УДК 378 (075.8)
Консбаева А.С.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ-сы
Ғылыми жетекші – Сүлейменова Б.Б.
Қазіргі XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры. Елбасының айтқанындай қазіргі ақпараттық қоғамды қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету керек.
Мен, Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Информатика» мамандығының 3 курс студентімін. «Жаңа ақпараттық технология» пәнінен оқу барысында Camtasia Studio бағдарламасын үйрендік. Бұл бағдарлама жаңа ақпараттық қоғамға оте қажет, себебі бұл бағдарлама арқылы біз практикалық жұмыстардың қалай жасалу жолын видео ролик арқылы көрсете алуды меңгердік. Бұл бағдарламамен жұмыс жасағанда, бір ескеретін жағдай жұмыс істейтін компьютерге микрофон мен видеокамера жалғануы қажет.
Camtasia Studio бағдарламасын қазіргі мектеп мұғалімдеріне ауадай керек – электронды оқулықтарды жасауға қолдануғада болады [1-2].
Camtasia Studio бағдарламасының ашылу жолы: Пуск Все программы Camtasia Studio
Мысалы, фотошоп бағдарламасында жасалған жанбітірімнің (анимацияның) жасалу жолын Camtasia Studio бағдарламасы арқылы көрсету әдісін былайша сипаттай аламыз :
-
Camtasia Studio бағдарламасын ашамыз
-
Запись экрана командасын орындаймыз
-
Rec батырмасын шертеміз, одан кейін бағдарлама жұмысы басталады
-
Photoshop бағдарламасын ашып анимациялық жазуды жасаймыз.
Жұмысты аяқтап «СТОП» батырмасын шертеміз, ары қарай «сохранить как» деп шертіп avi. Форматта файл түрінде сақтаймыз.
Оқу үдерісіне осылайша компьютерлік бағдарламаларды қолдану - бүгінгі таңда білім сапасын көтерудің бірден бір тиімді тәсілі [3].
Әдебиеттер
-
Бөрібаев Б., Балапанов Е., және т.б. Жаңа ақпараттық технологиялар. «Ғылым» баспасы, Алматы, 2001 ж.,141 б.
-
Нургалиева Г.К. «Цифровые интерактивные мультимедийные образовательные ресурсы»- Алматы, 2007 ж.
-
Баймолдаев Т.М. и др., Методическое руководство по формированию компетентности педагогов Казахстана в использовании ИКТ-Алматы, 2008 г.-54 стр.;
Достарыңызбен бөлісу: |