Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,
№28Ақбай жалпы ора мектебі, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Момынова Динара
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы:4 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі:11.09.2015ж
|
|
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
|
|
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың буын және тасымал туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс буынға бөле білуге, дұрыс тасымалдай білуге жағдай жасау.
|
|
Күтілетін нәтиже: Дыбыстарды ажыратады, мысалдар келтіреді,танымдылық, есте сақтау қабілеттері дамиды..
|
|
Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл» әдісі, баяндау, диалог, талдау.
|
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекі құралдар
|
|
3 мин
|
. Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу
Сабақтың бағалау критериімен таныстыру.
|
Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.
Өлең шумақтары арқылы ой сергітеді.
Кеспе суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар бағалау критерийімен танысады.
|
Кеспе қағаздар, бағалау парақшасы.
.
|
|
7 мин
|
І.Білу: «Миға шабуыл»: Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем дегеніміз не?
ата?
Қосымшалар дегеніміз не?
Буын үндестігі дегеніміз не?
|
Топтағы әр оқушы жеке- жеке жауап береді, өтілген материалдарды еске түсіреді.
Ауызша жұмыс.
Қосымша мәліметтерді тыңдайды.
|
Оқулық, плакат.
|
|
10 мин
|
ІІ.Түсіну
Оқулықпен жұмыс, ережемен таныстыру.
Тілімізде буын үндестігіне бағынбайтын мынандай қосымшалар бар: -мен, -пен,-бен: қаламмен, аспен.-қор, еңбекқор, -кер, талапкер, -гер, мұрагер-нікі Алматінікі.
|
Оқушылар ережені біледі, мысалдар келтіреді.
|
Оқулық
|
|
15 мин
|
ІІІ. Қолдану. «Сынақтан өткізу»
1-2 жаттығуды орындау.
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Сергіту жаттығуы.
|
Жұптық жұмыс.
Жұбымен тапсырманы орындайды, жұмыстарын қорғайды.
Сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндіреді.
Оқушылар өлең шумақтары арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
|
А4 пішіндегі қағазға жазылған мәтіндер
ноутбук
|
|
5 мин
|
ІV.Талдау
5-жаттығуды жазу.Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда
«Айсберг», «Бермуд үшбұрышы» туралы не білеміз?
|
Оқушылар сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады, жаттығуды орындайды.
Тапсырманы орындайды
|
Суреттер,кеспе қағаздар.
|
|
3 мин
|
V. Жинақтау.
Үй тапсырмасына дайындық жасау мақсатында 5 тапсырманы ауызша орындап, үйге жазбаша беру, сауатты жазу дағдысын бақылау.
|
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Жаңа сөздерді қайталап, пысықтау.
|
Оқулық
Түрлі-түсті суреттер.
|
|
2 мин
|
VІ.Бағалау.
Формативті бағалау
Жиынтық бағалау
Рефлекция.
Не үйрендім?
Не үйренгім келеді
Үйге тапсырма: Үйге: 5 тапсырма, ауызша.Келесі тақырыпқа ізденіс
|
Бірін- бірі, өзін-өзі бағалау.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сабақты білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады
|
Стикер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |