Оқу тәжірбинсі туралы есеп


Қазақстанда өндірілген, міндетті таңбалануға жатпайтын зергерлік бұйымдар



бет2/6
Дата22.11.2022
өлшемі63.96 Kb.
#465419
1   2   3   4   5   6
Практикалық жұмыс есеп (1)

1. Қазақстанда өндірілген, міндетті таңбалануға жатпайтын зергерлік бұйымдар
Белгі - жасалған заттарға салынған ресми белгі немесе белгілер сериясы металл, негізінен мазмұнын куәландыру үшін асыл металдар-сияқты платина, алтын, күміс және кейбір халықтарда палладий. Жалпы мағынада бұл термин белгі кез-келген ерекшеленетін сипаттамаға сілтеме жасау үшін де қолданыла алады.Қазақстанда өндірілген, міндетті таңбалануға жатпайтын зергерлік бұйымдар
Зергерлік және басқа да бұйымдардың міндетті сынамалануы және таңбалануы оларды растап қана қоймай, тұтынушының құқын қорғауға да мүмкіндік береді. Осы тұрғыда, зергерлік бұйымдарды сынамалау және таңбалау ұғымдарына аз-маз түсінік бере кетсек. Сынамалау дегеніміз - бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау. Ал таңбалау дегеніміз зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу.
Сынамалық таңба - зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі. Біздің елімізде зергерлік және басқа да бұйымдар «Барыстың басы» символының бедері, уәкілетті ұйымдар коды бар «KZ» Қазақстан халықаралық аббревиатурасы және жанында сынама нөмірі бар Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбаларымен таңбаланады.
Ал сынама - бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны. Яғни, алтында 585 сынама болса, бұйымның 100%-ында таза алтын үлесі 58,5% деген сөз. Сонымен қатар, алтынның 500, 583, 750, 958 сынамалары болады.
Одан бөлек, «аффинирленген алтын» түсінігі бар. Аффинирленген алтын - қоспалардан және ілеспе құрауыштардан тазалау нәтижесінде құймалар, тілімдер, түйіршіктер және ұнтақтар түрінде алынған алтын. Бұндай алтынның сынамасы 999 сәйкес келеді.
Зергерлік және басқа да бұйымдарды шығарумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар уәкілетті ұйымда атаулы таңбаны міндетті түрде тіркеуден өтеді. Мұндай уәкілетті ұйымға Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға жатады.
Елімізде 2016 жылдың ақпан айынан бастап асыл тастар мен асыл тастардан және бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да
-4-
бұйымдармен сауда операциялар саласында қарым-қатынастарды реттейтін 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Аталған шаралардың барлығы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдардың сапа кепілдігі бола отырып, зергерлік бұйымдар нарығын заңмен реттеуге мүмкіндік береді. Бағалы металдар нарығын бақылау тұтынушылардың алдануын болдырмауға ықпал етеді. Осындай мақсатта уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы қабылданды.
Таңбалау деп өңделетін дайындамаға бөлшектер контурын және өңдеу орнын анықтайтын нүктелер мен сызықтарды салу процесін айтады.

-5-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет