2022-2023 оқу жылындағы бөлім меңгерушісінің жылдық есебі
2022-2023 оқу жылының басына арналған қажетті құжаттарды дайындауға қатысып және жұмыстар ұйымдастырылды.
Оқу үрдісінің кестелері, жұмыс оқу жоспары, курстар бойынша оқу жоспарларынан үзінділері, пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары, семестрлер бойынша теориялық және практикалық сабақтардың кестесі, оқу журналдарын рәсімдеу жұмыстары, білім алушылардың үлгерім кітапшаларын рәсімдеу жұмыстары, студенттік билеттерді тіркеу, рәсімдеу жұмыстары жасалды.
Мамандықтар бойынша жаңа қабылдаудың білім алушыларын бейімдеу бойынша жұмыстары, бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, 2022-2023 оқу жылына жаңа қабылданған білім алушылар туралы мәліметтер жинағы, жаңа қабылданған білім алушыларды бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізу, жаңа қабылданған білім алушыларды бейімдеу бойынша оқытушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, топ басшысы мен белсенділерді таңдау жұмыстары атқарылды.
Жаңадан қабылданған білім алушылардың жеке істерімен танысу және тізімдерді құрастырылды.
Оқу аудиторияларын рәсімдеуге қатысу, білім алушалырдың жұмыс орындары дайындау, плакаттармен, муляждармен, көрнекі материалдармен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды.
Бөлімшедегі оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару, мониторинг жүргізу, бекітілген кесте бойынша сабақ өткізу, мамандықтар бойынша пәндер бойынша оқу бағдарламасын орындау, талаптарға сәйкес қатаң есеп беру құжаттамасын жүргізу (оқу журналдары, үлгерімі, бекітілген оқу сабақтарының кестесі, пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары, үлгерім кітапшалары, емтихан ведомостары, жиынтық ведомостары, емтихан ведомостары, білім алушылардың үлгерімінің жиынтық ведомостары), пысықтаулар, қосымша сабақтар, консультациялар өткізуді бақылау жұмыстары атқарылды.
2022-2023 оқу жылындағы өткізіп алған сабақтарды пысықтау жөніндегі директор бұйрығының орындалуын бақылау, білім алушылардың оқу бағдарламасына сәйкес тәжірибенің барлық түрлерін уақытылы өту жұмыстары қадағаланды.
Педагогикалық кеңес отырыстарына материалдар дайындау жұмыстары жүргізілді.
Білім алушылардың оқу әдебиеттерімен, оқу әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілуі бақыланды.
Бітіруші топтардың білім алушыларын МҚА тапсыруға дайындау (тәуелсіз емтихан) – сынақ тестілеу үшін мәліметтер жинау жұмыстары атқарылды.
Бөлімше білім алушыларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау, оқу үлгерімі, білім сапасы және сабаққа қатысу бойынша семестрлік есептерді дайындау, есептер, жиынтық ведомастары, кестелер, ай сайынғы сабаққа қатысу есебі, сабаққа қатысу табелі қадағаланды. Оқуда қиындықтарға тап болған білім алушылармен жеке жұмыс (әңгімелесу, сабаққа топтық дайындық), білім алушылардың ата-аналарын оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, «Білім беру қызметін көрсету» шартының талаптарын сақтауы туралы жүйелі түрде хабардар ету (әңгімелесу); ауру туралы анықтамаларды жинау, келмеу себептерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аралық және қорытынды мемлекеттік аттестацияға құжаттаманы дайындау, ресімдеу жұмыстары жүргізілді.
Бөлімнің студенттер контингентін сақтау шаралары, «Колледж білім алушыларының контингентін сақтау бағдарламасы» бойынша жұмыс, семестрлер мен емтихан сессиясының қорытындысы бойынша білім алушыларды оқудан шығаруға негіздемелері бар материалдарды дайындау жұмыстары орындалды.
Мамандықтар бойынша білім алушылары үшін кәсіби шеберлік байқауын дайындауға және өткізуге қатысып отырдым.
Білім алушыларды патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу бойынша колледжішілік және колледжден тыс-шараларға тарту, ұйымдастыруға қатысу және жәрдемдесу, білім алушылардың оқуға деген оң көзқарасын, таңдаған мамандығына құрметпен қараудық алып тастыру мақсатында оқу үрдісінде және одан тыс топтарда жеке тәрбие жұмысын жүргізу жұмыстары қадағаланды.
Бітіруші топтардың оқу құжаттамасын дайындау және ресімдеу, барлық оқу жылдарындағы жиынтық ведомастар, бітіруші топтардың білім алушыларының үлгерім кітапшалары уақытында толтырылды.
Колледж түлектерімен байланыста болу үшін жұмыс, жұмысқа ораналасуға көмек көрсету, бөлім түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша есептердід айындау, түлектердің жұмыс орнынан жұмысқа орналасу туралы анықтамаларды жинау, колледж түлектері туралы пікірлер, мінездемелер жинағы жинақталды.
2023-2024 оқу жылының атқарылған жұмыс нәтижелерін ескере отырып, келесі оқу жылына келесі міндеттерді белгілеу:
2. Мамандықтар бойынша мамандарды даярлау сапасын, біліктілігін арттыру;
3. Мамандықтар бойынша (модульдік-кредиттік технологиялар) сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру;
4. Білім алушыларды оқытудың жаңа жағдайларына бейімдеу және бөлімше контингентін сақтау;
5.Мамандықтар бойынша білім алушылардың үлгерімін, сабаққа қатысуынжәне оқыту сапасынын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
6. Оқу үрдісін өзгермелі өндірістік жағдайларға және әлеуметтік қатынастарға бейімдеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге консультациялық қатысуға тарту мақсатында практикалық денсаулық сақтау өкілдерімен байланыста болу;
7. Колледждегі оқытуды практикалық тиімділікке бағыттау;
8. Білім алушылардың жеке тұлғасын дамыту және адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру үшін жағдай жасау, бөлімшенің оқу топтарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау;
9. Білім алушылар арасында белсенді азаматтық ұстаным мен еңбекқорлықты қалыптастыру, ҚР азаматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру, қоғамның адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау және арттыру.
10. Бөлімшедегібілім алушылар контингентінің сақталуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |