ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мəтін жəне олардың мазмұны
бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.
Мəтінді мұқият оқып, мəтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап
беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сəйкес орынға, дөңгелекшені
толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1-мәтін
Әлем кітапханалары
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың
басшылығымен тұрғызылған. Оның құрылыс жұмыстары 1924 жылы
басталған екен. Құрылыс тӛрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы
кітапхана пайдалануға беріледі. Ескере кететін жәйт, бұл кітап оқуға құштар
кез келген адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.
Копенгагендегі Корольдік кітапхана Данияның ұлттық кітапханасы
болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды
басылымдардың үлкен мӛлшердегі қоры сақталған. Корольдік кітапханада
XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел
нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Данияда басылған тұңғыш
кітап сақталған.
1. Корольдік кітапхананың бір ерекшелігі
A) Құрылыс жұмыстарының ұзақ жүргізілуі
B) Данияда басылған соңғы кітап ӛңделген
C) Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған
D) Басылымдардың үлкен қоры аударылған
E) Әлем ғұламаларының еңбектері сақталған
2. Стокгольм кітапханасының тұрғызылған уақыты
A) XVIII ғасыр
B) XIX ғасыр
C) XX ғасыр
D) XVII ғасыр
E) XXI ғасыр