Удк кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігн арттырудың басым бағыттары



Дата17.07.2016
өлшемі71 Kb.
#206225
УДК

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігн арттырудың басым бағыттары
Касенова А.С. – э.ғ.м.,оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикаылқ ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына алып келді. Сол ұғымдар арасында «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы қазіргі уақытта кең қолданысқа ие. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатқа ие.

2007 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғам дастыққа табысты кірігуінің кілті деп айтылған. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы деп елбасымыз айтып кетті.

Қазіргі уақытта еліміз биік белесті бағындыру қарсаңында. Елдің дамуы бағытын анықтайтын және оған қарқын беретін « Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына ену стратегиясы» және БСҰ-ға кіру нағыз ұлттық идеяға айналған. Осыған жетудің бірден-бір жолы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Нарықтық қатынас жағдайында тиімді еңбек ету бәсекелестік тартымдылықты күрделей түсе отырып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне итермелейді. Сапалы бәсекеге лайықты өнім өндіруге барлық өндірістер жұмыс істейді, бұл олардың тұрақтылық пен жаңалаудың бір түрі. Осы қойылған мақсаттарға дету үшін, олар өздеріне ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдайды.

2010 жылдың қаңтарында ел халқына жолдауында елбасымыз Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар. Халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді. Бүкіл ел бойынша сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды. Статистика мәліметтеріне жүгінсек 700-ге жуық тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001-ге ие болды. Бірақ та бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі де аздық етеді.

Нарықтық экономикада бәсекелестік маңызды фактор болып табылады. Ол адамдардың шаруашылық қызмет жүргізу түріне едәуір дәрежеде ықпал етеді.

Бәсекеге қабілеттілік әр түрлі деңгейлерде қарастырылады, яғни, өнімнің, фирманың немесе кәсіпорынның, саланың, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі болып. Осыған орай бәсекеге қабілеттілік пирамидасын келесі суреттен (1-сурет) көруге болады.

Суреттен көріп отырғанымыздай, бәсекеге қабілеттілік пирамидасының ең жоғарғы шыңы елдің немесе мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Оны қамтамасыз ету үшін елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі саланың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болады. Саланың бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорындардың және олардың өзара әрекеттестігі жүйесімен сипатталады. Ал кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі міндетті түрде – бәсекеге қабілетті өнімдер (қызметтер, жұмыстар) өндіру және өткізу, өндірістік-шаруашылық қызмет бойынша бәсекелік артықшылықтарға жету.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі отандық экономикада ғана емес әлемдік экономикада да кеңінен зерттелуді қажет ететін мәселе болып табылады. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын.

Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі – бәсекелік нарық жағдайында меншікті және қарыздық ресурстарды тиімді басқару мүмкіндігі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіші болып өнімнің бәсеке қабілеттілігі табылады.

М. Портердің пайымдауынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын бес бәсекелік күш бар:


  • Бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;

  • Ауыстырмалы тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;

  • Салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;

  • Тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;

  • Тұтынушылардың саудаласу мүмкіндіктері.

Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар әсер ететін нақты факторларын анықтау керек. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне мынадай бірқатар факторлар әсер етеді: кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі; өндірілетін өнімдердің түрлері; нарықтың сиымдылығы; нарыққа кіру жеңілдігі; осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары; саланың бәсекеге қабілеттілігі; аймақтың және елдің бәсеке қабілеттілігі.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебінде, 125 мемлекеттің ішінен Қазақстан 56-шы орын алып, бұрынғы КСРО елдерінің барлығын және Шығыс Еуропаның көп елін артта қалдырған.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәселесін қарастырғанда өнеркәсіп кез-келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек.

Бұл қуантарлық көрсеткіш, сондықтанда одан әрі даму үшін отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру керек, соның мысалы ретінде ЖШС "Евро Бекери и Томис Пастери" мысалға алуға болады.

Бұл кәсіпорынның негізгі қызметі нан және нан бұйымдары, кондитерлік бұйымдар және көтерме сату ұйымы.

ЖШС "Евро Бекери и Томис Пастери" нан және кондитерлік өнімдерінің ерекшелігі болып шығаратын өнімнің сапасы, онімнің арзанырақ бағасы және орау дизайнының әртүрлілігі.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен көрсеткіштеріне баға беру керек. Келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші критерий кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі. Осы критерий бойынша кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштер тобын қарастырады: өндірістік үрдістерді басқару тиімділігі; өндірістік шығындардың үнемділігі; негізгі еңбекті ұйымдастыру; өнімді өндіру; технологияның жетілгендігі.

Кәсіпорынның бәсекеге қабелеттілігінің екінші критерийі кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни: мүліктік жағдайды бағалау; кәсіпорынның өтімділік және қабілеттілік көрсеткіштері; қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері; іскерлік-белсенділік көрсеткіштері; кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтиже көрсеткіштері.

Үшінші критерийіне тауар қозғалысы мен өткізуді ұйымдастырудың тиімділігі. Бұл критерий келесі көрсеткіштермен сипатталады: дайын өнімнің жиналып қалу коэффициенті; сату рентабельділігі; өндірістік қуаттарды жіктеу коэффициенті; жарамдылықтың тиімділігі.

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі келесідей көрсеткіштермен сипатталады: қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы; материал қайтарымдылығы және материал сыйымдылығы; еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы.

Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа бөліп қарастырылады:

Бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру.

Екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын реттеу.

Үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын маркетингті жүйесін жеьілдіру.

Төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.

Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалықжетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалды үнемді пайдалануға, сонымен қатар оның баға бәсекелесу жағдайындағы өтімділігін арттыруға да серпін береді.

Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікке шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы мемлекеттік жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге бөлінуде. Соның ішінде экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, Қазақстанға стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы айтарлықтай болып отыр.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының әсерлерін бейтараптандыру.

2010 жылы аймақта өңдеуші өнеркәсіп орындарында жылдық өсу қарқыны 8-8,4% мөлшерінде болса, ол 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде үш есеге арттыру және жалпы ішкі өнімге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету, өңдеуші өнеркәсіптердің негізгі қорларының өнімділігін арттыру белгіленген:



  • кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды және жеке секторларды ынталандыратын, әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндіріске қосылған құндар тізбегіндегі элементтерді игеру;

  • ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістерден өнім өндіру бәсекеге тартымды, оларды ынталандыру;

  • мемлекеттің экспорттық әлеуметтік қосылған құны, жоғарғы тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптану;

  • сапаның әлемдік стандартына көшуі;

  • дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және әлемдік экономикамен ықпалдасуды күшейту қарастырылған.

Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.

Қазіргі кезде еліміздің экономикасы, әлемдік экономиканың ғаламдану жағдайында бірқатар проблемаларға тап болуда. Олар:



  • өндірістердің әлі де болса шикізаттың бағыттылығының барлығы;

  • экономиканың, әлемдік экономикадағы бірлесуіне әлсіздігі;

  • мемлекет ішіндегі салааралық және өңіраралық экономиканың бірлесуінің босаңдығы;

  • ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;

  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы;

  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы;

  • ғылым мен өндірістің арасындағы өзара тығыз байланыстың болмауы;

  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;

  • ғаламдану процесіне, менеджмент және сервистік-технологиялық экономиканың өтуге бейімделмеуі, міндеттерінің сәйкес келмеуі.

Осы мәселелерді шешу үшін, Даму Банкі, мемлекеттің инвестициялық

қоры және басқа стратегиялық жоспарлауға қатысатын институттар ғылмды және инновациялық қызметтерді ынталандыратын бағыттарды және инновациялық саясатты жүргізулері керек. Осы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржы нарығын одан әрі дамыту және білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру мәселелері алда тұр.

Өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау мемлекетіміздің алға қойған

басты мақсаттарының бірі болып саналады. Бұл мәселе мемлекетіміздің басты «Қазақстан-2030» стратегиясында айқындалған: «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері дамытуға тиіспіз».

Отандық нарықта ішкі өндірушілердің үлесін арттыру, оларды сыртқы

бәсекелестердің теріс пиғылды бәсекеге әрекеттерінен қорғау, әлемдік нарықта өз орнын табуға бағытталған ынталарын жан-жақты қолдау сынды әрекеттер мемлекетіміздің осы сала кәсіпорындарына жасайтын қамқорлығына өзек болуы тиіс. Ол үшін өндірісті мемлекеттік қолдау келесі бағыттар арқылы жүзеге асады:



  1. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында

отандық өнім өндірушілерді заңдық тұрғыдан қорғайтын шаралар дайындау.

Бұл бағытта осы ұйымға мүше болған басқа елдердің тәжірибесін назарға алу керек. Соңғы жылдары осы ұйымға мүше болған мемлекеттер (Латвия, Эстония, Грузия, Литва, Молдова және Қытай). Мұнда экспорттық субсидияларды пайдалану, кейбір импорттық өнім түрлеріне жоғарылатылған баж салықтарын қалдыру, қолдауды қажет ететін салаларға мемлекеттік жеңілдетілген кредиттер беру, тағы басқа да жағдайлар қарастырылған.



  1. Нақты сала кәсіпорындарына, яғни өнімді өңдеу секторына қатысты

мемлекеттік инвестициялық саясат ұстану. Қазіргі кезде зейнетақы қорлары, ұлттық қор, даму институттары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, мемлекеттік холдингтік компаниялар, сақтандыру қорларының жинақтаған қаржыларын тиімді несиелеу тетіктері арқылы аталған саланы қолдауға болады.

  1. Жалпы өнеркәсіптік саясат шеңберінде экономикалық қолдау

шараларын енгізу. Бұл бағыт кәсіпорынның қолайлы дамуы мен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі талап өнім өндірушілерді экономикалық қолдаудың тетіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Салықтық, кедендік, қаржы-кредиттік, ұйымдастырушылық, құқықтық, монополияға қарсы шаралар арқылы өнеркәсіптің өркендеуін қамтамасыз ету мемлекеттік қолдаудың негізі болуы қажет.

  1. Мемлекеттік саясаттың негізгі түйіні өндірістік және ғылыми-

техникалық кешендерді жиынтық түрде ішкі және сыртқы факторларды, сауда жүйесіндегі әлемдік талаптардың негізгі қағидаларын сақтай отырып икемді, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға негізделуі тиіс. Осы арқылы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

  1. Мемлекеттік саясаттың тағы бір ерекшелігі өндірісті тікелей қолдау

ғана емес, бәсекелі ортаны дұрыс реттеу арқылы өндірушілерді кәсіпорынға соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге, өнімді дайындау технологиясын жетілдіруге, қаржыларды тиімді пайдалануға, өндірісті жүйелі дамыту мен нәтижелі басқаруға, яғни, ең бастысы бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ынталандыру арқылы бейнеленуі мүмкін.

Сонымен қазіргі кезде экономикалық даму стратегиясына сәйкес кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын аттыруға тікелей әсер етеді.

Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарынан лайықты орын алу үшін, кң алдымен, еліміздегі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың әлемдік нарықта да бәсекеге түсе алатындай жоғары сапалы өнімдер өндіруіне жағдай жасауға, озық технологияларды енгізуге және қызмет тиімділігін арттыруға мән беруіміз қажет. Яғни, бұл мақсатта отандық кәсіпорындардың мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсету бағыттарын әзірлеуді қажет етеді. Ол бағыт еліміздің аймақтары мен салалары бойынша нақты іс-шараларды қамтығаны жөн.

Болашақта алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді жүзеге асырсақ, еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіріп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасында болатынына кәміл сенемін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы / Е. Әмірбекұлы. – Алматы: Экономика, 2009 – 120б.

2. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:ы оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2009 – 218 б.

3. Халықтың іргесін бірге қалаймыз - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // 2010 – қаңтар.

4. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан, 2006, 2 наурыз.

5. Жилқайдарова Г.Б. «Кәсіпорынның нәтижелі жетістігі – бәсеке қабілеттілігі» // ҚазЭУ хабаршысы – 2009 №5 б 117-121

6. Көпешева А. «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы» // ҚазЭУ хабаршысы – 2009 №5 б 131-138

7. Назарбаев Н.А, Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии. Послание Президента РК – Астана: Елорда, 2006

8. Жолдасбаев К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Алматы: Экономика – 2002, 63 бет

9. Габдулина А.С. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату // Евразийское сообщество – 2010 №1 с 48-53

10. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – Астана, 2007 жылғы 28 ақпан


ТҮЙIНДЕМЕ
Мақалада кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігiн арттырудың басым бағыттары қарастырылады.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается основные направления конкурентоспособности предприятия.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет