1.1.Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
1.2.Мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |