Оқу жылы Қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептер)



Дата24.02.2016
өлшемі90.83 Kb.
#16702
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

Задания областной заочной школы олимпийского резерва

регионального научно-практического центра «Ертіс дарыны»
2013-2014 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)

8-9- сыныптар
I тур
1. «Достықты қадірлей білу керек» атты монолог құр. Көлемі – 8-10 сөйлем.

20 ұпай
2. Ашық райлы етістіктердің қай шақта, қалай жасалғанын түсіндір.

10 ұпай

Үлгі: естімегенмін – бұрынғы өткен шақ, есімшенің -ген жұрнағы арқылы жасалған.


Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды білемін, өте жақсы танимын. Өйткені жақында ғана Мұхтар Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Қазақ халқының ұлы арысы, кемеңгер ақыны Абай, сүйікті сұлулар Тоғжан мен Әйгерім, Абайдың мейірімді достары – енді менің де жақсы білетін адамдарым. Мен осы кейіпкердің бәрін де ерекше сүйіп кеттім. Солармен бірге өсіп, біте қайнасқандай, қуаныш-қайғысын қоса бөліскендей болдым. Мен тіпті өзімді солармен бірге жүргендей сезінемін.

Бенжамин Матип

3. Берілген мәтінді өз ойыңмен бір сөйлеммен аяқта.



10 ұпай
Ауылдың шеті. Қарлы төбешіке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.Олардың ішінде ағалы-інілі Ақан мен Асан да бар. Екеуі бір шанаға отырап алып, таудан төмен зымырайды. Беттері қызара бөртіп, сырғанақ ойынынан жалығар емес.

Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айрылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып бір- ақ тоқтады.

  • Ақан, сен барып шананы алып кел, – деді інісіне Асан.

  • Мен бармаймын. Шанаға ие бола алмаған өзің, сен бар, - деді Ақан.

  • Жоқ. Сен барасың. Сен менен кішісің, - деді Асан.

  • Бармаймын. Үлкен болып сен не бітірдің? Шананы үнемі мен сүйретуім керек пе?

  • Бармасаң, сырғанақ тепкізбеймін. Сырғанақ тепкісі келген адам шананы да сүйреуі керек. Сөзі өтпеген Асан ашуланып, төменге түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды.

Ақан енді не істерін, кіммен ойнарын білмей, тау басында қаққан қазықтай қақшиып тұрып қалды.

................................................................................................................................................................................................................................................................

4. Берілген мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.



10 ұпай
Әз Тәуке атанған қазақ ханы – Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене отырып, Тәуке хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты «Жеті жарғы» заңдарын жасады. Ол XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған қазақ құқығының ережелер жинағы болып табылады. Тәуке мемлекеттік басқаруды дұрыс жолға қою үшін қарулы күштерді ұйымдастыру, қазақ халқының бірлігін күшейту мәселесіне айрықша мән берді.

Тәуке хан тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: Хан кеңесі, Билер кеңесі қалыптасты. Ол басқарған кезде жыл сайын Ташкент түбіндегі Күлтөбеде Үш жүздің басшыларының жиыны өткізіліп тұрды. Жүздер мен тайпалар арасындағы дау-дамайлар Үш жүздің әйгілі әрі беделді билерінің (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қатысуымен шешілетін болды. Билер тобы хандықты басқаруға, заң шығару және сот ісіне араласа отырып, бірте-бірте билікке икемделе бастады. Тәуке заңдары арқылы барлық тайпалардың, рулардың ұраны және материалдық байлықтың айырма белгілері белгіленді, хандық биліктің беделін жоғарылату бағытында шаралар қолданды. Сонымен бірге, жаңа салық жүйесі енгізілді. Сот ісінде кісі өлімі қаралған кезде «қанды кек» принципі сақталды, тек ерекше жағдайларда талас билердің шешімін негізге ала отырып, құн төлеу арқылы шешілді.

Тәуке ханның хандық билікті дамыту және күшейту жолындағы қадамдары сәтсіз болды, себебі қазақ хандықтары бытыраңқы күйде еді. Мұнан соң Тәуке хан өзінің сыртқы саясатында Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. Тәуке хан тұсында Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстары дамыды, елшіліктер және аманаттар алмасу жүзеге асырыла бастады.

1716 жылы Тәуке хан жоңғарларға қарсы шабуылға шығуға Ресейден әскери көмек сұрады. 1698 жылы ойрат және қазақ феодалдары арасында қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Сыбан Раптан билік құрған кезде мұндай қақтығыстар үздіксіз болып тұрды.

I тур

10-11- сыныптар
1. Қазақ мақал -мәтелдерінің тәрбиедегі рөлі туралы мәлімет бер. Көлемі – екі бет.

15 ұпай
2. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.
а) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.

б) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.

в) түбір, сөз тудырушы жұрнақ.

10 ұпай
3. Мәшһүр -Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.
10 ұпай

4. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген сөзінің мағынасын ашып бер. Өз пікіріңді 7-8 сөйлеммен білдір.



15 ұпай


Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.

II тур
8-9- сыныптар
Дүниежүзілік көрме
Экспо 2017 – 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанның Астана қаласы дауыс берушілердің 103 дауысын жинап, 44 дауысты жинаған бельгиялық Льеж қаласын артта қалдырды.

Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy («Болашақ қуаты») болып табылады.

Экспо-2017 көрмесін өткізуге ниет білдірген, бірақ мәлімдемесін уақытында тапсырмаған қалалар: Ньюкастл (Австралия), Белград (Сербия), Лиль (Франция), Ставангер (Норвегия), Сидней (Австралия), Саламанка (Испания).

2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.

Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көрмені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін.
1. Берілген мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.

10 ұпай
2. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастыр.

Ұйымдастырылатын, деңгей, талаптарына сай, қауіпсіздік, көрме, қабылдайтындай, айналуы мүмкін, шешімдер, кірісті, даму.
Ескерту: Құралған сөйлемдер мәтіннен тыс болуы тиіс.

10 ұпай
3. Синтаксистік талдау жаса.

Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.

10 ұпай
4. Мәтіннен есімше мен көсемшелерді жазып алып, олардың жұрнақтарын белгіле.

10 ұпай
5. Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді тап.

Көрме, дауыс, өтінім, шешім, тақырып, аумақ, талап, мемлекет, кездесу, дауыс берушілер.

10 ұпай
II тур

10-11- сыныптар

1. «Қазақ халқының әндері» тақырыбына диалог құрастыр. 15 сөйлемнен (сұрақ-жауап) кем болмауы тиіс. 15 ұпай


2. Кереку-Баян өңірінің өнер қайраткерлерінің бірінің өмір деректері туралы баянда (ақын -жазушылар, әнші- сазгерлер). 15-18 сөйлемнен кем болмауы тиіс.

Ескерту:

а) қолданылған әдебиетті және интернеттегі сайтты көрсету міндетті

ә) бір мектептің оқушыларының орындаған материалдары әртүрлі болуы тиіс

б) сөйлемдерді нөмерлеу керек

25 ұпай
3. «Қазақ – қонақжай халық» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр (20 зат есім, сын есім, етістік аудармасыз).

10 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.

Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі

Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.

Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.

III тур
8-9- сыныптар

1. «Астана – бас қала» тақырыбы бойынша Астананың мерейтойы туралы шағын шығарма жаз. Көлемі – 10-15 сөйлем.



20 ұпай
2. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.
а) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.

ә) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.

б) түбір, сөз тудырушы жұрнақ.

в) түбір, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.



г) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау.

10 ұпай
3. Берілген мәтелді қалай түсінесің? Өз пікіріңді 7-8 сөйлеммен білдір.
Ас – адамның арқауы
10 ұпай
4. «Қоршаған орта» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр (20 зат есім, сын есім, етістік аудармасыз).

10 ұпай


III тур
10-11- сыныптар
1. Сен құрбыңмен немесе досыңмен бірлесіп көрген фильм бойынша екіжақты пікірталас жаз (пікірталас екі адамның сұхбаты түрінде болуы тиіс). Көлемі әр жақтан 5-6 сөйлем болуы қажет.

15 ұпай
2. Тыйым – халықтың тәлім- тәрбие, үлгі -өнеге, ақыл- кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Берілген тыйым сөздің мағынасын ашып бер (10 сөйлемнен артық болмауы тиіс).
Отпен ойнама

25 ұпай
3. Қонақ, қонақжайлылық туралы 10 мақал- мәтел жазып бер.

10 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет