«Молекулярлық биология және медициналық генетика»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Адам кариотипті. Адам хромосомаларының генетикалық картасы. Қалыпты және патологиялық кариотиптің анатомиясы
Орындаған:Мейірбек О.А.
Тобы: В-СТҚБ-04-22
Қабылдаған: Жазықбаева Г.Т.
Шымкент 2023ж.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Хромосомалардың генетикалық картасы туралы түсінік
Гендерді карталау кезеңі
Кариотиптің қалыпты және патологиялық анатомиясы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Хромосомалар жиынтығы — организмнің әрбір жасушасы ядросындағы адам мен жануарлар түрлеріне ғана тән құрылыс белгілері болатын хромосомалар жиынтығы. Хромосомалар жиынтығында хромосомалардың белгілі бір түрінен, яғни бір-біріне ұқсас тек екі хромосома болады. Бұларды гомологиялық хромосомалар деп атайды. Дене (сома) жасушалары хромосомалар жиынтығында бір-біріне ұқсас хромосомалар қосарынан орналасады. Бұлардың біреуі аналық организмнен, ал екіншісі аталық организмнен тұқым қуалау арқылы келген. Сома жасушасындағы қосарынан орналасқан хромосомаларды — хромосомалардың диплоидты жиынтығы (2п), ал мейоздық бөлінуден кейінгі пісіп жетілу сатысындағы жыныс жасушаларындағы бір-бірден жеке жатқан хромосомаларды — хро-мосомалардың гаплоидты жиынтығы (п) деп атайды.
Жоғарыда айтылғандай, хромосоманы зерттеу кезінде клетканың экваторлық пластинкасында оларды сынауға болады, ал хромосомалардың морфологиясын, құрылымын және шамасын талдау олардың өзара ұқсастығы мен айырмасын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Бір түрге жататын организмнің әр түрлі дене тканьдері клеткаларының хромосомаларын зерттеу мынаны көрсетті: әр түрдің хромосома саны және оның құралы оның өзіне ғана тән болады. Жануарлардың немесе өсімдіктердін, белгілі бір систематикалық тобының дене клеткасындағы хромосомалар жиынтығын кариотип деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |