144
ринт сипатты болып кетеді. Өйткені мұнда борпылдақ, бос жыныс-
тар көбірек жинақталған əрі өзен ағыны еңкіштікке байланысты өте
жылдам ағады. Сондықтан шөгінді
жыныстардың шайылу деңгейі
қарқынды жүреді. Осындай жолмен түзілген жер бедерін
бедленд
деп атайды (
60-сурет).
Бедленд ағылшын тілінде «жаман жер» деген ұғымды білдіреді.
Бедлендтер түгелдей жарамсыз жерлер болып табылады, олардың кең
таралған аудандары АҚШ жеріндегі Ұлы жазықтар, Орта Азияның
тау алды жазықтары, Кіші Азия жəне Үндістан түбектерінің тау
алды бөліктері.
Үгілу жəне беткейлік процес. Литосферанын беткі бөлігінің
əртүрлі факторлардың (ауа, су, организмдер) əсерінен үздіксіз
өзгерістерге ұшырап отыруы, магмалық, метаморфтық жəне шөгінді
таужыныстары есебінен сол жерде қалыптасып,
сақталып қалған
үгілген таужыныстарының жиынтығын
үгілу қабығы деп атайды.
Үгілу қабығының түрі жəне қалындығы көптеген табиғи
факторларға байланысты. Оның қалыптасуына алдымен жоғарғы
температура мен мол ылғал болуы зор ықпал етеді.
Сыртқы күштердің негізі біріне-бірі жалғасып кететін үш тізбекті
əрекеттер жүйесінен тұрады:
1)
үгілу – тау жыныстарының бұзылуы, бұл əрекет жер бедерін
түзбейді, тек қана үгілу өнімдерін даярлайды;
2)
денудация – үгілген өнімдердің
тау беткейлерімен төмен
сыбағалы салмағына қарай сырғуы;
3)
аккумуляция – үгілу өнімдерінің бір жерден екінші жерге та-
сымалдануы. Соңғы екі əрекеттің əсерінен тегістелген жазық жерлер
(пенеплен) түзіледі.
Үгілу əрекеті нəтижесінде тау жыныстарының химиялық құрамы
өзгеріске ұшырамаса
физикалық үгілу, ал минералдық құрамы
өзгеріске ұшырай отырып үгітілсе,
химиялық үгілу деп аталады.
Тау
жыныстарының
кристалдық
торларының
əртүрлі
температуралық өзгерістер əсерінен
кеңеюі мен сығылуының
түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады.
Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудан-
дар мен климат континенттілігі жоғары болатын, əсіресе, тəуліктік
температура үлкен айырмашылық жасайтын жерлерде қарқынды
жүреді. Мұндай аудандарда үгілу өнімдері
жер бедерінің ерекше
түрлері – қиыршық тасты
қорымдарды түзеді (
61-сурет).