ӘОЖ 341.76(574)+(575.1)
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының дипломатиялық қатынастары
Налмишова Қ.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары көрші Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастары зерттеледі. Екі ел арасындағы дамып отырған экономикалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Кілтті сөздер: Экономикалық ынтымақтастық,келісім шарт,достық, интеграция,бейбітшілік,аймақтық қауіпсіздік,өзара көмек,инвестиция, консорциум, шекара,бюджет.
Түркі тілдес елдер арсында Қазақстан мен Өзбекстанның Дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылдың 23 қарашасынан бастап бекітілді. ҚР-ның елшілігі ӨР-да 1993 жылдың қарашасынан, ал ӨР-дің Елшілігі ҚР-да 1993 жылдың шілдесінен бастап жұмыс атқара бастады. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын принциптер Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шарты белгіленіп, құжатқа 1992 жылдың 24 маусымында қол қойылды. Шартта екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы мақсаттарда Тараптар сауда-саттықта бір-біріне анағұрлым қолайлы режим беруге, сондай-ақ барлық деңгейлерде өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамытуды көтермелеуге, тікелей инвестицияларға арналған жағдайды жақсартуға, бірлескен кәспорындар құруға міндеттеді.
Ел басымыз Н.А. Назарбаевтың 1994 жылғы 10-12 қаңтар аралығындағы Ташкентке сапар барысында қол қойылған, Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы шарт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты, әсіресе экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жәрдемдесті. Осы келімге сәйкес мыналар ұсынылады:
-капитал және жұмыс күшімен тауардың еркін айналымы үшін құқықтық қызмет көрсету экономикалық және ұжымдық жағдай құру
- көлік және коммуникация салаларында саясатты келісіп жүргізу
- тиімді бәсекелестік үшін жағдайлар тудыру: монополияға қарсы тетіктерді реттеу.
- осы мемлекеттердің нарығында өзара сауданың еркін бағасын қолдану, тауар өтімділігінің шектелуінің бір жақты әрекеттерін болдырмау[1].
Бұдан басқа осы шартта: несиелік есеп айырысу, салық, бюджет, баға, кеден және валюта саясатын жүргізген кезде өзара іс-қимыл жасау туралы айтылады. Мемлекет басшылары осы құжатта БЭК , ТМД экономикалық одағын құру туралы шартты, сондай-ақ 1994-2000 жылдарға арналған экономикалық интеграцияны тереңдету жөніндегі екі жақты бағдарламаны іске асыру мақсатында құрылады деп пікір білдірді.
Қазақстан, Өзбекстан елдерінің интегрциясы аймақтық оқшаулануды белгілемеді, керісінше ТМД шеңберінде өтіп жатқан интеграциялық процесінде жолсерік және өткізгіш болып отыр.
Осы келісімді – іске асыруда 1994 жылдың 8-ші шілдесінде Алматыда Президенттердің кездесуі болды, мұнда қатысушылар өмірлік маңызды мүдделерге жауап беретін көптеген негізгі құжаттар қабылдады. Сонымен қатар Орта Азиялық ынтымақтастықпен даму банкін құру туралы шешім қабылданды, осы қордың салықтары Өзбекстан – 918 мың доллар, Қазақстан – 833 мың доллар, Қырғызстан – 333 мың доллар. Қаржы және төлем қатынастары саласында ынтымақтасу үшін, сауда және басқа операцияларда мемлекетаралық есеп айырысудың санқырларын іске асырады. Төлем және ақша салудың мәселелерін шешеді, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын құру, стратегиялық бағдарламаларға несие бөлу, жалпы аймақтық нысандарды қаржыландыру ісиеріне жәрдемдеседі. Банктың басқару органы болып "банк Кеңесі” табылады, құрамына әр жақтан бір-бір сенімді уәкіл кіреді. Банк орыны – Алматы.
1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. Орта Азияны интеграциялау процесі 1995 ж 14 сәуірде Шымкентте өтіп кездесу аса маңызды болды. Бұл кездесуде 1994 ж 30 сәуірде Шолпан-атада қабылданған біртұтас экономикалық аймақ құру туралы келесімін жүзеге асырудың негізгі процесі қаралды. Қатысқан мемлекеттер ұмтылыс жасап, яғни интеграциялық процесс өз жемісін беру қажет деді. 1995 ж. 15 желтоқсанында Жамбылда өткен, мемлекетаралық мәжілісінде осы мемлекеттің Қорғаныс Министрлерінің Кеңесінің қағидасы бекітілді. Осыған сәйкес Қорғаныс Министрлер Кеңесі мемлекетаралық жұмы органы ретінде аймақтық қауіпсіздік, өзара әрекеттестік қорғанысы салаларында және әскери ынтымақтастықта барлық мәселелерді қарайды. Ең соңында ол оперативтік және әскери дайындықтың әуе күштеріне қарсы қорғанысты, қару-жарақ сондай-ақ т.б. бағыттардағы жұмытарды үйлестіреді.
Қазақстан, Өзбекстан ұлттық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мына бағыттарға күш-жігерін жұмсайды және үйлестіреді:
- жеке қорғаныс өзара әрекеттестікті және азия елдерімен сенімшілдік шараларын нығайту;
- ғаламдық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында – БҰҰ-ның барлық мүшелерімен, алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен ынтымақтасу.
Қазақстан, Өзбекстанның ОБСЕмен ынтымақтастығы олардың қауіпсіздігін, егемендігін және аумағынаң тұтастығын, экономикалық және әлеуметтік өрлеуін, құқықтық, демократиялық және саяси институттардың ілгерілеуін, адам құқығын және ұлттық азшылығын сақтауын нығайтуға бейімдейді. Бұл қатынаста мемлекетаралық өзара қатынасты нығайту – үйлесімді рөл атқарады, бұл алдымен посткеңестік мемлекеттер аралық Хельсинкте қабылданған Қорытынды актіде баяндалған белгілі он қағидаға негізделген ОБСЕ-нің қағидалары мен нормаларын посткеңестікке толық және жан-жақты енгізу, Азия мемлекеттеріне, ең алдымен көршілес Орталық Азияға мүдделі ықпал ететіні сөзсіз. Қазақстан, Өзбекстан әскери қызметкерлеріне НАТО-ға қатынасушы елдердің әр түрлі әскери-оқу орындарына есік ашылды. Аймақ елдерінің НАТО-мен ынтымақтасуының шарықтау сәті 1995ж. тамызда Луизиана штатында өткен халықаралық тәжірибе – жаттығуы болды, онда АҚШ, Канада әскери бөлімдерімен қатар кейбір Ортаазия мемлекеттерінің бөлімшелеріде қатынасты. Ортаазия ынтымақтастығы ұлттық Қарулы Күштерінің аяғынан нық тұруына, әзірге НАТО-ға қатынасушы үш мемлекет: АҚШ, Германия, Түркия ғана көмек көрсетуде. Бұл мемлекеттер аймақ елдерімен дипломатиялық қатынас орнаған бірінші күннен бастап екі жақты әскери ынтымақтастықтың әр түрлі нұсқаларын және формаларын ұсынды, нәтижесінде олардың тарапынан шет тілдерін үйренуге, әскери білім және қазіргі заманғы қарулы күштердің қағидаларын оқып үйренуге ықпал етілуде. [2].
1996 ж. 28 ақпанда қабылдағын Алматы декларациясының аймақтың бес мемлекеті басшыларының кездесуі қорытындысында Өзбекстанның Орталық Азияда ядросыз аумақ құруы туралы бастамасын бәрі бір ауыздан қолдады.
БҰҰ-ның бейбітшілік орнатудың операциялары жауласушы тарапқа әсер етуші көп қырлы әсерлі құралы, интернационалдандырылды күшейту нысанының неізі болып отыр. Осыдан барып 1995ж. сәуірде Шымкент кездесуінде Қазақстан, Өзбекстан президенттері БҰҰ-ның бақылауымен бейбітшілік орнату операцияларына қатынасу үшін әскери бірлестік құрып беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Бұл Орталық қазбат деп аталған.
Батальонның басты мақсаты орталық Азияда, сондай-ақ жер шарының кезкелген нүктесінде қауіпсіздікті және тұрақсыздықты нығайту болып анықталды. Сондай-ақ, Президенттер алғашқы қадам ретінде БҰҰ-ның резервті күштері жүйесіне бірігуге және БҰҰ-ның мамандарымен ақыл-кеңеске кірісуге дайын екендіктерін айтты. жоспарында – ұлттық қорғаныс күштерін құру және нығайту;
- ұйымдық қорғаныс жоспарында – ТМД шеңберінде қауіпсіздіктің ұйымдық жүесін құру;
- еуроортаазиялық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында - әскери саясатты және әскери ынтымақтастықты, сондай-ақ ОБСЕ мен НАТО-ға қатынасушы – мемлекеттердің бейбіт – шығармашылық қызметтерін үйлестіру
1997 ж. 10 наурызда ҚР, ӨР, ҚР – ның арасындағы мәңгі достастық үш жақты шарты ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Бұл құжаттан соң ҚР мен ӨР- нің арасындағы экономикалық кеңістік шеңберінде әріптестіктің тиімді жақтарын тереңдету тәсілдерін табуға, тиімді экономикалық жағдай туындатып, оны дамытуға, шаруашылық субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға өте зор ықпалын көрсетті. Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай, газ, геологиялық барлау, агроөнеркәсіптік кешендер саласында жаңа консорциумдар күшейтуге кірісті. Олар бір уақыттан бері Еуропалық (еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – ЕҚЫҰ (ОБСЕ), Солтүстік Атлант ынтымақтастығының кеңесі – САЫК (САСС), Еуропа жаңғыру және даму банкісі) және Азиялық (экономикалық ынтымақтасу ұйымы – ЭЫҰ (ОЭС), Ислам конференция одағы, Азиялық даму банкі, Исламдық даму банктердің) аймақтық халықаралық ұйымдары мен банктерінің мүшелері болып табылады. құру туралы нақты ұсынытар мен келісімдер жасалды..
Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарындағы ілгерілеу деп Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 30-31 қазанда Өзбекстанға барған ресми сапарын айтуға болады, оның барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері нақты талқыланды. Бірнеше маңызды құжаттарға қол қою сапардың қорытындысы болды, олар мыналар:
- Мәңгілік достық туралы шарт, 1998-2007 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасы;
- Мұнай мен газ кен орындарын іздестіру, барлау және игеру саласындағы ынтымақтастық туралы;
- Өндірістік кооперация туралы;
- Астана әкімшілігі мен Ташкент хокимияты арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдер.
Бұл құжаттар туралы айтқанда – Орталық Азия аймағындағы халықаралық қатынастардағы ғана емес, әлемдік дипломатиялық практикадағы бірегей құжат – Мәңгілік достық туралы шартты бөліп айту керек. Бұл шарт Қазақстанның Өзбекстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының құқықтық берік іргетасын қалады. [3].
Екі елдің тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға жол ашатын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту және Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізін, сондай- ақ Трансазиялық теміржол және автомобиль арналарын пайдалану Өзбекстанмен ынтымақтастықта перспективасы мол бағыттар болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта интеграциялық процесс қиыншылықтарды бастан кешіруде. Біртұтас экономикалық кеңістік құру Шартының алдына қойған мақсаттары әлі табысқа жетпеді. Шын мәнінде осы жылдар ішінде аймақ елдерінде өзін-өзі басқару процесі байқалды. Су, энергетика, газ, көлік кешендері салаларында өзара әрекеттестікте проблемалар сақталып отыр. Өзбекстан арасында тауар айналымы жылдан-жылға кеміп келеді, бұл экономикалық байланыстардың қарқынының дәрежесінің айқын көрсеткіші болып отыр. Аймақта мәдени, ғылыми және салаларында байланыс кеміп барады. Шекарадан тауар өту жосығы қиындап отыр. Осындай оқиғалардың дамуының күрделенуіне көптеген себептер жиынтығы болып отыр. [4].
Мысалы: Өзбекстан мен Қазақстан өзінің саясаттағы басымдылығын даму жағына көшірді, әлемнің дамыған елдері АҚШ, ЕС-пен, сондай-ақ Ресеймен қайта қатынас орнатуға мәжбүр болды. Аймақ мемлекеттері арасында бірқатар шешілмеген мәселелер, ең алдымен су ресурстарын және шекараны бөлісу сияқты мәселелер интеграциялаудың даму қарқына әсерін тигізбей қоймады. Алайда экономиканы басқаруға қатысты екі мемлекеттің көзқарастарындағы айырмашылық сияқты фактор екі жақты қарым-қатынастардың сипатына объективті түрде әсер етеді. Егер Қазақстан үзілді-кесілді ырықтандыру бағытына көшсе, Өзбекстан бұрынғысынша басқарудың орталықтандырылған тәсілдерін ұстанады. Бұл, әрине, экономикалық ынтымақтастық саласындағы туындайтын мәселелер ді шешудегі көзқарастарға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге өзара сауда ауқымына ықпал етеді. 2000 жылы сауда көлемі 1999 жыл салыстырғанда 3 пайызға ұлғайды, ал 2005 салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды
2012 жылғы 29-30 қарашада Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында екіжақты ынтымақтастық бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссияның 12 отырысы өтті. Комиссия отырысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастарындағы ілгерілеуді атап өтті. Тауар айналымы 2011 жылы 24% өсіп, 1,9 млрд.АҚШ долл. құрады, ал 2012 жылғы 10 ай бойынша 1,7 млрд.долларын құрап, 10,8% ұлғайды.
Өзбекстан Республикасы Орта Азия бағытындағы Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Сондай-ақ, ол кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі ең белсенді және перспективалы экономикалық әріптесінің бірі болып табылады.Комиссияның отырысы кезінде тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы 2007-2016 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын дәйекті іске асыруды жалғастыруға келісті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тоқаев Қ. К. "Қазақстан Республикасының Дипломатиясы” – Астана. 2001ж. 51-52 б.
2. Абдулпаттаев С. "Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты” – А., 2005 ж. 204 б.
3. Хан Г. Б., Суворов А. С., Рахманов Г. Б. "Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты” – А.,2003 ж. 512 б.
4. Бейсенбекұлы Д. Қазақстан мен Өзбекстан қатынастары. // Алаш айнасы/ . 19.11. 2011ж
Достарыңызбен бөлісу: |