Тақырып 5. Реляциялық берілгендердің бүтіндігі
Берілгендерге қойылатын логикалық шектеулер бүтіндік
шектеулері деп аталады. Шектеулер берілгендер моделінде жүйе
жұмыс істеу барысында берілгендердің бүтіндігін сақтау үшін
қолданылады.
Шектеулердің негізгі екі түрі бар: ішкі шектеулер және
айқын шектеулер.
Ішкі шектеулер берілгендер моделіне тән шектеулер. Олар
қатынастың құрылымына, байланыстарға, берілгендер жиынының
мүмкін болатын мәндеріне қойылады.
Айқын
шектеулер
программалық
жабдықтардың
семантикасы қоятын шектеулер. Олар атрибуттардың мүмкін
болатын мәндер облысын, атрибуттар арасындағы қатынастарды,
олардың өзгеру динамикасын сипаттайды.
Келесідей байланыс түрлері бар:
- бірі-біріне;
- бірі-көбіне;
- көбісі-біріне;
- көбісі-көбіне.
Транзакция– операциялар тізбегін орындау. Транзакция ДҚ
бір бүтіндік күйден екінші бүтіндік күйге ауыстырады.
Қатынастарға қолданылатын операциялар
Берілгендердің
реляциялық
моделінде
қатынастарға
қолданылатын негізгі операциялар келесілер:
- біріктіру;
- қиылысу;
- айырым алу;
- декарт көбейтіндісі;
- таңдау;
14
- проекция;
- шарт бойынша біріктіру;
- бөлу.
Негізгі әдебиеттер [3; 4; 5; 6].
Қосымша әдебиеттер [6; 7; 8].
Достарыңызбен бөлісу: |