Тақырыбы:Ықшамдалған ережемен баскетбол ойыны
Мақсаты: Баскетбол техникасын меңгерту
Білімділік:оқушыларды баскетбол ойыны туралы түсінікті кеңейту.
Дамытушылық:Оқушылардың қызығушылығын,шапшаңдылық-ептілігін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды ұйымшылдыққа,бағыттылыққа,шапшаңдыққа,төзімділікке,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:денсаулықты қорғау технологиясы арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар:баскетбол добы
I.Кіріспе бөлім (15 мин)
1.1.Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа назарын ауарту
1.2.Жаңа сабақ тақырыбымен,мақсатымен таныстыру
1.3.Жалпы дайындық жаттығулары (жүру жаттығулары)
Жүріп орындалатын жаттығулар
А)Қол жоғарыда,аяқтың ұшымен жүру
Ә)Қол жанда,аяқтың ұшымен жүру
Б)Қол белде,өкшемен жүру
В)Қол белде,аяқтың сыртымен жүру
Г)Қол белде,аяқтың ішімен жүру
Д)Қол алда,жартылай отырып жүру
Е)Қол тізеде қазша жүру
Ж)Жай жүгіру,шапшаң жүгіру,жеңіл жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулары:
1)Аяқ иық деңгейінде,қол белде,мойынды 4 есепке оңға,4 есепке солға айналдыру
2)Аяқ иық деңгейінде, қол белде,мойынды 4 есепке оңға,4 есепке артқа айналдыру
3)БҚ-қол кеуде алдында 1-2 бүгілген қолды артқа апару,3-4 дәл солай жазылған қолды артқа апару.
4)Аяқ иық деңгейінде,оң қол жоғары,сол қол төменде 1-2 есепке артқа,3-4 есепке келесі бағытқа сермеу
5)БҚ-қол кеуде алдында 1-2 бүгілген қолды артқа апару,3-4 дәл солай жазылған қолды артқа апару
6)БҚ-аяқ қосылған,бір есепке қолымызды көтереміз,екі есепке қолымызды жерге тигізе еңкейеміз,үш есепке қолымызды алға созып,толық отырамыз,төртінші есепке БҚ
7)БҚ-аяқ иық деңгейінде,қол желкеде,екі есепке сол жаққа,екі есепке оң жаққа серпілеміз
8)Қос аяқпен сағат тілімен төрт есепке айналамыз
Демді қалпына келтіру
II.Негізгі бөлім (25мин)
2.1.Баскетбол және баскетбол добын алып журу туралы түсіндіру
2.2.Плакаттардан көргенжаттығуларды жасап көрсету
А)Оң қолмен кедеогілер арқылы допты алып жүру
Ә)Сол қолмен кедергілер арқылы допты алып жүру
Б)Допты кедергілер арқылы алмакезек алып жүру
В)Тосқауыл арқылы допты алып жүру
Г)Қарсыласын алдап допты алып жүру
Д)Екі адам аттап себетке допты лақтыру
Е)Себеттің түбінен доп лақтыру
III.Сабақты бекіту (3 мин)
3.1.Қысқаша сұрақтар қою арқылы,баскетбол туралы негізгі ұғымдарын бекіте түсу
Баскетбол дегеніміз не?
Баскетбол алаңы қандай болады?
Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?
Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстап тұруға болады?
3.2.Допты алып жүрудің негізгі ережесі туралы оқушылар арасында ой қозғау.
ІV.Қорытынды (2 мин)
Оқушыларды бағалау
Қоштасу
Достарыңызбен бөлісу: |