Оқу дағдыларын қалыптастырудың аспектілері мен деңгейлері



Дата13.09.2022
өлшемі7.86 Mb.
#460675
түріСабақ
Оқу дағ.Жеткерген Ш


Оқу дағдыларын қалыптастырудың аспектілері мен деңгейлері.
Бастауыш сыныптарда оқушылар оқу сабақтарында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әр түрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - психологиялық процесс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл,сөйлеу ,жазу сауатттылығы бір-бірімен тікелей байланысты
Сауатты түсініп оқи білген бала өз бетімен жұмыс жасай алады . Осы уақыттты мұғалім тиімді пайдалану керек оқушыны мадақтай отырып, қызықты қосымша тапсырмалар беру керек . Мен көбіне осыдай балаларға ертегі немесе жануарлар туралы кітаптарды кітапханадан алып сабаққа пайдаланып оқуға беремін.
Оқушының кітаптар оқу барысында.
1.Оқушының оқуға
қызығушылығы артады.
2.Сөйлеу дағдысы
қалыптасады.
3.Көру, есте сақтау қабілеттері артады.
Шапшаң оқыған өте жақсы кейбір оқушылар тез оқығанмен мағынасын түсінбейді. Сондықтан оқушы алдымен түсініп оқуы қажет. Түсінбей оқыған оқушының қызығушылығы өте төмен болады. Оқушы жеке тұлға ретінде қарап, оған көп көңіл бөліп отыру керек.Әдебиеттік оқу кітабында тапсырмаларды орындатып отырып, мәнерлеп оқуға,мақал-мәтел жаттап, оны қолданып сөйлеуге шешен билердің тапқыр сөздерін оқып, тәрбиелік мәнін жете түсінуге мұғалімнің шеберлігі қажет.
Дұрыс оқу
Оқушы мәтінді дұрыс оқуға дағдыланбайынша, білімді жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын, дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыруы керек. Ал дұрыс оқу дегеніміздің өзіне келетін болмсақ, ол:
  • Оқушының оқып тұрғанда сөз ішінен әріпті, және буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей немесе қате оқымауы;
  • Кейбір буынды не жеке сөзді қайталамай оқуы.
  • Кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы.
  • Орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы;
  • Текстегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын сақтап оқуы

Оқушы жіберген қатесін түзету баланы дұрыс оқуға дағдыландыру үшін, оның жіберген қатесін елеусіз қалдырмау керек,қателерді түзетудің дұрыс жолын білуі керек. Оқып тұрған оқушының кейде көп буынды сөздерді қайта –қайта оқи беруі жиі кездеседі. Бұл көп жағдайда 1-сыныпта болып,2-сыныпта сирек ұшырасады.
. Мұның себебі бұл кезде,оқу дағдысын меңгерудің алғашқы сатысында, оқушының қабылдау процесі мен оны ұғуы бірдей болмайды. Бала бір буынды немесе көп буынды әлденеше қайталап оқығаннан кейін ғана мәнін ұға бастайды
Педагогиканың әртүрлі аспектілері қарастырылады: белсенді оқу, бірлескен оқу, тұлғаға бағдарланған оқыту әдістері. Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Хетти 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді.
Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да аспектілерді, алған білімді қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабақ белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін қызметтермен айналысуға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет