«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтамалар беру»



Дата21.07.2016
өлшемі46.5 Kb.
#213793


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы ----

№ --- қаулысымен

бекітілді



«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер

1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының ветеринариялық қызметті жүзеге асырушы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.



2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттері

тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға қызмет берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің ________ № _____ қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» стандартының 9-тармағында көзделген ұсыну негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) ветеринариялық дәрігердің қызмет алушының құжаттарын жүгінген күні қабылдауы және тіркеуі.

Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – отыз минуттан артық емес;

2) ветеринариялық дәрігердің ветеринариялық анықтаманы немесе жазбаша түрдегі дәлелді жауапты ресімдеуі;

Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – отыз минуттан артық емес;

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі қызмет алушыға ветеринариялық анықтама немесе жазбаша дәлелді жауапты беру болып табылады.


3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы өзара іс-әрекеттері

тәртібінің сипаттамасы


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысады:

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті ветеринарлық рәсімдерді (іс-әрекеттерді) сипаттау:

1) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының ветеринариялық қызметті жүзеге асырушы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінің (өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігерінің) құжаттарды қабылдауы және журналда тіркеуі.

Орындалу ұзақтығы: мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – отыз минуттан артық емес;

2) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының ветеринариялық қызметті жүзеге асырушы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінің (өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігерінің) қызмет алушыға ветеринариялық анықтаманы немесе жазбаша дәлелді жауапты ресімдеуі.

Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – отыз минуттан артық емес.

Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес әрбір іс-әрекетті (рәсімді) өтудің блок-сызбасында көрсетілген.


«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне 1 қосымша

Қызмет алушы

Аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының ветеринариялық қызметті жүзеге асырушы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінің (өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігерінің) құжаттарды қабылдауы және журналда тіркеуі.

Орындалу ұзақтығы: мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – отыз минуттан артық емес;

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының ветеринариялық қызметті жүзеге асырушы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінің (өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігерінің) қызмет алушыға ветеринариялық анықтаманы немесе жазбаша дәлелді жауапты ресімдеуі.



Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – отыз минуттан артық емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет