Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»


Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері



бет9/11
Дата19.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
#148451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері

Оқушылар арасында медициналық тексеру жүргізігеннен кейін оларды денсаулығына, физикалық жетілуіне және дайындығына қарап 3 топқа бөледі: негізгі, дайындық және арнайы.

Негізгі топқа денсаулығы жақсы, дайындығы жақсы балаларды алады. Дайындық тобына денсаулығы жақсы, бірақ дайындығы нашарлау балаларды және денсаулығында аз ғана ауытқулары бар балаларды алады. Оларға уақытша ауыр физикалық жаттығулар жасауға болмайды. Бұл балаларда медициналық қадағалау үнемі жүргізіліп тұрады. Арнайы топқа денсаулығында ауытқулары бар балалар алынады. Олармен ерекше жоспар бойынша сабақ өтіледі. Дене бітімінің дамуының ақауы бар және омыртқа сүйектері қисайған балаларға арнайы түзететін гимнастикалық жаттығулар тағайындалады.

Мектептің медицина қызметкерінің міндетіне денешынықтыру сабақтарына, кластан тыс сабақтарға қатысып, оқушылар қатысатын спорттық жарыстарға бірге бару жатады. Денешынықытру сабақтарына қатысқан кезде сабақ өтетін залдың гигиеналық жағдайын: тазалығын, жарықтануын, микроклиматын, ауа алмасуын, қондырғылардың дұрыс және жұмысқа жарамдылығына қарау керек. Сонымен қоса сабақтың тығыздығын, құрылысын және балалардың физиологиялық реакциясын: сабақ кезіндегі оқушылардың тыныс алу және жүрек қағысының жиілігін қадағалау.

Сабақтың тығыздығы дегеніміз оқушылардың қимылдауға, жылжуға кеткен уақытының жалпы сабақ өтетін уақытқа қатынасын айтамыз. Ол кемінде 60 - 65 % болу керек. Сабақ әдетте үш бөлімнен тұрады: кіріспе 5 -8 минут (тыныс алу мен қан айналу жұмысын жақсартатын және оқушылардың көңілін аударатын жаттығулар жасату), негізгі бөлім 30-35 минут уақытты алады (негізгі физикалық жүктеме), қорытынды бөлім 5-7 минут (жаймен физикалық жүктемені төмендету, бұл кезде жүрек қағысы мен тыныс алу жиілігі жаймен төмендеп қалпына келеді).

Педагогтар мен медицина қызметкерлері әр оқушының үйдегі гигиеналық жағдайы мен күн тәртібінен хабардар болу керек. Ата - аналар үйде балаға арнайы жабдықталған бөлме бөлгені өте маңызды болып саналады. Ол бөлмеде баланың жататын төсегі, кітаптар қоятын сөресі, сабаққа дайындалатын үстел міндетті түрде болу керек. Үй жұмыстарын орындайтын жұмыс орны болу керек, ол жер міндетті түрде үстелге қоятын жергілікті жарықтану шамымен және ол шам оқушыға сол жағынан түсетіндей етіп жабдықталу керек. Бала үйде сабақ дайындап жатқан кезде ата - аналар баланың үстелде дұрыс отырғанына көңіл бөлу керек. Үстел мен орындық баланың бойына сай болу керек. Егер үстел биік болса, онда орындығының астына бір немесе екі тақтай қойып биіктетеді, ал орындық биік болса, баланың аяғының астына кішкене орындық немесе аяғын тіреп отыратын ағаш тіреуіш қойып қою керек. Бұл кезде баланың көру қабілетіне күш түспейді, бала үстелде дұрыс отырады. Балада кітаптың астына қоятын картон немесе ағаштан жасалған кітап тіреуіш болса, тіптен жақсы. Төменгі класс оқушылары үшін кітаптары мен жазатын құрал - жабдықтарын салатын портфель, сөмкелер иыққа ілінетін болса, өте ыңғайлы. Дене бітімінің дұрыстығын сақтау үшін оқушылар сөмкелерін немесе портфельдерін екі қолына кезек-кезек ауыстырып ұстау керек.

Балалалық кезді шартты түрде үш негізгі кезеңге бөледі: туылғаннан 3 жасқа дейін – сәбилік кезең, екіншісі – мектепке дейінгі кезең 3 - 7 жас аралығында, мектеп кезеңі 7 - 18 жасқа дейін. Олардың арасындағы шекара шартты түрде болғандықтан, бір кезеңнен екінші кезеңге өту байқаусыз жүреді.

Сәбилік кезең – сәбидің өмірге келіп, бірінші жыл өмір сүруі оның тез өсуімен және жетілуімен сипатталады. Сәбидің ағзасында жаңа қоршаған ортаға бейімделу механизмі жетіле бастайды, сондықтан олардың микроклиматқа және басқа да қоршаған орта факторларының әсеріне қорғаныс реакциясы дамымаған.

Бұл кезде маңызды гигиеналық шараларға баланы емшек сүтімен және қосымша (сүт асханасында дайындалған, балаларға сүт тағамдарын дайындайтын жерде дайындалған) тамақтармен қамтамасыз ету жатады.

Сәбилерді қоршаған ортаның теріс факторларынан және әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қорғау керек. Бала жақсы өсіп, жетілуі үшін оны жүйелі тамақтандырып, жазғы күндері таза ауада, күннің көзінде көп серуендетіп, уақытылы ұйықтатып, ал күннің жылы кездерінде далада ұйықтатқан дұрыс.

Егер тұрғылықты жерде бұлтты күндер, жауынды күндер көп болатын болса, онда балада күн көзі жетіспеушілігі ауруы пайда болуы мүмкін, сондықтан ондай балалар профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелерін қабылдағаны дұрыс. Егер сәбиге қосымша тамақ берілетін болса, берілетін тағамдардың және тағамды дайындайтын судың сапасы жақсы болу керек. Осы кезде баланы ауа және су процедураларын қолданып шынықтырған дұрыс және таза ауада ұйықтатқан өте пайдалы.

Өмірінің бірінші айының соңында сәбиге массаж жасау - баланы баптаудың негізгі элементтерінің бірі болып саналады, ол баланың даму процесіне жақсы әсер етеді. Ал 4 айлық кезінде массажға қоса гимнастика да жасату қажет. Бұл кезде сәбиге дифтерия мен туберкулезге қарсы иммунизация жасалу керек.

Сәбилер күніне 5- 6 сағат таза ауада болу керек. Тамақтануы толық құнды, яғни қолданылатын тағамдар әр түрлі болу керек. Сәбилерге екі жастан бастап күніне 4 рет тамақ қабылдау керек. Сәбилердің ферментативтік және моторлы функциясының нашар жетілуіне байланысты, балаларға берілетін тағамдардың сапасы жоғары және жақсылап майдаланған болу керек. Осыған байланысты біздің елімізде сәбилерге тағам дайындайтын жерлерде технологиялық процестің сақталуына және өндірістің санитарлық жағдайына қатаң қадағалау жүргізіледі.

Балалар мекемелерінде: жұқпалы аурудың алдын алуда топтық оқшаулау, бөлмелерде ауаны жиі желдету, санитарлық ережелердің орындалуы маңызды орын алады. Сонымен қатар иммунизация

(ревакцинациялау), сол жердің жұмысшылары және балалары арасында ауруды немесе бактериотасымалдаушыны уақытылы анықтап, оны жекешелеу. Осы жаста балаларды гигиеналық тәрбиеге үйрету де маңызды болып саналады.



Мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста балалардың жоғары жүйке жүйесінде қозу процесі тежелу процесіне қарағанда басым болады. Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесі тез шаршап, сабаққа деген қабілеттілігі нашарлайды. Осы кезеңде балалардың сөйлеу қабілеті жақсы жетіледі де, сөйлеу мүкістіктері бар балалар анықталады. Ондай балалар арнайы ем қабылдау керек. Осы жаста балалардың музыкаға деген қабілеттілігі де айқындалады, сондықтан ондай қабілеті бар балаларды музыка мектебіне берген дұрыс. Баланың көру қабілеті бұл жаста жақсы жетілген, бірақ қоршаған ортаның факторларының әсеріне өте сезімтал болады. Сондықтан балабақшада сурет сабақтары, еңбек сабақтары, жазу сабақтары кезінде бөлменің жарықтануы жақсы болу керек. Бұл жастағы балалардың 80-85 % -ында көздің жақыннан нашар көретіндігі байқалады, сондықтан балалар қарайтын заттар баланың көзінен кемінде 35-40 см қашықтықта болу керек. Бұл жағдайлар орындалмаған кезде балаларда көздің ақилығы пайда болуы мүмкін. Сондықтан осы жастағы балаларды профилактикалық мақсатта көз дәрігері міндетті түрде тексеріп, көру қабілетінің мүкістігін ертерек анықтап, оны емдеу арқылы тоқтату керек.

Бұл жастағы балалардың омыртқа сүйектері майысқақ және тез өзгергіш. Бұл жастағы балалар жиі мойнын ішіне тартып жүреді, өйткені оларда бүгу бұлшық еттерінің тонусы жазу бұлшық еттерінің тонусына қарағанда күштірек болады. Егер бала партада дұрыс отырмаса, ондай балалардың омыртқа сүйегі тез қисаяды. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды партада дұыс отыруға тәрбиелеу керек. Ол баланың жақсы тыныс алуына, қан айналымының жақсы болуына және кеуде қуысының жақсы дамуына әсер етеді.

Балалардың жүйке - бұлшық ет жүйесінің жақсы дамуына дене шынықтыру жаттығуларын жасау, оның ішінде әр түрлі қозғалатын ойындар ойнау жақсы әсер етеді. Бұл жастағы балаларға таза ауада көп серуендеу, таңертең гимнастика жасау, әр түрлі спорт түрімен айналысу гигиеналық көзқарастан өте бағалы болып саналады. Сәбилік кезеңге қарағанда мектеп алды кезеңде ағзада жылу алмасу процесі жақсы дамығандықтан денені шынықтыру процедураларын қарқынды қолдануға болады. Барлық дене шынықтыру процедураларын ашық аспан астында жүргізген өте пайдалы. Күннің жылы кездерінде далада ұйықтаған, су процедураларын кеңінен қолданған да пайдалы. Мектепке дейінгі балалар арасында жоғары тыныс алу жолдарының аурулары, жұқпалы аурулар және жарақаттар алдыңғы орын алады. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың арасында ревакцинация және дегельминтизация жүргізу маңызды орын алады.

Мектеп жасындағы кезең. 6 - 7 жастағы баланың ми ұлпасының құрылысы үлкен адамдардікіндей болады. Ішкі тежеу процесі күшейеді, бала зейін қойып тыңдауды, көңіл аударуды үйренеді және тәртіпке көне бастайды. Қимыл үйлесілімділігі жақсарады, жүйке - бұлшық ет аппаратының және қол сүйектері жақсы дамығандықтан, оларға жазуды үйретуге болады. Омыртқа сүйегі және арқа бұлшық еттері жақсы жетіліп, ыңғайлы жиһазда 20-25 минутқа дейін тіке отыра алады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, жақсы дамып - жетілген 6-7 жасар баланы мектепте оқытуға болатындығын көрсетеді. Соңғы кездері оқушыларды 11 жылдық оқыту енгізілген, ал келешекте 12 жылдық оқыту енгізілмекші. Ол оқушыларда абстрактивті ойлану және шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған. Жаңа жоспармен оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің қарқындылығына байланысты болады.

Бұл кезде оқу процесінің және мектеп жағдайының оқушылардың денсаулығына және физикалық жетілуіне теріс әсерін тигізбеуі үшін бірқатар шараларды орындау керек.

Оқушылар физикалық жағынан жақсы дамып – жетілу үшін таңертеңгі гимнастика ұйымдастыру, дене тәрбиесі сабақтарын өткізу, сабақ кезінде дене шынықтыру үзілістер жасау, спортпен шұғылдану, әр түрлі саяхаттар ұйымдастыру қажет. Дене қуысы жақсы жетілу үшін және омыртқа сүйектері түзу болу үшін әр түрлі көп қимылдайтын ойындар ойнату, волейбол, тыныс алуды жақсартатын гимнастикалар, коньки тебу, суда малту, теннис және шаңғымен жүру өте пайдалы.

6-12 жас арасындағы балаларда сүт тістері түсіп, тұрақты тістер шығады. Осы кезде балалардың ауыз қуысының жағдайын тіс дәрігерінің тексеруі тіс кариесінің алдын алуда (фторпрофилактика, ауыз қуысын баптау, тәттіні көп жеуге тыйым салу және т.б.) ерекше қажет.

Мектеп жасындағы балалардың дамуының маңызды сатысының бірі – ол жыныстық жетілу кезеңі. Қыздарда ол 10-11 жастан, ал ер балаларда 12-13 жастан басталады. Бұл кезеңде балаларда жыныстық және басқа да эндокриндік бездердің қарқынды дамып, гормондар зат алмасу процестеріне және қаңқаның сүйектерінің жетілуіне әсер етеді. Орталық жүйке жүйесінің қозуы артады, ал психикасы эмоционалды процестің тұрақсыздығымен ерекшеленеді – балалардың мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тез өкпелегіш және болмашы нәрсеге ашуланатын болады.

Жүрек - қантамыр жүйесінің жетілуі салмағының жетілуінен қалып қояды. Бұл анатомиялық ерекшелік және жүректің жоғары қозғыштығы жүрек – қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер туындатып, жұмыс қабілетін нашарлатуы мүмкін. Жүректің жоғары қозғыштығы қоршаған ортаның теріс әсерінен (психикалық жарақат, жоғары жүктемелер) балаларда невроз ауруын туындатуы мүмкін.

Жасөспірімдердің жүйке - психикалық жүйесінің ерекшелігіне байланысты мұғалімдер және ата - аналар оларға ерекше көңіл аударып, олармен жайбарақат жағдайда сөйлесу керек.

Жоғары сынып оқушыларында жүйке - психикалық жүйесіне жүктеме көбейіп, көру қабілетіне күш түседі. Күн режимін дұрыс құру оқушыларды зорығудан қорғайды. Таза ауада көп болып, дене шынықтыруға, ырғақты гимнастикаларға жеткілікті уақыт бөлу керек. Көру қабілетін қорғау шаралары тек мектепте ғана емес, үйде де орындалу керек.

Қыздарда 12-13 жасында менструалдық цикл басталады. Бұл кезде олар дене шынықтыру сабақтарынан босатылады

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
10- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалар мекемесі және мектептің жоспарлануына, жабдықталуына және орналасуына қойылатын гигеналық талаптар.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Балалар мекемелерін орналастыруға, жоспарлауға және қолайлы етіп жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Балаларды қоршаған орта жағдайы оның дұрыс орналасуына, санитарлық жағдайына, дұрыс жабдықталуына байланысты болады.



Балабақшалар. Қазіргі кезде жаңадан салынып жатқан балабақшалар өздерінше жеке тұрған ғимараттарда, арнайы жобамен салынады. Бұрынғы ашылған балабақшалар әр түрлі ғимараттарда, мысалы, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында, бірақ кіретін есігі бөлек және аумағы жекешеленген болып орналасқандары бар. Барлық жағдайда балабақшалардың балаларды таза ауада среуендету үшін өзінің аумағы болу керек. Әр балаға аумақтың көлемі – 40 м2 кем болмау керек.

Балабақшаның ішкі жобасы топтық оқшаулау принципіне негізделген болу керек. Әр топта 20-25 баладан болу керек. Әр топқа балаларды жастарына байланысты топтастырады, олардың өздерінің жеке топтық бөлмесі (әр балаға 2,5 м2 саналады), ұйықтайтын бөлмелер мен көмекші бөлмелер кешені (дәретхана, жуынатын жер, буфет және шешінетін орын) болу керек.

Әр бөбек (ясли) тобында келесі бөлмелер міндетті түрде болу керек: балаларды қабылдайтын, ойнайтын, тамақ қабылдайтын, ұйықтайтын бөлмелер, төсек - жаймаларды сақтайтын сөрелер немесе оларды сақтайтын арнайы бөлме, дәретхана және буфет.

Топтың негізгі бөлмесіне балалардың сабақ өтетін, тамақ жейтін және ұйықтайтын бөлмелері жатады, ол жердің ауданы 50 шаршы метр, жарықтану коэффициенті 1:4 тең, терезелері оңтүстікке, оңтүстік- шығысқа және шығысқа қарау керек. Балалардың ойнайтын жерінде жақсы жағдай жасалу үшін, ол жерде жиһаздар аз болғаны дұрыс. Дәліздердің (50м2) көп бөлігі әйнектелген болу керек, жазғы кездерде олар ашылатын болу керек, ол жерде балалар күн жаңбырлы кезде және қатты суық кездері ойнайды, сонымен қатар жазғы уақыттарда сол жерде балаларды ұйықтатқан пайдалы. Қысқы уақыттарда профилактикалық мақсатта балаларды сәулелендіру үшін

топтың бөлмесін ультракүлгін сәуле көзімен қамтамасыз ету керек.

Балабақшаны жобалаған кезде әр топтың бөлмелерінің және ойнайтын аумақтарының жеке - жеке оқшауланған болуын қамтамасыз ету керек.

Топтық бөлмелерден басқа барлық топтар үшін жалпы бөлмелер де болады: музыка және дене шынықтырумен айналысатын бөлмелер, асхана, меңгерушінің бөлмесі, медицина қызметкерінің, оқшаулау, жұмысшылар мен қызметкерлерге арналған бөлме және дәретхана, таза төсек жаймаларды сақтайтын, кір жуатын, кірді кептіретін және өтектейтін орындар. Ғимаратта міндетті түрде орталықтанған су, канализация және жылыландыру болу керек. Егер орталықтандырылған су көзімен қамту мүмкіншілігі жоқ болса, онда жергілікті су көзімен қамту керек. Бала- бақшаның ауа режиміне және едендерінің тазалығына қатты көңіл аудару керек. Жеке қолданылатын заттардың принципі қатаң сақталу керек: киімдер, төсек - жаймалар, тіс тазалайтын щетка, ауыз шаятын кружкалар, сабын, 3-4 жастағы балалар үшін горшоктар. Осы мақсатта әр баланың киімін салатын шкафтар орналастырылады және бала өз шкафын жақсы есінде сақтап қалу үшін әр түрлі суреттер жапсырылады.

Балабақшадағы жиһаздар балалардың бойына және дене шамасына сай болу керек. Ол тегіс, оңай жуылып, тазаланатын, ақ түсті немесе кез келген ашық түсті сырмен сырланған, жарақаттану қаупі болмау керек. Отыратын орындықтың биіктігі аяқтың тізеге дейінгі биіктігіне, ал партаның биіктігі – аяқтың тізеге дейінгі биіктігі мен шынтаққа дейінгі биіктіктің қосындысымен анықталады. Осы көрсеткіштер сақталған жағдайда, бала партада ыңғайлы отырады. Дәретханада әр балаға жеке - жеке қол сүртетін сүлгі болу керек, оларды балалар бір бірімен шатастырып алмас үшін суреттермен белгіленген болу керек. Бөбек тобы топтық және жекешеленген манеждермен жабдықталу керек.

Балабақшаларды ойыншықтарды дұрыс таңдау және оларды жуып- шаю да маңызды орын алады. Бөбек тобындағы балалар ойыншықтарды, кір қолдарын ауызға салатындықтан ол топтарда оңай жуылатын және оңай залалсыздандырылатын ойыншықтар қолданған дұрыс: пластмасс, целлулоид, каучук, темір ойыншықтар (санитарлық мекеме қолдануға рұқсат бергендері ), ағаш ойыншықтар да егер олар сырланып, сыртынан нитролакпен лактанған болса, ыңғайлы болып саналады. Ойыншықтардың өткір немесе кесіп кесетін жерлері болмау керек. Жаңадан алынған және бұрыннан қолданылып жүрген ойыншықтар қолданғаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен қайнату арқылы және бактерицидті шаммен сәулелендіру арқылы залалсыздандырылады. Горшоктарды таза сумен жуғаннан кейін 0,5% хлорлы әктің тұндырылған ерітінідісімен 20-30 минут залаласыздандырады, таза сумен ішін, сыртын жақсылап жуып, кептіріп қояды.

Балабақшалардың аумағы жақсы жобаланған, барынша көгалдандырылған, көркейтілген және жабдықталған болу керек.

Балабақшада жекешеленген шаруашылық аймақ болу керек: су алатын, кір жуатын жер, көкөністерді сақтайтын қойма, қатты қалдық және тамақ қалдықтарын жинайтын жер орналасады. Ол жер периметрінен қысқа талдар егіліп немесе қоршалып басқа учаскелерден бөлектену керек. Қысқа талдармен әр топтың ойнайтын учаскелерін де бөлектейді. Ол жерде құм жәшіктер, балалар отыратын орындықтар, балалар секіріп, жаттығу жасайтын, ойнайтын әр түрлі құрылыстар жабдықталу керек. Ол құрылыстардың шеттері өткір болмау керек, беттері сырланған, яғни балалар әр түрлі жарақаттар алмас үшін жағдай жасалу керек. Балалар ойнайтын жерде міндетті түрде күрке болу керек, ол балаларды ауа райының әр түрлі өзгерістерінен ( жауын, қар, күн көзінен ) қорғайды. Әр топ ойнайтын бөлек учаскелерден басқа балабақшада барлық топ үшін жалпы учаскелерден де болады: дене шынықтыру аумағы, жануарлар бұрышы, жазғы себіл, жазғы дәретхана. Құм жәшіктердің құмы көктемде жаңадан алынады, оған міндетті түрде зерттеу жасату керек. Жазғы кезде бала бақшаның аумағы шаң көтерілмес үшін жуылу керек.

Мектептер. Мектеп салуға бөлінген жер, сонда оқитын балалар тұратын жерден кемінде 1-2 км қашытықта орналасу керек. Ауылды жерлерде балалар оқитын мектеп алыс жерде орналасқан болса, ауыл әкімшілігі балаларды мектепке апарып, алып қайтатын көлік бөлу керек. Мектеп оқушыларына шу, шаң, түтін әсер етпес үшін және бақытсыз жағдайлар болмас үшін мектепті өндірістік мекемеден, автокөліктің қарқынды жүретін жолдарынан алыс жерде орналастыру керек. Мектеп аумағының учаскесі егер бастауыш мектеп болса 0,8 га, ал орта білім беретін мектеп болса 1,5-3,0 га болу керек. Ол жерде мектепке қажет барлық нысандар ыңғайлы және тиімді орналастырылу керек. Мектептің барлық аумағының 15% - нан көп емес жерінде ғана мектепке қажет ғимараттар салуға болады, ал 50 % жері көгалдандырылу керек. Қалған жерлерде спорт алаңы, балалар дем алатын жер, оқу- тәжірибелік аймақ, шаруашылық аймақтар орналастырылады.

Мектеп ғимараты мектеп аумағының төргі жағында, мектеп шекарасына кемінде 15 метр жерде орналасу керек. Мектеп ғитаратында мынандай кабинеттер болады: сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, зертхана, шеберхана, дене шынықтыру және рекреация залы, мұғалімдер бөлмесі, кітапхана, буфет, асхана, дәрігердің кабинеті, гардероб, қол жуатын жермен бірге дәретхана. Бөлмелердің құрамы мектептің түріне және ондағы сыныптардың санына байланысты болады.

Сыныптар, оқу кабинеттері және дене шынықтыру залы үшін бөлмелердің терезелерін оңтүстік - батыс немесе оңтүстік жақтан, ал сызу, асхана, буфеттердің терезесін солтүстікке қаратқан дұрыс. Қалған бөлмелердің терезелерін кез келген жаққа қаратуға болады, бөлмелерге күн сәулесі жақсы түсетін болу керек.

Сыныптардың ауданы және кубатурасы жеткілікті болу керек, ауа алмасуы, микроклиматы, табиғи және жасанды жарықтануы жақсы болу керек.

Оқушыларға мұғалімнің айтқаны жақсы естілетін және тақтада жазылған жазулар жақсы көрінетін болу керек.

Класс 35-40 адамға саналуы керек. Бір оқушыға ауданның гигиеналық нормасы 1,25м2 болуы тиіс. Класта ауа режимі қатаң сақталу керек,осы мақсатта желкөздер мен фрамугалар ауа райы жылы кезде сабақ барысында үнемі ашық тұру керек. Үзіліс кезінде кластың ауасын есік- терезелерді ашып, өтпе жел көмегімен тазалау керек.

Кластың жалпы ауданы 50 м2, кластың ұзындығы 8 метрден көп болмау керек, кластың ені 6,2 метрден көп болмауы керек. Класта парталар үш қатар болып орналастырылады, терезеден санағанда үшінші қатарда табиғи жарық көзі жеткілікті болу керек. Мұғалімнің үстелін және тақтаны дұрыс орналастыру керек. Парталарға табиғи жарық сол жағынан түсетіндей етіп орналастыру керек. Класта жарықтану коэффициенті 1:4, ал табиғи жарық коэффициенті 1,5% болу керек. Егер класс ашық түсті жиһазбен жабдықталса, класта жарықтану жоғары болады. Жасанды жарықтану кластың барлық жеріне бірдей түсу керек және партаның үстіне түсетін жарық 150 лк кем болмауы керек. Ол үшін жасанды жарық көзі тиімді орналасу керек және жеткілікті болу керек. Мысалы, ауданы 50 шаршы метр класқа 300 ваттық 7-8 қыздыру шамдары 150 лк жарықтандырады. Ал люминисцентті шамдар (ақ түсті) қолданғанда парталардың үстінің жасанды жарықтануы 300 лк – тен кем болмау керек. Әр жарықтану үлкен жарық шамында үш 40 вт – тық шамдар орнатылу керек, ол үшін 12 люминисцентті шам қажет болады. Мектеп жиһазы балалардың бойына сай болу керек. Ол оқушылардың дене бітімінің дұрыс жетілуіне және жұмыс қабілетіне жақсы әсер етеді. Педагог оқушыларды партада дұрыс отыруды үйретуге міндетті. Баланың денесі партада отырған кезде тік жағдайда болу керек. Екі иығы бірдей биіктікте орналасу керек. Аяғы жерге немесе аяқ қоятын жерге тиіп тұру керек. Арқасы партаның артқы жағына тиіп тұру керек. Жазғанда және оқығанда екі қол партаның үстінде бос жату керек, ал шынтақ партаның шетіне жақын орналасқан болу керек. Баланың екі көзі партадан бірдей қашықтықта, яғни көру қабілетіне ыңғайлы партаның бетінен 30-35 см. Қашықтықта.

№ 15 сурет. Жазу кезінде баланың денесін дұрыс ұстауы

Егер бала партада дұрыс отырса кеуде қуысында және іш қуысында орналасқан мүшелер қысылмайды, тыныс алу еркін болады, тірек- қимыл аппаратына және көру қабілетіне күш аз түседі. Өлшемі бір партаны бойының ұзындығының айырмашылығы 15см -ден көп емес балалар қолданса болады. Осыған байланысты стандартты парталардың 5 тобы анықталған:

А тобы – балалардың бойының биіктігі 130 см- ге дейін, Б – 130 см –ден 145 см –ге дейін т.б.

Партаның ішкі жағында партаның стандартының нөмірі және оқушының бойы көрсетіледі. Әр стандартты парта негізгі элементтердің өлшемі бойынша белгілі бойының ұзындығына арналған балалардың дене үйлесімді шамасына сай. Егер парта стандарттарға сай дайындалмаған болса, оны стандартқа сай емес парталар дейді, ол парталарды мектепте қолдануға тыйым салынады. Балалардың бойына байланысты парталарды таңдауды жеңілдету мақсатында парталар стандарт талаптарына сай белгілі бір түспен дөңгелек немесе сызу арқылы белгілену керек: (А) –сары, (Б) – қызыл, (В)- көк, (Г) – жасыл, (Д) – ақ. Егер бала тым биік немесе тым төмен үстелде отырса, ол баланың омыртқа сүйегінің қисаюын туындатады.

5 - кластан бастап оқушыларға арнайы стандартқа сай дайындалған үстелдер мен орындықтар қолдану қажет.



№ 16 сурет. Тым биік үстелде (а) және тым төмен (б) үстелде отырғанда баланың омыртқа сүйегінің қисаюы

Парталарды класта қойған кезде олардың бір бірінен арақашықтығы кемінде 50-65 см.болу керек. Алдыңғы парталардың тақтадан және қабырғадан

арақашықтығы 2,6м –ден кем болмауы керек. Төмен парталарды алдыңғы жағына және терезе жақтан бірінші қатарға қою керек. Көзі нашар көретін балаларды, құлағы нашар еститін балаларды және бойы кішкене балаларды алдыңғы парталарға отырғызу керек. Балалар тақтадан жазған кезде бастарын бір жаққа бұра берудің алдын алу үшін, олардың орындарын әр тоқсан сайын ауыстырып тұру керек.

Класс тақтасының беті тегіс, жасыл немесе қара түске боялған, жылтырамайтын сырмен сырланған, өлшемі 175X 120 см еденнен тақтаның төменгі жағы 1-4 кластарда 75см, 5-8 кластарда 95см, 9-11 кластарда 100см. Тақтаның ұзындығы 3 м дейін болуы мүмкін, ол кластың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастырылу керек. Соңғы кездері мектептерде техникалық оқу құралдары кеңінен қолданылып жүр.(диафильмдер көрсету, кинофильм, дисплеймен жұмыс, компьютер). Олардың қолданылуы да гигиеналық қадағалауды талап етеді. Әсіресе көрсетудің ұзақтығы, экранға дейінгі арақашықтық, бөлменің ауа алмасуы үлкен рөл атқарады. 1-2 класс оқушылары үшін диафильм көрсету ұзақтығы 7-15 минут, ал кинофильм немесе телебағдарламалар көрсету ұзақтығы 15-20 минуттан көп болмауы керек. Көрсету кезінде алдыңғы қатар мен экранның арақашықтығы 2-2,5 метр, ал экранның жарықтануы 120-140 лк – тен кем емес болу керек.

Теледидармен арақашықтық кемінде 2,5 метр және 5,5 метрден көп емес болу керек. Жай класта екі теледидар орнатылу керек. Бұл кезде фильм көрсетер адын және көрсетілуден кейін бөлме жақсылап желдетілу керек.

Балаларды еңбекке баулудың үлкен саяси және халықшаруашылық маңызы бар, өйткені балаларда еңбекке деген қызығушылық артады. Сонымен қатар мектептегі еңбек сабақтарының балаларды сауықтыру маңызы бар. Бала жан- жақты жетілген болып өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет