Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Жатақтар – қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған,  отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі. Зар заман



Pdf көрінісі
бет133/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181
7 сын

Жатақтар – қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған, 
отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі.
Зар заман – Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығы 
басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси-экономикалық және рухани езгіге 
ұшыраған кезеңі.
Нұрекен (1799–1874) – Алтай таулы округіндегі ірі жер иесі, бай адам. Оның 
12 мың жылқысы болған.
«Билер сотының ең басты артықшылығы, бiздiң ойымызша, онда нем-
құрайлылық пен қандай да болсын кертартпа ескiшiлдiктiң жоқтығында. 
Бидiң билiк кесiмi оның беделiне не гiз дел ген және бұл атақ оған сот iстерiне 
қатысуға берiлген патент саналады. Жүгiнетiн бидi таңдау... оларды сайлап 
қою тәртiбiн толық алмастыра алады, тiптi әдетте ондай сайлау өткiзу кезiнде 
көзделген мақсаттан да жақсы нәтижеге қол жетер едi. Бiздегi билер қазiр сот 
iсiмен өздерiнiң бойына бiткен табиғи қабiлетi бойынша айналысады және 
өздерiнiң беделi мен атақ-даңқына дақ түсiрмеуге тырысады. Егер олар сайлап 
қойылатын шенеунiктерге айналатын болса, онда қай жағынан алсақ та, қазiргi 
басшыларымызға ұқсап шыға келедi, жұрттың бәрiнен болмашы нәрселердi 
сылтауратып пара алуды және өзi де басқалардың бәрiне пара берудi үйренер 
едi... Ондай арам ойлы би қазiргi жағдайда ешқандай дау-дамайсыз-ақ назардан
тыс қалар едi».
Уәлиханов Ш. Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. Алматы,1985,
4-том, 93-бет.
1. Билер сотының ең басты артықшылығы неде едi? 2. Билер неге өзде-
рiнiң беделi мен атақ-даңқына дақ түсiрмеуге тырысты? 3. Билердi ресми 
түрде сайлап қойған немесе тағайындаған жағдайда қандай қауiптiң төнуi 
мүмкiн едi? 
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет