308
309
ойлауға, мінез-құлыққа, қарым-қатынасқа сүйеніп оңтайландыру
алынады. Контексті тұғырда оқытудың белсенді, үдемелі əдістері
мен формалары, студент пен педагогтің тұлғасын қарқынды дамыту-
ды қамтамасыз ететін біртұтас технологиялар ерекше рөл атқарады.
Қазіргі заманғы педагогикалық тəжірибеде оқу үдерісін
құрастыру, оқытудың негізінде ақпарат арқылы немесе оқытудың
негізінде іс-əрекет арқылы жүзеге асырылады.
А.А. Вербицкийдің еңбегінде контексті оқытуға студенттердің
іс-əрекетінің алуан түрлерін интеграциялау үшін тұжырымдамалы
негіз ретінде анықтама берілген (оқу, ғылыми, практикалық).
Дəстүрлі дидактикалық жүйе өзінің жаһандық мəселесі ретінде,
білімгерлерді адамзаттық жалпылама жəне жүйеленген тəжірибесіне
баулуды алады. Бұдан оқытудың мазмұнындағы теориялық білімнің
жетекші рөлі туралы, ғылымның негіздерін меңгеруге бағдарлануы
туралы қағида шығады. Əрине, бұл интеллектуалдыққа, теорияны
тəжірибеден бөлуге əкеледі, мұнда педагогикалық дəстүр белгілік
жүйенің тəжірибесін – оқу ақпаратын есепке алады. Студенттер
оқу ақпаратының көлемі арқылы адамзаттың қоғамдық-тарихи
тəжірибесін игереді, олар дайын нəрсені əлеуметтік тəжірибенің
қорынан алады. Бұл жағдайда студентке игерілген білімнің
мақсаттары ұсынылады, оқу ақпаратының тұлғалық мəні студент
үшін жоғалады.
Бұл əлеуметтік тəжірибе арнайы семиотикалық құралдар –
мəтіндер, белгілік жүйелер арқылы беріледі, трансформацияланады.
Бұл белгілік жүйелер нақты адам үшін шынайы болмысты «ал-
мастырады», оның өзіндік кеңістіктік-уақыттық контексінен алып
тастайды. Постиндустриалды қоғам үшін бұл дəстүрлі оқытушы
сызбаның ескіргені байқалады, дəстүрлі білім беруде дəстүрлі
технологияның аясында жоюға болмайтын бірқатар қарама-
қайшылықтар болады.
Бірінші қарама-қайшылық. Дəстүрлі оқытудың мақсаты ретінде,
белгілік оқу ақпаратын меңгеру алынады, ол көп меңгерілген сайын
адамның білімділік деңгейі жоғары деп саналады. Алайда, кез кел-
ген ақпараттың, оның ішінде оқу ақпаратының екіжақты табиғаты
болады: біріншіден, ол əлемді танудың құралы болуы мүмкін,
екіншіден, ол мəдениеттің бір бөлігі, үзіндісі. Студент мəдениеттің
өзін меңгермейді, мысалы, ол кəсіптің мəдениетін, оны меңгеру
құралын игереді. Екінші қабат – бұл əлеуметтік-психологиялық
контекст, онда іс-əрекет жүзеге асады, мысалы, хирургтың немесе
əуе диспетчерінің жұмысы жүйке жүктемесімен байланысты бо-
лады, ал сантехниктің жұмысының жоғары əлеуметтік беделі бол-
майды. Үшінші қабат – бұл кəсіптің этикалық, экологиялық жəне
эстетикалық аспектілері.
Оқыту үдерісінде студент техника жəне өндіріс технология-
сы туралы білімді меңгереді, яғни танымдық іс-əрекетті бір бөлік
ретінде таниды. Мұндағы мəселе, түлектерге өндірісте өздері
жұмыс істейтін əлеуметтік контексті меңгеру күрделірек болады, ал
ұжымдағы өндірістік қатынастар заттық əрекеттерді емес, əлеуметтік
əрекеттерді үйретпейді.
Екінші қарама-қайшылық – мəдениеттің өмір сүруінің қоғам-
дық формасы жəне оны меңгерудің дара формасы арасындағы
қарама-қайшылық. Студент болашақ кəсіптің мағына құраушы
контекстерінен ажыратылған мəтіндерді, білімді алады.
Үшінші қарама-қайшылық – мəдениеттің динамикалық құбылыс
ретінде өмір сүруінің тəсілі жəне оны статистикалық белгілік
жүйелер формасында, оқу мəтіндерінде көрсету тəсілі арасындағы
қарама-қайшылық. Біз кəсіпті дамытудағы динамикадан қалып ба-
рамыз. Оқыту болашақпен детерминацияланғанда, озық жүріп
оқытуда, ертеңгі күнге маманды даярлауда құнды болады.
Төртінші қарама-қайшылық – оқытудың мақсаттары, міндеттері
жəне оқытудың, білім берудің мазмұны арасындағы қарама-
қайшылық. Психологияда міндет деп шешуді талап ететін,
субъектінің өзіне «мақсат» ретінде қабылдаған міндеті аталады.
Педагогикада бұл «біреудің» мақсаты – қоғамның мақсаты, яғни
ол тұлғадан тыс мақсат болып саналады. Студенттің мақсаттарын
оқытушы ұсынады, мұнда оқудың мəні жоғалады, себебі біреудің
тапсырмасын орындау қызықты жəне əділетті емес.
Оқыту нəтижесінде алынатын маманның бейнесі, көрінісі,
оқытушының санасында ғана болуы мүмкін, себебі нəтижені сезуі
осы білім мен тəжірибенің негізінде пайда болуы мүмкін. Сту-
денттерде осы білім мен тəжірибе, сонымен бірге оқуға деген
қызығушылық та болмайды.
«Оқыту мазмұны» жəне «білім беру мазмұны» ұғымдарын ажы-
рату қажет.
Оқытудың мазмұны – бұл оқу бағдарламасы мен жоспарындағы
мазмұн. Əдетте, оқытудың бір мазмұнында адамдар білімнің
|