463784



Оңтүстік Қазақстан халқының демографиялық жағдайы

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы еліміздегі демографиялық процестерді басқарудың қолданыстағы бағыттарын жетілдіруге және оның сапалы жаңа бағыттарын дамытуға бағытталған. Бұл Тұжырымдамада көрініс тапқан демографиялық саясатының стратегиясы әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның барынша кірігуі жағдайында еліміздің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе адами әлеуеттің саны және сапасымен анықталатынынан негіз алады. Адамның жүріп-тұру еркіндігінің жалпы қабылданған құқықтарын негізге ала отырып, Тұжырымдама жалпы мемлекеттік мүдделерді іске асыру контексінде таяудағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған көші-қон процестерінің негіздерін айқындайды.


Қазақстан Республикасының жаңартылған демографиялық саясатының мақсаты – еліміздің ұлттық бірегейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде заңсыз көшіп келушілердің азайту болып табылады.
Көші-қон тарихында бірінші рет заманға сәйкес, «Оралман» атты электрондық база құрылды. Әр келген адам сол базада тіркеліп, соның арқасында мемлекеттен көмек алу есебі, ел ішіндегі бір қоныстан басқа мекенжайға аударылу, орналасқан, орналаспағандығы, квота есебіне кіру-кірмеуі, тағы да басқа деректер ашық, анық көрсетіліп тұр.
Егемендік алған алғашқы жылдары шетелден бір-екі отбасы көшіп келгеннің өзінде бөркімізді аспанға атып қуанушы едік. Иә, жыл сайын өз тарихи отанына көшіп келіп қоныстанып жатқан қандастарымыздың санының көбеюі қуанышты жағдай. Құдайға шүкір, қазір жылына 15 мың отбасыға дейін квота бөлініп отыр. Дегенмен біздің оралмандарымыз сол квотаны тиімді пайдаланып жүр ме? Оралмандардың тек квотаны иемденуі емес, оны ұқсатуына да зерттеу, талдау, бақылау жасалама?
Мемлекетіміздің шетелдерде тұрып жатқан қазақтар үшін «ашық есік» саясатын жүргізуіне байланысты, олар Қазақстанға ешқандай кедергісіз өз ықтиярларымен келіп қоныстануда. Оралмандар иммиграциясының квотасы халық санының өзгеруіне, елдің экономикалық және қаржылық жағдайына байланысты әр жылға анықталады. Квотаның көлемі ҚР Президентінің жарлығымен бекітіледі. 1993 жылы бірінші рет жылдық квота бекітілген болатын. Осы квотаға сәйкес 10000 отбасының көшіп келуіне мүмкіндік берілді. 90-жылдары квотаның көлемі едәуір өзгерді, 1999-2000 жылдары 500 отбасына дейін төмендеді. 2002 жылы экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты квота көлемі 2005-2010 жылдарға, әр жылға 15000 отбасына дейін жоғарылады.
Біздің белгілейтін оралмандар иммиграциясы квотасының басқа елдердегі жүйелерден айырмашылығы (мысалы Германия) Қазақстанда квотаға енгізілуі оралман отбасыларының елге кіруіне және ол жерде тұрақты өмір сүруіне талаптар қоймайды. Осының салдарынан да квотаға енгізілмеген оралмандар отбасылары көбейіп отыр.
Әрине, әр қазақтың Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келуіне шектеу қойылмағанмен, бүгінгі заман талабына сай елімізге кім келіп жатқаны бәрібір емес. Осыған байланысты күнделікті көшіп келушілердің құрамына талдау жасалып отырады.
Алдағы уақытта көшіп келу квотасына енгізіліп отыратын оралмандардың жасына, білімділігіне, мамандығына және кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып, осы талаптар бойынша қабылданатын Қазақстанға көшіп келіп жатқан оралмандардың барлығы өздерінің қалаған облыс аумағына қоныстануда. Олардың таңдауына ешқандай шек қойылмаған. Квотаға енгізу өтінішін бергендер де қай облыста тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандардың басым бөлігі тұрады (145 224 адам). Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық көшіп келушілердің 24 пайызын құрайды. Бұл жерде 87 260 адам немесе барлық көшіп келушінің 14,4 пайызы. Жамбыл облыстарында 75 777 (12,3 пайыз) және 60 944 (10 пайыз) оралман тұрады. Мұндай қоныстандыру жағдайы әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, квота өңірлік бөлініске бағытталған. Сондықтан да квота өмір сүру жерлерін шектейді. 90-жылдары квота көбінесе Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған болатын. Бұл етек алған солтүстік және орталық аумақтардағы эмиграциялық ағымдардың халық санын төмендеуге әкеліп соққан залалдарын жабу мақсатында жүргізілген болатын. Миграциядағы өзгерістерге сай квота кейінгі жылдары оңтүстік облыстарға жылжи бастады, бұл оралмандардың қоныстандыру үдерісіне (географиялық бағытына) сай келеді. Мысалы, 2006 жылы квотаға енгізілген оралмандардың 76 пайызы (15000 отбасының 11129-ы) Өзбекстаннан көшіп келіп, соның ішінде 59 пайызы оңтүстік аумақтарға қоныстанды.
Квотаға енгізілмеген оралмандарды қоныстандыруға көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен қамту деңгейі сияқты факторлар әсер етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысына оралмандардың көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Пәкстан мен Түркиядан көшіп келеді. Олар бұл облысты бұрынғы тұрған жеріне жақын болғандықтан және жылы климатына байланысты таңдайды. Орыс тілінде сөйлей алмайтын оралмандар бұл облыста қазақ тілділердің көптігін де еске алып таңдау жасайды. Облыстарды таңдауда оралмандардың туысқандары болуы және тарихи байланысы қосымша себеп болады. Қоныс аударушылардың негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарына көшіп келді, ал Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан қоныс аударды. Иммигранттар арасындағы қазақтардың үлес салмағы 77,6% (78,2%), орыстар - 12,8% (12,7%), немістер - 0,9% (0,9%) құрады. Қазақстаннан тыс елдерге кеткендер санындағы орыстардың үлес салмағы - 67,5% (60,8%), немістер - 7,4% (16,5%), қазақтар - 6,6% (5,5%) құрады. Ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 218828 (208474) адамды құрады, одан 96204 (91969) адам немесе 44% (44,1%) - халықтың өңіраралық көші-қонында. Өңіраралық қоныс аударуда халық көші-қонының оң айырымы елдің 4 (5) өңірінде байқалады, одан шамасы бойынша ең көбі Алматы қаласында: 15574 (13441) адам.
Квота шеңберiнде қоныс аударған оралман-студенттердiң мәселесi аса күрделi. Жоғары немесе арнайы оқу орнының бiрiншi, екiншi курсын тәмамдап келiп оқуын осында жалғастырғысы келсе дайындық бөлiмiнде оқу талап етiледi, келесi жылы қайта абитуриент болуға тура келедi.
Әлеуметтiк кепiлдiк жүйесi әлi де болса толық шешiмiн таба алмай отыр (жұмыссыздық, баспана, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да әлеуметтiк кепiлдiк жүйесi). Ең күрделi мәселенiң бiрi – баспана. Оралмандардың квотаға енуге ерекше талпынуының да басты мақсаты осында. Оралмандардың басым көпшiлiгi ауылдық мекендерге орналасуда. Алайда, оларға шаруашылық ұйымдастыруға, фермерлiк iс-қызметпен айналысуға қолайлы жер учаскелерi берiлмейдi. Өйткенi, бұған дейiн таратылып қойған. Заңмен белгiленген жер қоры дәлелсiз, яғни жұмыс iстемейдi.
Халық санының көрсеткiшiне алтын құрсақты аналарының көптiгiмен аты шыққан оңтүстiк қазақстандықтардың қосар үлесi қашанда жоғары. Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша, екi санақ аралығында алынған жедел ақпараттар бойынша 500 мыңнан астам адамға көбейiппiз. 1999 жылы жүргiзiлген санақ нәтижесiнде облыста 1 млн. 978 мың адам тiркелген болатын. Бұл жолғы ағымдағы есеп бойынша көрсеткiш 2010 жылдың 1 қаңтарына дейiн 2 млн. 429 мың адамға жеттi. Санақ кезiнде алынған алдын-ала деректер бойынша облыстағы қазақтардың үлес салмағы 72 пайыздың көлемiнде. Мәлiмет ағымдағы есеп бойынша келтiрiлгендiктен, әлi де толықтырылып, нақтыланады.
2010 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мәлiмет бойынша Мақтаарал (278,7 мың), Сарыағаш (267,5 мың), Сайрам (263 мың) аудандары мен Түркiстан (206,9 мың) қаласында ағымдағы есеппен салыстырғанда адам саны көбейген. Дегенмен, Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Созақ, Қазығұрт, Төлеби, Түлкiбас аудандарында адам саны кемiгенi байқалған.
Халық санының өсiмiне егемендiкке қол жеткелi бергi уақыт iшiнде атамекенiне ағылған оралмандар да бiршама оң ықпалын тигiзуде. ҚР Көшi-қон комитетiнiң айтуынша, 1992 жылдан берi облысқа 171220 қандасымыз көшiп келiптi. Республика бойынша соңғы кезде оралмандардың келуi бәсеңси түскенiмен, ауа райы қолайлы оңтүстiк өлкесiне қоныстануды қалайтындар жыл өткен сайын артып отыр. Мысалы, 2009 жылы 2800 отбасы, яғни 12692 адам ата жұртына оралса, биыл 2950 отбасы келедi деп күтiлуде. Елiмiзге оралуға өтiнiш бiлдiрген оралмандардың 99 пайызы көршi Өзбекстаннан екен. Атап өтетiн жайт, оралмандар арасында бала туу көрсеткiшi өте жоғары.
Оңтүстік Қазақстан Республикасының миграциялық процестерінің реттелуіндегі жағымды жағы мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы болып табылады. Қазіргі уақытта тәжірибе көрсеткендей мигранттардың саяси себептерге байланысты мемлекетімізден мүлдем кетіп қалу жағдай кездеспейді. Оңтүстік Қазақстанның миграциялық саясатының басты мақсаты миграциялық процесті басқару, демографиялық өсуін қолдап, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мигранттардың құқықтарының қорғауына жағдай жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:
-Эмиграцияның саны азаюы үшін жағдай жасау және сыртық миграция бойынша қарамақайшылықтардың санын толық түсіру.
-Ескі отандастарымыздың Отанына оралуына атсалысу.
-Миграциялық процестердің және заңдастырылудың басқарылу жүйесінің жетілдіруіне үлес қосу.
Ата жұртын аңсап келген қандастарымызға мұндай қызмет көрсету Оңтүстік Қазақстан облысының көші-қон комитетінің құзырындағы іс. Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша басқармасы оралмандармен кездесулер өткізіп онда қандастарымыздың мұң-мұқтажы зерттеліп, талқыланады. 2005 жылы облыс экс-әкімі Б. Жылқышиев көші-қон комитетіне оралмандарды ақпараттандыру мәселесін тапсырған болатын. Облыстық көші-қон басқармасы осы тапсырманы басшылыққа алып, 9 маусымда ОҚО-ға көшіп келген оралмандармен Қазақстан Республикасының « Халықты жұмыспен қамту туралы », « Зейнетақымен қамсыздандыру туралы », «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңдардың түсіндіру мақсатында аталған заң салаларының мамандарымен кездесу өткізді. Бұдан бұрын көші қон комитеті жер комитеті мен банк жүйесіндегі мамандармен кездесу өткізген алдағы уақытта басқарма басқа да жергілікті департамент өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Негізінен қандастарымызға көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдау аз емес. Мәселен облыс бойынша шаруа қожалығын ұйымдастыруға ниет білдірген оралман отбасына 2005 жылы облыс бойынша 3100 га жер төлемі, тұрғын үй салу үшін сұраныс жасаған отбасыларына облыс аумағы бойынша 1100 га жер төлемі бойынша беріледі.
Шымкент, Түркістан қалалары мен Сайрам, Ордабасы аудандарында оралман балаларды оқыту үшін мектептерде арнайы үйірмелер ашылған. Сондай-ақ, Мақтарал, Сарыағаш аудандары мен Шымкент, Түркістан қалаларында оқу жасынан асып кеткен ересектер өз сауыттарын арнайы ашылған курстарды жетілдіреді. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға бюджеттен және демеушілер есебінен әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Мәселен, 2005 жылы облыс бойынша оралмандардың ішінде әлеуметтік материалдық жағдайы төмен 2032 адамға 12 миллион теңге атаулы көмек қарастырылған. Көші-қон басқармасы «Атамекен» қайырымдылық қоры арқылы тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға үнемі көмек көрсетіп келеді.
Комитет көші-қон мәселелері бойынша Халықаралық Көші-қон ұйымымен (ХКҰ), БҰҰ-ның Босқындар мәселесі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерімен байланыста жұмыс атқарады. ХКҰ көмегімен Оңтүстік Қазақстан облысында «Достық» және «Дастан» деген оралмандар ауылы салынды. Сондай-ақ осы ұйымның демеушілігімен «Оралманның құқықтық жадынамасы», «Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі» атты танымдық кітапша мен шолу жарыққа шықты.
Жалпы, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі мемлекеттің экономикалық дамуына және қаржылай мүмкіндігіне байланысты жүзеге асырылуда. Соның ішінде, инфляцияны есепке ала отырып, оралмандарға деген қаржылай көмек те бар және мемлекет тарапынан ол үшін қомақты қаржы бөлініп отырады. Мысалы, 2006 жылы квотамен келген оралмандарды қабылдап жайғастыруға республикалық бюджеттен 11,2 миллиард теңге бөлінген болса, 2007 жылға 11,9 миллиард теңге, 2008 жылға 12,7 миллиард теңге қарастырылған. Әрине, көшіп келушілердің барлығы квотаға еніп, қаржылай көмек алғылары келеді. Өкінішке қарай, бүгінде мемлекет тарапынан ондай мүмкіндік болмай отыр. Сонымен қоса, қоныс аударушыларды қабылдап, жайғастыруды тек қаржылай көмек көрсетумен бағалауға болмайды деп есептейміз.
Әзірге көшіп келу квотасына енген оралмандар отбасыларына берілетін төлемақылар жылдық ең төменгі айлық көрсеткіш есебінің көбеюіне сәйкес қана өзгеріп отырады. Әрине, берілген көмек әрқашан аз болып көрінеді. Бірақ та, байқасаңыз, қаржылай көмектен басқа жеңілдіктер де аз емес. Көшіп келген бауырларымыз сол жеңілдіктерді пайдалана білуі керек. Басқа ұлттың өкілдері елімізге көшіп келгенде мұндай көмек түгіл, қайта олар біраз міндеттемелерді өз мойындарына алатын болады. Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйене отырып, бүгінгі күні мемлекет өз тарапынан оралмандарға мүмкіндігінше жағдай жасап, көмек көрсетіп отыр деп санаймыз.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2004 жылы халыққа жолдаған дәстүрлі жолдауындағы негізгі мақсаттардың бірі – республика халқының санын 20 миллионға жеткізу еді. Мұндай демографиялық көрсеткішке жету үшін ең алдымен ана мен балаға қамқорлық пен қолдау көрсету керек болса, екіншіден, әлемнің 40 елінде (Өзбекстан, Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Қырғыстан, Германия, Голландия, Франция және т.б) тіршілік етіп жүрген 4,5 миллионға жуық қандастарымызыдың Қазақстанға мемлекеттік бюджет есебінен қоныс аударуын қамтамасыз ету деген болатын.
Әлем бойынша өзінің бауырластарын шақырып жатқан тек үш-ақ мемлекет бар. Соның бірі – Қазақстан. Және де Германия мен Израиль. Кезінде елімізде “Халықтың көші-қоны туралы” Заңы қабылданды.
Халқымыздың санын көбейту мәселесі қай кезде де барынша өткір қойылып келгені баршаға мәлім. Әртүрлі себептерге байланысты барлық кезеңдерде демографиялық ахуалдың күрделі болып қалыптасқаны еш жасырын емес. Оның жаңа ғасырда ғана орнықты сипатқа көшкені белгілі. Халық санына қатысты қазақ үлкен пікір білдіруден тартынатыны бар. Соның өзінде де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біз демогра­фиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік”, деп 2008 жылғы Жолдауында қадап айта алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет