Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет106/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Масштабына қарай наноформадан (дюналар бетіндегі желдің 
ізі) бастап ғаламдық (материктік беткей) формаға дейін;
Еңкіштігіне қарай тік беткей – 35
О
-тан жоғары, орташа 
еңкіш беткейлер – 15-35
О
аралығында, еңкіш беткейлер – 6-15
О 
аралығында, тегістеу беткейлер – 2-6
О 
аралығында. Жер шарындағы 
тік беткейлердің үлесі бар болғаны 2% шамасында. Беткейлердің 
ұзындығы ондағы жауын-шашын мен қар еру кезіндегі ылғал 
мөлшеріне тəуелді;
Пішініне қарай беткейлер түзу, көтеріңкі, бүгіңкі, көтеріңкі-
бүгіңкі, баспалдақты жəне тегіс емес болып жіктеледі;
Экспозициясына қарай күнгей жəне теріскей беткейлер болып 
бөлінеді.


147
62-сурет. Экзогендік беткейлердің көріністері
Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай беткейлер: опырыл-
малы, құламалы (қорымдар), қар көшкіндік, жылысу, басылу, 
солифлюкциялық, жаппай шайылу беткейлері болып жіктеледі. 
Сонымен қатар беткейлер эндогендік жəне экзогендік беткейлер 
болып бөлінеді. 
Эндогендік беткейлердің қалыптасуына жер қыртысындағы 
тербелмелі жəне тік қозғалыстар, қатпарлану мен горст-грабендік, 
интрузивтік жəне эффузивтік магматизм, батпақты вулканизм  
процестері ықпал етеді. Ал экзогендік беткейлер флювиалдық, 
экзарациялық, абразиялық, криогендік жəне биогендік процестер 
əсерінен қалыптасады (62-сурет).
63-сурет. Солтүстік Америкалық денудациялық пішіндер
Жалпы табиғатта тек қана эндогендік немесе экзогендік жолмен 
түзілген беткейлер сирек кездеседі, өйткені бұл екі əрекет бірін-бірі 
толықтырып, өзара алмастырып отырады. 


148
Үгілу өнімдерінің жинақталуы мен тасымалдануына байла-
нысты беткейлер – денудациялық жəне аккумуляциялық болып 
бөлінеді. Денудациялық беткейлер өз тарапынан структуралық 
жəне структуралық емес болып ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет