ОҚУ Әдістемелік материалы семей


-тапсырма. Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәнімен танысып, өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар



бет27/27
Дата15.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#137047
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

565-тапсырма. Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәнімен танысып, өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.
Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні
Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Олар: ораза айт, құрбан айт деп аталады. Айт – Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Айт күндері: – Айт құтты болсын!

– Айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б. Майлин),-деп құттықтап жатады.

Оразаның мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғатта ораза ұстаған адам таң азаннан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтану керектігі айтылған.

Рамазан айында ең басты діни амал (ауыз бекіту) – ораза болып табылады. Ораза ұстаған адам ораза кезінде жеуден, ішуден, темекі шегуден бас тартуы керек. Сонымен қатар, рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын тиянақты орындауға, құмарлық сезімдерден бас тартуға, зорлық-зомбылықтан сақтануға, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық сияқты нәрселерге жол бермеуге тиіс. Ұрсысу, өсек тасудан сақтану қажет.

Рамазан кезінде адамдар тату-тәтті, ынтымақты, бейбітшілікте өмір сүреді деп күтіледі. Барлық ерсі, өрескел әдеттен аулақ болып, жан, ар тазалығын сақтау маңызды болып саналады. Оразаның негізгі мақсаты – тіршіліктегі барлық жамандықтан арылып, адамның ішкі жан-дүниесінің тазаруы болып табылады.

Ораза – тазалыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, өтірік-өсек айтпауға, татулыққа, ауызбірліке, достыққа, кешірімшіл болуға тәрбиелейді.

Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт мейрамы өтеді. Орза айттың бірінші күні мұсылмандар мешітке барып, айт намазын оқиды.

Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң Құрбан айт мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» деп аталуының себебі – осы айтта құрбандық шалынады, сондықтан құрбандық шалу мерекесі деп аталады.



Құрбан айттың негізгі мақсаты – өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске түсіру, соларға құран оқытып, құрбандық шалу. Сонымен қатар, құрбан айт мерекесі мұсылмандардың бес парызының бірі – қасиетті Меккеге барып, қажылық жасаумен байланысты. Қажылықтың соңғы күнінде құрбандық шалу салты жасалады.

Мұсылмандар құрбан айт күні шалған құрбандығының қабыл болып, арман-тілектерінің орындалуын Алла тағаладан сұрайды. Елінің тыныштықта, бейбітшілікте әр отбасының шаттыққа бөленіп, тату-тәтті өмір сүруін тілейді.


Сөздік:

пітір – налог в честь месячного поста рамазана

садақа – подачка; подаяние; жертва; милостыня

ораза – пост у мусыльман; рамазан на мусыльманском востоке

шариғат – мусыльманское вероучение

ораза айы – месяц рамазана

зорлық-зомбылық – насилие

дүниеқорлық – жадность; мещанство; стяжательство

құрбандық – жертвенное животное

құрбандық шалу – жертвоприношение

құрбандыққа шалу – зарезать в качестве жертвы
566-тапсырма. Мәтіннің бірінші бөлігі ораза айтқа жоспар құрып, жоспар бойынша мазмұндаңыздар.
567-тапсырма. Мәтіннен тәрбиелік мағынаны білдіретін сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

568-тапсырма. Құрбан айтқа қатысты мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар

Ү л г і:

– Құрбан айт мерекесі қашан басталады?

– Құрбан айт мерекесі ораза айттан кейін 70 күн өткен соң басталады.
569-тапсырма. Одағайларды тауып, олардың астын сызыңыздар.

Әттең-ай, әттең-ай, дүние неткен тәтті ең-ай! Бәрекелді, Жібекжан, айың тусын оңыңнан... Ай-хай, өте шығар дүние қас қағымда! Оу, ағайын, ағайын бір кәдеге жарайын. Тәйт, тоқтат мына әңгімені! Тырау-тырау, тырналар, елге сәлем ала бар. Құру-құру, жануарым. Жә, тый көзіңнің жасын!


570-тапсырма. Одағайдың әр түріне жататын одағайларды көрсетілген торларға толтырыңыздар.

полотно 8
Берілген одағайларды тиісті түрлеріне бөліп жазыңыздар: Бәрекелді, әттеген-ай, әттең, алақай, беу, қап, әй, ей, өу, уһ, пай-пай, ойпыр-ай, бәсе, түу, аһ, өй, тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, қош-қош.

15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.

III. Аралық бақылау жұмысы.

Қорытынды бақылау.

2.2. СОӨЖ т а қ ы р ы п т а р ы

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері


№ Апта

Жұмыстың түрі

Жұмыстың тақырыбы


Баға-лау пайы-зы

1

2

3

4

1-апта

Реферат

1. XX ғасырдың басындағы қазақ тілінің

жағдайы.


2. Қазақ баспасөзінің тарихы.

3. Қазақ әдебиетіндегі тұлғалар.

4. Қазақ тіл білімінің қалыптасуы (Абай,

Ыбырай, Қ. Жұбановтардың тіл

туралы айтқан сөздері).


100%

2-апта

Реферат

1. Қазақ хандығының негізін

қалағандардың бірі – Керей хан.

2. Тәуке хан. Тәуке ханның «Жеті

жарғысы».

3. Қазақ хандары – Жәңгір хан мен Есім

хан.


100%

3-апта

Реферат

1. Қазақ халқының шешендік өнері.

2. Досбол, Жиренше шешендер.

3. Сырым Датұлының шешендік өнері.

4. Ел қамын ойлаған үлкен ойшыл,

тапқыр шешен – Майқы би.

5. Бұқар жырау Қалқаманұлы.

6. Доспанбет жырау.

7. Асан қайғы.



100%

4-апта

Реферат

1. Алпамыс батырдың ерлігі жайлы.

2. Қобыланды жырындағы отаншылдық,

ұлтжандылық мәселесі.

3. Наурызбай батырдың ерлігі.

4. Қазақ халқының атақты батыры –

Бөгенбай.

5. Райымбек батырдың ұрпақтары.

6. Халық батыры – Исатай Тайманұлы.



100%

5-апта

Реферат

1. Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат

ат-түрік» еңбегі.

2. Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік»

еңбегі.


3. Ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары

арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.



100%

6-апта

Реферат

1. Көрнекті ақын, аудармашы – Мағжан

Жұмабаев.

2. Қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұлов. 3. Ақын, композитор – Шәкәрім

Құдайбердиев.

4. Алаштың ардақты азаматы – Смағұл

Садуақасов.

5. С.Торайғыровтың лирикасы.

6. Мұхамеджан Сералин.

7. С.Сейфуллиннің «Көкшетау»

поэмасынан үзінді.





100%

7-апта

Реферат

1. Ежелгі ортағасырлық көне қалалардың

бірі – Тараз қаласы.

2. Ұлы Жібек жолындағы ірі қалардың

бірі – Испиджаб (Сайрам).

3. Ортағасырлық қалалар – Сарайшық,

Сауран.


4. Қазақ хандығының ордасы – Ұлытау,

Түркістан.

5. «Яссауи» кесенесі


100%

8-апта

Реферат

1. Ғалым, геолог, мемлекет қайраткері –

Ш. Есеновтың өмір жолы.

2. Сәтбаев және Үлкен Жезқазған.

3. Қ.Сәтбаев және Қазақстан ғылымының

дамуы.


100%

9-апта

Реферат

1. Академик Ө. Жолдасбековтың өмірі

мен қызметі.

2. Евней Букетовтың ғылымдағы ашқан

жаңалықтары.

3. Қазақ қыздарының ішінен шыққан

тұңғыш маркшейдер ғалым –

Ж.Қаңлыбаева.

4. Қ. Сәтбаев – Қазақстандағы

металлогения ғылымының атасы.


100%

10-апта

Реферат

1. М. Әуезов атындағы Академиялық

драма театры.

2. Қазақстан мұражайларының пайда

болу тарихы.

3. Қазақстанның бүгінгі таңдағы музыка

өнерінің, мәдениетінің дамуы.

4. Қазақ спорты. Қазақтың тұңғыш

балуаны – Қажымұқан Мұңайтпасов.

5. Сидней олимпиадасының чемпионы –

Бекзат Саттарханов.

6. Күрес мектебінің ұйымдастырушысы –

Дәулет Тұрлықанов.



100%

11-апта

Реферат

1. ҚазҰТУ-дың Әнұраны (жаттау).

2. Қазақстанның жоғары оқу орындары.

3. Отаншылдық, ұлтжандылық,

мемлекетшілдік – жастарға керекті

қасиет.

4. ҚазҰТУ – еліміздің алғашқы



техникалық жоғары оқу орны.

5. ҚазҰТУ – бүгінде.

6. ҚазҰТУ-дың спорт саңлақтары.


100%

12-апта

Реферат

1. «Желтоқсан желі» өлеңін жаттау,

мазмұндау.

2. М.Шахановтың желтоқсанға қатысты

өлеңдері.

3. Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері.

4. Тәуелсіздік декларациясы.

5. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.

6. Қазақстанның Ата заңы.



100%

13-апта

Реферат

1. Тәуелсіздік символы – «Бәйтерек».

2. Қазақстанның жеті кереметі.

3. Шарын (Чарын) шатқалы.

4. Болашақ – ғылым мен білімде.



100%

14-апта

Реферат

1. Каспий өңірінің экологиясы.

2. Балқаш экологиясы.

3. Су экологиясы. Суды қорғау. Судың

ластануы.

4. Байқоңыр экологиясы. Ауа

экологиясы. Ауаны қорғау.

5. Атырау облысының өркендеуіндегі

экологиялық проблемалар.



100%

15-апта

Реферат

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

2. «Қазақы дастарқаны» (Өлеңді жаттау).

3. Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер.

4. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі.

5. Құда түсу рәсімі.

6. Айт, оның тәрбиелік мәні (ораза,



құрбан айттары).

100%







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет