ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМК құжатының 3-деңгейі
|
ОӘК
|
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
ОӘК
ОШП «Гобелен» пәнінен оқу - методикалық материалдар
|
№1 басылым
10.01.2013
|
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ОШП «Гобелен»
5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына
ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
№1 басылым 10.01.2013
|
|
Мазмұны
1 Глоссарий
|
|
2 Дәріс
|
|
3 Тәжірибелі сабақ
|
|
4 Курстық жоба
|
|
5 Студенттердің өздік жұмыстары
|
|
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница 4 из
|
1 ГЛОССАРИЙ
-
Беттің жазбасы–жазықтықта беттің жазбасы нүктелерінің осы жазықтықпен түйісуі нәтижесінде сызық ұзындықтарының өзгермейтін фигура.
-
Бұйымымдар - өндірісте жасалған нәрселер немесе нәрселер тобы.
-
Гобелен— қолдан тоқыған кілем-сурет. Түрлі түсті жібек және жүн жіптерден бөлек-бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған.
-
Жазықтық — геометрияның негізгі ұғымдарының бірі.Геометрияны жүйелі түсіндіру кезінде әдетте жазықтық ұғымы геометрияның аксиомаларымен жанама түрде ғана анықталатын негізгі ұғымдардың бірі ретінде ғана қабылданады.
-
Жіп жалғау - керілген желі жіптердің үзігін немесе қашқанын тауып байлау.
-
Жіпті ілмекке шалу - тұйін жіптерді негізгі жіпке орналастыру әдістері.
-
Есу - қос жіпті не қос арқанды қарама- қарсы бағытта бұрау.
-
Имитация (лат. imitatio — «еліктеу»)— біреуге немесе бірдемеге тәріздену, жаңғырту,қайталау, көшіру.
-
Компози́ция(лат. Compositio) —құрастыру, байлау, біріктіру, қосу).
-
жарықтығымен айырылатын бір немесе бірнеше түс беретін деген мағына.
-
Оң шалу - түр жіпті күзулі жіптен алып, күзусіз жіпке шалып орау әдісі.
-
Өрнек–сызық, түс, пішіннің үйлесуін беретін сурет.Түсқағаз өрнегі. Кесте тігу үшін өрнек. Мата өрнегі. Терезедегі аяз салған өрнек және тағысын тағы.
-
Рельеф (фр. relief, лат. relevo — көтеремін) — құрылықтың, мұхиттардың және теңіздердің әртүрлі көріністерінің, көлемдерінің, пайда болуы, жасы мен даму тарихы бойынша жиынтығы. Оң (дөнес) және теріс (иілген) формалардан құралады.
-
Ритм (греческое rhythmos — қозғалыс, такт), rhein сөзінен шығады — ағу. Ритм — бұл белгілі бір тәртіпке бағынған белгілі реттілікпен, жиілілікпен болатын қандайда бір элементтердің алмасуы.
-
Стилизация - қандайда бір авторға, жанрға тән шығармашылық стильге әдейі ұқсату.
-
Суреттің колориті(итал. colorito, лат. color — бояу, түс) — көркем шығарманың түстік қасиеттерінің жалпы эстетикалық бағасы, бейнесурет элеменнттерінің түстік сипаттамасы, олардың байланысы, түспен олардың реңктерінің жарасушылығы.
-
Сызба —бұл бұйымның контурлық бейнесін және бұйымды жасауға, бақылауға, иднетификациялауға қажет басқада мәліметтері бар, сонымен бірге құжаттың өзімен жұмыс істеуге болатын құжат.
-
Сюжет (от фр. sujet — предмет) — әдебиетте, драматургияда, театрда, киноменойындарда —көркем шығармадағы (театр сахнасында)оқиғалар реті (сценалар, актілер реті) жәнеде ол оқырман (көруші, ойнаушы) үшін белгілі бір ережелер бойынша құрылған.
-
Теріс шалу - түрді күзусіз жіптен алып, күзулі жіпке шалып орағанды айтады.
-
Түс — физиологиялық көру қасиеті негізінде анықталатны және бірнеше физикалық, физиологиялық және психологиялық факторларға байланысты оптикалық диапазонның электромагниттік сәулеленуінің субъективті сипаттамасы.Түсті қабылдау қасиеті адамның өзіндік ерекшеліктерімен, сонымен бірге айналадағы жарық көздерініңспектралдық құрамымен, түстік және жарықтық қарама-қарсылығымен, сонымен қатар жарық бермейтін объектілермен анықталады. Бұл мезетте метамерия сияқты құбылыстармен, адам көзі мен психикасының ерекшеліктері өте маңызды екендігін атап өту керек..
-
Шалу - түр жіпті күзулі жіптен (еркек жіп) күзусіз жіпке (ұрғашы жіп) шалып тоқу әдісі.
-
Фактура (лат. factūra — өңдеу, құрылысы) — бейнелеу өнерінде көркем шығарма бетінің өңделу сипаты, поэзияда, музыкада, көркем сурет немесе мүсін жасау өнерінде көркемдік техниканың ерекшеліктері.
-
Фон (фр. fond лат. fundus — «түб, негіз, басты элементэлемент» ) — сурет немесе мәтін орналастырылатын негізгі түс немесе тон; артқы планды құрайтын суреттің бір бөлігі.
-
Формсы (заттың) — заттың, нысанның шектерінің (контурларының) өз-ара орналасуы, сонымен бірге сызық нүктелерінің өз-ара орналасуы.
-
Эски́з (фр. esquisse) — ғимараттың, механизмнің немесе оның жеке бөлігінің, шығарманың шығармашылық түпкі ойын белгілейтін алдын ала нобайы.
Сюжет – шығарма фомасының негізі.
-
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница 4 из
|
3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
1. Тақырыбы:
Гобелен өнері. Гобелен өнері туралы тарихи мәліметтер. Гобелен тоқу әдістері. Гобеленге керекті материалдар мен инструменттер.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерді гобелен өнерімен таныстыру, оларға гобелен туралы тарихи мәлімет беру, сәндік қолданбалы өнерге қызығушылығын арттыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Гобелен— қолдан тоқыған кілем-сурет. Түрлі түсті жібек және жүн жіптерден бөлек-бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған. Гобелендер есімімен аталған мануфактура өнімдерінің жалпылама атауы. Кейін дербес суретшілік өнер түріне айналған Гобеленің бөліктері түрлі түске боялған жібек не жүн жіптер-ден тоқылып, бір-бірімен тігіліп біріктіріледі. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойына, Кавказға кең тараған.
Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Қазақстан бейнелеу өнерінде Гобелен тоқу 20 ғ-дың 70-жылдарынан бастап күрт өрқендеді. Оның дамуына үлес қосқан суретшілер: Қ.Тыныбеқов,И.Ярема, Б.Зәуірбеқова, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Л.А. Анисимов, К.Жұбаниязова, Е.П. Николаева, Б.Отепов, Ш.Қожаханов, т.б. 80-жылдардан бастап Гобелен қоғамдық орындарды безендіруге кеңінен қолданылды. Алматыдағы "Қазақстан" мейманханасының салтанат залын әсемдеуге арналған "Қазақстан" Гобелен үшін (ауд. 100 м2) суретшілер Ярема, Зөуірбекова және Тыныбековке (қайтыс болғаннан соң) 1980 ж.
Гобелен - көптеген тоқыма жолшық тақталардан құралатын қазақ алашасының ағайыны. Қазіргі кездегі гобелен қандай дегенге ой жүгіртсек. Бәрінен бұрын оның әртүрлілігі еске түседі. Ол бірде қабырғаларға (бұрын салтанатты сарайларда, қазір мұражайлар немесе басқада қоғамдық орындарда) ілінетін шағын панно түрінде өте сәнді тігілген телегей теңіз Терезе перделерінің арасынан маржан тәрізденіп шодқтай басылатын тоқыма сәндік бұйым қалпына түседі. Ал бірде картинаның ағайыны ретінде көрме залында немесе қарапайым ғана үй ішінде ілулі тұруы орынды секілді, қала берді. Бүл- туристер болған жерді әйгілейтін таңба ескерткіш, кәдесый. Асқан шеберлікпен жасалған бүл мүліктің сәл ғана бөлшегінің өзі көрген кісінің құштарлығын оятып, сүйсініс сезімін тудырары сөзсіз. Көрген Жан осындай зат менде де болса екен деген қызығушылық жетегінде оны еріксіз қолымен сипамай тұра алмайды. Гобелен кісіге берер әсері ерекше. Оның фактурасы және түр-түсі қосылып сиқырлы бір арбау қасиетке бөлейді.
Гобелен кілемнің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен: жалпы ою-өрнек суреті сирек кездеседі. Көпшілігінде адам, мал, дала, құрылыс, білім, мәдениет, спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Гобелен өнерінде туынды жасауда шектелген бір жүйе жоқ. Әр адам өз қалауынша еркін тақырыпта жұмыс жасауына болады. Ал гобелен кілемнің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Шығармашылық жұмыста түр-түстегі үйлесімділік пен тоқу шеберлігін қажет етеді. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болып келе береді. Гобелен қабырғаға ілінетін кілем, картина, яки өрнекті сурет орнына, сондай-ақ жұмсақ мебель қаптау үшін де пайдаланатын сәндік көркем бұйым. Гобелен тоқыма өнері сәндік қолданбалы өнердің бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ өнер жолына түскен болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол.
Бақылау сұрақтар:
1.Текстиль материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.
2. Текстиль туралы тарихи мәлімет.
3.Гобелен техникасында жұмыс әстеуге арналған материалдар мен құралдар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Основы художественного ремесла. /Пособие для учителей/ в 2 частях. Вышивка, кружево. Художественное ткачество. Ручное ковроделие. Художественная роспись тканей. М., 1986.
2. Тақырыбы:
Гобеленге арналған станокты жасау. Станокқа негізгі жіптерді тарту әдісі.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерді гобелен өнеріне керекті негізгі құралдармен таныстыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Гобеленге арналған құралдар:
-
Гобеленге арналған рамка (биіктігі 70см, еңі 50см);
-
Рамканың екі қысқа бойымен орналасқан ұсақ шегелер;
-
Түрлі түсті тоқыма жіптер;
-
Негізгі жіп ретінде «снежинка» жібін қолдануға болады;
-
Тарақ;
-
Ұштары үшкіленген, жалпақ ағаш (ұзындығы 20см, еңі 3см);
-
Ілмек.
Гобеленнің рамкасын жасау
Тарақ пен ілмек
Бақылау сұрақтар:
1.Гобеленге арналған станокты жасау әдісі.
2. Станокқа негізігі жіптерді тарту әдісі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Основы художественного ремесла. /Пособие для учителей/ в 2 частях. Вышивка, кружево. Художественное ткачество. Ручное ковроделие. Художественная роспись тканей. М., 1986.
3. Тақырыбы:
Гобелен тоқу әдістері. Оларды орындау техникасы.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Студенттерді гобелен өнерінің негізгі тоқу әдістерімен таныстырып, жаттықтыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Гобелен өрмелердін түрлерін студенттер арнай дайындалған көлемі 13/13 см. Болатын квадрат картоннан жасалады. Картонның ортасынан көлемі 10/10 см. Болатын квадрат тесік ойылады. Картоннның қарамақарсы екі жағынан 3 мм қашықтықта тесілген кертіктер арқылы негізгі жіп өткізіледі. Осы дайындалған негізде студенттер үлгілер бойынша гобелен өрмелерінің әр түрлерін жасайды:
«Маталық» өруде арқау жіптері негізгі жіптерді кезекпе-кезек алдынан және артынан айналып өтеді, келесі қатар кері өріледі.
«Сумах» өру әдісі тоқылған жазық әсерін қалыптастырады. Бұл әдіс бойынша рельефті бекіту үшін әрбір ілмек қатарынан кейін мата тәсілімен өрілген қатар жүреді. Барлық фактуралық өрмелердің қалындығы 1,5 – 2 см. болады. Фактурасы фонан ерекшеленбес үшін және бір-бірінен басым түспес үшін, олардын әрбіреуінің алдынан 5-10 қатар фондық арқау жіптер өткізіледі. Үнемі бір бағытта «сумах» өру өрілген беттің ұзын сәл қисайған тігістен құралған әсер береді.
«Мысырлық өру» тік қатарда жиналған моншақтардан тұратын беттің әсерән береді. Бұл өру тәсілінде арқау жіптері негізгі жіпті орап алады аәнала өріледі..
«Бағаналар» кәдімгі маталық өру әдісін қолданған кезде пайда болады, тек негізгі жіптің жұп саны арқау жіптердің бір түсін ораса, тақ жіптер басқа түсін орайды. «Бағаналар» жарық пен көлеңке бедерін құрамайды, олар оптикалық, әсем бедер жасайды. Әсіресе егер бір-біріне контраст түстер алынса.
Үш қатарлы немесе «венгер» түйін сумах негізінде тоқылады және суреттің кішігірім бөліктерін белгілеу үшін қолданылады. Үш қатарлы түйіндерден тұратын беттерді тек бағаналар негізінде құрастыруға болады. Үш қатарлы түйін келесі тәртіппен екі жіппен тоқылады: сумах – оңға, сумах – солға және сумах қайтадан оңға.
Түктік тоқуда студенттер түйіндердің екі түрін жасайды – екі қатарлы және біржарымды. Түктік түйіндердің әрбір қатарынан кейін 3 – 5 қатар бекітуші маталық өру мақта-маталық арқау жіптер тоқылады. Арқау жіптердің 5-10 қатары маталық өруді аяқтайды.
|
|
Түктік түйіндердің түрлері: а - жордес, б - сенна, в, г. – бір жіп негізіндегі испан түйіндері, д - үзілмейтін, е – екә қатарлы
|
Түктік ілмектердің түрлері
|
|
|
Палас техникасында жасалған өрнектің бөліктері
|
Сумахтық өру
|
|
Гобелен жасау технологиясы:
Гобелен тоқу түрлері
Бақылау сұрақтар:
1.«сенне» тоқу әдісі.
2.«гиордес» тоқу әдісі.
3.«сумах» тоқу әдісі.
4.«столбики» тоқу әдісі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Основы художественного ремесла. /Пособие для учителей/ в 2 частях. Вышивка, кружево. Художественное ткачество. Ручное ковроделие. Художественная роспись тканей. М., 1986
4. Тақырыбы:
Гобелен техникасындағы шығармашылық жұмысқа эскиз орындау. Геометриялық денелерден тұратын ою-өрнек.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында қарапайым шығармашылық жұмысқа эскиз орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Гобелен техникасында шығармашылық жұмыс орындау үшін, эскиз орындаған жөн. Эскиздің мөлшері А4 форматта болу керек, және оның суреті қарапайым геометриялық денелерден тұратын болу керек, яғни: ұшбұрыш, шеңбер, шарша, ромб т.б. Эскизді студенттер бояп негізгі жіптердің астынан жапсырып, орналастырады. Жіптердің түр түстері эскиз бойынша таңдалады, және олардың ауысуы эскизға қарап отырғанда білінеді.
Бақылау сұрақтар:
1.эскиз деген не?
2.гобеленге эскиз не үшін керек?
3.ритм деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Вигнер Эдит. Гобелен. Альбом. -М., 1979.
5. Тақырыбы:
Әр түрлі әдістерді қолданып, эскиз бойынша гобелен тоқу. Мөлшері А4.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында шығармашылық жұмыс орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Гобелендердің көпшілігінде көп жағдайда астында шашақтары болады. Оны жасау үшін алдымен негіздің барлық қатарларынан жіптерді алмастыра отыра бұралған рейка тартылады, сонан кейін жіптерді кері алмастыру арқылы екінші рейка тартылады. Екі рейка матаны жақсырақ ұстап тұрады, ал негізі жіптер өру кезінде бір келкі тартылудын нәтижесінде бірінен бірі оңай ажыратылады. Бірақ бұл да аяғы емес. Бұл рейкалардың жоғарғы жағынан тағы бір жалпақ рейка орнатылады. Ондағы жіптердің кезекпе кезек өрілуі төмендегі рейкалардағыдай болады. Оның ұзындығы тік бағандардын арасындағы қашықтықтан сәл көбірек, оған жоғарғы тегіс жағы бердо деп аталатын, гобеленнің төменгі шетінің көмкермесі болатын, көлбеу қатар салынып жіңішке жазықты құрайды. Бердоны жасау үшін әдетте зығыр бау қолданылады. Оның бір ұшын сол жақ баған рамасына байлаңыз және «ілгішпен тоқу» әдісімен тізбек қалыптастырыңыз. Оның әрбір буыны негізгі жіп арқылы өткізіледі. Қатты тартылғаннан кейін баудын екінші шеті оң жақ бағанның рамасына байланады.
Гобеленді төменгі шеттен бастап өре бастайды, алғашқы жібі бір түсті болады. Эскиздің сипатына қарай бір түсті қатарларды олардың биіктігі 30...50 мм аспайтындай ғылып таңдайды. Бұл кезеңде жіптердің жоғарғы қатары міндетті түрде эскиздің төменгі шетімен қиыстырыңыз. Арығарай суреттің бөлшектері реттілікті сақтай тұра әр түсті негізгі жіппен арқау жіптер өріліп тоқылады. Ол үшін сол қолдың саусақтарын айнала сегіздік түрінде бір түсті жүн мата жібі оралады. Бұл орамдар шумаққа айналады. Жіптің аяғы соңғы орам астына тартлып өткізіледі. Шумақ-арқау жіп кері ретте тарқатылады. Ол үшін өзіне қарай оң қолмен негізгі жіптің бірнеше қатарын «ашады», ал сол қолмен пайда болған экранға барлық арқау жіп өткізіледі. Жіпті сәл тартады және тоқу күрекшесімен немесе ауыр ашамен төмен қарай басып қояды. Бұл операцияны гобеленмен жұмыс істеу барысынды бірнеше рет қайталайды.
Жіптің түсін ауыстырған кезде байланыс үзіледі. Егерде бұл тек бір қатарда ғана болса оның ешқандай оқасы жоқ. Егерде тік тұтас саңлау пайда болса оны міндетті түрде сыртынан қосымша тігіспен бекіту керек. Шығып тұрған жіптердің ұштарын қайшымен тегістеп қияды. Ғажабы үйкелу нәтижесінде және түктердің өрілгендігі салдарынан жіптердің ұштары гобеленнен оның ұзақ қызмет ету уақытының аяғына дейін түспейді.
Гобелен өруде дәстүрлі арқау материалдары үшін жібек және жүн мата жіптерін, зығыр, мақта, кендір талшықтарын, былғарының жіңішке жолақтарын, капрон шұлықтарының лентасын және метал жіптерді қолданады. Арқау жіптің материалының қалындығы бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін. Гобелен матасында әртүрлі жіптер тегіс беттер түткті немесе жылтыр беттермен бірге орналасқан суреттін бөліктерін құрастыратыру үшін алмасуы мүмкін. Оларды жасау үшін өрудің әртүрлі техникасы қолданылады.
Матаның жоғарғы шеті ені және қалындығы бойынша төменгі жағымен бірдей болу керек. Жоғарғы жағынан бердо тоқылады, гобеленду алу алдында оны арқау жіптер тарқатылмас үшін мықтап тартып тастайды. Рамада матаны алдымен төменгі жағынан қияды, одан кейін шуруптарға неғұрлым жақын жоғарғы жағынан қиып алады. Негізгі жіптерді жұптап әсем шошақ түрінде байлап тастаңыз. Одан кейін гобеленді үлкен жалпақ қалқанда керіп шеттерін ұсақ шегелермен қағып тастаңыз. Үстінен матаны ылғал шүперекпен жауып қойыңыз. Бір сөткеден кейін, мата кепкен соң, оны шешіп алуға болады.
Бақылау сұрақтар:
1.«сенне» тоқу әдісі.
2.«гиордес» тоқу әдісі.
3.«сумах» тоқу әдісі.
4.«столбики» тоқу әдісі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Козлов М. Н.Основы художественного оформления текстильных изделий. Минск, 1981.
Вигнер Эдит. Гобелен. Альбом. -М., 1979.
6. Тақырыбы:
Гобелен техникасындағы шығармашылық жұмысқа эскиз орындау. Қарапайым жаңа заманға лайықты пейзаж.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында күрделі шығармашылық жұмысқа эскиз орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Гобелен техникасында күрделі шығармашылық жұмыс орындау үшін, эскиз орындаған жөн. Эскиздің мөлшері А3 форматта болу керек, және оның суреті қарапайым стильденген пейзаждан немесе басқа суреттен тұратын болу керек, яғни: оюлар, натюрморт, т.б. Эскизді студенттер бояп негізгі жіптердің астынан жапсырып, орналастырады. Жіптердің түр түстері эскиз бойынша таңдалады, және олардың ауысуы эскизға қарап отырғанда білінеді.
Бақылау сұрақтар:
1.эскиз деген не?
2.гобеленге эскиз не үшін керек?
3.ритм деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Вигнер Эдит. Гобелен. Альбом. -М., 1979.
7. Тақырыбы:
Әр түрлі әдістерді қолданып, эскиз бойынша гобелен тоқу. Мөлшері А3.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында өз ойлары бойынша күрделі шығармашылық жұмыс орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студенттердің шығармашылық жұмыстары күрделене түседі, сондықтан, жұмыс барысында алдында аталған әдістемелік нұсқауларды қолдануға болады.
Бақылау сұрақтар:
1.«сенне» тоқу әдісі.
2.«гиордес» тоқу әдісі.
3.«сумах» тоқу әдісі.
4.«столбики» тоқу әдісі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Козлов М. Н.Основы художественного оформления текстильных изделий. Минск, 1981.
Вигнер Эдит. Гобелен. Альбом. -М., 1979.
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница 5 из
|
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1. Тақырыбы:
Гобелен өнері. Гобелен өнері туралы тарихи мәліметтер. Гобелен тоқу әдістері. Гобеленге керекті материалдар мен инструменттер.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерді гобелен өнерімен таныстыру, оларға гобелен туралы тарихи мәлімет беру, сәндік қолданбалы өнерге қызығушылығын арттыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Өтілген тақырып бойынша студенттер тарихи және гобелен орындау технология бойынша материал жинап, жазба жұмыс орындайды.
2. Тақырыбы:
Гобеленге арналған станокты жасау. Станокқа негізгі жіптерді тарту әдісі.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерді гобелен өнеріне керекті негізгі құралдармен таныстыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәжірибе сабақтарында орындалған жұмыс СӨЖ сабақтарында жалғастырылады.
3. Тақырыбы:
Гобелен тоқу әдістері. Оларды орындау техникасы.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Студенттерді гобелен өнерінің негізгі тоқу әдістерімен таныстырып, жаттықтыру.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәжірибе сабақтарында тоқу техникалары бойынша орындалған жаттығулар СӨЖ сабақтарында жалғастырылады.
4. Тақырыбы:
Гобелен техникасындағы шығармашылық жұмысқа эскиз орындау. Геометриялық денелерден тұратын ою-өрнек.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында қарапайым шығармашылық жұмысқа эскиз орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәжірибе сабақтарында бастаған эскиздерді СӨЖ сабақтарында жалғастыру.
5. Тақырыбы:
Әр түрлі әдістерді қолданып, эскиз бойынша гобелен тоқу. Мөлшері А4.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында шығармашылық жұмыс орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәжірибе сабақтарында орындалған шығармашылық жұмыс СӨЖ сабақтарында жалғастырылады.
6. Тақырыбы:
Гобелен техникасындағы шығармашылық жұмысқа эскиз орындау. Қарапайым жаңа заманға лайықты пейзаж.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында күрделі шығармашылық жұмысқа эскиз орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәжірибе сабақтарында бастаған эскиздерді СӨЖ сабақтарында бітіру.
7. Тақырыбы:
Әр түрлі әдістерді қолданып, эскиз бойынша гобелен тоқу. Мөлшері А3.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты:
Студенттерге гобелен техникасында өз ойлары бойынша күрделі шығармашылық жұмыс орындауды үйрету.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тәжірибе сабақтарында орындалған шығармашылық жұмыс СӨЖ сабақтарында жалғастырылады.
Бақылау сұрақтар:
1. «Негізгі» жіптер қайда орналасады?
3. «Эскиз» деген не? Оның пайдалығы?
5. «Гобелен» деген не? Оны қайда пайдаланады?
6. «Ою» деген не?
7. «Ритм» деген не? Ол қайда кездеседі?
8. «Рельеф» деген не?
9. «Силуэт»деген сөздің мағынасы?
10. «симметрия» деген не?
11. «Стилизация» деген не?
12. «Сюжет» деген сөздің мағынасы?
13. «Тон» деген не?
14.Негізгі тоқу әдістері? Олар қалай аталады?
15. Гобеленге қандай жіптер қолданылады?
16. Гобеленге қандай құрал жабдықтар мен материалдар керек?
17. Рамаға тартылған жіптер қалай аталады?
18. Гобеленді бастау әдісі?
19. Гобеленді қалай аяқтайды?
20. Гобелендерді не үшін қолданады?
21.Гобелен өнерінің даму тарихынан не білесіз?
Емтихан талаптары: Сәндік қолданбалы өнердің техникаларымен, гобелен техникасымен танысу, мәселен гобелен тоқу техникаларын меңгеру және ерекшеліктеріне назар аудару.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ
Баға
|
Критерий
|
5 (өте жақсы)
90-100%
|
Аталған жұмыс өте сәтті шыққан жағдайда. Ондағы талапқа арнайы тапсырылған техниканы меңгеріп, жұмысты сапалы орындағанда қойылады.
|
4 (жақсы)
75-89%
|
Аталған жұмыс жақсы шыққан жағдайда. Ондағы талапқа арнайы тапсырылған техниканы меңгеру орташа болып, жұмысқа аса көңіл бөлмеген жағдайда қойылады.
|
3(қанағат.)
50-74%
|
Аталған жұмыс нашар шыққан жағдайда. Ондағы талапқа арнайы тапсырылған техникаға көңіл бөлмей, жұмысты ретсіз, ыждағатсыз орындағанда қойылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |