6. Тапсыру мерзімі: 7 апта.
7. Әдебиет:
Негізгі:
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005
4. Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011.
5. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.
Қосымша:
1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993
2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007
8. Бақылау: Тақырып бойынша реферат, презентацияның, тестілік тапсырмалардың, глоссарийдің болуы.
Жағдайлық есептер:
№1 Жарақаттың нәтижесінде зардап шеккен адамда иықтың артқы тобындағы бұлшықеттердің қызметі зақымдалды. Шынтақ буынының қандай қызметі зақымдалды.
Жауап: Бұл жағдайда білекті жазу қызметінің бұзылуы байқалады.
№2. Орманда құлаған бала өткір тасқа білегімен соққы алды. Хирург қарағанда төменгі төрттен бір бөлігі білектің жарақаты байқалды. Зақымданған адам қол ұшын ішке қарай бұра алмады. Қандай бұлшықет зақымдалған?
Жауап: Жарақат кезінде төртбұрышты білек пронаторы зақымдалды.
№3 Науқаста үлкен саусақтың панарициясымен кішкене саусақтың іріндік қабынуымен аяқталды. Неге асқыну байқалды және қасында жатқан саусақ қабынды.
Жауап: Білек өзектерінің синловиалды қынаптарына іріндік процессі тарады, саусақтарының бүккіштерінің синовиалды қынаптарының орналасқан жері, сол арқылы ірің шынашаққа жетті, Ү- тәріздес қабыну байқалды. Көршілес саусаққа өткен жоқ, себебі екінші саусақта жеке синовиалды қынабы бар.
№4 Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады.Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |