Тәжірибе стансасы негізгі мектебі
САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:
2009-2010 оқу жылы
«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» сценариі.
Мектеп залында немесе ауласында салтанатты шараға шақырылған ата-аналар, мектеп оқушылары, білім беру саласы басшылары және т.б. Мереке салтанатты сапқа тұрғызудан басталады.
1-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты.
2-Жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бүл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
1-Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар 2008-2009 оқу жылының соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2-Жүргізуші: Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын халқым менің!
1-Жүргізуші: Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың
2-Жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің әкелер мен аналарым
1-Жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл
Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Биылғы жыл түлектерін,
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
2-Жүргізуші:
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына.
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын!
(Оқушылар келе жатқанда алдарына ақ жол төселеді. Құрманғазының күйі «Адай» орындалады. Шашу шашылады. Түлектер келеді)
1- Жүргізуші:Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін. (Ту әкелінеді)
2-Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықтқа,
Жарасады жігер берер әнұран
Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекттік Әнұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)
1-Жүргізуші:
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың, -деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарыңыз бүгін таудай болып алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.
2-Жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген ардақты, аяулы адам.
Хор «Ұстазым» 9 кл оқушылары
1-Жүргізуші:
Жас болса да мектебіме бас болған
Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы леп
Дастан ағай үміт күтеді жастардан,
Айтатыны ақ бата мен ақ тілек
Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам болып жүргені
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері,,- дей келе құттықтау сөз мектеп басшысы Ахметов Дастан Иванұлына беріледі.
2-Жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер
Сөз кезегін қонақтарға берейін, -дей кел келген қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.
1.
2.
3.
1-Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Қазақ биі.
2-Жүргізуші:
Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек.
Айтылып жатыр сан тілек,
Егіліп берді-ау сан жүрек
1-Жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлшірдер баршаңды, дегендей бітіруші түлектерге ізбасарлары атынан мектеп оқушылары ақ тілегін жолдайды.
1. ӘЙГЕРІМ:
Тоғыз жыл бойы оқыған
Ойға білім тоқыған
Апалар мен ағалар,
Орындалды ойыңыз.
Құтты болсын тойыңыз.
2. ЖАНДӘУЛЕТ:
Үлгілі боп сіздердей
Үлкейеміз біздерде
Бізде ойшыл, өнерлі,
Боламыз істің шебері
3. АНАТОЛИЙ:
Көп екен «төрт», «бесіңіз»
Өмірде өсітп өсіңіз
4.ӘСЕМГҮЛ:
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз
Оқуға барып түсіңіз
5.ДАНИЛ:
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп
6.ӘНУАР:
Мерейлі болсын күніңіз,
Мектепке келіп тұрыңыз
Сағынамыз күн сайын
Кездесейік жыл сайын
7. БАЙЖАН:
Сіздерге жалын жүректен
Айтамыз достық тілекпен
Әрқашан сәтті жол болсын!
Сапарларыңыз оң болсын!
8.АЛЬБИНА: Жанар ма деп талабың,
Биікке, шыңға тартасың
Талабыңа нұр жаусын,
Сәтті болсын қадамың!
9. СЕРЖАН:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа әлемді ашатын жас дарындар.
«Шәкірті жаман екен», - дегізбеңдер,
Санасы биік, адал дос табыңдар.
10. АЗАМАТ:
Бел-белестер мойытпасын өзіңді,
Арман қуған жастық шақтың кезінде.
Сабырлы бол адамдықты аттамай,
Жеңе біл, азамат бол төзімді.
11. РАҚЫМЖАН:
Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық болсын сенің жолдасың,
Жетем деген биігіңе жете бер,
Аталардың әруағы қолдасын.
12. АЗАТ:
Ақ қанатты армандарды жалғаңдар,
Спорттың тек көгін шарлап самғаңдар.
Бастауы боп мектеп берген аттестат,
Адымдай бер алға басып басып қадамдар.
13. ӘЙГЕРІМ:
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді!
Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
14.ДӘУЛЕТЖАН:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды барлық сынып баршаңды.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
2-Жүргізуші:
Баулыған әр өренді
Барлық ұстаз өнерлі
Әрбір сөзі мәнерлі,
Әсем әннің шебері
Біздің ұстаз Арайлым
Бір ән салып береді.
ӘН:
Орындайтын Сапарғалиева Арайлым Жайлаубайқызы
1-Жүргізуші:
Кездескенде қалатұғын шұрқырай,
Балалықтың оралмады-ау бір күні-ай.
Барлығымыз бір мектеп, бір сыныпта,
Тағы осылай отырар ма ек шіркін-ай!
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
Мектеп бітірушілер атынан құттықтау сөз КЕІСКҚҰЛОВА АЙЫМҒА беріледі.
КЕСІКҚҰЛОВА АЙЫМ: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің мектеп түлектеріміз үшін соңғы қоңырау соғылады. Осыдан тоғыз жыл бұрын қуана құлшынып мектеп есігін ашқан жас бүлдіршіндер едік, енді міне қазір осы алтын ұя мектебімізден ұшқалы тұрмыз. Осы мектеп қабырғасынан келгенде, сіздер қиында, құрметті істеріңізбен біздерді баурап алдыңыздар! Шәкірттерге білім нұрын құйып, мейіріміңізді төгіп, білім беруден жалықпай, жақсы шәкірт өсірдіңіздер! Тәрбиелеген, білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз әрқашан сіздерді ұятқа қалдырмайды деп сенім білдіремін. Ұлағатты ұстаздар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз!
Ал менің қадірлі де, аяулы сыныптастарым біздерді қызықты да, қиын сынақтар күтіп тұр. Осы сынақтардан сүрінбей өтіңіздер. Барлығыңа да емтихандарды абыроймен тапсыруларыңа тілектеспін. Алтын ұя мектептеріңді ұмытпаңдар! Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе біліңдер. Отанымызға, халқымызға адал қызмет етіңдер. Сендерге табыс, бақыт тілейміз.
Біздің ізбасарларымыз, осы мектептің оқушылары сіздерге тілеріміз сабақты жақсы оқып, мектеп абыройын әрқашан биік көтеріңіздер, ұстаздардың мәртебесін жоғары бағалай біліңіздер!
Асулардан өтеміз,
Арманымызға жетеміз.
Жақсы жолға нұсқадың,
Жаса, қамқор –ұстазым!
Музыкалық сәлем
2-Жүргізуші: Жазуларымыды қаттаған
Жақсымды көріп мақтаған
Ардақты ұстаз - жақсы адам,
Айтқанын ұғып жаттағам...
Жетелеп әрі сынып та
Жеткізген мені мұратқа
Ұлаған ісін сүйемін,
Ұстазға басымды иемін.
Қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз түлектерде.
БЕРІК:
Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімді сезінгем
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
АЙЫМ:
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жанды көргенде,
Шарықтап биік қиялым,
Шаттаным шексіз сый алдым.
Анамдай ұстаз, мектебім,
Алғысым айтар көп менің
ХОР. «Ұстазым»
БЕРІК:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Ұстаздардың бар айтқанын
Ұлағатын ұғыңдар.
Алдағы өмір жолдарынан
Сүрінбей өтіп шығыңдар.
АЙЫМ:
Өткенде бізден ағаттық
Байсалдылықпен тағат қып
Балабық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген
Үлгілі әр кез ұстамды,
Сабырлы үлгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз.
Айырылар кезде қимаймыз!
ӘН: « Қоштасу әні» Меәржан
БЕРІК:
Ақыл – білім көп бердің
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір мектебім
Ыстық мектеп партасы
Оқулығы картасы
Мұнша қызық болғаны
Мұғалімнің арқасы,
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам – мектебім!
АЙЫМ:
Балалық шақты бал еткен
Мектебім ғажап мекенім
Айтады үнің шар еткен
Өмірдің өтпелі екенін
Мерейге толы мектебім,
Айқара ашқан құшағын
Балапаның боп сенің,
өзіңнен түлеп ұшамын.
Ән: «Армандастар»
БЕРІК:
Өтті бізден балалық,
Өкінішті шалалық
Тезге салды ұстаздар,
Текті мінез – даналық.
Ұсынғаны адалдық
Үйренкені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс амандық.
АЙЫМ:
Бар білгенін аямаған
Өз гүліндей аялаған
Мың рахмет ұстаздарға –
Қамқор әкем, аяулы анам.
Тоғыз жыл бойы нұрын төккен
Аттандырған ақ тілекпен
Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,
Серт береміз шын жүректен
Ән:
Орындайтындар: Кеңес Айдана
Жақсылық Мейіржан
1-Жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашан да суынып.
2-Жүргізуші:
Бүгін мына кеш жүректі тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан
Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді.
Алғашқы ұстазы Дербісалина Светаға құттықтау сөз кезегін береміз.
1-Жүргізуші:
Ән салса әншілерім таң қаларсың
Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымның
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
Музыкалық сәлем
2-Жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедім ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы
Өмір дегенің қас-қағым
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік жетекші ұстазына
Келесі сөз кезегін Сынып жетекшісі Шорманова Жансаяға береміз.
Музыкалық сәлем
1-Жүргізуші:
Мында біреу жымияды қызына,
Мында біреу ақыл айтады ұлына,
Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мында біреу елтіп отыр жырыма.
Қуаныштан езулерің жымиған.
Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.
Баласының болашағы үшін өмір сүретін,
Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.
2-Жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады,
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата-ананы, -дей келе, сөз кезегін алыстан арқаланып, баласы үшін бар жақсылықты шашу шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Сөз кезегін ата-аналарға берейік.
1.
2.
3.
Музыкалық сәлем
1-Жүргізуші:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстаздың болдың мақтаны.
Шығыңдар білім шыңына
Батамыз осы сендерге.
Болыңдар үздік тағы да,
Оқуда да, еңбекте.
2008-2009 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз кезегін мектеп басшысы Ахметов Дастан Иванұлына беріледі.
Мадақтау.
Музыкалық сәлем
2-Жүргізуші:
Әркімде әр сұрақ жетелеп,
Жолдарға салады әр тарау.
Есіңде мәңгі қалар тек
Аспанда желбірек көк жалау.
Мектеп туын тапсыру салтанаты.
Туды тапсырушы: Сарша Берік
Туды қабылдаушы: Бает Самат
Музыкалық сәлем
1-Жүргізуші:
Білімнің кілтіндей,
Әліппе ұстатқан
Оқуға іркілмей,
Тоқуға ұстартқан.
Білім кілтін тапсыру салтанаты.
Тапсырушы: Кесікқұлова Айым
Қабылдаушы: Кесікқұлова Әйгерім
Музыкалық сәлем
2-Жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің
Үнімен Соңғы естіген қоңыраудың
Дірілдейді –ау ерекше жүректерің
1-Жүргізуші:
Гүлдерге толы омырау,
Әртүрлі әркім ойлайды.
Соғылар соңғы қоңырау,
Соқтырмай өмір қоймайды, - деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанын хабар беріп тұр.
Кешегі алғашқы қоңырау сыңғырығы оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. «Алдарыңнан нұрлы күн тусын» дейді мұндайда қазақ. Осындай игі тілекпен соңғы қоңырау үнін мектеп соқпақшы.
2-Жүргізуші:
Гүлдерге толы омырау,
Әртүрлі әркім ойлайды.
Соғылар соңғы қоңырау,
Соқтырмай өмір қоймайды
Соңғы қоңырау үндері,
Жаңғыртып кең даланы
Қоштасар кең даланы
Жүректі тербеп барады.
Қоңырау соғу сәті.
Музыкалық сәлем
1-Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,
«Мектеп вальсін» билеп тұрып.
«Мектеп вальсі» бітуші түлектер.
2-Жүргізуші:
Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз
Сол бір сәттер енді қайтып келер ме?
Балалығым бір өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз,
Қош енді балалығым бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.
Үлкен өмірге аттанған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!
1-Жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!
2-Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін. (Ту әкетіледі)
1-Жүргізуші:
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |