Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бенгель, Тынық мұхитында Калифорния



Pdf көрінісі
бет177/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Бенгель, Тынық мұхитында Калифорния, Перу, Антарктида 
жағалауында Батыс Желдер суық ағыстарына сəйкес келеді (123-су-
рет).
а ə
а - Антарктида жағалауында тереңдегі суық сулардың көтерілуі; 
ə - Перу суық ағысынан экваторға бағытталған суық ағыстар
123-сурет. Дүниежүзілік мұхит суларындағы апвеллинг аудандары:
Экватор маңында да апвеллинг зоналары пайда болады, ол əдетте 
Солтүстік Пассат жəне Оңтүстік Пассат ағыстарының Тынық 
мұхитындағы Кромвелл, Атлант мұхитындағы Ломоносов қабат асты 
ағыстарының шеткі бөліктерін өздерімен бірге қозғалысқа келтіріп, 
тереңдегі салқын сулардың жоғары көтерілуімен түсіндіріледі. Бұл 
ағындар жылдамдығы 150 см/с, кейде одан жоғары жылдамдықпен 
қозғалады. 
Экваторлық апвеллинг аймақтарында қалыптасатын биомасса 
осы пассат ағыстары көмегімен мұхиттың басқа бөліктеріне та-
сымалданады. Экваторлық апвеллинг зонасындағы биологиялық 


251
өнімділік экваторлық белдеудің басқа бөліктерімен салыстырғанда, 
40 есе жоғары болып келеді.
Апвеллинг құбылысы кейбір теңіздерде де байқалады. Каспий 
теңізінің орталық бөлігіндегі шығыс жағалауда шығыс желдерінің 
қуатты соғуына байланысты жазғы апвеллинг қалыптасады. Апвел-
линг аймағындағы судың температурасы 4
0
С-ге дейін төмен болады. 
Қырым түбегінің оңтүстік жағалауларында қысқа уақытқа 
соғатын қуатты желдер əсерінен су температурасы 5
0
С, кейде 10
0
С-
ге дейін өзгереді.
Апвеллинг зоналары ежелден дүниежүзілік мұхиттағы кəсіптік 
балық аулаудың негізгі аудандары болып саналады.
Мұхит суының 96,5%-ын таза су құрайды, қалған 3,5%-ы еріген 
тұздардың үлесіне тиеді. Сондықтан мұхит суының басты қасиетінің 
бірі – тұздылығы болып табылады. 
Дүниежүзілік мұхитта шамамен, 49,2×10
15
тонна еріген тұз бар 
деп есептеледі. Аталған тұзды құрғақ күйінде жер бетіне біркелкі 
етіп таратып жайса, Жер шарын қалыңдығы 150 м тұз қабаты 
көмкерген болар еді. Осыншама мол тұздың миллиондаған жылдар 
бойы жиналуының өзі Жердің геологиялық тарихымен тығыз байла-
ныста жүрген күрделі процесс болып табылады.
Мұхит суында кездесетін тұздар арасында ас тұзы (85%) ба-
сым, сондай-ақ мұнда магний, кальций жəне т.б. қосылыстар бар. 
Дүниежүзілік мұхиттағы тұздардың арақатынасы барлық бөлігінде 
бірдей, бірақ оның жеке бөліктеріндегі тұздылық көрсеткіші 
айырмашылық жасайды (16-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет