Оқу сауаттылығы 1 мәтін Нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.03.2022
өлшемі0.8 Mb.
#456143
  1   2   3   4
4-synyp



Оқу сауаттылығы 
1 мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз. 
Байлық пен ақыл 
 
Қарияның тӛрт ұлы болыпты. Ұлдарын жинап алып: 
– Балаларым, мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Кімнің ақылы мен 
байлығы сай болса, сол менің мұрагерім болады, – депті. 
Yлкен ұлы асыл тасты жүзікті қолын кӛрсетіп: 
– Міне, кім бай болса, сол ақылды, – депті. 
Eкінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де: 
– Мені кӛргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, – дейді. 
Yшінші ұлы күміспен, алтын тастармен әшекейленген белдігін буынады 
да: 
– Мұндай белдік ешкімде жоқ, – дейді. 
Әкесі басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап: 
– Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді. 
Cонда кенжесі былай депті: 
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен 
әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы 
жүрегім ғана бар. 
Қария кенже ұлының жауабына риза болыпты. Оны ӛзінің мұрагері етіп 
қалдырыпты. Ал үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды ӛсиет етіпті.
1. Әкесінің балаларына айтқан ӛсиеті 
A) алтын белдігі бар үшінші ұлды құрметтеу 
B) кенже ұлдың айтқанынан шықпау 
C) асыл тасты жүзігі бар үлкен ұлды сыйлау 
D) асыл киімді екінші ұлдан үлгі алу 
2. Әкесінің балаларын жинаудағы негізгі ойы 
A) байлықтарын тексеру 
B) жомарттығын білу 
C) мейірімділіктерін байқау 
D) ақылдылықтарын анықтау 
3. Қарияның үлкен ұлдарына тән қасиет
A) белдікке мақтану 
B) байлыққа масаттану 
C) киіміне шаттану 
D) жүзігіне қуану 


4. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал 
A) Білімсіз адамның ӛрісі тар, құлашы қысқа.
B) Ақылы кӛпті дау алмайды, досы кӛпті жау алмайды.
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
D) Ӛзіңе сен, ӛзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет