165
5. ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛЫНДА белгілі қазақстандық ғалым
Р.Г. Лембергтің кітабынан дəйексөз келтірілген. Сабақты жүргізудегі
сəтсіздік себептері жайлы оның ойларын жалғастырыңыз,
педагогтың
оқушылардың танымдық қызметімен басқару бойынша қай əрекеттері
дұрыс орындалмағанын немесе мүлдем орындалмағанын көрсетіңіз.
Мұғалім өзінің негізгі басқару функцияларын сабақтағы
оқушылардың танымдық қызметі жемісті болу үшін қалай жүргізу
керектігін көрсетіңіз.
6. 10-суретте 5 ұпайлық шкала бойынша мектеп мұғалімдерінің
педагогикалық қызметін құраушылардың дамуын бағалауды көрсететін
диаграмма ұсынылған (Н. В. Кузьминаның жіктеуіне сəйкес).
Осы диаграмма бойынша мұғалімдерде
қандай құрауыштар ең көп
жəне ең аз дəрежеде дамыған?
Осы құрауыштардың даму дəрежесі мұғалімдермен оқу-
тəрбие үдерісімен басқаруға қалай əсер етеді? Білім сапасына жəне
оқушылардың дамуына қалай əсер етеді?
7. Мектептегі сабаққа (колледждегі/ЖОО-ғы дəріске) қатысыңыз.
Педагогпен менеджменттің негізгі жəне қосалқы функциялары қалай
жүргізілетінін талдаңыз.
Педагогтің басқарушы қызметінде өнімді жəне өнімсіз əдістер мен
тəсілдерді анықтаңыз.
8. Сіз қазіргі таңда басқарудың нақты функцияларымен байланыс-
ты қандай əдістер мен тəсілдерді игергеніңізді көрсетіңіз.
Білім беру үдерісімен басқару саласында өзініздің кəсіби
құзыреттіліктеріңізді өз бетімен жетілдіру
бойынша ұсынымдарын
əзірлеңіз.
10-сурет. Педагогикалық қызметтің құрауыштарының даму деңгейлері
гностикалық
коммуникативтік
ұйымдастырушылық
конструктивтік
жобалау
Қатар 1