ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ
ТҰРАР АТЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ
ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ
«Бекітілді»
Мектеп директоры:
________________ А. Бердалиев
Тақырыбы: «МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ»
Дайындаған: Тарих пәнінің мұғалімі Қ.Дәулеталиев.
Рысқұл ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады»?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой
өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық
ойлы оқушыны анықтау, тест тапсырмаларын орындауға
дағдыландыру, ойын сабақтарға белсенділігін дамыту
т.б.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын,
жылдам әрі дұрыс шешім қабылдайтын және ойлау,
ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоғамдық, көпшілік орындардарда өзін-өзі мәдениетті
ұстай алатын, өз пікірін еркін жеткізетін, өз мүмкіндігін
дұрыс пайдалана алатын зерделі де сабырлы тұлғаны
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын, конкурс сабағы
Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялар арқылы сұрақ-жауап, тест, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, ойынға қажетті жаңа
технологиялар (компьютер, слайд, телефон,
музыкалық аппаратура, видео камера т.б.)
сызба кестелер, маркер, шарлар.
Эрудит сөзі: (тақырыпқа сай қолдануға болатын сөз)
«Ғылымның барлық саласынан көп білетін адам»
Сабақтың барысы:
-
Ойынның мақсатымен таныстыру.
2. Ойынның шартымен таныстыру.
3.Ойыншылармен таныстыру.
4. І тур жеңімпазын анықтау.
5.ІІ тур жеңімпаздарын анықтап, марапаттау.
6 .Қорытындылау.
1.Ойынның мақсаты: тарих пәні және басқа танымдық тапсырмалар
бойынша оқушылардың білімін және оларды
жүйелеу арқылы жеңімпазды анықтау.
2.Ойынның шарты:
Ойынға барлығы 9 ойыншы қатысады. Ойын ІІ турдан тұрады:
Жүргізуші ойыншыға І турдың ойын шартын түсіндіреді.
І тур. Қас-қағым сәтте орындалатын тапсырмалар бойынша берілген
сұраққа әрі жылдам, әрі дұрыс жауап берген ойыншы
анықталады және ойыншы ІІ турға өтеді.
ІІ тур. Қас-қағым сәтте орындалатын тапсырманың жеңімпазын
анықтап, онымен жүргізілетін
ойын. Жүргізуші ойыншыға ІІ турдың ойын шартын түсіндіреді.
І тур жеңімпазы ІІ турға қатысып, берілген 15 сұраққа жауап
беру керек. 5 сұраққа дұрыс жауап берген ойыншы күймейтін
бірінші белестен өтіп 1000 (мың) теңгенің иегері атанады және
ойынды жалғастыра алады. Екінші белестен асу – күймейтін
50 000 (елу мың) теңге сыйлықтың иегері атанады.Үшінші
белесте миллион теңгенің иегері анықталады.Ойыншы өзі
қалаған сәтте ойынды тоқтатып, тиісті ақшаны алуына болады.
Берілетін 15 сұрақтың кезегі мынадай:
15 СҰРАҚ – 1 000 000 теңге
14 СҰРАҚ – 750 000 теңге
13 СҰРАҚ – 500 000 теңге
12 СҰРАҚ – 200 000 теңге
11 СҰРАҚ – 100 000 теңге
10 СҰРАҚ – 50 000 теңге
9 СҰРАҚ – 20 000 теңге
8 СҰРАҚ – 10 000 теңге
7 СҰРАҚ – 5000 теңге
6 СҰРАҚ – 2000 теңге
5 СҰРАҚ – 1000 теңге
4 СҰРАҚ – 500 теңге
3 СҰРАҚ – 200 теңге
2 СҰРАҚ – 100 теңге
1 СҰРАҚ – 50 теңге
3. Ойыншы өзіне берілген үш жеңілдікті пайдалануына болады:
1 2 3
50/50
|
ЗАЛДЫҢ КӨМЕГІ
|
ДОСТЫҢ КӨМЕГІ
|
І тур сұрақтары:
1. Тарихи кезеңдерді ретімен орналастыр?
1. Жаңа заман тарихы
2. Орта ғасыр тарихы
3. Қазіргі заман тарихы
4. Ежелгі заман тарихы
Дұрыс жауабы:
1. Ежелгі заман тарихы
2. Орта ғасыр тарихы
3. Жаңа заман тарихы
4. Қазіргі заман тарихы
2. Мына тарихи Ұлы тұлғалардың құрған мемлекеттерін ретімен
орналастыр?
-
Батый Ұлы моғолдар
-
Мамун Алтын Орда
-
Керей мен Жәнібек Мамлюктер
-
Бабыр Қазақ хандығы
Дұрыс жауабы:
1
1. Батый Алтын Орда
2
2. Мамун Мамлюктер
3
3. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығы
4
4. Бабыр Ұлы моғолдар
3. Мемлекеттерді көлеміне қарап, кішісінен үлкеніне қарай орналастыр.
1. Моңғолия
2. Қытай
3. Қазақстан
4. Франция
Дұрыс жауабы:
1. Франция
2. Моңғолия
3. Қазақстан
4. Қытай
1 - о й ы н ш ы
1. Жібек матаны алғаш өндірген қай халық?
А. Араб
Б. Парсы
С. Қытай
Д. Орыс
-
Ерте тас ғасыры қалай аталады?
А. Неолит
Б. Палеолит
С. Мезолит
Д. Энеолит
3. Ақсақ Темір қай мемлекеттің әміршісі болды?
А. Алтын Орда
Б. Ақ Орда
С. Қарахан
Д. Мауеренахр
4. Ең кішкентай құрлық?
А. Солт. Америка
Б. Афика
С. Австралия
Д. Оңт. Америка
5. ХV-ХVІІ ғ.ғ. қазақтар қандай жазуды қолданды?
А. Орыс
Б. Араб
С. Түрік
Д. Қытай
-
1773-1775ж.ж. шаруалар соғысын кім басқарды?
А. А.Иманов
Б. С.Датұлы
Д. Е. Пугачев
С. С.Разин
-
Тәуке ханның заңдар жинағы?
А. Қысқа жол
Б. Жеті жарғы
Д. Шариғат
С. Ескі жол
8. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
А. 10 жылға
Б. 4 жылға
Д. 14 жылға
С. 8 жылға
9. Сақ тайпасындағы билеушінің атағы?
А. Қаған
Б. Патша
Д. Гурхан
С. Хан
10. Таңбаларды зерттейтін ғылым?
А. Антропонимика
Б. Нумизматика
Д. Топонимика
С. Геральдика
11. Патша обаларының айырмашылығы неде?
А. Диаметірінде
Б. Тереңдігінде
Д. Биіктігінде
С. Ұзындығында
12. Мұртты обалар қай аймақта кең тараған?
А. Оңтүстік Қаз.
Б. Батыс Қаз.
Д. Орталық Қаз.
С. Шығыс Қаз.
13. 1710 жылы жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүз өкілдерінің бас қосқан жері?
А. Қарақорым
Б. Мыңбұлақ
Д. Ордабасы
С. Қарақұм
14. Алтын Орданың негізін қалаған хан?
А. Мөңке
Б. Берке
Д. Шыңғыс
С. Батый
15. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы?
А. Масуди
Б. Кутеиба ибн муслим
Д. Фадлан
С. Хаукал
2 - о й ы н ш ы
1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
А. Әбілхайыр мен Әбілмәмбет
Б. Керей мен Жәнібек
Д. Жәнібек пен Жолбарыс
С. Қасым мен Тұрсын
2. 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Біржан-Сара» операсының
авторы белгілі сазгер?
А. А.Жұбанов
Б. Ә.Мәмбетов
Д. Қ. Жандарбеков
С. Қ.Байсейітов
3. Тарихтағы жүзжылдық соғыс қай елдердің арасында болды?
А. Жапония-Қытай
Б. Франция-Англия
Д. Франция-Германия
С. АҚШ-Мексика
4. Христофор Колумбтың Американы ашқан жылы?
А. 1392 ж.
Б. 1492 ж.
Д. 1771 ж.
С. 1453 ж.
5. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды?
А. 1845 жылға дейін
Б. 1824 жылға дейін
Д. 1840 жылға дейін
С. 1835 жылға дейін
6. Андроновтықтар от құдайына арнап қандай малды құрбандыққа шалды?
А. Қой
Б. Ешкі
Д. Сиыр
С. Шошқа
7. «Сталинге хат» пьессасының авторы?
А. А.Байтұрсынов
Б. Ш.Нұртаза
Д. Ә.Кекілбаев
С. Қ.Мырзалиев
8. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды?
А. 1820 жылы
Б. 1821 жылы
Д. 1835 жылы
С. 1832 жылы
9. 1970 жылы туғанына 1100 жыл толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы?
А. Жүсіп Баласағұн
Б. Әбу насыр Әл-Фараби
Д. Мұхаммед Хайдар Дулати
С. Ахмет Иассауи
10. Абайдың аса дарынды шәкірті кім болған?
А. М.Дулатұлы
Б. Ә.Бөкейханов
Д. Ш.Құдайбердіұлы
С. С.Торайғыров
11. Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл?
А. 1844 жыл
Б. 1841 жыл
Д. 1790 жыл
С. 1789 жыл
12. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территортясы?
А. Іле өзені
Б. Жайық өзені
Д. Шу мен Талас өзендері маңы
С. Сарыарқа
13. 1867-1868 жылғы Қазақстандағы жүргізілген реформаның негізгі мақсаты?
А. Хандық билікті жою
Б. Өнеркәсіп орындарын салу
Д. Революциялық қайта құрулар
С. Қазақ өлкесінде басқару ісін өзгерту
14. «Хұсрау мен Шырын» шығармасының авторы?
А. Кутб
Б. Хорезм
Д. Ж.Баласағұни
С. Әли ақын
15. Отарлық ұлт адандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған
жыл?
А. 1900 жыл
Б. 1907 жыл
Д. 1902 жыл
С. 1905 жыл
3 - о й ы н ш ы
1. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті?
А. Көк ордаға
Б. Мәуераннахрға
Д. Ноғай ордасына
С. Моғолстанға
2. «Балқадиша»,«Маңмаңгер»,«Құлагер» әндерінің авторы?
А. Естай
Б. Ақан сері
Д. Жаяу мұса
С. Біржан сал
3. ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет?
А. Жоңғар
Б. Ауғанстан
Д. Ресей
С. Ирак
4. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды?
А. 120 жылдай уақытқа
Б. 150 жылдай уақытқа
Д. 130 жылдай уақытқа
С. 100 жылдай уақытқа
5. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті?
А. 1992 ж. Қыркүйек,қазан айларында
Б. 1996 ж. Қазан,қараша айларында
Д. 1991 ж. Қазан,қараша айларында
С. 1992 ж. Қазан,желтоқсн айларында
6. 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа?
А. Қимақ
Б. Оғыз
Д. Қарлұқ
С. Қарахан
7. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты?
А. Шаруалар
Б. Дінбасылар
Д. Ауыл басылары
С. Атақты,сыйлы шонжарлар
8. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл?
А. 1848 жылы
Б. 1849 жылы
Д. 1846 жылы
С. 1845 жылы
9. Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер?
А. Ирандар
Б. Гректер
Д. Қытайлар
С. Парсылар
10. 1919 жылдан Қазревкомның төрағасы болған?
А. А.Байтұрсынов
Б. С.Пестковский
Д. А.Майкөтов
С. Б.Қаратаев
11. 1885 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші?
А. Дәулеткерей
Б. Тәттімбет
Д. Сүгір
С. Құрманғазы
12. ХХ ғасырдың басында халық мәдениетіндегі жан жақты дамыған сала?
А. Ауыз әдебиеті
Б. Музыкалық мәдениет
Д. Суретөнері
С. Баспа өнері
13. Алашорда үкіметінің құрылған жылы?
А. 1917 жылы
Б. 1918 жылы
Д. 1921 жылы
С. 1920 жылы
14. Таңбаларды зерттейтін ғылым?
А. Антропонимика
Б. Нумизматика
Д. Топонимика
С. Геральдика
15. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды?
А. 1820 жылы
Б. 1821 жылы
Д. 1835 жылы
С. 1832 жылы
Қорытынды:
Қас-қағым сәтте орындалатын тапсырмалар бойынша
І тур жеңімпазын анықтау.
ІІ турда күймейтін бірінші белестен өткен ойыншыны
және басқа жеңімпаздарды анықтай отырып, оларды
марапаттау. Ойынға қатысқан 9 ойыншыға ынталандыру
сыйлығын тапсыру. Ойынды жақсы әншінің
орындауындағы әнмен аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |