302
303
Қажетті шарттар ретінде алынатындар: студенттермен жұмыс
барысында əрбір сабақ уақытында, бір мезгілде тұлғалық-əрекеттік
жəне топтық тұғырларды қолдануды қамтамасыз ету; студенттердің
жағымды тəжірибе рефлексиясы мен меңгеру үдерістерін білім беру
үдерісіндегі кəсіби құзырлылықты өңдеу құралы ретінде реттеу
жəне бағыттау.
Креативті-зерттеуші акмебағдарланған технология. Аталған
технология студенттердің зерттеуші жобалардағы жұмысын, ғылыми
тақырыптарды ұжымдық құрастыруды, нақты тапсырма-жобаларды
жоспарлау мен орындауды, оларды практикалық сабақтарда, коллок-
виумдарда немесе педагогикалық, өндірістік практика барысындағы
жұмысты
қамтиды.
Нəтижесінде,
студенттер
ғылымның
негіздері бойынша біріктірілген білімді меңгереді, сонымен бірге
олардың шығармашылық, логикалық, ізденістік қабілеттері жəне
эвристикалық құзырлылықтары дамиды. Студенттер өздерінің зерт-
теу жұмыстарының нəтижелерін студенттік ғылыми-практикалық
конференцияларда, симпозиумдарда баяндайды.
Бақылау мен бағалаудың акмебағдарланған технологияла-
ры. Аталған технологияның негізгі мақсаты ретінде, ең алды-
мен, студенттің профессиограммада көрсетілген қызметтер мен
талаптарға оңтайлы сəйкестікті анықтауы алынады. Əрбір сту-
дент өзінің портфолиосында персонаграммасы болып, өз бетімен
құзыреттілікті дамытудың жəне оны түзетудің дербес деңгейінің
акмебағдарланған мониторингін жүзеге асырады, ал соңғы курс-
та – кəсіби есеп береді. Аталған технологияны қолдану студентке
өз бетімен білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға, өзін ма-
ман ретінде бағалауға, мансаптық өсудің мүмкіндіктерін бағалауға
мүмкіндік береді.
Барлық акмебағдарланған технологиялар студенттердің жеке
жəне топтық өзара əрекеттестік жағдайында ұйымдастырушылық
біліктерін қалыптастыруға, сонымен бірге өзіндік оқу-практикалық
іс-əрекетті жоспарлауға бағытталған.
Осылайша, акмебағдарланған технологиялар – бұл сатылы диа-
гностикалауды жүргізуді қамтамасыз ететін, кəсіби іс-əрекеттің
барлық түрлері мен құрамдас бөліктері бойынша оқу үдерісін
жобалау арқылы құрылған жүйелі, кəсіби-құзыретті, дамытушы
оқыту. Оқу үдерісінде аталған акмебағдарланған технологияларды
қолдану, кəсіби құзырлылықтарды анықтап жəне диагностикалап
қоймайды, сонымен бірге қалыптасу мен дамытуда модельдеуге,
яғни түзетуге мүмкіндік береді, ең бастысы – болашақ мамандардың
кəсіби құзыреттілігін дамыту үдерісін кəсіби оқыту сатысында
практикалық-бағдарлы конструкт ретінде оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |